Білім беру жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2012 в 01:05, доклад

Описание

Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.

Работа состоит из  1 файл

Білім беру жүйесі.docx

— 40.79 Кб (Скачать документ)

Ұзақ  даму жолынан өткен түбектің халық  ағарту жүйесі қазіргі заманғы жоғары оқу орындарының бой көтеруінің алғышарттарын жасады. 1988 ж. Маңғыстау  облысы таратылды. 1990 ж. негізсіз таратылған Маңғыстау облысы қайтадан қалпына келтірілді. Облыстың қайта құрылуы өлкедегі білім жүйесіне жаңа серпін ала келді. Жас ұрпаққа білім мен тәрбие берудің өзгеше жаңа кезеңі басталды. 
Республикамыздың ең шалғай өлкесінің бірі Маңғыстау өңірінің халқы үшін, балаларды оқыту, оларды тиісті мамандыққа баулуда жер шалғайлығы, жол қаражаты кедергі келтіретін. Жалпы бұл өңір жастарға жоғары және орта арнаулы білім беруде ұзақ жылдар артта қалған болатын.

 Тек  1983 ж. ғана пед. Училище 1985 ж. мед. училище мен мұнай техникумы, 1993 ж. Ақтау политехникалық институты, Атырау университетінің Ақтау бөлімшесі, өнер училищелері ашылған болатын. Қазақстан тарихындағы тұңғыш пед. колледж Ақтау қаласында ұйымдастырылып, оның озат тәжірибесі бүкіл республикаға таратылды. Сөйтіп, нарықтық экономикаға өту дәуіріндегі қиындығы көп кезеңде түбек жастарына өз өңірінде мамандық алу мүмкіндігі ашылды. 

 Ақтау Мемлекеттік Университетінен басқа да «Болашақ», «Қайнар», ҚарМУ, ОАУ (ЦАУ), ҚазКТА (КазАТК), ХЕА (МАТ), т.б. білім ордаларының өлкеміздің оқу-ағарту саласындағы орны ерекше.

1999 жылы 7 маусымда Қазақстан Республикасының "Бiлiм туралы"  Заңының қабылдауынан кейін  ЮНЕСКО  ұсынған Білім беруді халықаралық стандартты жіктеу бағдарламасына сәйкес білім берудің ұлттық жүйесі жаңа моделі жұмыс істеуде. Оған сәйкес, үздіксіз және сабақтастық принципі негізінде білім берудің 4 деңгейі орнатылған:

     

                1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту (мектеп алды білім).

    2. Орта білім. 
        3. Жоғары білім.

                                4. ЖОО кейінгі білім алу.

ҚР Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша білім беру саласындағы негізгі көрсеткіштер.  
  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасы әзірленді, ол мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш және орта білім берудің, жоғары және ЖОО кейінгі білім алудың негізгі қырларын қамтиды, білім беру жүйесінің одан әрі дамуының басымдықтарын анықтайды, сонымен қатар, білім берудің әрбір деңгейіне қойылған мақсаттарды орындау бойынша нақты іс шараларды қамтиды.  Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде 2015 жылға дейін балалар бақшасымен 70 пайыз балаларды қамту мақсаты қойылып, 2020 жылға қарай мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылатын балалардың саны барлық мектепке дейінгі жастағы балалардың 70 %-нан 100 %-ға дейін арттыру. Орта білім беру жүйесінде 12 жылдық білім беруге толық өту қарастырылған, 12 жылдық білім беру моделінің талаптарына сәйкес материалдық-техникалық және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым жаңартылатын болады. Электрондық білім беруді енгізу жоспарлануда. Мамандарды даярлау индустрия жобалары бойынша жүзеге асатын болады.

     Мемлекеттік бағдарлама екі деңгейде жүзеге асатын болады: біріншісі - 2011-2015 жылдар; екіншісі - 2016-2020 жылдар аралығы. Бағдарламаны қаржыландыру көлемі 151,15 миллиард теңгені құрайды, оның ішінде 42 миллиард теңгесі 2012 жылы бөлінетін болады.

   Білім беру және ғылым министрлігі  қызметінің стратегиялық бағыттары.

   I. Сапалы білім берудің  қол жетімділігін  қамтамасыз ету 

   1. Мектепке дейінгі  білім беруге тең  қол жетімділікті  қамтамасыз ету.

   2. Мектеп білімінің  қол жетімділігін  қамтамасыз ету  және оның сапасын  арттыру.

     2010 – 2011 оқу жылдары жалпы саны 2 486,4 мың бала білім алатын 7 516 күндізгі мемлекеттік жалпы білім  беретін мектептер жұмыс атқарады. 2007 жылы республикалық бюджеттің  есебінен 27,1 оқу орындарынан тұратын  52 мектеп, ал 2008 жылы 40,5 мың орындық  60 мектеп, 2009 жылы 35,7 мың орындық  56 мектеп, ал 2010 жылы 36,95 мың орындық  48 мектеп енгізілді.

     Республиканың жалпы білім беретін мектептерінде 275 655 мұғалім еңбек етеді. Соның  ішінде 239 861 (87 %) жоғары білімге, 32 713 (11,9 %) орта кәсіби білімге ие. Жоғары санаттағы  мұғалімдердің саны 40 920 (14,8 %), бірінші  санаттағылардың саны – 84 721 (30,7 %). 2010 жылы біліктілікті арттыру курсы мен қайта даярлаудан 80 мыңнан аса мұғалімдер өтті.

     2005 жылдан бастап республиканың  мектептері республикалық бюджет  қаражаты есебінен материалдық-техникалық  базаны бекіту мақсатында пәндік  кабинеттермен, лингафонды мультимедиялық  кабинеттермен (бұдан әрі –  ЛМК) жабдықталуда. Олардың көмегімен  балалар қазақ тілін, орыс және  шет ел тілдерін оқиды.

     Ғаламтор  желісіне мектептердің 98 %, ауыл мектептерінің  – 97 % қосылып, кеңжолақты Ғаламторға мектердің 34 % қолы жетті.

     2001 жылдан бастап қазақ және орыс  тілдеріндегі электронды оқулықтарды  әзірлеу жүргізілуде. Қазіргі  уақытта мектеп мазмұнындағы  пәндердің 90 % сандық форматқа көшірілді.

     3. Техникалық және  кәсіби білім беру

      Қазақстан Республикасында 2010 жылы 882 техникалық және кәсіби білім беретін (бұдан  әрі – ТжКБ) оқу орындары қызмет етеді, соның ішінде 322 кәсіби лицей, 560 колледж. Соның ішінде 268 оқу орны (немесе 19,7 %) ауылдық жерлерде орналасқан. Республикада үдемелі индустриалды-инновациялық дамыту (бұдан әрі – ҮИИД) жобалары үшін кадрлар дайындау бойынша ТжКБ 543 оқу орны іске тартылды.

    2007-2009 жылдардағы кезең  ішінде:

«Аджип  ККО», «ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК, «Тенгизшевройл»  СП ЖШС, «KEGOK» АҚ, «Қазақмыс корпорациясы»  ЖШС жанында техникалық және қызмет көрсету еңбегі мамандарын қайта  даярлау, қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру бойынша заманауи оқу орталықтары;

     2007-2010 жылдары ТиПО оқу орындарының  18 мың шамасында педагогикалық  жұмыскерлері біліктілікті жоғарылату  курсынан өтті, оның ішінде 2010 жылы ФИИР мамандықтары бойынша 7 мың педагогикалық жұмыскерлер. Республикалық бюджеттің есебінен кәсіби лицейлерге ағылшын тілінің 116 шетелдік оқытушылары тартылған.

     Жол картасынаң аясында қазақстан кадрлары күшімен шет ел жұмыскерлерін  ауыстыру мақсатында мамандарды қайта  даярлықтан және даярлау мәселелері жолға қойылды. 2009 жылы 95,6 мың адам оқуға қамтылып, оның 41.0 мың адамы  жұмысқа орналастырылды, 20.2 мың адамы - әлі де оқуды жалғастыруда. 2010 жылы қайта даярлау мен даярлықтан өткізуге 71,0 мың адам қамтылды.

      4.Жоғарғы және  жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім

     Қазіргі уақытта жоғары білім беру саясаты  республика экономикасының барлық салаларының  мамандарының бәсекеге қабілетті және жан-жақты мамандарды кәсіби даярлау  талаптарын қамтамасыз ету қажеттігін, жоғарғы мектептің зияткерлік шамасын  және тәжірибеге бағытталған іс-шараларын  күшейту, оны ғылым мен өндіріспен сабақтастыру, халықаралық білім беру қалыбына (стандартына)сәйкес болуы қажеттілігі анықтап отыр. 

     2010 жылдың 15 қазан айының жағдайына  қарай республикамызда 148 жоғары  оқу орнының (9 ұлттық, 1 халықаралық,  және «Назарбаев Университеті»  АҚ, 32 мемлекеттік, 13 азаматтық емес, 92 жекеменшік оқу орындары, , соның ішінде 16 акционерленген) мекемелері жұмыс істеп жатыр.

2009-210 оқу  жылдары 3НК статистикалық есебі  келісімімен жоғарғы оқу орындарының  жалпы контингенті (құрамы) 610, 2 мың  адам болды. Әлемде, орта есеппен  10мың халыққа 232 студенттен келеді. Қазақстанда осы көрсеткіш 422,5 адамды құрайды.

     Жоғары  оқу орындарында профессорлық-оқытушылық есеп 39,2 мың адамды құрайды, оның ішінде 41 % ғылыми дәрежелері бар.

     Қазақстанның  Жоғарғы мектебі біртұтас білім  беру кеңістігіне енетін және әлемдік  білім беру деңгейі жетістігіне  жетуге ұмтылуда. Алға қойылған мақсатқа жету механизмі - Қазақстан Республикасы 2010жылы енген Болон үрдісінің параметрлерін орындау. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындары Болон декларациясының негізгі принциптерін жүзеге асырып келеді. Барлық азаматтық жоғарғы оқу орындарында оқу несиелік технология аясында жүргізілуде, республикамыздың 37 жоғарғы оқу орындарында қос дипломдық білім беру үрдісі, 42-сі қашықтан оқыту технологиясымен (дистнциялық) жүзеге асуда.

      Қазақстан Республикасының жоғарғы  және жоғарғы оқу орнынан кейінгі  білім беру құрылымы ЮНЕСКО-ның халықаралық  білім беру стандартының классификациясына  сай келіп отыр.

     Мамандарды  даярлаудың үшдеңгейлі үлгісіне (бакалавр – магистр – доктор PhD) өту  үрдісі жүзеге асырылып келеді. Жоғары білім берудің сапалық кепілдігі  мен қамсыздандыру жүйесі құрылды.  
2009 жылы жоғарғы оқу орны мен жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім берудің бакалавриат – магистратура – докторантуралық білім беру бағдарламаларын жалғастырушылығын қамтамасыз ететін мамандықтарын жіктестіру бекітілді.

    Жоғарғы оқу орындарының Академиялық  деңгейге еуі оның сапасы мен бәсекеге қабілеттілігінің бірден-бір көрсеткіші екенін білдіреді. Міне , сондықтан да Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назабаев 2010жылдың 10 қаңтарындағы өз жолдауында жоғарғы оқу орындары әлемдегі алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орындарының санатына енуді көздейтінін атап өтті.

    

     2009 жылы жоғарғы оқу орындарының  Times Higher Education - QS World University Ranking (Ұлыбритания)  халықаралық рейтингісі бойынша  Қазақстанның 5 жоғарғы оқу орны, 2010 жылы бір жоғарғы оқу орны қатысқан болатын.

     Астана  қаласында әлемдік деңгейдегі мәртебелі  отандық инженер- техниктер мен ғылыми кадрларды даярлауды қамтамасыз ететін «Назарбаев Университеті» жоғарғы оқу орны жұмыс жасап жатыр. Заманауи әлемде елдің әлеуметтік-экономикалық жетілдіру субъектілері болып табылатын жағдайлары мен қызметтері, құрылымдары өзгеріп жатыр. Университет білім беру жүйесінің ғана емес, тұтастай алғанда қоғамның да локомотиві болуы керек. Осыған орай 2008 жылдан бастап жоғарғы оқу орындарын басқарудың әріптестік органдарының жұмысын кеңейту мен басқаруға жұмыс берушілерді тарту, қамқорлық кеңесті құру жолымен корпоративті менеджмент үрдісі енгізілуде.

   Пайдаланған әдебиет

  1. «Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007
  2. «Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978;
  3. «Маңғыстау»энциклопедиясы, Алматы, 1997;
  4. «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007.
  5.   «Wikipedia» сайты.

Информация о работе Білім беру жүйесі