Теория понятие качество

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 16:58, реферат

Описание

Сапа адам өмірінің деңгейін негізін қалаушы басты критерий болып табылады.Өнім сапасы – бұл басты мұқтаждықты қанағаттандыруға үлкен себепші болатын өнімнің пайдалылығын жиынық ерекшелігі мен кәсіпорынның маңызды көрсеткіштерінің бірі болып саналады.Өнім сапалығы тек техникалық, тауар тану ғана емес, сонымен қатар ең маңызды экономикалық санаты болып табылады.
Адамзат жаңа даму фазасында – экономикалық байланыстың жаңаруына,ғылыми идеялардың экономикалық қозғалтқышы негізінде айқындалады.Бәсекелестік күрес тауар өндірушілерде қиындайды, яғни бұл күрес мемлекеттік шекараның тіркеуінсіз жүріп жатқан бүкіл әлем тауарларын сату және сатып алу сияқты қызметтерді нарыққа айналдыруда.

Содержание

1.Cапа туралы түсінік
Өнім сапасы
Сапаға қойылатын талаптар
2. Өнім сапасының көрсеткіштері
2.1 Өнім сапасының көрсеткіштеріне қолдану
2.2 Сапа көрсеткіштерінің мәні мен қызметі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

квалим реферат.docx

— 36.10 Кб (Скачать документ)

Объектінің қызмет ету мерзімінің ұзақтығы көрсеткіштеріне нормативті қызмет ету мерзімі (сақталу мерзімі), бірнеше күрделі жөндеуге дейінгі  қызмет ету мерзімі жатады.

Технологиялық көрсеткіштер – конструкциялық-технологиялық шешімдердің тиімділігін сипаттайды, жоғары еңбек өнімділігін қамтамасыз ету үшін өнім жасау және жөндеуге технологиялық қасиетінің көмегімен өнім шығарудың көптігі, өндіріске технологиялық дайындық, тауар жасап шығару және пайдалануда материалдар, еңбек құралдары және уақыт, шығындарының рационалды бөлінуі қамтамасыз етіледі.

Экологиялық көрсеткіштер – өнімді пайдалану және тұтыну кезінде қоршаған ортаға зиянды әсер ету деңгейі.Тауардың экологиялық көрсеткіштері – оның сапа деңгейін айқындайтын маңызды қасиеттерінің бірі.Тауардың экологиялылығының нақты көрсеткіштеріне жатады:

  • Әр түрлі машиналар, құрылғылар, агрегаттар, кешендер двигательдердің жану өнімдерінде зиянды қоспалардың болуы (элементтер,қышқылдар, металдар);
  • Химиялық, мұнай-химиялық, тау-кен өндіру, металлургиялық, энергетикалық, ағаш өңдеу, тамақ өнеркәсібі және т.б. ауа бассейні, су, топыраққа (жер қойнауын қоса алғанда) зиянды заттарды бөліп шығару;
  • Атом энергиясын зерттеу, «үйрету» және пайдаланумен байланысты объектілер қызметінінің радиоактивтілігі;
  • Әр түрлі арналымдағы көлік құралдары және басқа да машиналар мен агрегаттардың шу, вибрация және энергетикалық әсер ету деңгейі.

Аталған көрсеткіштердің барлығы  әр түрлі объектілер бойынша сәйкес нормативті актілер мен құжаттарда (заңдар, стандарттар, құрылыс нормалары  мен ережелерінде) регламенттеледі.

Эстетикалық талаптар  негізінде өнімнің рационалды композициясының шарттары жатыр, олардың ішінде маңыздылар болып жобаланып отырған конструкция пішіндерінің, оның қызметтік тағайындалуы мен оның болашақта пайдаланылу шарттарына сәйкестігі, өнім пішіні мен атқаратын жұмысының технологиялық құрамының үйлесімділігі, өнімге тән негізгі ерекшеліктердің бейнеленуі ( салмағының ауырлығы, қуаттылығы, жеңілдігі, динамикалығы, жылдамдығы), үйлесімділік, өлшем пропорцияларының сақталуы.

Стандарттау және унификация көрсеткіштері – бұл өнімнің стандартты, унификацияланған және түпнұсқалық құрамдас бөліктерімен толықтығы, сонымен қатар басқа бұйымдармен салыстырғында өнімнің унификация деңгейі.Өнімнің барлық бөлшектері стандартты, унификацияланған және түпнұсқалық болып бөлінеді.Стандартты және унификацияланған бөлшектер үлесі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым өндірушіге де, тұтынушыға да пайдалы.

Патентті-құқықтық көрсеткіштер – өнімнің патенттік қорғанысы, патенттік тазалығы және бәсекеге қабілеттігін анықтауда маңызды фактор болып табылады.Патентті-құқықтық көрсеткіштерді анықтауда бұйымдарда жаңа техникалық шешімдер, сонымен қатар елде патенттермен қорғалған шешімдердің болуы,өндіруші ел мен ықтимал экспорт елдерінде өнеркәсіп үлгісі және тауар белгісі тіркелімінің болуын ескеру қажет.

Қауіпсіздік көрсеткіші – сатып  алушы және қызмет көрсетуші персонал үшін өнімді монтаждау, қызмет көрсету, жинау, сақтау, тасымалдау және пайдаланудағы  қауіпсіздік тұрғысынан өнімді пайдалану  ерекшеліктерін сипаттайды.

    1. . Сапа көрсеткіштерінің мәні мен қызметі

Қазіргі нарықтық экономика негізінде  шығарылган өнімнің сапасына басқалай талап қояды. Бұл қазіргі дүниеде  кез келген кәсіпорынның өміршендігі, оның тауарлар нарығындағы және қызмет көрсетудегі орнықты жағдайы бәсекеге жарамдылық деңгейін көрсетеді.  
Өз кезегінде бәсекеге жарамдылық екі көрсеткішке байланысты — баға деңгейіне және өнім сапасы деңгейіне. Ал екінші фактор бірте-бірте бірінші орынға шығады. Еңбек өнімділігі, ресурстардың барлық түрлерін үнемдеу өнімнің сапасына тікелей орын береді.  
Өнімнің сапасы — бұл белгілі мұқтаждылықты қанағаттандыруға үлкен себепші болатын өнімнің пайдалылығының жиынтық ерекшелігі. Өнімнің сапалылығы тек техникалық, тауар тану ғана емес, сонымен қатар ең маңызды экономикалық санаты болып табылады. Экономикалық санаты ретінде ол тұтыну құнына тығыз байланысты. Егер де тұтыну құны — бұл жалпы алғанда тауардың пайдалылығы болса, ал онімнің сапалылығы — бұл оны пайдаланудағы нақтылы жағдайда тұтыну құнының деңгейіндегі көрінуі.  
Өнімнің сапа деңгейі оның сапалық көрсеткіштері жүйесі негізінде анықталады. Бұл деңгейді анықтау үшін мұның әрбір көрсеткіштерінің сандық маңызын білу және ұқсастық өнім көрсеткіштерімен салыстыру қажет.  
Сапаның көрсеткішін анықтау оның саңдық маңызын өзін өзі түсіну болып табылады. Ол үшін практикада өнімнің өзіндік ерекшелігіне байланысты мына төмендегі әдістер пайдаланылады:  
өлшеуші әдіс (аснаитар, приборлардың көмегімен);  
тіркеу әдісі — бұл тіркеуге және есептеуге негізделген. Тіркеу әдісі мынадай көрсеткіштермен, атап айтқанда: қауіпсіздік, патенттік-құқықтық стандарттау, сәйкестендірумен анықталуы мүмкін;  
есептеу әдісі — өнімнің сапасы жөніндегі көрсеткіштерді анықтау үшін арнайы математикалық үлгілерді қолдануға негізделеді;  
органолептік әдіс — адам мүшесін сезу-көру, есту, дәм, түйсінуді талдауды қамтиды. Табылған маңыздылықтың дәлдігі және растылығы адамдардың біліктілігі, даңдылығына және қабілеттілігіне байланысты;  
социологиялық әдіс — өнім, оны нақты немесе тұтынушылардың мүмкіншілігі туралы пікірлерді талдау және жинау негізінде жүзеге асырылады;  
сарапшылық әдіс — мамандар тобы арқылы іске асырылады. Мысалы, дизайнерлер, дәм айырушылар.  
Практикада өнімнің сапа деңгейін бағалау үшін көрсеткіштер жүйесін пайдаланады. Онда өзіне қорытындылау және өнімнің сапасы жөнідегі жеке көрсеткіштер қосылады.  
Сапаны жинақтап қорыту көрсеткіштері жалпы сапада немесе кәсіпорындарда өнім сапасының деңгейін сипаттайды. Бұл көрсеткішке жататындар: 

• сұрыптылығы;  
• маркасы;  
• жүктелімі;  
• пайдалы заттың мазмұны;  
• өнімнің дүниежүзілік стандартына сай үлесі, т.б.

 жеке көрсеткіштер тым әр  түрлі және не ол, не бұл  өнімнің өзіндік ерекшелігіне  байланысты болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Сапа - объектінің белгіленген немесе болжамалы қажеттілікті қамтамасыз етуге сәйкес көрсеткіштер жиынтығы (ИСО 8402). Сапа деген ұғым үш элементті қамтиды: объект, қажеттілікжәне көрсеткіштер.

Өнім сапасы – өнімнің сатып алушының белгілі бір қажеттерін қанағаттандыруға жарамдылығын сипаттайтын сапалық қасиеттерінің жиынтығы және тиімділігінің өлшемі. Өнім сапасының көрсеткіштері абсолюттік, салыстырмалы немесе меншікті көрсеткіштер болуы мүмкін.

Көпшілік тауарлар мен қызмет көрсетуге қойылатын талаптар: қолдану жағдайы, қауіпсіздігі, экологиялылығы, сенімділігі, эргономикалылығы, ресурстарды үнемдеу мүмкіндігі, технологиялылығы, эстетикалылығы. Қолдану жағдайына байланысты талаптар: өнімнің орындалуға тиісті (өнімділік, дәлдік, калориялық, қызметтің орындалу жылдамдығы) негізгі функцияларын анықтайтын қасиеті, яғни функционалдық жарамдылығы, шикізат пен материалдардың құрамы мен құрылымы, сыйысымдылығы және өзара алмасымдылығы.

Өнім қасиеттері сандық және сапалық  түрде сипатталады.

Сапалық сипаттамалары –  бұл мысалға бұйымның қазіргі  сән бағытына, дизайнға, түске және т.б. сәйкестігі.                                                                  


Информация о работе Теория понятие качество