Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 11:39, доклад
Кез келген өндірісте технологиялық процестер белгілі бір мәнде шектетілетін физикалық шамалармен сипатталады. Жабдықтардың жұмысы кезінде ол шамалар белгілі бір деңгейде тұрақтануы, не берілген программа бойынша өзгеріп отыруы тиіс. Кез келген қондырғыда технологиялық процесстің бірқалыпты жүруі белгілі бір ереженің, қызмет алгоритмінің орындалуына байланысты болады. Осы қызмет алгоритмін орындау үшін белгілі бір сыртқы команданы орындайтын қондырғыны, не машинаны басқару обьектісі дейді.//
Автоматты басқару жүйесі туралы негізгі ұғым
Кез келген өндірісте технологиялық
процестер белгілі бір мәнде
шектетілетін физикалық шамалармен
сипатталады. Жабдықтардың жұмысы кезінде
ол шамалар белгілі бір деңгейде
тұрақтануы, не берілген программа
бойынша өзгеріп отыруы тиіс. Кез
келген қондырғыда технологиялық процесстің
бірқалыпты жүруі белгілі бір
ереженің, қызмет алгоритмінің орындалуына
байланысты болады. Осы қызмет алгоритмін
орындау үшін белгілі бір сыртқы
команданы орындайтын қондырғыны, не
машинаны басқару обьектісі дейді.//
Автоматты жүйе элементтері
Автоматты жүйе өзара байланысқан және белгілі бір қызмет атқаратын дербес конструкциялық элементтерден тұрады. Элементтерді жүйеде атқаратын қызметіне қарай салыстырушы, түзетуші, қабылдаушы, түрлендіруші және атқарушы деп бөледі. //Қабылдаушы элементтер бір физикалық түрден екінші бір физикалық шамаға түрлендіреді. //Түрлендіруші элементтер сигналдың пайдалануға ыңғайлы түрге түрлендірілуін және оның қуатын магниттік, электрондық және т.б. күшейткіштер арқылы үдетуін жүзеге асырады. //Түзетуші ауыстырып қосқыш құрылғылар мен қорғау элементтері, резисторлар, конденсаторлар, сигнал беру жабдықтары жатады. Автоматика элементтерінің қолдану және технологиялық ерекшеліктерін айқындайтын арнайы сипаттамалары мен параметрлері болады.
Автоматты реттеу жүйесін құрудағы жалпы принциптер
Ғылым мен техниканың дамуы,
технологиялық процестердің күрделенуі,
шығарылатын өнімдерге
Автоматты басқару жүйесінің құрылымы
Автоматты басқару жүйесі құрылымы жағынан әртүрлі болуы ықтимал. Жалпы жағдайда бұл құрылымға белгілі бір ерекше қасиеттерімен және аралық әсер беру жолдарымен жіктелген автоматты жүйені түзетін дербес бөліктердің жиынтығы жатады. Автоматты басқару жүйесінің алгоритмдік, функционалдық және конструкциялық құрылымдары болады.//Автоматты басқару жүйесінің алгоритмдік құрылымы деп, әр бөлігі ақпаратты түрлендірудегі белгілі бір алгоритмді орындауға арналған құрылымды айтады.//Автоматты басқару жүйесінің функционалдық құрылымында әрбір бөлік белгілі бір қызметті атқарады. Қызмет ретінде автоматты басқарушы құрылғының ақпарат алу, оны өңдеу, т.б. осы секілді негізгі қызметін, сонымен бірге сигналды беру, оларды салыстыру, ақпаратты беру түрін өзгерту тәрізді дербес қызметін айтуға болады.//Егер автоматты басқару жүйесі құрылымының әр бөлігі жеке конструкциялық тұтастық құратын бөлік болса, ондай құрылымды конструкциялық құрылым деп атайды. Басқару жүйесінің құрылымын график бойынша кескіндеуді құрылымдық схема дейді.
Кибернетика
Кибернетика дегеніміз –
басқару және байланыс жөніндегі
ғылым. Бұл ғылымның қолданбалы жағын
кез келген ғылыми-зерттеу бағыттарына
жатқызуға болады, ал оның теориялық
мәні тікелей ешбір ғылымдармен
байланыспайтын, бірақ олардың бәрінде
де қолданылатын жалпы басқару теориясы
болып есептеледі./Басқару кез
келген жүйенің ажырамайтын қасиеті.
Бір бірімен байланыстағы бөліктердің
жиынтығын жүйе деп атайды. Шын
мәнінде әлем кеңістігінің өзі көптеген
бір-бірімен байланыстағы кішігірім
жүйелерден тұрады.//Жүйені күрделілік
дәрежесі бойынша жай динамикалық
және күрделі жүйе деп жіктейді.
Тармақталған құрылымыиен және көптеген
ішкі байланыстарымен жай
Информация және есептеу машиналары
Телеграфтың, телефонның, радионың шығуы информацияны кез келген қашықтыққа жарық сәулесінің тарау жылдамдығымен жеткізуге мүмкіндік берді. Мәліметтерді іздеу мен өңдеудің бұрын болмаған жаңа мүмкіндіктерін ХХ ғасырдың ортасында шыққан электрондық есептеу машиналары (ЭЕМ) берді. ЭЕМ-дер әуелде есеп-қисап жұмыстарын автоматтандыру үшін шығарылған еді. Кейіннен олардағы мәліметтерді магниттік таспаларға жазып, қағазға басып, ЭЕМ экранына шығару қасиеттері бар екені анықталды. Оларды дамыта отырып, архив жасау ісінде, мәтіндерді теріп түзетуде, сызу мен графикалық жұмыстарда қолданыла бастады. //Біз өзімізге қажетті информацияны оқулық пен кітаптардан, газет-журналдардан, теледидар хабарлары мен мен кинофильмдерден аламыз. Бұл күнде ЭЕМ информацияны өңдеудің ең негізгі құралы болып саналады. 70-жылдарда электрониканың дамуы компьютердің жаңа түрін – жеке пайдаланылатын дербес компьютерлерді көптеп шығаруға жол ашты. //Ең алдымен ЭЕМ-дер өндірістің автоматтандырылған технологиясын жасауға мүмкіндіктер ашып берді. Сол технология көмегімен ЭЕМ-дермен басқарылатын жаңа машина, құрал-сайман мен құрылғылар жасалынады.//Бүгіннің өзінде-ақ көптеген қызмет салаларында ЭЕМ-дерді пайдалану адамдарға информацияны жинау, дайындау және өңдеу жұмыстарын оңайлатып, жобалау және ғылыми зерттеу жұмыстарын жылдам жүргізуге мүмкіндік берді.//
ЭЕМ-де есеп шығару кезеңдері
ЭЕМ-де есеп шығару күрделі
процесс болып есептеледі, ол төмендегі
кезеңдерден тұрады://1.
Программалау тілдерінің даму тарихы
ЭЕМ-нің машиналық тілінде
жұмыс істеу программалаушының
өте жоғары деңгейін талап етеді.
Компьютерлердің бірте-бірте
Программалау тілдері
Программаларды ЭЕМ-де тікелей орындауға арналған алгоритмдерді жазу тәсілі, яғни алгоритмдерді ЭЕМ-ге түсінікті мәтін ретінде жазуға арналған қарапайым жасанды тіл программалау тілі деп аталады. Әрбір ЭЕМ-нің өзінің машиналық программалау тілі болады, оны командалар тілі немесе кодтар тілі дейді. //Программа жазуды жеңілдету үшін математикалық формулаларды кеңінен қолданатын, ағылшын тілінің негізінде жасалған алгоритмдік тілдер Бейсик, Паскаль, Фортран, Си, т.б. кеңінен қолданылады. //1. Кобол - өткен ғасырдың 60 жылдары басында жасалған, экономикалық есептер шығаруда қолданылатын, машиналық тілге аударылатын тіл. // 2. Паскаль – 70 жылдар аяғында швейцар математигі Никлаус Вирттің программалауды үйрету мақсатында қолдану үшін арнайы жасаған тілі. //3. Бейсик – бұл да 60 жылдары программалауды үйренушілерге арналып жасалған қарапайым тіл болды. Бұл көпшілікке кең тараған, игеруге жеңіл программалау тілдерінің бірі болды. //4. Си – 70 жылдары шықты, ол алдымен көпшілікке арналып жасалмаған тіл еді. Си нақта процессорға тәуелді емес, қысқа, әрі тиімді программалар жасайтын ассемблер орнына пайдалану үшін жоспарланған тіл болатын. //5. Си ++ - обьектіге бағытталған Си тілінің кеңейтілген түрі, оны 1980 жылы Бьярн Страуструпжасап шығарды. //6. Java тілін 90-шы жылдар басында Си ++ тілін негізге ала отырып, Sun компаниясы шығарды. Ол Си ++ тілінен төменгі деңгейдегімүмкіндіктерді алып тастап, қолданбалы прогаммалар жасауды оңайлату мақсатында жасалды.
Қосалқы программалар
Компьютерлерде шығарылатын
есептердің күрделенуіне байланысты программалардың
көлемдері өсіп, оларды жазу, оқу, түзету
істері күннен-күнге қиындап келеді.
Белгілі бір өндірістік мәселенің,
мезгіл-мезгіл қайталанып отыратын есептеулердің
программалары ұзақ уақыт пайдаланылады,
олар күнделікті өмір талабына сәйкес
өзгертіліп, түзетіліп отыруы тиіс.
Осыларға байланысты программаларды құрастыруды,
түсінуді, өзгертуді жеңілдететін тәсілдер
жасалған, олар құрылымды (структуралық)
программалау жолдары деп аталады.
//Программаларды адамның түсіну мен
қабылдауын ыңғайлы түрда жүргізуге
бағытталған тәсілдер жиынын құрылымды
программалау деп атайды.//Белгілі
бір ат қойылып, жеке программа түрінде
бөлек жазылған, қажет кезінде
оны қайталап пайдаланып отыруға
болатын негізгі программаның арнайы
бөлігін қосалқы программа (подпрограмма)
деп атайды. Қосалқы программаларда
бірсыпыра операциялардың біріге отырып
толық орындалуын қадағалап, программаның
негізгі бөлігінде оның тек атын
өзгерту арқылы бір рет орындаумен
шектелуге болады. //Қосалқы программаны
пайдалану: //негізгі программаның көлемін
кішірейтеді; //негізгі программада
пайдаланылған айнымалыларды
Ақпарат туралы алғашқы түсініктер
«Ақпарат туралы түсінік екі объектінің – ақпарат «беруші» мен ақпаратты «қабылдаушы» арасындағы қарым-қатынастан туады. Ақпарат сигнал (signum – белгі) түрінде берушіден қабылдаушыға жеткізіледі. Мысалы, электр, жарық, дыбыс және т.б. сигналдар. Сигналдардың пайда болуы энергия алмасудың әсерінен болады. Сигналдарға байланысты, ақпарат үзіліссіз және үзілісті (дискретті) түрде болуы мүмкін. //Ақпарат дегеніміз қоршаған ортаны объективті түрде сипаттайтын сигналдардың жиыны күйінде, тек оларды «қабылдаушымен» қарым-қатынас орнатылғанда ғана пайда болатын табиғаттың ерекше атрибуты (қасиеті). //Бұл анықтамадан мынадай тұжырымдар жасауға болады: //- ақпарат объективті болуы тиіс; //- ақпарат сигналдар түрінде объектілердің қарым-қатынасынан ғана туады; //- ақпаратты әртүрлі «қабылдаушы» өзінше қабылдайды. //Ақпарат дәл, толық, сенімді, көкейкесті, қол жетерлік болуы тиіс. //Ақпараттың қоғамдағы маңызы аса зор. //Ақпарат келесі негізгі функцияларды орындауға арналған: //-танымдық қызметінің мақсаты; //-коммуникативтік қызмет; //-басқару қызметінің мақсаты. //Ақпаратты пайдалану және онымен жұмыс істеу белгілі бір амалдарды орындауды қажет етеді. Ақпаратта қолданылатын негізгі амалдар мыналар: //-ақпаратты жинақтау және құрастыру; //-ақпаратты сақтау; //-ақпаратты компьютер жадына енгізу; //-ақпаратты компьютерде бейнелеу; //-ақпаратты компьютер жадынан шығару; //-ақпаратты берушіден пайдаланушыға жеткізу; //-ақпаратты өңдеу; //-ақпаратты қорғау.
Ақпаратты сақтау және жад түрлері
Ақпарат сақталынып, қажет кезде оны ешбір қиындықсыз пайдалана алатындай болуы керек. Ол міндеттерді орындайтын компьютердің арнайы ақпаратты еске сақтайтын құрылғысы - жады болады. //Жад дегеніміз деректерді қабылдап, болашақта қажетке жаратуға мүмкіндік беретін компьютердің құрылғысы. //Ақпарат өңдеуші компьютерлік жүйелерде келесі негізгі жад түрлері қолданылады: //-регистрлік жад; //-негізгі жад, //-кэш-жад (сache), //-сыртқы жадылар. //Бұлардан бөлек жадылардың болуы мүмкін, мысалы, бейнежад. //Регистрлік жад процессордың құрамында орналасқан, оның көлемі үлкен болмайды; ондағы информация есептеулерде немесе енгізу-шығару амалдарында тікелей қолданылады. //Негізгі жад өңдеу үрдісіне немесе деректер алмасуда тікелей қолданылатын информацияны оперативті (жедел) түрде сақтауға арналған. Ол интегралдық схема күйінде құрастырылып, екі түрге бөлінеді: //- тұрақты еске сақтау құрылғысы; //- оперативті (жедел) еске сақтау құрылғысы. //Негізгі жад өте көп элементтерден тұрады. Жадының сапасын анықтайтын қасиеттері мен көрсеткіштері бар. Олар: //-ақпараттың сыйымдылығы; //-қол жеткізу уақыты; //-жазу уақыты; //-құрылымы. //Кэш-жад ағымдағы ақпарат алмасу амалдарында қолданылатын ақпараттың көшірмесін сақтауға арналған. //Сыртқы жадылар үлкен көлемді ақпаратты ұзақ мерзімге сақтауға арналған; оларға келесі жадыларды жатқызуға болады: //- қатты магниттік дискілер (винчестер); //- майысқақ магниттік дискілер (дискеталар); //- оптикалық дискілер; //- магнитоптикалық информация тасымалдаушылары; //- ленталар (стримерлер).
Есептеу жүйелеріндегі процессорлар
Есептеу жүйелерінде информацияға
амалдар қолдануды
Информация о работе Автоматты басқару жүйесі туралы негізгі ұғым