Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 10:32, реферат
Болашақ бастауыш сыныптар мұғалімінің кәсіби даярлығы әр алуан пәндерді оқыту барысында жүзеге асырылатын психологиялық-педагогикалық, пәндік-теориялық және дербес әдістемелік компоненттерді қамтиды. Олардың арасындағы бейнелеу өнеріндегі ұғымдар мен әрекет тәсілдерінің мазмұнын ашатын және ойлаудың негіздерін қалыптастыратын пән ретінде бейнелеу өнерінде бастауыш курсының теориялық негіздері ерекше орын алады.
1. Сурет сауға арналған қолдануды үйрету;
2. Заттардың пропорциясын дұрыс беріп, формаларын нақт және дұрыс көре білуге үйрету;
3. Реңдік қатынас есебімен жарық-көлеңке тәсілдерімен көлемін беріп, үйрету;
4. Композиция құрастыруды үйрту;
Жоспар
1. Сурет сауға арналған қолдануды үйрету;
2. Заттардың пропорциясын дұрыс беріп, формаларын нақт және дұрыс көре білуге үйрету;
3. Реңдік қатынас есебімен жарық-көлеңке тәсілдерімен көлемін беріп, үйрету;
4. Композиция құрастыруды үйрту;
Бейнелеу өнірінде суреттің алатын орны
Болашақ бастауыш сыныптар мұғалімінің кәсіби даярлығы әр алуан пәндерді оқыту барысында жүзеге асырылатын психологиялық-педагогикалық, пәндік-теориялық және дербес әдістемелік компоненттерді қамтиды. Олардың арасындағы бейнелеу өнеріндегі ұғымдар мен әрекет тәсілдерінің мазмұнын ашатын және ойлаудың негіздерін қалыптастыратын пән ретінде бейнелеу өнерінде бастауыш курсының теориялық негіздері ерекше орын алады. Қазақстан Республикасында қазіргі заманғы қоғамның даму кезеңінде бастауыш мектеп педагогикалық процесті жүзеге асыруда теориялық және практикалық жағынан дайындығы бар, таңдау еркіндігі жағдайында педагогикалық бағыттарға бағдар жасай алатын, таңдау еркіндігі жағдайында педагогикалық бағыттарға бағдар жасап алатын пайда болған жаңа құрылымдарды бір тұтас, жүйелі қарастыруға қабілетті жаңашылдыққа жаны құмар, стандартты емес жағдайларда өз бетімен білім меңгеруге және шешім қабылдауға білікті мұғалімді қажет етеді. Сондықтан да 050102-Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша бакалаврларды кәсіби даярлауда элективті пән ретінде «Бастауыш мектепте бейнелеу өнері мен еңбекке оқытудан дидактикалық материалдарды дайындау әдістемесі» негізгі курстың бірі болып табылады.
Пәннің өзектілігі, қажеттілігі. «Бастауыш мектепте бейнелеу өнері мен еңбекке оқытудан дидактикалық материалдарды дайындау әдістемесі» курсы бастауыш сыныптар мұғалімдерін даярлау қажетті белгілі бір ауқымда теориялық білімдердің тәжірибелік біліктер мен дағдылардың болуын қажет етеді. Болашақ бастауыш сыныптар мұғалімдерінің кәсіби даярлығы әр алуан пәндерді оқыту барысында жүзеге асырылатын психологиялықпедагогикалық, пәндіктеориялық және дербесәдістемелік компоенттерді қамтиды.
Олардың арасында бейнелеу өнеріндегі ұғымдардың, қасиеттердің, әрекет тәсілдерінің мазмұнын ашатын және ойладың негіздерін қалыптастыратын пән ретінде бейнелеу өнерінің бастауышкурсының теориялық негіздері ерекше орын алады.
Пререквизиттер: мемлекеттік білім стандартына сәйкес бастауыш мектепте бейнелеу өнері мен еңбекке оқытудың теориясы мен технологиясынан міндетті дайындық деңгейіне қойылатын негізгі талаптар.
Постреквизиттер: пәнді оқу барысында студенттер бастауыш мектепте бейнелеу өнерін оқыту теориясы мен технологясы курсынан алған білімдерін тиянақтап, оларды болашақ мамандықтарына қолдануға машықтанады.
Халықтың сәнді-қолданбалы өнер
Халқымыздың сәндік-қолданбалы өнерін зерттеуде А.Х.Марғұлан, Қ.А.Ақышев, М.Қ.Қадырбаев, В.П.Агапов, Ә.Тәжімұратов, С.Касиманов, Ө.Жәнібеков, Ж.Нұсқабайұлы т. б. археологтар, тарихшылар, ғалым-этнографтардың еңбектерінде қең ауқымда зерделегендіктерін, студенттердің өздік жұмыстарында танысуы үшін реферат жұмыстары беріледі. Лекция сабақтарында осы мәселе бойынша қысқаша шолу жасап кетеміз. Мысалы: жоғарыда айтылған Қазақстан мәдениетіндегі қолөнер туындыларының құрылымдык жүйесінде, әр ғалымның қосқан үлесі туралы мәліметтер беріп кетеміз. Мысалы, Академик Ә.Марғұлан (Бегазы-дандыбай мәдениетін зерттеген). Қазақ халқының қол өнерінің бірнеше турлерін археология, этнография тұғысынан зерделеп, өте құнды мағлүматтар береді. Қ.Ақышев (Есік қорғанын): М.Қадырбаев (Тасмола қорғанын). Ол өзінің ғылыми еңбектерінде архиологиялық қазбалардан табылған ертеде Қазақстан жерін мекендеген тайпалардың ежелгі мәдени қолданбалы өнер туындыларын тарихи тұрғыда сипаттайды. Тарих ғылымдарының докторы Х.Арғынбаев өз еңбегінде қазақ халқының қол өнерінің қызықтырарлық және маңызды салаларын; ағаш, темір, тас өңдеу, тері, мүйіз, сүйек ұқсату шеберлігінің туып қалыптасу мәселелері төңірегінде жан-жақты баяндаған. Ә.Тәжімұратов еңбегінде ұлттық қол өнеріміздің киіз басу, кілем, ши тоқу, ағаш өңдеу, ер қосу, зергерлік өнері түрлері және киіз үй онын жасау жиһаздары туралы бұрын соңды жазылған еңбектерді талдап, өзінің экспедиция кезінде жинаған материалдарымен толықтырды. Қол өнеріне қатысты атаулардың анықтамасын берді. М.М.Мұқанов Қазақтың сәндік-қолданбалы өнері және ою-өрнектердің тарихи түп тамыры, эстетикалык мәні және маңызы, символикасы, қолданылуы мен бейнеленуі, жасалу әдіс-тәсілдері, классификациясы жөнінде көп қарастырған. Ө.Жәнібеков символдар туралы мәліметтер беріп, қол өнер туындыларына сипаттама берген. С.Касиманов ұлттық қол өнерінің мүйіз өңдеу, өрнек тоқу, аркан, жіп есу, қайыс өру түрлерінің өздік ерекшеліктеріне тоқталып, ою-өрнек түрлеріне де ерекше көңіл бөліп, оның 200-ге жуық түрін атап, белгілі атауларға кеңінен тоқталады. Қазақтың ою-өрнек үлгілерінің мазмұнына, мағынасына қарай топтап жіктейді. Кейбір ою-өрнектерге байланысты аңыз, әңгімелер туралы айта келіп тәрбиелік мәнінен құнды мағлұматтар береді. Ұлттык сәндік-қолданбалы өнері-деп, А.Касимов «халық тұрмысында жиі қолданылатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты шығармашылық өнер жиынтығын» айтады.
Қиып жапсыру
Эскиздің орындалуы мен заттардың формаларының, материалының ерекшеліктерін жұмыс жасау. Жапсырмалау-латынның жабыстыру, қйыстыру деген сөзінен шыққан. Жапсырмалауды қолданылатын материалына қарай үшке бөліп қарастыруға болады:
1. Түрлі қағаздармен орындалатын жапсырма
2. Әр-түрлі киіз, мата, тері, шүберек және т.б. қолдануымен орындалатын жапсырма
3. Табиғи материал, сабан, ши, қамыс т.б. қолдану арқылы орындалатын жапсырма.
Ең алғаш біздің заманымызға дейінгі ертеректе Греция өнерінде пайда болған. Ал түрлі материалдардан жасалынатын жапсырма түрі 16ғ Италия мен Испанияда, 17ғ Германия мен Францияда дамыған. Кейін, яғни 18-19ғ Ресей өнірінде дами түскен
Көрнекілік принципі және оның ролі.
Бастауыш сыныпта көрнекіліктер бейнелеу өнерінің дамуы мен сәйкестендіріледі. Балалар алда қойған мақсатына жету үшін қоршаған ортаға нақты көз-қарастарын материалистік түрде қарау керек. Олардың ойлау қабілетін, және шығармашылықтарын, нақтылыққа баулыйды. Сабақтарда қатынастарды жеке тұлға ретінде өзін-өзі ұстай алатын адам ретінде ұқыпты еңбекті сүйе білуге қалыптастыру. Бейнелеу өнерлерінің процесстерінде оқушылар графикалық және кескіндеме (живописьтік) дағдыларды үйренеді. Заттарды аңғаруға, анализ жасауға және әлемдегі көріністерді болжауға үйретеді. Бұдан бейнелеу өнері жеке тұлғалардың қалыптасуына көмектеседі. Айта кетсек оның бірі адамдардың көз бен есте сақтау процессі. Яғни біз бейнелеу өнерінің басқа да пәндермен байланысын байқаймыз, және де бейнелеу өнерінде қалыптасқан екі процесстердің көптеген маман иелеріне қажет екенін білеміз. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың мінез-құлқын көптеген ғалымдар зерттеген. Олар: С.Т.Шатский, П.П.Блонский, Л.С.Выгодский, В.А,Сухомлинский. Балалардың суреті, сурет салу процессі, бұл баланың рухани өмірінің бір бөлігі. Балалар қағаз бетіне қоршаған әлемді түсіріп қана қоймай, өздері де сол әлемде өмір сүреді. Сол өмірлерінің әдемілігіне тамсанады. Мектепте бейнелеу өнеріндегі тапсырмаларды орындау мынадай әдіс-тәсілдер позициясына негізделген.
1. Оқушылардың эстетикалық тәрбиеде өзінің жеке тұлға ретінде дамуы және оның рухани әлемінің дамуын құрастырады.
2. Оқыту мен тәрбиенің дүние танымның оқушыда бейнелеу өнерде қабылдап алуда мектептегі бейнелеу өнерлерінің өмірі мен байланыстылылығы.
3. Мектепке бейнелеу өнерінің әдістемелік білім беруіндегі философияға және әдетте педагогика мен психологияға теория мен практикаға және суреттердің шығармаларымен байланыстырылады.
4. Бейнелеу өнері өзіндік білім беруде және тәрбиелеуде маңызды роль атқарады. Біліммен қамтылу шеберлігі мен эмоциялық қабылдаудың дамуы.
Пейзаж салу тәсілдері.
Бейнелеу өнеріндегі пейзаж. Сызықтық және ауа перспективаларының, көкжиек сызығының түйісу нүктесінің, кеңістіктің заңдылықтары.
Матадан қиып жапсыру. Коллаж
Коллаж-әр түрлі маталарды жабыстыру арқылы орындалатын көркем шығарма. Ол түрлі-түсті қағаздардан немесе журнал қиындыларынан жасалынады.
Өрнек салу әдістемесі
Сүйек ою. Қазақ халқының ерте ғасырдан келе жатқан өзіндік көрке жанрының тағы бір түрі сүйектен ойып бедерлеп өрнек түсіру. Сүйектен ойып өрнек салушыларды қазақтар «шебер» деп атаған. Сүйектен ағаш бүйымдардың бетін, аттың қамыт-сайман, ер-тұрман, музыкалық аспаптардың бетін безендірген. Шебер сүйекті өрнектеп болған соң оны әшекейлейтін қажет заттардың бетіне майда күміс шегелермен шегелейді. Шегелемес бұрын әшекейленер бүйьмының беті өңделіп, өрнек сүйек формасы уңгі алынып тасталып сол араға сүйекті шегелейді. Сонда өрнектелген заттың беті тегіс болады. Кейбір бұйымдарды безендіргенде сүйек пен күміс қатар қолданылады. Өрнекті сүйек сынықтары, бедерлі күміспен алмастырылып қолданылады. Кейін ою ойылған сүйек астына ашық түсті шүға, мақпал төсейтін болған көбіне қызыл қара түсті пайдаланған. Мүйізден қасық, түйме, шақша жасаған. Арқар, бұғы, таутеке мүйіздері мен түрлі сүйектен қобдишаларға, мылтық құндақтарына, домбыраларына және қазақы ерлерге алуан түрлі әшекей, ою-өрнек сюжетін салған.