қазақстан республикасының сайлау жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Июня 2011 в 17:59, доклад

Описание

Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі: ұғымы, қағидаттары, сайлау органдары.Сайлау жүйесi дегенiмiз сайлау органдарын кұрудың, сайлауды ұйымдастырудың тәртiбi қағидаларын қамтитын, сайланбалы мемлекеттiк жене жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын қалыптастырудың тәртiбi.

Работа состоит из  1 файл

Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі.docx

— 45.78 Кб (Скачать документ)

   Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі: ұғымы, қағидаттары, сайлау органдары.Сайлау жүйесi дегенiмiз сайлау органдарын кұрудың, сайлауды ұйымдастырудың тәртiбi қағидаларын қамтитын, сайланбалы мемлекеттiк жене жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын қалыптастырудың тәртiбi. 
  Казакстан Республикасы сайлау ж
үйесi деп Конституция мен сайлау туралы зандарда көрсетiлгендей республика Президентiн, Мәжлiс пен Сенат депуттатарын, ауылдық әкiмдердi, төте не жанама сайлау тәртiбiн айтамыз. 
  Сайлау ж
үйесiнiң тепе-тең және мажоритарлы сияқты екi түрi бар. Тепе-тең сайлау жүйесi дегенiмiз сайлау барысында берiлген дауыс пен жеңiп алынған мандат арасындағы тепе тендiк қағидасына негiзделедi. Тепе-тең сайлау жүй есiнің әрекет етуi үшiн бiрнеше iрi аумақтық округтер және екiден кем емес калыптасқан саяси партиялар болуы қажет. 
  Мажоритарлы сайлау жуйесi арты
қ басымдыды және салыстырмалы басымдылы деген екi түрге бөлiнедi. Артық басыьдылық мажоритарлы жүйе тусында бiрiншi және екiншi қайта дауыс беру кезiнде, сайлаушылар тiзiмiне енгiзiлген азаматтардың 50 пайыздан астамы сайлауға қатынасса, сайлау өттi деп, дауыс берушiлердiң 50 пайыздан артык дауысын жинаған кандидат сайланды деп есептеледi. 
   Салыстырмалы басымдылы мажоритарлы ж
үйе тұсында егер кандидат сайлау тiзiмiне енген сайлаушылардың 25 пайызының дауысына ие болса, дауыс берген сайлаушылардың санына қарамастан, сайланды жене сайлау өттi деп есептеледi. 
Каза
қстан Республикасында Президенттi және Парламент депутаттарын сайлау кезiнде, дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (тандаушылардың) елу пайызынан астамының дауысын алған және қайта дауыс беру кезiнде басқа кандидатқа қараған да дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың дауыс санының көпшiлiгiн алған кандидат сайланып, сайлау өттi деп саналады. 
М
әслихаттар депутаттарын сайлау кезiнде басқа кандидат 
тар
ға қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың дауыс санының көпшiлiгiн алған кандидат сайланған болып саналады. 
Жергiлiктi озiн-
өзi баскару органдарының мушелерiн сайлау кезiнде басқа кандидатарға қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың көпшiлiгi жақтап дауыс берген кандидаттар сайланған болып саналады. 
Сайлау
құқығы қағидаттары: 
A. . Жалпы
ға бiрдей белсендi сайлау құқығы қағидаты. Бұл қағида бойынша Қазақстанның он сегiз жасқа жеткен азаматтарының тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе кез келген өзге жағдайларға қарамастан, сайлауға дауыс беруге қатысу құқығы бар. Жалпыға бiрдей белсендi сайлау құқығы белсендi сайлау құқығы есеп сайлу құқығы болып бөлінеді. 
Белсендi сайлау
құқығы дегенiмiз 18 жасқа толған Қазақстан азаматтарының сайлауда дауыс беру құқығы. 
   Б
әсең сайлау құқығы — Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының Президентi, Казакстан Республикасы Парламентiнiң, мәслихатының депутаты немесе жергiлiктi өзiн-өзi басқару органына мүше болып сайлану құқығы. Сайлауға сот iс-әрекетке қабiлетсiз деп таныған, сондай-ақ сот үкiмiмен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтар қатыспайды. Казакстан Республикасының Президентiне, Казакстан Ресгiубликасы Парламентiнiң, соның iшiнде партиялық тiзiмдер бойынша, мәслихаттардың депутаттығына кандидат ретiнде, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелiгiне кандидат болып тiркелу уакытына қарай сотталғандығы заңда белгiленген тәртiппен етелмеген немесе алып тасталмаған адам тiркеуге жатпайды. 
B. Те
ң сайлау құқығы. сайлаушылар Республика Президентi, Парламентi Мәжiлiсiнiң және мәслихаттарының депутаттары сайлауына тен негiздерде қатысады әрi олардың әрқайсысына бiр сайлау бюллетенiне тиiсiнше бiр дауысы болады. Сайлаушылар Респбликаның жергліктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлауға тен негiздерде қатысады әрi олардың әрқайсысының тең дауыс саны болады. Кандидаттардың сайлауға тең құқықтармен және шарттармен катысуша кепiлдiк берiледi. 
C. . Т
өте сайлау құқығы. Республика Президентiн, Парламентi Межiлiсiнiң және мәслихаттарының депутаттарын, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн азаматтар тiкелей сайлайды. 2006 жылы 4 желтоқсанда Казакстан Республикасының Президентiн сайлау өткiзiлiп, сайлауға қатынасқандардың 91,15 пайызынын дауысын жинаған Н. Ә. Назарбаев 7 жылға Казакстант Республикасының Президентi болып сайланды. 
D. Жанама сайлау
құқығы. Парламент Сенатының депутаттарын сайлауға таңдаушылар — мәслихаттардың депутаты болып табылатын Республика азаматтары қатысады. Таңдаушылар Сенат депутаттарын сайлауға тен негiздерде катысады әрi олардың әрқайсысының Сенат депутатын сайлаган кезде бiр дауысы болады. 
E. Жасырын дауыс беру. Республика Президентiн, Парламентiнi
ң және мәслихаттарының депутаттарын, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлауда жасырын дауыс берiледi әрi сайлаушылардың еркiн бiлдiруiне қандай да болсын бақылау жасау мумкiндiгiне жол берiлмейдi. 
F. Сайлау бостанды
ғы. Республикадагы сайлау Республика азаматының сайлау жене сайлану құқығын еркiн жузеге асыруына негiзделедi. Республика азаматтарынын сайлауға қатысуы ерiктi болып табылады. Азаматты сайлауға қатысуға мәжбүрлеуге, сондай-ақ оның еркiн бiлдiрудi шектеуге ешкiмнiң де құқығы жоқ. Сайлаушылардың, сайлаудан, дауыс беруден оз ерiктерiмен бас тартуы абсентеизм деп аталады.

   Республика  аумағында соңғы 10 жыл тұрақты  тұратын, жасы жиырма беске толған, Конституцияның 33-бабының 2 және 3-тармақтарына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес белсенді сайлау құқығына ие Қазақстан Республикасының азаматы Парламент Мәжілісінің депутаты бола алады.Сотталғандығы белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған адам, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қылмыс және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсін сот заңда белгілеген тәртіппен таныған адам Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттығына кандидат бола алмайды.Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Мәжіліс депутаттығына кандидаттар ұсыну құқығы – белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партияларға, ал Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Мәжіліс депутаттығына кандидаттарға қатысты Ассамблея Кеңесіне тиесілі. Бiртұтас жалпыұлттық сайлау округiнiң аумағы бойынша Мәжіліс депутаттығына сайлау үшін адамдарды партиялық тiзiмге енгізу саяси партияның жоғарғы органы мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен жүргізіледі. Саяси партиялардың партиялық тізімдерге осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын адамдарды кіргізуге құқығы жоқ.Саяси партияның жоғарғы органының шешімі азаматтың партиялық тізімге енгізуге келісімі туралы өтінішімен бірге Орталық сайлау комиссиясына жіберіледі.Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар ұсынуды Ассамблея Кеңесі жүргізеді. Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің шешімі көпшілік дауыспен қабылданады және хаттамадан үзінді көшірмемен ресімделеді.

  Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің шешімі азаматтың сайлауға түсуге келісімі туралы өтінішімен бірге Орталық сайлау комиссиясына жіберіледі.

  Егер  сайлауды белгілеу кезінде өзгеше көзделмесе, партиялық тізімдер бойынша сайланатын Мәжіліс депутаттығына кандидаттарды ұсыну сайлаудан екі ай бұрын басталып, оған қырық күн қалғанда аяқталады.Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Мәжіліс депутаттығына кандидаттарды ұсыну сайлаудан он бес күн бұрын басталып, оған он күн қалғанда аяқталады.

    Саяси партиялар ұсынған партиялық  тізімдерді және Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған кандидаттарды тіркеуді Орталық сайлау комиссиясы жүзеге асырады.

   Партиялық тізімдерді ұсынған саяси партиялар партиялық тізімге енгізілген әрбір адам үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген ең төменгi жалақының он бес еселенген мөлшерiнде Орталық сайлау комиссиясының шотына саяси партиялардың қаражатынан сайлау жарнасын енгiзедi.Парламент Мәжілісі депутаттарының алдыңғы сайлауында дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының жеті және одан да көп процентін алған саяси партиялар сайлау жарнасын төлемейді.Парламент Мәжілісі депутаттарының алдыңғы сайлауында дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының бестен жетіге дейінгі процентін алған саяси партия осы баптың бірінші тармағында белгіленген сайлау жарнасы мөлшерінің елу проценті мөлшерінде сайлау жарнасын төлейді.Парламент Мәжілісі депутаттарының алдыңғы сайлауында дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының үштен беске дейінгі процентін алған саяси партия осы баптың 1-тармағында белгіленген сайлау жарнасы мөлшерінің жетпіс проценті мөлшерінде сайлау жарнасын төлейді.Саяси партия сайлау қорытындылары бойынша дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының кемінде жеті процентін алған жағдайларда, сондай-ақ партиялық тізімге енгізілген жалғыз кандидат қайтыс болған жағдайда енгізілген жарна саяси партияға қайтарылады. Қалған жағдайлардың бәрінде енгізілген жарна қайтарылмауға тиіс және республикалық бюджет кірісіне алынады. 

   Кандидаттарды тіркеу үшін қандай құжаттар қажет?

   Тіркелгенге дейін кандидат және оның жұбайы (зайыбы) тұрғылықты жері бойынша салық органына табысы және мүлкi туралы декларация тапсырады.

Партиялық тізімдерді тiркеу мынадай құжаттар болған жағдайда жүргізіледі: 

  • Республиканың Әділет министрлігінде саяси партияның тіркелгені туралы құжаттың көшiрмесi қоса тіркелген, саяси партияның жоғары органының партиялық тізімді ұсыну туралы хаттамасынан үзiндi көшірме; 
  • азаматтың партиялық тізімге енгізуге келісімі туралы өтiнiшi; 
  • партиялық тізімге енген әрбір адам туралы өмiрбаяндық деректер;
  • кандидаттың және оның жұбайының (зайыбының) табысы және мүлкi туралы декларация тапсырғаны туралы салық органының анықтамасы;
  • саяси партияның сайлау жарнасын енгiзгенiн растайтын құжат;
  • партиялық тізімге енгізілген адамның осы тізімді ұсынған саяси партияға мүшелігін растайтын құжат. 

     Тіркеуге бір саяси партиядан оған саяси партиялар арасында бөлінетін депутаттық мандаттардың белгіленген санының отыз процентінен аспайтын адамдар саны енгізілген бір ғана тізім ғана жіберіледі.     

 Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған кандидаттарды тіркеу мынадай құжаттар болған жағдайда жүргізіледі: 

  • Ассамблея Кеңесінің кандидаттарды ұсыну туралы хаттамасынан үзінді көшірме;
  • азаматтың депутаттыққа кандидат болып сайлауға түсуге келiсiмi туралы өтiнiшi; 
  • Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған әрбір адам туралы өмiрбаяндық деректер;
  • Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған кандидаттың және оның зайыбының (жұбайының) табысы мен мүлкi туралы декларация тапсырғаны туралы салық органының анықтамасы.

     Партиялық тiзiмді тіркеуден бас тартуға немесе оны тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға жеті күн мерзімде Орталық сайлау комиссиясына және (немесе) сотқа шағым жасауға болады. Бұл ретте Орталық сайлау комиссиясы немесе сот шағым берілген күннен бастап жеті күн мерзімде шағым бойынша шешім шығарады.

     Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған кандидатты тіркеуден бас тартуға немесе оны тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға екі күн мерзімде Орталық сайлау комиссиясына және (немесе) сотқа шағым жасауға болады. Бұл ретте Орталық сайлау комиссиясы немесе сот бір күн ішінде шағым бойынша шешім шығарады.Партиялық тізімдерді тіркеу, егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлаудан екі ай бұрын басталып, оған бір ай қалғанда аяқталады.

    Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған кандидаттарды тіркеу, егер сайлауды белгілеу кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлаудан он күн бұрын басталып, оған бес күн қалғанда аяқталады.

   Кандидат  өз кандидатурасын қалай алып тастай алады?

   Партиялық тiзiмді тіркеуден бас тартуға немесе оны тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға жеті күн мерзімде Орталық сайлау комиссиясына және (немесе) сотқа шағым жасауға болады. Бұл ретте Орталық сайлау комиссиясы немесе сот шағым берілген күннен бастап жеті күн мерзімде шағым бойынша шешім шығарады.Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған кандидатты тіркеуден бас тартуға немесе оны тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға екі күн мерзімде Орталық сайлау комиссиясына және (немесе) сотқа шағым жасауға болады. Бұл ретте Орталық сайлау комиссиясы немесе сот бір күн ішінде шағым бойынша шешім шығарады.

   Кандидаттарға қандай кепілдемелер беріледі?

   Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттығына кандидаттар тіркелген күннен бастап және сайлаудың қорытындылары жарияланғанға дейін жұмыстан, әскери қызметтен және әскери жиыннан босатылуға құқылы. Кандидаттардың сайлауға қатысқан уақыты олар тіркеу күніне дейін жұмыс істеген мамандығы бойынша еңбек өтіліне есептеледі.Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттығына кандидаттар тіркелген күннен бастап сайлаудың қорытындылары жарияланған күнге дейін олардың келісімінсіз жұмыстан босатыла, басқа жұмысқа немесе лауазымға ауыстырыла, сондай-ақ іссапарға жіберіле алмайды және әскери жиындарға шақырылмайды.  

    Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттығына кандидаттарды олар тіркелген күннен бастап сайлаудың қорытындылары жарияланған күнге дейін, сондай-ақ депутат ретінде тіркелгенге дейін, Орталық сайлау комиссиясының келісімінсіз, қамауға алуға, еріксіз айдап алып келуге, сот шешімімен әкімшілік жазаға тартуға, қылмыстық жауапқа тартуға, сондай-ақ, тікелей қылмыс үстінде ұсталғаннан және ауыр қылмыс жасағаннан басқа жағдайларда, ұстауға болмайды.

   Сайлау  алдындағы үгiт - сайлаушылардың белгiлi бiр кандидатты, саяси партияны жақтап немесе қарсы дауыс беруге қатысуына түрткi болу мақсатындағы қызмет.Сайлау алдындағы үгiт кандидаттар тiркелген мерзімі аяқталған кезден басталып, сайлау болатын күннің алдындағы күнгi жергілiктi уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады. Қайтадан дауыс берудi өткiзген кезде сайлау алдындағы үгiт қайтадан дауыс беру күнi тағайындалған күннен басталып, сайлау болатын күннiң алдындағы күнгi жергiлiктi уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады. 

   Сайлау алдындағы үгiт:

  • бұқаралық ақпарат құралдары арқылы;
  • сайлау алдындағы жария iс-шараларды (сайлау алдындағы жиналыстарды және сайлаушылармен (таңдаушылармен) кездесулердi, сайлау алдындағы жария пікір таластар мен пiкiр алысуларды, митингiлердi, шерулердi, демонстрацияларды және заңнамада белгiленген тәртiппен және осы Конституциялық заңда тыйым салынбаған өзге де сайлау алдындағы іс-шараларды), сондай-ақ кандидаттардың және олардың сенiм бiлдiрген адамдарының сайлаушылармен (таңдаушылармен) жеке кездесулерін өткiзу жолымен;
  • баспа, дыбыс-бейне және өзге де үгiт материалдарын шығару және (немесе) тарату жолымен жүзеге асырылады.

   Мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары болып табылатын кандидаттардың өзінің лауазымдық және қызмет жағдайының артықшылықтарын пайдалануға тыйым салынады.Кандидаттар не олардың сенiм бiлдiрген адамдары болып тiркелген журналистердiң, бұқаралық ақпарат құралдары редакциялары лауазымды адамдарының сайлауды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы көрсетуге қатысуына құқығы жоқ.Сайлау науқаны үшiн арнайы әзiрленген баспа материалдарын, соның iшiнде безендiрiлген материалдарды, сондай-ақ омырауға тағатын белгiлердi, жалауларды, жалаушаларды тегiн таратуды қоспағанда, сайлаушыларға тегiн немесе жеңiлдiк шарттарымен тауарлар, бағалы қағаздар беріп, қызметтер көрсету, сондай-ақ лотереялар, қайырымдылық акцияларын өткiзу, ақша төлеу не осындайларға уәде беру арқылы сайлау алдындағы үгiттi жүргiзу сайлау алдындағы жөнсiз үгіт деп саналады. Сайлау алдындағы жөнсiз үгіттi жүргiзуге тыйым салынады.

    Сайлау жарияланған (тағайындалған) кезден бастап, кандидаттарға, партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партияларға, сондай-ақ олардың атынан немесе оларды қолдап кeз келген жеке және заңды тұлғаларға, ойын-сауық және спорттық iс-шараларын ұйымдастыруды қоспағанда, қайырымдылық iс-шараларын өткiзуге тыйым салынады. 
    Кандидаттың, партиялық тiзiмiн ұсынған саяси партияның, сондай-ақ олардың сенiм бiлдiрген адамдарының осы тармақта белгiленген ережелердi бұзуы кандидатты, партиялық тiзiмдi тiркеу туралы шешімнің күшiн жоюға әкеп соғады.Қандай да бiр адамның бейнесiн - оның жазбаша келiсiмiнсiз, ал ол қайтыс болған жағдайда мұрагерлерінің жазбаша келiсімінсiз пайдалану арқылы сайлау алдындағы үгiт жүргiзуге тыйым салынады. 

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес белгiленген тiркеу мерзiмi аяқталған кезден бастап, үгіт науқаны аяқталғанға дейiн кандидаттардың, партиялық тiзiмiн ұсынған саяси партиялардың өздерiнiң сайлау алдындағы бағдарламаларын баспасөзде және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында үгiттеуге және насихаттауға құқығы бар.

Информация о работе қазақстан республикасының сайлау жүйесі