Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2011 в 09:41, реферат
«Қазгермұнай» компаниясы Қазақстан Республикасына Германиядан инвестициялар тарту мақсатында 1993 жылы құрылды. Қазгермұнайдың Құрылтай шартына сәйкес, ол Ақшабұлақ, Нұралы және Ақсай кен орындарында 2024-жылдың 1-наурызында бітетін 30 жыл мерзімге барлау мен өндіруді жүзеге асыруға арналған эксклюзивті құқықтар мен лицензиялар алды.
Қазгермұнай компаниясы өзінің қызметін Ақшабұлақ, Нұралы және Ақсай кен орындарында жүзеге асырады. Қазгермұнайдың мұнай кен орындары 897 шаршы километр алаңды алып жатыр. 2010 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша олардың дәлелденген және болжамды қорлары 24 миллион тонна (180 миллион баррель) мұнай құрады.
ҚМГ БӨ 2008 жылы өндірілген өнімнің бүкіл көлемінің 78 %-ын экспортқа шығарды. Компанияның КҚК құбыр желісін пайдалануы аталған кезең ішінде мұнай берудің көлемінен 19%-ға дейін өсті. Компанияның жалпы сату көлемінің 32%-ға жуығы тұтынушыларға ӨАС құбыр желісі бойынша берілді.
Болашақта Компания қолданыстағы көліктік бағыттарды пайдалануды оңтайландыра түсуді, ішкі рынокқа берудің экономикалық тиімділігін арттыруды жоспарлап отыр.
Барлық қорлардың 73% және барлық өндірілген өнім көлемінің 68% ӨМГ-нің үлесіне тиеді. 2000-2005 жылдары қарқынды өсуден кейін қазіргі уақытта ӨМГ және ЕМГ-нің негізгі кеніштерінде тұрақты деңгейге мұнай өндіріліп келеді. Өндіру мен шығындарды оңтайландыру бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Мұнай беруді арттыру технологиясы қолданылады.
Компания
қызметінің басымдықты бағыттарының бірі
– барынша ұтымдылық пен
ҚМГ БӨ Қазақстанның батысында 41 кен орнын игереді (2007-2010 жылдары сатып алынғандарды есепке алмағанда). Компанияның маңызды міндеттерінің бірі мұнай өндірудің неғұрлым тиімді әдістері мен жаңа технологияларды пайдалана отырып негізгі кен орындарында өндіріс деңгейін ұстап тұру болып табылады.
1990-шы жылдардың бас кезі мен ортасындағы экономикалық қиындықтар мен қаржыландырудың жеткіліксіздігі ҚМГ БӨ кен орындарында өндіру көлемдерінің едәуір бәсеңдеуіне әкеп соқтырды. Алайда, 90-шы жылдардың соңына қарай Компания бастапқыда өндірістің құлдырауын тоқтатты, ал одан кейін өндірудің айтарлықтай өсуін қамтамасыз етті. 1998-2006 жылдар аралығында мұнай өндіру көлемі 80%-ға артты. Мұнай өндірудің артуы жаңа ұңғымаларды бұрғылаумен, тұрып қалған ұңғымаларды іске қосумен және олардың өнімділігін арттырумен қамтамасыз етілді. Жүргізілген ұңғымаларды жөндеу және қабаттарды сумен сөгу сияқты қазіргі заманғы технологияларды қолдану маңызды рөл атқарды. Нәтижесінде Компания барлық кен орындарында ол таяудағы жылдары ұстап тұруға ниеттеніп отырған өндірудің барынша жоғары деңгейіне шықты.