Саяси мәдениет

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2011 в 14:15, доклад

Описание

«Саяси мәдениет» деген түсінікті «рухани мәдениет» және «ұлттық

мәдениет» ұғымдарынан айыра білу қажет. Әрбір қоғамдағы рухани

мәдениеттің даму деңгейі ең алдымен білімнің жетілуімен байланысты. Рухани

мәдениет, әрине, халықтың, ұлттың тарихы, дәстүрлері, әдет-ғұрыптарымен

тікелей байланысты және соларға негізделеді.

Ұлттық мәдениет - саяси проблемалардың немесе саясаттың әсерінсіз

қалыптасатын тарихи процесс саласы.

Работа состоит из  1 файл

Саяси мәдениет.doc

— 91.50 Кб (Скачать документ)

мемлекеттерінде танылған құндылықтар. Олар: демократия, нарықтық

экономикалық  қарым-қатынас, көппартиялық, либерализм, реформизм,

әлеуметтік  қорғау жүйесі және тағы басқалары.

2. Саяси мәдениет - әлемдік саяси  тәжірибе жиынтығы  ретінде

Саяси мәдениет туралы ой ерте замандарда пайда болды. Мысалы,

антикалық ойшылдар Платон, Аристотель, кейінірек Никколо  Макиавелли,

Шарль Монтескье  және басқалары бұл мәселеге көп  көңіл аударған. Олар қатар

жатқан табиғи жағдайы бірдей, жер-су, байлығы ұқсас  елдердің тұрмыс-

жағдайының, өмір-салтының әртүрлі болатынын, әр елдің адамының бір саяси

оқиғаға әртүрлі  көзқарас білдіретінін байқаған.Осы  саяси құбылыстың себебіне

жауап іздеген.

Бірақ олардың  бәрі де “саяси мәдениетті” саяси  өмірдің белгілі бір

деңгейін білдіретін ұғым ретінде қолданған жоқ. Ал бұны жүзеге асырған ХХ

ғасыр ғалымдары  болды. Солардың бірі - американдық  ғалым Габриель Алмонд

. Ол Стэнфорд  университетінің профессоры, саяси  ғылымдардың Американдық

ассоциациясының бұрынғы президенті. 1955 жылы Г.Алмонд өзінің

“Салыстырмалы саяси жүйе” мақаласын жарыққа  шығарды. Бұнда ол саяси

мәдениетті  қоғамның рухани өмірінің жеке бір  саласы ретінде талдау жасады.

Г.Алмонд 1968 жылы өзінің “Даму жолындағы аймақтардың саясаты” деген

шығармасында  “саяси мәдениет” ұғымын ғылымға  енгізіп, оған анықтама

берді.

Ал кейін  саяси мәдениет туралы көптеген еңбектер шыға бастады. Олар:

Г.Алмонд пен  С.Вербаның бірігіп жазған еңбегі; Л.Пай, Р.Фейген, Р.Такер,

С.Липсет, Е.Шейх тағы басқа да зерттеушілердің шығармалары.

Қазіргі таңда  АҚШ және Еуропа елдерінің саяси  әдебиетінде «саяси

мәдениет» ұғымына  байланысты көптеген анықтамалар берілген.. Осы ғылыми

анықтамалар саяси  мәдениет мәселесін зерттеудің төрт бағытын көрсетеді:

1. “Психологиялық”: саяси мәдениет саяси өмірдің бағыттаушы жүйесі

ретінде қарастырылады.

2. “Қамтушы”:  саяси мәдениет әрбір жеке  тұлғаның саяси тәртібін бүркеулі

түрде мемлекеттік  саясатқа бейімдеу қызметін жүргізуші  ретінде.

3. “Объективті”: саяси мәдениет тұлғаның тәртібін қадағалау, азаматтардың

саяси іс-қимылдарын қоғамның саяси жүйесінің талаптарымен

сәйкестендіру үшін бақылау тұрғысында.

91

4. “Эвристикалық”: саяси мәдениет қоғам өмірін  талдау үшін қолданылатын

жүйе мағынасында.

Аталған бағыттардың  авторлары саяси мәдениетті ақыл-ес, ой саласымен

тығыз байланыстырады да оған тұлғаның, қоғамдық топтың іс-әрекетін

қоспайды. Ал америкалық саясаттанушылар Р.Карр, М.Бернстайын саяси

мәдениетті  тек ғана таным саласымен шектеп қарауға болмайды деп есептейді

және оған саяси тәжірибені де қосады.

Ағылшын саясаттанушысы С.Уайттың пайымдауынша, саяси мәдениет –

қоғамның саяси  режимінен туындайтын басқару және тәртіп нұсқаушысы.

Поляк саясаттанушысы Е.Вятрдың ойынша: “Саяси мәдениет билік пен азамат

арасындағы  өзара қатынастарға қатысты мақсаттардың, құндылықтардың және

тәртіптік актілердің жиынтығы». Оның пікірінше, саяси мәдениетке

жататындар:

а) саяси білім, саяси процестерді тану және қызығушылық  деңгейі;

б) саяси жағдайларды  бағалау, биліктің жүзеге асырылуына байланысты құнды

ой-түсініктер;

в) саяси талаптардың  рухани-сезімдік жақтары;

г) қоғамда қабылданған  саяси тәртіп үлгілері.

(Е.Вятр. Саяси  қатынастар социологиясы. М. 1979).

Бұрынғы КСРО қоғамтанушыларының көзқарастары бойынша саяси

мәдениеттің дамуы  мемлекеттік саясат пен жалпы мәдениеттің дамуына тікелей

байланысты  деп есептелді. Сондықтан саяси  мәдениет – жалпы мәдениеттің  бір

бөлігі деп  саналды.

Саяси мәдениеттің  негізгі элементтерінің бірі – саяси  тәжірибеге, идеяға,

концепция мен  ұғымға қатысы бар саяси дәстүрлер. Ол белгілі бір қоғам

жүйесінде қалыптасқан  адамдардың саяси бағыттары мен  мақсаттарын

қамтиды. Бұл  элементтер шартты түрде әлеуметтік-экономикалық, ұлттық-

мәдени, қоғамдық-тарихи болып бөлінеді.

Қоғамның саяси  мәдениетінің қалыптасуына қоғамдағы  барлық салалар

өз әсерін тигізеді,олар: ұлттық ерекшеліктер, рухани құндылықтар, діни,

құқықтық, экономикалық жағдайлар. Сол себептен де әр елдің  саяси

мәдениетінің  өзгешеліктері болады. Бірақ қандай қоғамда болмасын, осы

аталған ерекшеліктерге қарамастан, саяси мәдениеттің қызметі, өз орны мен

ролі барлық қоғамға ортақ адамдардың саяси  іс-қимылдарын көрсетеді. Әр

елдің саяси  мәдениетін тек сол іс-қимылдардың  деңгейі арқылы анықтауға

болады.Еуропа және Америка елдері саяси ғылымдарындағы саяси мәдениетті

типтерге бөлу Г.Алмонд пен С.Вербаның “Азаматтық мәдениет” (1963 ж.)

деген еңбегінен  басталады.

Саяси мәдениет үш “таза” типтерге бөлінеді, олар патриархалдық: бұнда

азаматтардың  саяси мәдениетке қатысуы да, қызығушылығы да жоқ;

берілгендік: бұнда саяси институттарға бағыттаушылық басымдық алады;

белсенділік: бұнда азаматтардың саясатқа қызығушылығы мен белсенділігі

жоғары сипат  алады. Қоғам өміріндегі бұл үш тип  бір-бірімен өте тығыз

байланыста  болады. Жоғарыда аталған авторлардың  пікірінше, ең кеңінен

92

таралғаны және саяси тәртіпті қамтамасыз ететіні «берілгендік» мәдениет

үлгілерін меңгерген  “азаматтық” мәдениет болып табылады.

Адамдардың  “белсенділік”, “берілгендік”, “азаматтық”  саяси мәдениеті,

зерттеушілердің тұжырымдамасы бойынша, әрбір оқиғаға  байланысты іс-

қимылдары емес, олардың дәстүрлі іс- әрекеттері. Азаматтар  жағынан дәстүрге

айналған әрекеттер  кейін құндылыққа айналады, себебі әлеуметтік топтардың

іс-әрекеттерінің  болжамды болуы қоғамның саяси қатынастарына  тұрақтылық

орнатады. Мысалы, көптеген Еуропа зерттеушілері бұндай құндылықтарға

британ саяси  жүйесіндегі мына дәстүрлерді жатқызады: дәстүрлендіру

(традиционализм) -- лейбористер өз бағдарламасын  көптеген ғасырлар бойы

жұмысшылар  қозғалысының ашық оппозициялық дәстүріне  сүйеніп жасаған;

асыл  тектілік (элитаризм)-- білім беру саласында “елге білімді жұмыссыздар

керек емес”  деген принцип консервативтік үкіметтің  бағдарламасында маңызды

орын алуы; жекешілдік (индивидуализм) - жеке адам өмірінің, жеке

шаруашылықтың мызғымастығын ұстаным ету; викторияндық 'F3ғқұндылықтар

- 10 библиялық  өсиетті орындауға бойтұмар болу.

Сонымен қатар  ағылшын саяси мәдениетінде мемлекеттегі тәртіпті

мүлтіксіз орындауға  жол ашатын дәстүрлер қалыптасқан. Бұл тәртіпке бағыну

дәстүрін Ұлыбритания  басқарушы топтары қоғам мүддесіне нәтижелі түрде

пайдаланып  келеді.

Ал бүгінгі  Қазақстанға келер болсақ, біздің елімізде жаңа, өзіндік саяси

мәдениет қалыптасып келе жатыр. Оны алға дамыту барысында  дүниежүзілік

саяси ғылымның ұсыныстарына сәйкес туындап отырған  мәселелер: еліміздің

Конституциясын, әр азаматтың саяси құқығын, бостандығы мен міндеттерін

тану; қоғам  мен мемлекетті басқару түрлері  мен тәсілдері жөнінде хабардар

болу; мемлекеттің, халықтың асыл мұратын білу; билік  пен саясат жөнінде

жалпы білім  беру; әлеуметтік процестерді басқарудың негізінде жатқан

саясаттың, ережелердің, принциптердің, идеялардың мәнін түсіну; құқықтық

мемлекет пен  азаматтық қоғам орнатуға ұмтылу.

3. Демократиялық саяси  мәдениеттің қалыптасу  мәселелері

Дүниежүзілік  қауымдастықтың саяси мәдениет саласында ғасырлар бойы

қалыптасқан мол  тәжірибе жинақталды. Олар: демократия, саяси билікті

қалыптастыру  жолдары, қоғам мен мемлекетті басқару  түрлері мен тәсілдері,

көппартиялық, заңды оппозиция, баламалы сайлаулар  және тәуелсіз бұқаралық

ақпарат құралдарының қызметі. Осы тәжірибедегі ең маңыздысы - экономика

саласындағы бүкіл  адамзат мойындаған нарықтық қарым-қатынастар. Ал

әлемдік саяси  тәжірибенің нәтижесі- демократиялық  саяси мәдениет болып

саналады.

Бірақ көптеген елдерде орнаған саяси режим  мен идеологияға

байланысты  осы демократиялық саяси мәдениетті өз қоғамдарының қажетіне

пайдалануға қолдары  жеткен жоқ. Осы күнге дейін дүниежүзілік саяси

мәдениетте  қалыптасқан озық тәжірибені қолдамайтын  тоталитарлық,

авторитарлық  режимдер, діни- дәстүрлі ғ мемлекеттер  әлі де аз емес. Ал бұрынғы

93

Кеңес Одағында және басқа да социалистік елдерде  қатал саяси

идеологиясының  қалыптасуына байланысты демократиядан, нарықтық

экономикалық  қарым-қатынастан тыс қалған болатын.

Сондықтан қазіргі  кезеңдегі саяси мәдениет саласындағы негізгі мақсат -

демократиялық саяси мәдениет құндылықтарын игеру. Ал демократиялық саяси

мәдениет төмендегі  негізгі шарттар орындалғанда ғана тұрақты қалыптасады :

1. Экономикалық  және әлеуметтік өмірдегі пікірталастықтың  болуы. Саяси

пікірталастықты қалыптастыратын нарықтық экономикалық қатынастарды

дамыту, меншіктің  әртүрлі болуы, экономикалық іс-қимылдың,

шаруашылық  жүргізу мен дербес субъектілерінің  әртүрлі үлгілерінің

жүзеге асуы.

2. Елдің саяси  дамудағы мақсаты - азаматтық  қоғам орнатуға бағытталуы.

Демократиялық саяси институттарды қалыптастыру, азаматтық қоғамның

ықпалынан туындайтын мемлекет өкілеттілігінің көлемін  айқындау.

Мемлекеттік биліктің барлық органдары халықтық, заңды  сайлаулар

арқылы қалыптасуы.

Информация о работе Саяси мәдениет