Саясаттану ғылымы туралы жалпы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 19:09, реферат

Описание

Бұл семестірлік жұмысымның мазмұны саяси білімдердің даму тарихындағы ежелгі заманнан бергі бүгінгі күнге дейінгі сан алуан саяси ойшылдардың, ғалымдардың тұжырымдамаларына және қазіргі заман еншісіндегі жиналған мағлұматтарға негізделген. Бұл жұмыста күрделі саяси теориялық мәселе бойынша көлемді және түсінікті түрде анықтамалар, белгілер келтірген. Әрбір саяси процесстің зерттелуі Қазақстанның саяси өмірімен тығыз байланыстырылып көрсетілген.

Содержание

Кіріспе 3
Саясаттану ғылымы туралы жалпы түсінік 4
Саясаттану ғылымының әдістері 5
Саясатану құрылымы және қызметі 8
Басқа ғылымдармен байланысы және айырмашылығы 9
Қорытынды 11
Пайдалынылған әдебиеттер 12

Работа состоит из  1 файл

1_СРС_Серж.docx

— 73.02 Кб (Скачать документ)

Мазмұны

Кіріспе                                                                                                    3

Саясаттану ғылымы туралы жалпы түсінік                                         4

Саясаттану ғылымының  әдістері                                                             5

Саясатану құрылымы және қызметі                                                       8

Басқа ғылымдармен байланысы және айырмашылығы                       9

Қорытынды                                                                                                  11

Пайдалынылған әдебиеттер                                                                      12

 

 

Кіріспе

 

Бұл семестірлік жұмысымның мазмұны саяси білімдердің даму тарихындағы ежелгі заманнан  бергі бүгінгі күнге дейінгі сан алуан саяси ойшылдардың,  ғалымдардың тұжырымдамаларына және қазіргі заман еншісіндегі жиналған мағлұматтарға негізделген. Бұл жұмыста күрделі саяси теориялық мәселе бойынша көлемді және түсінікті түрде анықтамалар, белгілер келтірген. Әрбір саяси процесстің зерттелуі Қазақстанның саяси өмірімен тығыз байланыстырылып көрсетілген.Міне қанша жылдар бойы адамзаттың немесе әрбір қоғамның өмірі көптеген салалар негізінде зерттеліп келеді Мысалы, экономика саласы, мәдени сала, рухани сала және тағы басқалары. Әрбір салада үнемі дамып отыратын өзіне тән білімдер қалыптасып, осы білімдер кейін ғылымға айналып, қоғамның қарқынды дамуына негіз болады.

Ал бұл жұмыста,қоғамдағы осындай салалардың бірі – саяси сала туралы сөз қозғалмақ. Саяси салада да мыңдаған жылдар бойы жинақталған саяси білім қалыптасқан. Саяси ойлар, саяси идеялар, саяси тәжірибе  – жинақтала келіп саяси ғылымның қалыптасуына негіз болды. Сөйтіп, басқа ғылымдармен қатар саясаттану да өз алдына дербес ғылым болып бөлініп шықты,және саясатты білем,түсінем деушілер  оған оңай қол жеткізетін болды.

 

Саясаттану ғылымы туралы жалпы түсінік

Саясаттану сөзі ("политология") гректін, «политика" және "логос" деген сөздерінен шыққан, саясат туралы ғылым деген мағынаны білдіреді. Адамзат саясаттың сиқырлы сырын, құбылмалы кұбылысын өте ерте заманнан түсініп-білгісі келді. Ежелгі Шығыс, антикалық дәуірдін ойшылдары мемлекеттің, саяси биліктің мән-мағынасы неде және кімге қызмет етеді, қоғамдық құрылыстық қандай түрлері бар және олардың ең жақсысы, халыққа ең қолайлысы қайсысы деген сияқты сауалдарға жауап іздеген. Бірақ ол кездегі пайымдаулар негізінен діни-мифологиялық сарында болатын. Себебі, ертедегі адамдар жер бетіндегі өмірге құдайдың құдіретінен туған жалпы әлемдік космостық тәртіптің ажырамас бөлігі ретінде қарадық.  
Кейінірек адамзаттың іс-тәжірибесінің, ақыл-ойының, мәдениетінің дамуына  
байланысты саясаттың ұғымдары, түсініктері,  тұжырымдамалары пайда бола бастады. Қоғамдық - әлеуметтік және саяси құрылымы мен қатынастарының одан әрі күрделіленуі, материалдық өндірістің, халық санының өсуі оның өміріне мемлекеттің тікелей араласуына әкеліп соқтырды. Бұдан келіп саяси теориялар туды. Біздің з.б. бірінші мыңжылдықтың ортасында саясаты діни-мифологиялық танудың орнына философиялық-этикалық түсіну түрі келеді. Мұнда аса зор еңбек еткендер — Конфуций, Платон, Аристотель сияқты ғұлама ғалымдар. Бұл ойшылдар саясатты теориялық тұрғыдан зерттеп, оны этикамен тығыз байланыста қарады. Олар саясатты адамдардың мақсат-мүддесіне сай келуге, адамгершілікке негізделуге тиіс деп ұқты. 
Әдетте, саясаттанудың негізін қалаушы деп данышпан ғалым Аристотельді атайды. Өйткені ол өз заманында лицей ашып, сонда саяси ғылымды жеке пән ретінде оқытып, өзі жүргізді. «Саясат»  деген еңбек жазып, онда ежелгі грек мемлекеттерінің (онда әрбір қала мемлекет болып есептелетін) саяси жүйесін зерттеді. Ол саясаттың негізі адамның өзімшіл, хайуандық табиғатында жатыр деп ұқты. Жеке адам көзсіз құмарлыққа берілгіш келеді. Сондықтан оның соқыр сезімін тежеп, жалпыға ортақ игілікке, әділеттілікке жетуді жеңілдету, адамның адамгершілік қасиетін арттыру үшін саясат жүргізу керек деп түсінді. Сонымең қатар ол саясаттану мәселелерін, фәлсафа (философия) мәселелерімен бірге қарады. 
Орта ғасырда саясаттың діни-этикалық түрі қалыптасады. Оның негізін салушы Фома Аквинский саяси билікті құдай орнатады, бірақ мемлекет басшылары кұдайдың калауына қарсы шықса, халықтың оларды құлатуына болады деген байлам айтты. Саясатты қазіргідей түсінуге мол үлес қосқан Италияның XVI ғасырда өмір сүрген ойшылы Никколо Макиавелли болды. Ол саясатты теологиялық (құдайшылдық) түсіндіруден саяси ойды қоғамдағы табиғи өмірден туған мәселелерді шешуге бейімдеді. Саяси зерттеулердің өзегі етіп мемлекеттік билікті қойды және оны қалай қолға түйрудің, пайдаланудың неше түрлі әдіс-тәсілдерін керсетті. Соның арқасында саясаттануды біздің казіргідей түсінуімізге жол ашылды. 
Феодализмнің ыдырап, капиталистік қатынастардың қалыптасу қоғамды демократияландырып, жалпыға бірдей сайлау құқығын кіргізуге; көпшілік саяси партиялар мен қазыналардың кеңінен қанат жаюына, акпарат кұралдарының өрістеуіне, ауқымы кеңейді, саясаттың қызметтері мен міндеттері күрделігіне түсті. Сондықтан саяси құбылыстар мен процестерді арнайы зерттеуге, саясаттану теорияларын жасауға тура келді. Бұл ретте Дж. Локк, Ш.Л.Монтескье, Ж.Ж. Руссо, Т. Джефферсон, Т. Пейн, И. Кант, Гегель сынды көрнекті ғалымдар көп еңбек сіңірді. 
        Саясаттану XIX ғасырдың екінші жартысында өз алдына жеке пән ретінде калыптасты,.Оған бұл кезде бихевиористік, тәжірибелік (эмпирикалық) әдістердің кеңінен пайдаланыла бастауы зор ықпалын тигізді 1857 жылы АҚШ-тың Колумбия колледжінде (кейін Колумбия университетіне айналды) профессор Фрэнсис Либер "Тарих және саяси ғылым" деген кафедра ашты. Соның негізінде онда 1880 жылы саяси ғылымның жоғары мектебі құрылды. АҚШ-тағы сияқты 1872 жылы Францияда мемлекеттік аппаратқа арнайы қызметкерлер дайындайтын саяси ғылымдар мектебі жұмыс істей бастады. 1889 жылы Американың Саяси және әлеуметтік ғылымдар академиясы, 1903 жылы Америкалық саяси ғылымдар ассоциациясы құрылды. 
XX ғасырдың басында саясаттану бөлек академиялық пән ретінде толық бөлініп шықты. Бұл ғылымның халықаралық мәртебе алып, толыққанды қалыптасуына ЮНЕСКО-ның басшылығымен 1949 жылы құрылған саяси ғылымдардың халықаралық ассоциациясы зор рөл атқарды. Ол саяси зерттеудің белсенділігін арттыру жолында казір де жемісті еңбек етуде. 
Саясаттанудың пәні жөнінде алыс, жақын шетелдік болсын, біздің елдін ғалымдарының арасында болсын бірыңғай, жалпы жұрт танып, мойындаған анықтама, тоқтам жоқ. Оның аукымы мен мазмұны, қарастыратын мәселелер шеңбері, жеке ғылыми пән ретінде ерекшелендіретін белгісі, өлшемі не болуы керек деген сауалдар төңірегінде бірталай көзқарастар бар. Кейбір ғалымдар оған қоғамда билікті жүргізетін немесе оған әсер ететін мемлекет, партиялар және басқа саяси институттар туралы ғылым ретінде қарайдық. Дегенмен, оның өрісін тек солармен шектеуге әсте болмайды, Себебі, ол солармен қатар жалпы, саяси теориялар мен нақтылы саяси іс-әрекеттерді, саяси процестер мен жүйелерді, халықаралық қатынастарды да зерттейді, еларалық салыстырмалар да жүргізеді. Сондықтан мұнда көзқарас саясаттануға тар мағынасында қараған болып шығады.

Саяси ғылым қоғамдық және саяси құрылыстың мән-мағынасын терең түсініп білуге, жеке адамның қоғамда алатын орнын, атқаратын міндетін айқындауға, олардың сан түрлі құқықтары мен бостандықтарын дұрыс пайдалануға мүмкіндік береді. Саяси ғылымның басты объектісі  – қоғамның саяси саласы және ондағы саяси құбылыстар мен процестер. Бұл ғылым жалпыадамзаттық  игіліктерге  негізделген  демократиялық  тәртіптерді құрметтеуге, ортақ саяси мәселелерді ұжымдасып шешуге үйретеді, тұлғаның өз мақсаттарын мемлекет деңгейінде іске асырудың жолдары мен әдістерін дұрыс таңдай білуге, демократиялық нормалар мен қоғамдық институттарды қалыптастыруға көмектеседі. Саяси ғылымның басты мақсаты  – қоғамда әлемдік деңгейдегі демократиялық саяси мәдениет қалыптастыру, онсыз, саясаттанудың тұжырымдамалары бойынша, демократиялық қоғам орнатудың өзі де екі талай  деп есептелінеді. Қоғам мүшелерінің саяси мәдениетінің жоғары деңгейде болуы, осы арқылы саясатқа белсенді араласып, ұтымды шешім қабылдауы өздігінен туындамайды. Тұлғаның саяси өмірдегі өз орнын ұғуы және осы өмірдің субъектісі болуы үшін оларға жүйелі түрде саяси білімдер теориясын, олардың  даму тарихын игеріп, саяси үрдіс қатынасу жолдарын оқып үйренуі қажет.

 

Саясаттану ғылымының  әдістері

Саясаттану саяси құбылыстар мен өзгерістердің мән-мағынасын  түсініп-білу үшін бірталай әдістерді  пайдаланады. Әдіс деп зерттеу жүргізуді  ұйымдастыру тәсілін айтады.Саясаттанудын әдістері түсіндіру үшін келесі схеманы ұсынамын.Бұл схемада казіргі кезеңде белгілі болып отырған  бірнеше әдіс тәсілдерді кіргіздім.Бұл,әрине осы тақырыпты толығымен қамтып,тақырыптың басын ашпайды,дегенмен  түсіндіру жұмысын жеңілдету үшін құрастырдым.

 Кеңес Одағы кезінде  ең дұрыс және мызғымас тәсіл  болып есептелген диалектикалық-материалистік  әдіс болатын. Ол табиғаттағы,  қоғамдағы және санадағы құбылыстар  мен процестерді бірімен-бірі  тығыз байланыста және үздіксіз  даму жағдайында болады деп  санайды.

 

 

 

Ә дістері


Әр түрлі елдердегі  саяси құбылыстарды салыстырып, олардың жалпы жақтарын және жеке ерекшеліктерін ажыратуға мүмкіндік береді.


Қоғамдық игілікті ең мол қамтамасыз ететін немесе адамға әуел бастан тән ажыратылмас табиғи құқықтық іске асыруға барлық мүмкіндікті жасайтын саяси құрылыстың түрін іздейді.


 

Жеке адамдар мен топтардың іс- әрекетін, белгілі бір саяси жағдайларда адамдардын өздерін өздері қалай ұстауын талдауға негізделеді.


Саяси құбылыстарды мерзімі жағынан дәйекті, заманына қарай, бұрынғы, қазіргі және болашақтың| байланысын айқындай отырып қарастырады.


Саясатты қоғам өмірінің, экономикалық, әлеуметтік құрылым, мәдениет және т.б. жағдайына байланысты анықтайды.


 

Саяси құбылыстарды, оны құрайтын элементтердің әлеуметтік өмірдегі орнын, қызметін айналадағы ортамен, басқа құбылыстармен байланысты зерттейді.


 

Жүейлеу


Социологиялық


Бихевиористік


Тарихи


Норамативтік


Салыстырмалы



 

 

Салыстырмалы  әдіс  әр түрлі елдердегі саяси құбы лыстарды салыстырып, олардың жалпы жақтарын және жеке ерекшеліктерін ажыратуға мүмкіндік береді. Ол елдегі саяси тұрақтылықпен саяси жағдайды бағалауға, соның негізінде нақтылы саяси шешімдер қабылдауға көмектеседі. Бұл әдістің әсіресе қазіргі Қазақстан Республикасында алатын орны зор. Себебі, жүргізіліп жатқан саяси реформалардың табысты болуы көбіне басқа елдердің озық тәжірибесін тиімді пайдалануға байланысты болмақ. 

Жүйелеу әдісі саяси құбылыстарды басқа күрделі құрылымның бір бөлігі ретінде қарап, оны құрайтын элементтердің әлеуметтік өмірдегі орнын, қызметін айналадағы ортамен, басқа құбылыстармен байланысты зерттейді.

Социологиялық әдіс саясатты қоғам өмірінің, экономикалық, әлеуметтік құрылым, мәдениет және т.б. жағдайына байланысты анықтайды.

Тарихи  тәсіл саяси құбылыстарды мерзімі жағынан дәйекті, заманына қарай, бұрынғы, қазіргі және болашақтың| байланысын айқындай отырып қарастырады. Ол әр түрлі саяси окиғаларды, процестерді, деректерді олардың болған уақыт мезгілін еске ала танып-білуді талап етеді. 

Бихевиористік әдісжеке адамдар мен топтардың іс- әрекетін, белгілі бір саяси жағдайларда адамдардын өздерін өздері қалай ұстауын талдауға негізделеді. Бұл әдісті жақтаушылар саяси қызметтің барлық түрлерін адамдардың іс-әрекеттерін талдау арқылы түсініп-білуге болады дейді.

Норамативтік  әдіс (XIX ғасырға дейін жиі пайдаланылған) қоғамдық игілікті ең мол қамтамасыз ететін немесе адамға әуел бастан тән ажыратылмас табиғи құқықтық іске асыруға барлық мүмкіндікті жасайтын саяси құрылыстың түрін іздейді.

Жоғарыда аттары аталған  әдістермен қатар басқа да әдіс-тәсілдер бар. Бұлардың бәрі де саяси процестер  мен олардың дамуы жөнінде  шынайы мағлұматтар алуға тырысады. Сондықтан қазіргі демократиялық мемлекеттерде саясатқа байланысты жағдайларды зерттегенде сан түрлі әдістемелерді пайдаланады.

Ғалымдардың бір тобы саясаттануды ғылымға қатаң негізделген, әсіресе тәжірибелік (эмпирикалық) әдіс-тәсілге сүйенеген, нәтижесін тексеріп білуге болатын ілім ретінде түсінеді. Оны жақтаушыларды. бихевиористер дейді (олар туралы кейінірек сөз балады). Олар бұл ғылымды математика, кибернетика және т.с.с нақтылы ғылымдарға теңиді. Бұл бағытты жақтаушылар, түптеп келгенде, саясаттануды теориялық және практикалық жаққа бөліп, екіншісін басшылықка алып отыр. Бұлай білімнің екі түрін бір-біріне қарсы қоюшылықпен келісуге болмайды. Себебі, теория мен практиканы бөліп, карау адамзат тарихында талай рет тығырыққа тірелткен.  Әрине, аталған тәсіл сайлаудын. дауыс беру нәтижесін, оған жұмсалған қаражатты, қай партияның жақтаушылары көп не аз болғанын және т.с.с. сан жағынан нақтылы есептеп шығуға мүмкіндік береді. Бірақ, "еркіндік", "теңдік", "әділеттік", "егемендік", "демократия" және т. б. сияқты маңызды категорияларды сандық мөлшерде есептеп шығаруға келмейді.

 

 

Саясатану құрылымы және қызметі

 

Қай ғылым болмасын белгілі  бір қызметтерді (функцияларды) атқарады. Саясаттануда да ондай міндеттер  бар. Оған ең алдыментанымдық (еносеологиялық) қызметтер жатады. Олай дейтініміз саяси білім қоғамдағы оқиғаларды танып білуге олардың саяси мәнін түсінуге және болашақты болжауға мүмкіндік береді.Демократиялық мемлекеттерде саясаттану саяси әлеуметтену міндетін     атқарады. Ол азаматтықты, халықтың демократиялық саяси мәдениеттілігін қалыптастырады.

Саясаттану реттеушілік басқару қызметін атқарады. Оның ерекшелігі —қоғамның саяси өмірімен тығыз байланысына. Соған орай ол адамдардың саяси өмірінде өзін-өзі ұстауына, іс-әрекетіне тікелей әсер етеді.. Саяси дамудың үрдіс, бағдарын бақылай отырып, саясаттану қоғамдық оқиғаларды тиімді басқару үшіннақтылы мәлімет, мағлұматтар береді. Саяси білімдер, хаттамалар, кеңестер адамдардың күнделікті практикалық іс-әрекеттері басшылыққа алынады.

Саясаттану саяси өмірді жетілдіру міндетін атқарады. Бұл ғылым саяси институттар мен қатынастарда, басқаруда реформалар жасап, оларды қайта қарауда теориялық негіз болады. Оның көмегімен заң шығарушы және атқарушы органдарқабылдайтын құқықтық жарғылар мен саяси-басқарушылық шешімдер алдын ала сарапқа салынып, зерттеледі, қоғамда немесе оның жеке аймақтарындаа қалыптасып жатқан нақтылы жағдайлар саяси тұрғыдан талданады. Солардың негізінде ол кейбір саяси институттардың жойылып, оның орнына бүгінгі талапқа сай басқалары келу керектігін негіздейді, мемлекеттж басқарудың қолайлы үлгілерін іздестіреді, әлеуметтік-саяси шиеленістерді ауыртпалықсыз шешу жолдары мен әдістерін көрсетеді.

Ең соңында саясаттанудын болжау қызметін атаған жөн. Саяси зерттеулердің құндылығы даяси процестердің үрдісін айнытпай бейнелеумер ғана тынбайды. Ол белгілі бір саяси жағдайларда алдыңғы қатарлы, озық саяси өзгерістер жасауға бағытталған ғылыми негізделген болжаумен аяқталуы тиіс. Саяси ғылымныңтүпкілікті мақсаты да сонда.

 

 

 

 

 

 

 

Саясаттанудың басқа  ғылымдармен байланысы және айырмашылығы  

 

Саясаттану басқа қоғамдық ғылымдармен тығыз байланыста дамиды. Себебі олардың бәрінің зерттеу  объектісі ортақ—қоғамдық өмір. Олар бірталай ортақ ұғымдарды да пайдаланаді. Бірақ та әрбір қоғамтану ғылымының  өзіндік пәні бар. Сондықтан саясаттанудың  басқа гуманитарлық ғылымдар арасындағы ерекшелігін, алатын орнын анықтап  алған ләзім.

Саясаттану ең алдымен фәлсафамен (философиямен)тығыз байланысты. Фәлсафа — табиғат, қоғам және таным дамуының неғұрлым ортақ зандылықтары туралы ғылым. Ол тіршіліктің түпкілікті себептерін, рухани-байлықтардың негізінде не жатқанын және т.с.с ашып, дүниеге тұтас көзқарас туғызады. Сондықтан ол басқа пәндер сияқты саясаттануға жалпы әдістемелік ғылым болып келеді. Ол саясатты фәлсафалық тұрғыдан дәлелдейді, саяси кұбылыстар мен процестерді талдауға дүниетанымдық бағдар береді. Бірақ ол мәселелерді, құбылыстарды, өмірдің жекелеген жақтарын қарастырғанда өзінің өресі тарлығын бай-қатады. Саясаттану қоғам өмірінің саяси саласындағы жалпы заң-дылықтарды нақгылайды, айқындайды, саяси танымды терңдетеді, саяси көзқарасты қалыптастырады.

Саясаттану экономикалықикалық теориямен өзара байланысты. Сая-си экономия саяси процестерді экономикалық тұрғыдан дәлелдей отырып, ол процестердің негізінде әр түрлі әлеуметтік топтардың өз мүдделерін жүзеге асыру үшін күресіп жатқанына көз жеткізеді. Саясаттану экономикалық саясатты дайындау және іске асыру, ол процестерді мемлекеттік реттеу принцип-терін ғылыми түрде негіздейді.

Саясаттану құқықтық ғылыммен тығыз байланысты. Құқық адамдардың қоғамдағы қатынастары мен тәртібін, жүріс-тұрысын реттейді. Ол саяси шешімдерді дайындап, іске асырудың құқықтық тетіктерін көрсетеді, кұкықтық және мемлекеттік нормалар мен институттардың қиысқан, түйіскен жерлерін карастырады. Құқықты К.Маркс заңға айналдырылған экономикалық үстем таптың еркі деп атаған.

Саясаттану күкықтануға жалпы теория, оның теориялық-әдістемелік негізііспеттес. Саяси екімет жүйесінсіз әлеуметтік, оның ішінде   құқықтық ережелер менқатынастар жалпыға міндетті сипат алып орындалмайды. Сонымен қатар құқықтыктұрғыда қалыптаспай саяси екімет те әдеттегі қызметін атқараалмайды.                                                                                     

Саясаттануға жақын ғылымдардың бірі  әлеуметтану (социология). Саясаттану саясатты белгілі бір заңдылықтарға бағынып, іс жүзінде белгілі бірпринциптерді жүзеге асыратын, дамып, өзгеріп отыратын процесс ретінде қарайдыәлеуметтану оған процесс ретінде емес, адамдық өлшем ретінде қарап, әлеуметтікортаның саяси салаға етер әсерін зерттейді. Оның айналысатын мөселелері адамдыжәне қауымдастықты дамытуға саясат не бере алады және саясатты жетілдіру үшінадамдар не істей алады. Сайып келгенде, саясаттанудың негізгі назары саясаттаболса, әлеуметтанудың назары саясатты жасаушы адамда болады. Олардыңарасындағы байланыс әсіресе саясаттануды сандық әдіс-тәсілдерді пайдалануғабайланысты күшейе түседі.

Тарих болса жүйелі, дәйекті түрде оқиғаның болған уақытына байланысты саяси институттар мен идеялардың дамуы туралы деректерді жинап, суреттейді.

Аты аталған ғылымдармен  қатар саясаттану баска да адамгершілікғылымдарымен байланысты. Солай бола тұра саясаттанудың өзіне тән зерттеу объектісі бар. Оған қоғамның саяси саласы, ондағы болып жатқан барлық саяси құбылыстар мен процестер жатады.

Информация о работе Саясаттану ғылымы туралы жалпы түсінік