Халықты жұмыспен ұтымды қамту мен әлеуметтік қорғауды мемлекеттік реттеумен қолдау шаралары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2012 в 22:11, реферат

Описание

2010 жылы Үкімет отандық экономиканың тұрақты өсуі мен дамуын қамтамасыз етуге,халықтың әл-ауқатының деңгейін арттыруға, экономикалық қауіпсіздікті нығайтуға,еліміздің әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған жұмысты жалғастырды. Жүргізіліп отырған экономикалық саясаттың нәтижелері мен экономика секторларының серпінді дамуы шынайы. Алдын ала бағалау бойынша 2010 жылы ЖІӨ-нің жылдық өсімі болжамды мәннен 2,1 пайыздық пунктке арта түсіп, былтырғы жылғы деңгейге қарағанда 10,6%-ды құрады.

Содержание

I.Кіріспе ...............................................................................................................1

II. Негізгі бөлім.

2.1. Еңбек рыногын мемлекеттік реттеу.,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,2
2.2. Жұмыспен қамтамасыз етуді мемлеттік реттеудің бағыты мен негізгі әдістері.......................................................................................................
2.3.Әдеуметтік саясат ұғымы, міндеттері...................................................................................................
2.4. Әлеуметтік – экономикалық дамудың өзекті қырлары......................................................................................................
2.5. Халықты әлеуметтік қолдау, көші – қон және еңбек қатынастары...............................................................................................

III. Қорытынды.
IV. Пайданалынған әдебиеттер тізімі.

Работа состоит из  1 файл

ЭМР реферат.doc

— 100.50 Кб (Скачать документ)

        құқықтық реттеу – бұл барлық деңгейде қабылданған құқықтық актілер мен нормативтік құжаттардағы міндеттердің орындалуы;

        қаржы- несиелік реттеу – қаржы ағындарын реттеу құралдары, яғни әлеуметтік саланы қаржыландыру үшін мемлекеттік бюджетте арнайы баптың қаралуы. Сондай-ақ бюджеттен тыс әлеуметтік қорлар құру (зейнетақы, әлеуметтік сақтандыру, міндетті медициналық сақтандыру т.б.)

        жекешелендіру - әлеуметтік саладағы кәсіпорындарды жеке меншікке беру шектелген, өйткені мұндай кәсіпорындардың шығындарын көпшілік жағдайда мемлекет өтейді. Сондай-ақ әлеуметтік саясатта төмендегі маңызды ұғымдар қарастырылады.

Әлеуметтік саясатты жүргізу құралдарына мыналар жатады:

                                                                                                                         5

Әлеуметтік кепілдік - мемлекеттің азаматар алдындағы, азаматтардың мемлекет алдындағы міндеттері мен жауапкершілктерін заңды түрде қамтамасыз ету.

Әлеуметтік стандарттар - бұл әлеуметтік қызмет көрсетудің әр түрлі формалары мен көлемдерін қалыптастыру. Бұл қаржы норматиытерін белгілеу үшін қажет. Мемлекеттік әлеуметтік стандарттар бірыңғай негізде және жалпы әдістемелік принциптерде жасалады.

Минималды тұтыну бюджеті тұрмысы төмен отбасыларына көмек беру үшін, сондай-ақ зейнетақы мен жалақының минималды деңгейін белгілеу үшін қолданылады.

Өмір сүру минимумы - бұл минималды табыс. Ол әлеуметтік саясаттың маңызды құралы. Оның көмегімен халықтың өмір сүру деңгейі бағаланады, табыстар реттеледі және әлеуметтік төлемдер белгілегенде қолданады. Өмір сүру минимумы экономиканың белгілі деңгейінде адамның денсаулығын сақтау мен қызметке қабілетін қамтамассыз ету үшін қажет. Оның құрамына ғылыми негізделген азық-түлік, өндірістік тауарлар мен қызметтердің жиынтық құны және салықтар мен міндетті төлемдер кіреді. Минималды өмір сүру минимумын анықтау үшін тұтыну қаржыны қолданылады.

Жалақының минималды көлемі – квалификациясы төмен қарапайым еңбекке негзделген жалақының ең төменгі шегі. Оны басқа маман жұмысшылардың жалақысын белгілеу үшін қолданады.

Зейнетақының минималды деңгейі – нормативті актілер бойынша белгіленетін зейнетақының ең төменгі шегі. Ол минималды жалақы мен өмір сүру минимумына негізделеді.

Әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттары:

1. Халықтың өмір сүру деңгейін көтеру, яғни халықты материалдық және рухани игіліктерімен қамтамассыз ету. Ресейлік ғалымдар өмір сүрудің 4 деңгейін атап көрсетеді:

- молшылық - жан-жақты қамтамасыз етілген өмір, яғни өмір сүрудің жоғары деңгейі;.

- қалыпты өмір - адамның физикалық және интелектуалды күшін қалпына келтіру деңгейі;

- кедейшілік – еңбекке қабілетін сақтау мүмкіндігі;

- жоқшылық - бұл биологиялық критерий бойынша өмір сүру.

БҰҰ бойынша өмір сүру деңгейінің көрсеткіштер жүйесі құрылған. Оған мыналар кіреді: Өмірге келу; Өмірден кету; Өмір сүрудің санитарлық - гигиеналық жағдайы; Азық-түлікті тұтыну; Тұрғын үй жағдайы; Жұмысбастылық; Білім деңгейі немесе сауаттылық; Мәдениеттілік деңгейі; Демалыс; Көлікпен қамтамасыз етілуі; Адам құқықтарының қорғалуы.

2. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының маңызды бағыты әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесін қалыптастыру. Халықтың кедейшілікке ұшыраған тобына, аурулар, мүгедектер, қарттар, көп балалы отбасыларға мемлекет тарапынан әлеуметтік көмекті қажет ету жүйесін қалыптасыру. Бұл топтар мемлекеттен өмірге қажетті минималды игілктер мен қамтамассыз

6

етілуі тиіс. Ол үшін түрлі мақсаттағы қорлар, арнайы көмектер, тегін

мемлекеттік мектептер, тегін медициналық көмек көрсетілу түрлі жеңілдіктер алуға міндетті.

Мемлекеттік әлеуметтік саясатта міндетті түрде еңбек пен халықты жұмыспен қамту бағытын қамтиды.

Мемлекеттік еңбек нарығы тек құқықты мамандық таңдау еркіндігіне кепілдік беруі тиіс. Ол үшін орта және жоғарғы білім беру жүйелері бар минималды жалақы деңгейі белгіленіп, жұмыс аптасының ұзақтығы демалыс уақыты заңды түрде келісім арқылы белгіленеді. Сондай-ақ жұмыссыздықпен күресу шаралары қолданылады. Мұндай бағдарламалармен еңбек биржалары айналысады. Олардың қызметтеріне сонымен қатар төмендегілер жатады:

        көші-қон үрдістерін реттеу;

        зейнетақы жүйесін жетілдіру;

        Мемлекеттің денсаулық сақтау мен әлеуметтік медициналық сақтандыру саласындағы рөлі.Бұл бағыт мемлекет тарапынан тегін медициналық көмек берілуін қамтамассыз етуді көздеуді.

              Қазіргі кездегі аймақтық саясат ерекшеліктері.

Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының ұзақ мерзімге арналған стратегиясы табиғи, әлеуметтік-экономикалық және т.б. аумақтық факторлары толықтай ескеріп, оларды мемелекеттік саясаттың барлық бағыттарында нақтылағанда ғана ғылми тұрғыдан негізделген және жүзеге асу мүмкіндігі жоғары болады.

              Қазіргі уақытта республика  кеңістігіндегі әлеуметтік - экономикалық даму жағдайларының біргелкі  болмауы мемелекет тарапынан  жүргізілетін  аймақтық саясат  ерекшеліктерін анықтайды. Соған орай мемелекеттің аймақтық саясатының мақсаттары мен міндеттері, оларды жүзеге асыру механизімдері анықталады.

              Мемелекет нарықтық  қатынастардың дамуы  барысында  кәсіпорындарға толықтай дербестік бере отырып, олардың шаруашылық қызыметіне тікелей араласпағанымен де, жанама түрде (салықтар, экологиялық, монополияға қарсы шектеулер т.б,) арласады. Бұл нарық жағдайында кәсіпорындардың тиімді қызымет етуінің бір шарты деуге болады. Ал, егер мемелекет аймақтармен дұрыс өзара қарым-қатынас орнатпаған болса, немесе халықтың өмір сүруін қамтамасыз ететін ортасы болып табылатын мемелекеттің барлық аумақтарының дамуы үшін жауапкершіліктен бас тартатын болса, онда жүргізіліп жатқан реформалардың оң нәтижеге жеткізбейтіндігі анық. Демек аймақтардың дамуын мемелекеттік реттеу олардың дамуының қажетті шарты болып табылады Экономиканы мемелекеттік реттеудің ерекше бағытты ретінде қарастырылатын аймақтық саясаттың қазіргі ерекшеліктерін қарастыру оның тимді жүзеге асуына ықпалын тигізетін негізгі мәселердің бірі болып табылады. Сондықтан да аймақтар дамуындағы қазіргі қалыптасып отырған жағдайды саралау және соған орай аймақтық саясаттың бағыттарын айқындау өзекті мәселеге айналды.

 

    2.4. Әлеуметтік- экономикалық дамудың өзекті қырлары.               

 

 

Қазақстанның экономикасы шетелдік валютаның үлкен ағыны, нақты және банк секторларының сырттан қарыз алу көлемінің, сондай-ақ шетелдік инвестициялардың өсуі жағдайында дамуда. Мұның барлығы экономикаға және теңгенің айырбас бағамына нығаю жағына қарай инфляциялық қысым көрсетеді. Экономиканың қаржылық тұрақтылығы үшін қатер туады. Кредиттік қоржынның шетелдік капиталдың есебінен кеңеюі экономиканың өсуі баяулаған және әлемдік нарық конъюнктурасы әлсіреген жағдайда банктер мен шаруашылық жүргізуші субъектілер активтерінің сапасына кері әсер етуі мүмкін.

Кредит беруді салалар бойынша шоғырландыру проблемасы орын алып отыр, себебі берілген кредиттердің негізгі үлесі саудаға, құрылысқа, өндірістік емес салаға және жеке кәсіпкерлікке тиеді, бұл экономиканың жекелеген салаларының «қызып кетуіне» ықпал етуі мүмкін.

Экономиканың шикізатқа бағытталуы әлі күнге дейін үстем болып отыр. Инвестициялардың ең көп ағыны өндіруші секторға бағытталуда. Шикізатқа қатысты емес экспорт төмен деңгейде қалып отыр. Экономиканы әртараптандыру мен жаңғырту әлеуеті іске асырылмаған.

Ғылымды дамытудың басымдықтары анықталмаған. Ұлттық инновациялық жүйені қалыптастыру аяқталмаған. Еліміздің экономикасын әртараптандыруға бағытталған жүйе құрайтын ірі инвестициялық жобалар бойынша нақты нәтижелер жоқ.

Отандық ірі бизнес экономиканы әртараптандыру үдерісіне толық шамада тартылмаған. Екінші деңгейдегі банктер өңдеуші өнеркәсіптің жобаларын қаржыландыруға ұмтылмайды.

Инфрақұрылым мен қызметтер көрсету сапасы елдің экономикалық даму деңгейіне сәйкес келмейді. Бұл көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің, оның ішінде медициналық және білім беру қызметтерінің сапасына да қатысты.

Орташа өмір сүру ұзақтығы төмен күйінде қалуда. Ана мен бала өлімінің жоғары көрсеткіші сақталуда.

Еліміздің халқының өмір сүру сапасының жеткіліксіз жоғары деңгейіне, демографияға, экономиканың жоғары ресурс және энергия сыйымдылығы мен қоршаған ортаның ластануына байланысты проблемалар сақталуда.

Мемлекеттік басқару жүйесінде әкімшілік реформа жүргізу жөніндегі жұмыс созылып кетті.

Бұлардың барлығы экономикалық, әлеуметтік және экологиялық факторлардың теңгерімін қамтамасыз ету негізінде еліміздің тұрақты дамуы жөніндегі нақты шараларды талап етеді.  

Қазақстан экономикадағы құрылымдық өзгерістердің тиімділігін күшейткен кезде ғана бәсекеге нақты қабілетті болады.

             

                                         

 

2.6. Халықты әлеуметтік қолдау, көші-қон және      еңбек   қатынастары.

 

Халықты әлеуметтік қорғаудың тиімді көп деңгейлі жүйесін қалыптастыру, балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау жүйесін одан әрі дамыту, аз қамтылған азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек көрсету тәсілдерін жетілдіру, халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін және еңбек нарығының ұтқырлығын арттыру, біліктілік пен еңбек өнімділігін арттыру, көші-қон саласында неғұрлым тиімді саясатқа көшу есебінен ерлер мен әйелдердің қоғамның тыныс-тіршілігінің барлық салаларында тең құқықтары мен мүмкіндіктерін іске асыру үшін халықты әлеуметтік қамтамасыз етудің, жұмыспен қамтудың, оның көші-қонының тиімді жүйесін қалыптастыру халықты әлеуметтік қолдау саласындағы негізгі мақсаттар мен міндеттер болып табылады.

Үкімет әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеудің, әлеуметтік әріптестік тараптарының арасында келісімге қол жеткізудің тетігі ретінде әлеуметтік диалогты одан әрі нығайту мен дамыту жөніндегі жұмысты жалғастырады.Мемлекеттің мүмкіндіктерін және зейнетақымен қамсыздандырудың ортақ жүйесінің халықаралық қағидаттарымен жүрудің қажеттілігін ескере отырып, зейнетақы төлемдерінің деңгейін арттыру жөнінде шаралар қабылданатын болады.

Заңнаманы жетілдіру жолымен халықты жинақтаушы зейнетақы жүйесімен және міндетті әлеуметтік сақтандырумен қамтуды кеңейту жөніндегі жұмыс жандандырылатын болады.

Үкімет жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдерін төлеу жүйесін жетілдіруді және зейнетақыны аннуитеттiк сақтандыруды дамытуды ұйғарып отыр.

Қаржы құралдарының тізбесін кеңейту және басқа да шаралар есебінен жинақтаушы зейнетақы қорлары кірістілігінің өсуін ынталандыру жөніндегі жұмыс жалғастырылады.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру мақсатында әлеуметтік диалогтың рөлін арттыру және жұмыс берушілердің қызметкерлердің пайдасына ерікті, кәсіптік аударымдарды жүзеге асыруы үшін шарттық әлеуетті белсенді түрде пайдалану алда тұр.

Балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау жүйесін одан әрі дамыту мақсатында Үкімет оларға төленетін жәрдемақыларды ұлғайтуды, сондай-ақ балалы отбасыларды әлеуметтік қорғауды одан әрі жетілдіру жөнінде шаралар қабылдауды жоспарлап отыр.

Сапалы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін дамыту, оларды қоғамға кіріктіру үшін пәрменді шаралар құру арқылы мүгедектерге ерекше назар аударылатын болады.

Үкімет жұмыссыздарды оқыту мен қайта оқытудың, жұмыстан босатылған қызметкерлердің біліктілігін арттыру мен оларды қайта даярлаудың, жұмыссыздар үшін қоғамдық жұмыстар ұйымдастырудың тиімді жүйесін қалыптастыруға, бизнестің жаңа, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарын құруға қатысуына ықпал етуді ұйғарып отыр.Жергілікті мамандарды кәсіби даярлау мен қайта даярлауға  ерекше назар аудара отырып, шетелдік мамандарды қазақстандық кадрлармен алмастыру саясаты жүргізілетін болады.

Бұдан басқа, Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жағдайында ішкі еңбек нарығын қорғауға бағытталған тетіктерді қалыптастыру алда тұр.

Көші-қон ағындарын реттеу мақсатында Үкімет елдің еңбек ресурстарына қосымша қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған ұзақ мерзімді көші-қон саясатын әзірлеуді ұйғаруда.

2008 жылы Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталықтары құрылады, оралмандарға әлеуметтік жалға беру шарттарында тұрғын үй беру, мемлекеттік көмек шараларын оралмандардың өздерінің жеке құрылыс салуын дамытумен ұштастыру мүмкіндігі қаралады.Қазақстан Республикасының жаңа Еңбек кодексінің негізінде еңбек қатынастарын реттеудің жаңа моделіне көшу жүзеге асырылатын болады.Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қайта қарау және жаңаларын қабылдау көзделеді.Республика ұйымдарында қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету мақсатында еңбекті қорғауды басқару жүйесі жөніндегі халықаралық стандарттарды енгізу жөніндегі жұмыс жалғастырылады.Мемлекеттік еңбек инспекторларының қызметін жандандыру және олардың рөлін арттыру қамтамасыз етілетін болады.Республика ұйымдарында өндірістік жарақатты азайту жөніндегі ескерту, алдын алу шаралары, сондай-ақ қауіпсіздік нормаларының сақталуын мемлекеттік және ведомстволық бақылау күшейтіледі.Бюджет саласы қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесін олардың жұмысының сапасы мен тиімділігіне ден қоя отырып, одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.

Информация о работе Халықты жұмыспен ұтымды қамту мен әлеуметтік қорғауды мемлекеттік реттеумен қолдау шаралары