Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 21:42, курс лекций
Саясаттанудың объектісі, пәні және құрылымы. Қазақстан Республикасы егемендігін алуына байланысты еліміздің әлеуметтік өмірінің барлық саласы түгелімен өзгеріп, саяси, экономикалық, әлеуметтік жүйе әлемдік өркениет үлгісінде қайта құрылып жатыр. Бұрын жоғары оқу орындарында тоталитарлық тәртіп, коммунистік идеология тудырған марксистік тұрғыдағы жасанды пәндердің орнына бүкіл дүние жүзі мойындап, өркениетті елдерде бұрынан оқытылатын бүгінгі заман талабына сай келетін пәндер енгізіле бастады. Солардың ішінде ерекше орын алатыны – саясаттану.
1. Саясаттанудың объектісі, пәні және құрылымы.
2. Саясаттанудың заңдары мен категориялары, әдістері мен функциялары.
3. Саясаттанудың әлеуметтік-гуманитарлық білімдер жүйесіндегі орны.