Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 07:13, реферат
АҚШ –федерациялы республика. Қазіргі конституциясы 1787 жылы 17 қыркүйекте қабылданған, оған 25 түзету енгізілді. Мемлекет басшысы президент , сонымен бірге ол үкімет басшысы және қарулы күштердің бас қолбасшысы. Президент пен вице- президент екі сатылы сайлауда 4 жылға сайланады.
І. Кіріспе: АҚШ-тың қазіргі үкіметі
ІІ. Негізгі бөлім: 1. Американдық саясаттанушы Р. Даль
2. Алмонд Габриель
ІІІ. Қорытынды:
Қарғанды мемлекеттік техникалық университеті
Реферат
Тақырыбы: Қазіргі Америка политологиясы. Р. Даль. Г. Алмонд
Қабылдаған:Касымова С.С
Орындаған: ГД-10-1 тобының ст. Мусаева М.М
Қарағанды 2012
Жоспар:
І. Кіріспе: АҚШ-тың қазіргі үкіметі
ІІ. Негізгі бөлім: 1. Американдық саясаттанушы Р. Даль
2. Алмонд Габриель
ІІІ. Қорытынды:
Кіріспе:
АҚШ –федерациялы республика. Қазіргі конституциясы 1787 жылы 17 қыркүйекте қабылданған, оған 25 түзету енгізілді. Мемлекет басшысы президент , сонымен бірге ол үкімет басшысы және қарулы күштердің бас қолбасшысы. Президент пен вице- президент екі сатылы сайлауда 4 жылға сайланады. Президенттің конгресс қабылдаған заң жобаларын өткізбей тастауға, міндетті түрде орындауға тиісті заңдарды қабылдауға құқығы бар. Бұл оның заң шығарушы органдар қызметіне ықпал жасауына мүмкіндік береді. Президенттің сыртқы саясат жөніндегі өкілдіктері бұдан да кушті. Үкімет құрамына 12 министр кіреді: оларды сенат келісімімен прездент тағайындайды.Заң шығаратын өкімен билігнің жоғарғы органы: парламент (конгресс) ол екі палатадан тұрады: сенат және өкілдер палатасы. Өкілдер палатасы 2 жылға сайланады(435 депутат).Сенат құрамының 1/3 бөлігі 2 жыл сайын өзгертіледі, әр сенатордың өкілдік мерзімі 6 жыл, өкілдер палатасына қарағанда, сенаттардың биліктері әлдем қайда жоғары. АҚШ ең үлкен сот органы – Жоғарға сот федерация штаттардың қай заңы болса да, конституцияға сай емес деп бұза алады. Әр штаттың өз конституциясы бар. Штаттың ең үлкен әкімі- губернатор, ол төте сайлау жолымен 2 жылдан 4 жылға дейін сайлана алады.
Заң шығарушы:
АҚШ Парламенті – Конгресс деп аталады. Конгресс тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан: Сенаттан және Өкілдер Палатасынан тұрады.
Атқарушы: АҚШ Президенті – мемлекеттің басшысы, бас әскери қолбасшы, ол заң жобасын жою құқығына ие болады
Сот: Жоғарғы Соты және федералдық соттар
АҚШ-да екі бас партия бар: Демократиялық партиясы – 1824 ж. құрылған. Джон Кеннеди, Билл Клинтон, Барак Обама осы партияның мүшелері.Республикалық партиясы – 1854 ж. құрылған. Джордж Буш, Рональд Рейган осы партияның мүшелері.
Негізгі бөлім:
І. Даль Роберт Алан (1915) - американдық саясаттанушы, қазіргі кездегі саяси ғылымның белгілі өкілі. "Демократия теориясына кіріспе" (1956), "Қазіргі кезеңдегі саяси талдау" (1964), "Батые демократиясындағы саяси оппозиция" (1966), т.б. шығармалары оған танымалдық әкелді. Даль зерттеген негізгі мәселелердің бірі - саяси демократия, оның пайда болу табиғаты.[1] Демократиялық үрдістің қалыптасу алғышарттары:
Халық белгілі бір бірлестіктерге біріккенше қоғамның барлық мүшелеріне міндетті кейбір ұжымдық шешімдерге қол жеткізу қажет;
Теңдік принципінің әлсіздігі;
Еркіндік принципі, әркім өз мүдделеріне төреші болуға құқылы;
Күшті теңдік принципі, бірлестік мүшелерінің барлығы міндетті ұжымдық шешімдерді талап ететін мәселелерді шешуде тең құқылы.
Теңсіздіктің үш түрін баса атап көрсетті:
күшті қолданудағы мүмкіндіктер мен ресурстардағы айырмашылық,
экономикалық жағдайдағы ресурстар мен мүмкіндіктердегі айырмашылық,
білім, мәлімет және танымдық мүмкіндіктердегі айырмашылық.\
1915 ж. желтоқсанның 17 (96 жас)
Мансабы: Американдық саясаттанушы, қазіргі кездегі саяси ғылымның белгілі өкілі, политолог
1) Полиархия саясаттық жүйе ретінде
Полиа́рхия (греч. πολυαρχία — «көп адамның билігі») — саясаттық жүйе, әр түрлі топтар арасындағы ашық саяси конкурста сайлаушыларды қолдау мақсатына негізделген.
Қазіргі замандаға политологияға терминді 1953 жылы Роберт Даль енгізген.Термин базалық институттардығы жиынтықты білдіру үшін және жалпы либералдық демократия үшін енгізілген
Даль полиархияны тазалағыш құрал ретінде қарастырады, ол полиархияны кешшіліксіз демократияға жеткізеді деп санады.
Демократияның негізгі белгісі деп Р. Даль тұрғындардың қажеттілігіне тікелей баланысын көрсетеді жәнебұл бағыныштылық тұрғындардың үш құқықына байланысты деп санады:
1) өз қажеттіліктерін құру, тұжырымдау;
2) өз ойларын басқа тұрғындармен және басқарушы органдарға қабарлау;
3)өз таңдауының, қалауының болуы;
Роберт Даль полиархия теориясының негізін салушы, демократиядан жоғары, бірақ адамдарға саяси жүйеге қатысуғамүмкіндік беретін, ал басшыларға ашық басеке болатын билік жүйесі.
Автор теории не считает полиархию тождественной демократии, так как:
Даль полиархияны демократиямен ұқсас немесе тең деп есептемейді, өйткені:
1. полиархия – саяси жүйенің сапалы;
2. Полиархия барлық ұлттық жүйенің мінездемесі ретінде пайдаланылады.
3. Полиархиялық теорияның басты ерекшелгі, ашық
ІІ. Алмонд Габриель (ағылш. Gabriel A. Almond; қаңтардың 12, 1911 – желтоқсанның 25, 2002) -Американ саясаттанушысы, Стэнфорд университетінің профессоры. Американ өнер және ғылым академиясының мүшесі, саяси ғылымдардың американдық қауымдастығының президенті. "Дамушы аймақ саясаты" (1968), "Салыстырмалы саясат: даму тұжырымы" (1966), "Салыстырмалы саясат биігінде" (1988) атты еңбектерінде Алмонд қазіргі құрылымдық функционализмнің негізгі түсініктерін қалыптастырды.
Алмонд функционалдық әдістік жүйені сақтау және реттеу әдістерін зерттеуге пайдаланды. Ол саяси жүйені адаптация мен ықпалдасу қызметтерін орындайтын өзара қарым-қатынас саласы ретінде анықтайды. Барлық жүйелер негізінен екі қызметті атқарады: "ену" және "шығу". Ол "енудің" төрт қызметін: саяси әлеуметтендіру мен араласуға тарту; мүдделерді артикуляциялау; мүдделерді жүзеге асыру; саяси коммуникация; "шығудың" үш функциясын: ережелерін қалыптастыру, ережелерді пайдалану мен ережелердің орындалуын бақылауды анықтайды. "Ену" қызметтері үкіметтік емес ұйымдармен: қысым көрсету топтары, сая¬си партиялар, тәуелсіз басылым және т.б. арқылы, ал "шығу" қызметтері үкіметтік ұйымдар көмегімен жүзеге асырылады. Ол "ену" қызметтерін талдауға көбірек көңіл бөледі. Саяси әлеуметтендіру мен коммуникация тиімді саяси қызмет саласының барлығы белгісі. Саяси жүйелерді салыстырмалы зерттеуде:
1. жүйе мүмкіндіктерін;
2. конверсиялау функцияларын;
3. қолдау және адаптациялау функцияларын;
4. жоғарыда көрсетілген қызметтердіц өзара қарым-қатынасын салыстыруды ұсынды.
Осы салыстыру әдісі саяси дамуды талдауға да пайдаланылды. Қазіргі кезеңдегі бес демократиялық елдегі - Англия, Италия, ГФР, АҚШ және Мексика - саяси жүйені салыстыра отырып, саяси мәдениеттің үш таза түрін көрсетті.
«Саяси жүйе» ұғымын саяси ғылым XX ғасырдың орта шенінен қолдана бастады. Саяси жүйелер теориясының негізін қалағандар американ саясаттанушылары Д.Истон мен Г.Алмонд. Д.Истон өзінің «Саяси жүйе» (1953), «Саяси өмірді жүйелікталдау» атты еңбектерінде саяси жүйені сырттан келетін импульске жауап беретін дамып және өзін-өзі реттеп отыратын организм ретінде қарастырады. Бұл көзқарас тұрғысынан алып қарасақ, саяси жүйе біртұтас, қоғамдық өмірдің ерекше сферасы.
Г.Алмондтың«Салыстырмалы саяси жүйелер» (1956) деген мақаласында саяси жүйе саяси институттар мен саяси мәдениеттің бірлігі деген тұжырымға басты назар аударады. Марксизм позициясынан саяси жүйе саяси процестср субъектілері әлеумсттік топтардың мүдделерін бейнелейтін қоғамдық қондырманың элементі ретінде талданады. Бұл мүдделер саяси процестср арқылы, саяси шешімдерді қабыддау мен іскс асыру арқылы саяси құрылымдардың көмегімен жүзеге асырылады (қараңыз, Фарукшин М-Х. Политическая система общества. Социальнополити-ческие науки. 1991, 5, 60 бет. Мұндай тәсіл бойынша саяси жүйе ең алдымен саяси институттар жүйесі болады, автор институционалданған жүйені басқа жүйешелермен қатар тұратын жүйеше ретінде қарастырады.
Г.Алмонд саяси мәдениеттің үш түрін атап көрсетеді:
1) жершілдік (дәстүрлі) - бүкіл мемлекетке қатысты мәселеден гөрі өзі тұратын жердің мәселесіне қызығушылық таныту;
2) бодандық (монархиялық) - билік басындағы кандидатқа дауыс беру. Бұл топтағы адамдар үкіметті сынағанымен, дауысын бәрібір сол үкіметке немесе кандидатқа береді;
3) саналы қатысу - қазіргі заманғы саяси мінез-құлық. Бұндай адамдар саясатқа белсенді түрде араласады, әрбір дауыстың маңызды екендігін түсінеді, өзінің таңдауын дербес жасайды. Дегенмен де олар саясатта өзінің «белсенді» рөліне бағдар ұстауға бейім тұрғанымен, олардың ондай рөлдерге сезімі мен бағасы қабылдау мен теріске шығаруға дейінгі аралықта құбылуы мүмкін.
Осылайша саяси мәдениеттің әртүрлі факторлары мен түрлерінен азаматтардың сайлауға қатысу белсенділігінің қаракеттері де анықталады. Яғни, сайлаушылардың сайлауға деген қарым-қатынасы қоғамның саяси мәдениетінен, бұқараның саяси санасынан, сайлау өтетін мемлекеттегі бұрыннан келе жатқан жұртшылық дәстүрінен және мемлекеттің сайлауды қаншалықты деңгейдегі ұйымдастыруынан көрінеді. Сайлауға деген қарым-қатынас көптеген елдердің тәжірибесінде дәлелденгеніндей сайлауға қатысу және қатыспау түрінен көрінеді. Қандай да бір наразылық шаралары немесе оған себеп болмаса азаматтардың көпшілігі сайлауға қатысады және қатысу себептері төмендегідей болып келеді: бағыныштылық, саяси өмірге араласуға қызығушылық, өзгерісті немесе бұрынғы билікті таңдау, әйтеуір бір дауыс беру үшін қатысу, басқалардың ықпалына еру (отбасы, достары, бұқаралық ақпарат құралдарының жанама ықпалы), дәстүрлік (сайлауға дәстүр түрінде барады), жеке-материалдық қатынас (дауыстың сатып алынуы), негативті қатысу (біреуге қарсы дауыс беру үшін), белсенді аномиялық қатысу (бәріне қарсы дауыс беру үшін немесе жарамсыз бюллетеньдер санын көбейту үшін). Ал сайлауға қатыспау себептері: провинциализм, саясатқа немқұрайлы қарау, абсентизм (саяси қарсылығын немесе көзқарасын сайлауға қатыспау түрінде көрсету), сайлаудың әділ өтетініне, өз дауысының рөл атқаратынына сенбеу, саяси сананың төмендігі, өзін қоғамнан оқшау сезіну болып келеді. Қалай болғанда сайлауға қатыспаушылардан қатысушылар көбірек болып келеді. Олай болмағанда сайлаудың өтпей қалуы да мүмкін ғой. Өйткені, әлем елдерінің көпшілігінде сайлауға сайлаушылардың елу пайыздан астамы қатысса ғана сайлау өткізілді деп есептеледі
Қорытынды:
Саяси мәдениет пен саяси сана сайлау науқаны кезінде ғана көрінбеуі керек. Саяси мәдениет ұғымының саясаттануға енгеніне елу жылдан астам ғана уақыт өткенімен оның жалпыға бірдей ортақ анықтамасы жоқ. Қазіргі уақытта оның 30-дан астам анықтамасы айтылуда. Саяси мәдениетті зерттеуге көп үлес қосқан американдық ірі саясаттанушы және әлеуметтанушы Г.Алмондтың айтуынша, «Біз «саяси мәдениет» терминін» екі себеппен пайдаланамыз: біріншіден, егер біз саяси және бейсаяси позициялар мен тәртіп модельдері арасындағы қатынасты анықтамақ болсақ, онда біздің алғашқысын (саяси) соңғысынан (бейсаяси), тіпті олардың арасындағы шекара онша айқын болмаса да, ажыратып алуымыз керек. Мұндай жағдайда «саяси мәдениет» термині нақ саяси бағдарларға - саяси жүйе оның әртүрлі бөліктері жөніндегі көзқарастар мен позицияларға және сол жүйедегі өз рөлі жөніндегі позицияларға қатысты. Біз экономикалық мәдениет немесе діни мәдениет туралы қалай айта алатын болсақ, саяси мәдениет туралы да солай айтамыз. Мұның өзі әлеуметтік объектілер мен процестердің белгілі бір жиынтығына қатысты бағдарлар жиынтығы.
Салыстырмалы саясаттану - әртүрлі елдер мен халықтардың саяси дамуындағы ортақтық пен ерекшелікті зерттейтін саяси ғылымның бір бағыты. Ал кейбір зерттеушілер салыстырмалы саясаттану ерекшелігі оның әдісінде деп есептейді. Тағы бір анықтамаға сүйенер болсақ, салыстырмалы саясаттану пәні - ұлттар мен олардың саяси жүйесін салыстырмалы зерттеу. Әртүрлі саяси жүйелер қызметін теориялық және тәжірибелік түрғыдан салыстырмалы зерттеу келесі міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:
1) олардың негізгі ерекшеліктері мен белгілерін, әлеуметгік табиғатын, мазмұнын жақсырақ түсінуге;
2) қоғамдық теория мен тәжірибенің үдемелі дамуына көмек беретіндей олардың әлді және әлсіз жақтарын нақты анықтауға;
3) әртүрлі саяси жүйелердің экономикалық, әлеуметтік-саяси, идеологиялық негіздерін, олардың икемделу тетігін тереңірек зерттеуге. Ал шетелдік зерттеушілерден Г. Алмондты айтуға болады
Информация о работе Қазіргі Америка политологиясы. Р. Даль. Г. Алмонд