Автомобиль

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2012 в 09:52, реферат

Описание

Автомобильдер атқаратын жұмыс түрлеріне қарай жүк машинасы, автобустар, жеңіл машиналар және спорттық автомобильдер болып бөлінеді.Осыған байланысты олардың әрқайсысы жеке – жеке түр – түрге бөлінеді. Себебі жүк машинасының бір түрін жеңіл машинаның сондай бір түрімен мүлде болмайды. Олай болса төменде сондай түрлендірудің мағынасы келтірілген.

Содержание

1. НЕГІЗГІ БӨЛІМ



1.1. АВТОМОБИЛЬДЕРДІҢ ЖАЛПЫ ҚҰРЫЛЫСЫ



2. ДВИГАТЕЛЬДІҢ ТҮРЛЕРІ. ІШТЕН ЖАНАТЫН ПОРШЕНЬДІ ДВИГАТЕЛЬДЕРДІҢ ЖҰМЫС ПРИНЦИПТЕРІ

2.1. ІШТЕН ЖАНАТЫН ПОРШЕНЬДІ ДВИГАТЕЛЬДЕРДІҢ ЖҰМЫС ПРИНЦИПТЕРІ

2.2. ДВИГАТЕЛЬДІҢ ЖАЛПЫ ҚҰРЫЛЫСЫ

2.3. КАРБЮРАТОРЛЫ ДВИГАТЕЛЬДЕРДІІҢ ҚОРЕКТЕНДІРУ ЖҮЙЕСІ



3. АВТОМОБИЛЬ ТРАНСМИССИЯСЫ



4. АВТОМОБИЛЬДІҢ ЖҮРІС БӨЛІГІ



5. ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа состоит из  1 файл

Автомобиль.doc

— 532.50 Кб (Скачать документ)

Шасси деп автомобильдің жол бетімен жүруге арналған бірнеше қондырғыларын біріктірген бөлігін айтады.Оған трансмиссия, алдыңғы және артқы белдемелер жүретін дөңгелектерімен, машина тұғыры, дөңгелек аспалары, рульдік және тежегіш қондырғылар кіреді. Осы қондырғылардың әрқайсысы белгілі бір жұмысты атқаратын, бірнеше механизмдер мен жүйелерден тұратын күрделі қондырғы болып табылады.

Трансмиссия – двигателден келген қуатты машинаның жүретін дөңгелегіне  жеткізіп беретін қондырғы.Ол тек қуатты тасымалдап қана қоймайды, оны машина қажетіне қарай түрлендіріп - өзгертіп береді.Себебі машинаға жүргізуге қажетті күш көп болған жағдайда, оның жылдамдығын азайтады немесе керісінше.Оның үстіне машина жүріс бағытын да өзгертуі мүмкін.Сондай жағдайда автомобильдің артқа қарай жүруін де қамтамасыз етеді.Сөйтіп трансмиссия көптеген қызмет атқаратын күрделі қондырғы.

Алдыңғы және артқы белдемелер – негізінен автомобильдің салмғын дөңгелектер арқылы  жол бетіне түсіру қызметін атқарады.Осыған қосымша ол белдемелерде бірнеше түрлі механизмдер  орналасады.Мысалы артқы жетекші белдемеде трансмиссияның, аспаның, тежегішті т.с. бөлшектер орналасады, ал алдыңғы басқаратын белдемеде де басқару механизмдері сияқты қосымша бөлшектер орналасады. Олар 1.3 және 1.4 – суреттерде белгіленген.

Машина тұғыры – автомобильдің шасси бөлігінің барлық механизмдерімен қоса, двигатель мен кузовты да бекітуге арналған қондырғы.Ол өздерінің құрылысына қарай әртүрлі болады. Кейбіреуі арнаулы рамадан жасалып, көбінесе жүк машиналарында бөлек қондырғы құүраса, кейбіреуі кузовпен бірге (жеңіл машиналарда) жасалады.Осы ек іжағдайда да бірдей оның қызметі автомобильдің барлық бөлшектерін біріктіріп, бекітетін қондырғы болып табылады.

Дөңгелек аспалары – алдыңғы және артқы белдемелерді машина тұғырына бекітіп қана қоймайды, жүріс кезінде автомобильдің жүрісін жұмсарту қызметін атқарады.Себебі жүріс дөңгелектері жол бетінің бедерімен жанасқан кезде неше түрлі күштер туып, автомобильді тербеліске келтіреді.Егер ол тербелістің амплитудасын азайтып, жиілігін бір қалыпқа келтірмесе, машинаның жүріс жұмсақтығы бұзылады.Сөйтіп оның жұмыс өнімділігіне кері әсерін тигізеді.

Басқару жүйесі * көптеген механизмдерден құралады.Олардың негізгісі – машинаның жүріс бағытын басқаратын рульдік механизм.Сол рульдік механизм арқылы автомобильдің жүрісін берілген  траектория арқылы бағыттап отырады.

Тежеу жүйесі – автомобильдің жылдамдығын азайтып,тіпті тоқтату қызметін атқарады.Сондықтанда бұл механизм арқылы автомобильдің барлық жүріс дөңгелектерінде орналасып, оның айналуын тежеу арқылы ауырлатады да жүріс жылдамдығын азайтуға мүмкіндік жасайды.

Автомобильдің осы айтылған бөліктерінің орналасу әртүрлі болуы мүмкін.Оның негізгі себебі, олардың эксплуатациялық қасиеттерін жақсарту болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.  ДВИГАТЕЛЬДІҢ ТҮРЛЕРІ. ІШТЕН ЖАНАТЫН ПОРШЕНЬДІ ДВИГАТЕЛЬДЕРДІҢ ЖҰМЫС ПРИНЦИПТЕРІ

Двигатель деп энергияның кез – келген бір түрін тек механикалық энергияға айналдырып беретін қондырғыны айтады.Олай болса двигательдер қолданылатын энергия түріне қарай бірнеше түрге бөлінеді.Олардың негізгілері жылу, электр, жел, су және т.с. түрлері.

Автомобильдерде пайдаланылатын двигательдердіңғ негізгісі – ол жылу двигательдері. Олар  да өздерінің жұмыс істеу принциптеріне қарай бірнеше түрге бөлінеді.Мұндай жылу двигательдері көбінесе от жағатын бөлігінің орналасуына байланысты екі түрге, яғни сырттан немесе іштен жанатын двигательдер болып бөлінеді.

Автомобильдерде іштен жанатын двигательдер қолданылады.Мұндай двигательдерде отын двигатель ішінде жанып, жанған газдың температура есебінен қысымы көбейеді де  двигательдің қозғалатын бөлшегін итеріп жұмыс атқарады.Осындай двигательдер көбінесе поршеньді етіп жасалады.Газ қысымы арқылы қозғалатын поршеньді  итеріп, оның қозғалысы басқа механизмдер арқылы сырттағы қажетті жеріне механикалық эергия түрінде беріледі.Осыдан басқа іштей жанатын двигательдердің роторлы түрі де болады. Яғни мұнда газ қысымы арнаулы роторға орналасқан қалақшаға беріледі де, оны айналмалы қозғалысқа келтіреді.Бірақ роторлы дигательдер  әлі де жетілдіруді қажет ететіндіктен, қазіргі таңдағы автоморбильдерде онша қолдау таба алған жоқ.

Сонымен, көптеген түрлі двигательдер ішіндегі, автомобильдерде көп қолдау тапқан іштен жанатын поршеньді двигательдер болып табылады.Олай болса осы оқулықта сондай двигательдердің құрылыстарыьмен ждұмыс принциптері келтіріледі.

 

2.1 Іштен жанатын поршеньді двигательдердің жұыс принциптері

Іштен жанатын поршеньді двигательдердің жұмыс принциптері мына төмендегідей ретпен жүретін процестерге негізделген (2.1 – сурет).Цилиндр ішінде поршень ілгері – кейінді қозғалып тұрады.Соның қозғалысының салдарынан цилиндр ішінде неше түрлі құбылыс пайда болады.Ал цилиндр үсті цилиндр баласымен бекітілген, ал оның сыртпен қатысуы соратын, шығаратын клапандар арқылы жүргізіледі.Енді осы поршеньнің жүрісін рет – ретімен қарастырылады.

Поршень жоғарыдан төмен қарай жылжиды, яғни поршеньнің үстіндегі кеңістік көбейеді.Олай болса оның ішіндегі газ қысымы азайып, вакуум пайда болады.Сол кезде соратын клапан ашылады да сырттан ауа немесе арнаулы дайындалғанг жану қоспасы кіреді.Бұл процесті сору процесі деп атаймыз

(2.1 а – сурет).Оның ұзақтығы поршень төмен түскенге дейін созылады.

Поршеньнің ендігі жүрісі төменнен жоғары қарай бағытталады (2.1.б – сурет).Сол кезде екі бірдей клапандар жабық болғандықтан, цилиндр ішіндегі газ қысылады, яғни көлемі азаяды. Мұны қысу процесі деп атаймыз.Қысылғанг газдың қасиеті бойынша оның көлемі азайып, температурасы көтеріледі.

 

2.1.-сурет. Іштен жанатын төрт тактылы двигательдің жұмыс схемасы:

а-сору; б-қысу; в-ұлғаю: г-шығару.

Поршень жоғары жеткен кезде (2.1.в – сурет) қысылыптұрған, қызып тұрған жану қоспасына электр ұшқынын беріп тұтандырады немесе қызып тұрған ауаға жанар май шашылады да ол тұтанып жанады.Сонымен қысу процесінің соңында жану процесі іске асады.

Жанған газ өте үлкен жылу бөліп шығарады да ол газдың температурасы көтеріледі,  ал температура көтерілсе, оның қысымы да артады.Енді осы қысым поршеньді төмен қарай итереді.Мұны ұлғаю процесі деп атаймыз. Бұл ұлғаю процесі де поршень төмен келгенше созылады (2.1.г – сурет).

Жанған газ ұлғайып біткеннен кейін поршень төменнен жоғары қарай қозғалады.Осы кезде шығаратын клапан ашылады да жанған газ сыртқа қарай поршеньмен итеріліп шығарылады.Бұл процесті – шығару процесі деп атаймыз.Енді әрі қарай осы процестер қайталана береді.

Сонымен, іштен жанатын поршеньді двигательдердіңғ жұмысы поршеньнің жүрісіне байланысты атқарылатын сору, қысу, ұлғаю және шығару процестеріне байланысты екен.Олай болса поршеньнің бір жүрісін бір такт деп атасақ, мұндай двигательдерді төрт тактылы двигатель деп атауға болады.Себебі барлық жұмыс төрт тактыда атқарылып бітеді.Ал осы жұмыстар поршеньнің екі жүрісіне атқарылатын болса, онда ондай двигательдерді екі тактылы іштей жанатын двигатель деп атайды.

Екі тактылы двигатель іштей жанатын двигателдерде клапандар болмайды

(2.2 – сурет).Олардың орнына цилиндрдің орта шенінен шығаратын және соратын тесіктер жасайды. Сол тесіктерді поршень өзі жауып, ашып тұрады.Сонда поршеньнің жарты жүрісінде бір процесс орындалады.

Екі тактылы двигательдердің  жұмысы мына ретпен атқарылады.Поршень төменнен жоғары қарай қозғалғанда соратын тесіктер арқылы ауа немесе жану қоспасы айдап кіргізіледі, яғни сору процесі поршень тесікті жапқанша жүреді.Поршень соратын және шығаратын тесіктерді жапқаннан кейін, қысу процесі басталады.Ал сол процестің соңында, жоғарыда айтылған төрт тактылы двигательдегі сияқты жану мен ұлғаю процесі іске асады.Ал ұлғаю поршеньнің жарты жүрісіне дейін, яғни шығару тесігін поршень ашқанша ғана жүреді. Әрі қарай ашылған тесіктен жанған газ өз қалдық қысымы арқылы сыртқа шығады.Одан әрі жоғарыдағы қимылдар қайталана береді.Яғни, екі тактылы двигательдің төрт тактылы двигательден айырмашылығы, барлық процесс поршеньнің екі жүрісіне аяқталады.

2.2.-сурет. Екі тактылы іштен жанатын дигательдің жұмыс схемасы:

1-блок картері; 3-желдеткіш; 4-кіретін терезе; 5-цилиндр басы; 6-оттық; 7-шығатын терезе; 8-поршень.

Жоғарыда айтылған жұмыс процесінде, цилиндр ішіне сору кезінде ауа немесе жану қоспасы сорылады делінген.Осыған байланысты двигательдер тағы да екі түрге бөлінеді.Егер сору процесі кезінде сырттан тек ауа ғана сорылып кіріп, қысу процесінің соңында оған жанар май шашып араластырып, қызған газдың температурасы арқылы тұтандыратын болсақ, онда ондай двигательдерді дизельді двигательдер деп атайды.Ал егер жану қоспасын цилиндр сыртында орналасқан, арнаулы аспапта дайындап, сору кезінде цилиндр сыртында орналасқан, арнаулы аспапта дайындап, сору кезінде цилиндр ішіне сол дайындалған жану қоспасы толтырылып, оны арнаулы электр ұшқынымен тұтандыратын болсақ, онда оондай двигательдерді карбюраторлы двигательдер деп атайды.Өйткені ауа мен жанар майды осы карбюратордаараластырып, жану қоспасын жасайды.

Автомобильдерде осы дизельді және карбюраторлы двигательдердің екі түрі қолданылады.

 

2.2 Двигательдің жалпы құрылысы

Автомобильдерде қолданылатын двигательдер мынандай бөліктер мен жүйелерден құралады:кривошипті – шатунды және газ тарату механизмдері, қоректендіретін, майлайтын, суытатын жүйелер және оталдыратын қондырғы.

Иінді – шатунды механизм.Иінді – шатунды механизмнің бөлшектерін қозғалатын және қозғалмайтын бөлшектер деп екі топқа бөлуге болады.Қозғалмайтын бөлшектерге цилиндрді, ал қозғалатын бөлшектерге поршень, шатун және иінді білік топтарының бөлшектері жатады.Сонымен двигательдердің иінді – шатунды механизм механизмдері мынандай бөлшектер тобынан құралады:цилиндрлер тобы, поршень тобы, шатун тобы және иінді білік тобы.

Осы көрсетілген бөлшектер тобының әрқайсысы белгілі бір қызметті атқарады.Цилиндрлер тобы – поршеньнің әрі – бері қозғалысы кезінде бағыттаушы қызметімен қоса, оның ішінде процестер жүру үшін қажетті көлем жасап тұрады.Поршень тобының бөлшектері цилиндр мен аралықтағы қозғалуға қажетті болатын саңылауды неғұрлым берәк бітеп, цилиндр ішінде жүретін процестерге байланысты газ қысымын қабылдау қызметтерін атқарады. Шатун тобының бөлшектері поршень мен иінді білікті жалғастырып, поршеньде пайда болған газ қысымының күшін иінді  білікке жеткізеді, ал керек болғанда иінді біліктегі күшті поршеньге жеткізеді. Сөйтіп, поршеньнің түзу сызықты қозғалысын, иінді біліктің  айналмалы қозғалысына ауыстыру қызметін атқарады.Иінді білік тобы шатуннан келген күштің әсерінен өзі айналмалы қозғалысқа келеді де, сырттағы трансмиссия арқылы жүргізетін дөңгелектерді айналдырады.

Цилиндрлер арнаулы құйылып жасаған блоктағы ұяларға бекітіледі.Егер цилиндр “дымқыл” болса, онда оның төменгі және жоғарғы беттері ғана ұяға жанасады. Ол жерді арнаулы аралыфқ төсемдермен, сұйық ақпайтындай етіп бітейді. Ал құрғақ цилиндрлерді  өн бойында бітеу жасалған ұяларға престеп орнатады.

Иінді шатунды механизмнің қозғалатын бөлшектер тобы 2.5 – суретте көрсетілген.

2.5. сурет. Иінді шатунды механизмнің қозғалатын бөлшектер тобы.

Оларды мынандай бөлшектер тобына бөлуге болады: поршень, шатун тобы және иінді – білік тобы. Олар бір – бірімен арнаулы бөлшектер арқылы жалғасады.           

Поршень тобына поршенннің өзі (15), сақиналары және саусағы  (6) жатады. Поршень саусағы (6) (2.5 – сурет) шіші қуыс түтік тәрізді болаттан шыңдап жасалады.Ол екі ұшымен поршеньдегі қалың құйылмаға (3) тығыз кіріп тұрады да, ортасында шатуннның жоғарғы басы (7) (2.5 – сурет) орналасады.Сонда сол саусақ арқылы шатун бұрылып, бұлғақтаған қозғалыс жасай алады.

Шатун тобының бөлшектері негізгі шатуннан, жоғарғы және төменгі басындағы подшибниктерінен (ішпектерінен) құралады.Шатунның өзі ішінде  ішпегі бар жоғарғы басынан (7), сол сияқты төменгі басынан (10,11) және өзегінен (8) құралады.Жоғарғы басы, ішіндегі ішпегімен (көбінесе қоладан жасалады) поршень саусағына кіріп тұрады да оны поршеньмен жалғастырады. Ол үнемі өзара қозғалып тұратындықтан, үйкелетін саусақ пен ішпек беттерін майлайтын тесік жасалады. Шатун өзегі екі қырлы етіп жасалады.

Шатунның төменгі басы екіге жарылып (10,11) жасалғандықтан, оны иінді біліктің мойнына кигізуге мүмкіндік туады. Сол сияқты оның ішпегі (4) де екі жартыдан құралады.Шатунның төменгі бөлігін оың қақпағы деп атайды және ол болттар (9) арқылы иінді білік мойнына киілгеннен кейін, шатун басының екінші жартысына бекітіледі.

Қозғалатын бөлшектер тобындағы ең күрделісіне  иінді біліктің  бөлшектер тобы жатады. Бұлар иінді біліктен, оның ішпектерінен, маховиктен және басқа жүйелердегі механизмдерді іске қосатын шестерня (31) мен шкивтен (33) құралады.

Иінді біліктің негізгі қызметі шатуннан келген күшті иін түрінде жасалған шатун мойны (3, 13) арқылы қабылдап, тірек мойындары (29, 12, 24, 19) арқылы айналмалы қозғалыс жасайды.Тірек мойындары мен шатун мойындарымен жақтау (25) арқылы жалғасып тұрады.Кейбір жақтауларға тірек мойындарын ортадан тебетін күштерден жеңілдету үшін қарсы жүктер (28, 17) бекітіледі.

Иінді біліктің алдыңғы жағынан (32) шестерня (31) бекітіледі.Ол шестерня газ тарату механизмін іске қосады.Онымен қоса белдікті беріліс үшін шкив (33) бекітіледі де онымен суыту жүйесінің, электр генераторларын және тағы басқа осындай қосымша құралдарды қимылға келтіреді. Иінді біліктің артқы жағына (20) арнаулы фланец арқылы маховик (18) бекітіледі.

Информация о работе Автомобиль