Қытайдағы 1 ел 2 саясат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 07:22, реферат

Описание

ҚХР Азия құрлығының шығысы мен Тынық мұхиттың батыс жағалауына орналасқан тарихы ұзақ, жері кең, халқы көп үлкен ел. Құрлықтағы территориясының көлемі 9 млн 600 мың шаршы шақырым, жер көлемі жағынан Ресей мен Канададан кейінгі үшінші үлкен елге жатады. Теңіздегі аралдарының саны 7600 ден асады, Тайван аралы Қытайдың ең үлкен аралы, оның көлемі 35798 шаршы шақырым. Қытай құрлықта 14 елмен, те

Работа состоит из  1 файл

1 ел 2 саясат.docx

— 35.02 Кб (Скачать документ)

Жоспар:

ҚХР Азия құрлығының шығысы мен Тынық  мұхиттың батыс жағалауына орналасқан тарихы ұзақ, жері кең, халқы көп үлкен ел. Құрлықтағы территориясының көлемі 9 млн 600 мың шаршы шақырым, жер көлемі жағынан Ресей мен Канададан кейінгі үшінші үлкен елге жатады. Теңіздегі аралдарының саны 7600 ден асады, Тайван аралы Қытайдың ең үлкен аралы, оның көлемі 35798 шаршы шақырым. Қытай құрлықта 14 елмен, теңізде 8 елмен көрші. Қытайдың 23 провинциясы, 5 ұлттық автономиялы өңірі, орталыққа тіке қарасты 4 үлкен қаласы және 2 ерекше әкімшілік ауданы бар. Мемлекетінің бүкіл халқы 56 ұлттан құралған, халқының жалпы саны 1 миллиард 300 миллион, оның ішінде этникалық қытайлардың саны бүкіл халық санының 92 пайызын құрайды. Астанасы – Бейжің. Қазіргі кезеңдегі геосаясатта Қытай Халық Республикасына теңдесі жоқ экономикалық өсу есебімен құрылуда. Осы ғасырдың бірінші онжылдығында Қытай жалпы ұлттық өнімнің көлемі бойынша АҚШ-ты басып озады деген жорамал бар. «Үлкен Қытайдың» (ҚХР, Гонконг, Тайвань) экспорты жапондықтардан асып түсті.

Ху Цзиньтао жаңа басшылығымен ҚХР-ң  алдында «тарихи әділеттілікті  қайта жаңғырту және Қытайдың маңыздылығын жандандыру» міндеті тұр. Сонымен қатар әскери-саяси міндеті – Отан аясына Тайваньды қайтару, Қытайдың Тибет пен Синьцзян (Шығыс Түркестан) тәуелсіздігіне кепілдік беру; ұлттық территория шеңберінен Қытайдың стратегиялық шекарасын көшіру. Сол арқылы, ҚХР сыртқы саясаты тікелей елдің ішкісаяси және экономикалық дамуымен байланысты.

Қытай өз өркениетін өте ертеден бастап дамытқан ел. Қытайдың 5 мың жылдан артық тарихы және мәдениеті бар. Сондай-ақ ежелгі төрт өркениетті елдің бірі, ертедегі компас, қара дәрі, қағаз жасау техникасы және баспа техникасы осы елде ойлап табылып, адамзат мәдениетінің ілгерілеуіне өзіндік үлестерін қосты.

Бүгінгі ҚХР 1949 жылы 1 қазан күні құрылған. Кейбір құжаттар мен әдебиеттерде жаңа Қытай деп те аталады. ҚХР-ның саяси жүйесінің негізі 1949 жылы бұрынғы КСРО үлгісінде Қытайлық ерекшелікке сай құрылған. ҚХР құрылғаннан қазіргі кезеңге дейінгі аралықта Қытай өзінің ішкі және сыртқы саясатында бірнеше кезеңдерді басынан өткізді. Атап айтқанда социалистік қайта құрулар, «ұлы мәдени революция», «әлеуметтік реформалар жүргізу және сыртқа қарай есікті ашық ұстау», нарықтық экономикалық жүйені қалыптастыру сияқты кезеңдерден өтті.

Қазіргі Қытай социалистік саяси жүйені ұстанады. Бұл саяси жүйе – бір елдегі екі жүйені негізгі арқау етеді. Осындағы «бір ел – екі жүйе» дегеннің мағынасына тоқталар болсақ: «бір ел» дегеніміз ұлы құрлықтағы территория мен Тайвань,  Гонконг (Шияң гаң), Макао (Аумын) аралдарының бәрі бір ғана Қытай мемлекетінің құрамына кіреді дегенді ұғындырады, «екі жүйе» дегеніміз ұлы құрлықта социалистік жүйе, Тайвань,  Гонконг, Макао аралдарында капиталистік жүйе бойынша мемлекет саясаттары жүзеге асырылады дегенді білдіреді.

Бұл принципті 1983 жылы қытай халқының лидері Дэн Сяопин  ұсынған болатын. Саяси тұрғыдан бұл принцип келеңсіз, әскери іс-әрекеттердің қатысынсыз материктік Қытай Республикасы мен аралдық Қытайдың аражігін ажыратпай Үлкен Қытайға бірігуін қамтамасыз етті.  Алдағы  тарауларда  Гонконг пен Тайваньның  қазіргі геосаяси, экономикалық  жағдайын   көрсету арқылы  Қытай ұстанатын бұл саяси жүйе принципінің мән-мағынасы мен саяси тиімді тұстарымен таныстыратын боламын.

 

2. Гонконг

 

Гонконг арнайы әкімшілік  ауданы, қысқаша, Гонконг — Қытай  Халық Республикасының арнайы әкімшілік  ауданы, Азия мен әлемнің көшбасшы қаржылық орталықтарының бірі. 1997 жылы  1 маусымда шамамен жарты ғасырдай  уақыт бойы  Британ колониялық басқаруында  болған Гонконг «Бір ел — екі  жүйе» принципі бойынша Қытай  құрамына арнайы әкімшілік аудан  ретінде енді. Гонконг  қауіпсіздік  пен сыртқы саясаттан басқа сұрақтар жөнінде өзінің автономиялық тәуелсіздігін  сақтап қалды. Бұл тарауда Гонконгтың тарихы мен қазіргі орнаған саяси  ахуалы және экономикасына шолу жасамақпын.

Гонконг немесе қытайша Сянган, Коулун шығанағында және соның айналасындағы 260-тан астам аралда орналасқан. Гонконгты  үшке бөліп қарауға болад ы: Гонконг  аралы, Коулун және Жаңа Аумақтар.

1842 жылы Гонконгты Ұлыбритания жаулап алған еді. Тек 1997 жылы ғана ол оның боданынан босай алды. Сол жылы ҚХР Гонконг аумағына егемендік берді. Қытай-британ біріккен декларациясына және Гонконгтың Негізгі заңына сәйкес, аумаққа кем дегенде 2047 жылға дейін, яғни, егемендік алғаннан соң 50 жылға дейін кең автономиялық құқық берілген. Осы уақыт ішінде «Бір ел — екі жүйе» бағыты аясында ҚХР Орталық халықтық үкіметі аумақтың қорғанысы және сыртқы саясатымен айналысатын болса, аумақ заңнамаларын, полиция күштерін, ақша жүйесін т.с.с. бақылауды, сондай-ақ, халықаралық ұйымдар мен іс-шараларда өкілдік ету құқығын Гонконг өз еншісіне қалдырып отыр.

Астанасы: Жоқ

Ірі қалалары: Гонконг

Басқару формасы: Тәуелді аймақ

Әкімшіліктің бас министрі: Дональд Цанг

Территориясы: 1104 ш2 (аумағы бойынша әлемде 182-ші орында)

Халық саны: 6 864 346 адам (халқының саны бойынша әлемде 100-ші орында) – тығыздығы: 1 шаршы шақырымға 6352 адам.

ЖІӨ: 254 200 000 000 АҚШ доллары (экономика қуаттылығы жөнінен әлемде 40-шы орында) – жан басына шаққанда – $38 127

Ресми тілі: қытай тілі, ағылшын тілі

Валютасы: Гонконг доллары.

ЭКОНОМИКА

Гонконг бүгінде әлемдегі ең бір таза капиталистік экономикалық жүйеге ие. Аумақ экономикасы еркін нарыққа, төменгі салыққа және мемлекеттік экономикаға араласпауына негізделген. Бұл аумақ халықаралық қаржы мен сауданың маңызды орталығы, ал әртүрлі штаб-пәтерлердің шоғырлануы жөнінен Азия-Тынық мұхит аймағындағы ең жоғарғы көрсеткішке ие.

Британ әкімшілігінің саясатын жалғастырушы Гонконг үкіметі экономиканы басқаруда басымдықты еркін нарыққа және жеке секторға беріп отыр. Гонконгты іс жүзінде жүзеге асырылған, laissez-faire капитализмінің үлгілі мысалы ретінде келтіру қалыптасқан. 1995 жылы экономикалық бостандық индексі пайда болғаннан бері Гонконг онда жыл сайын бірінші орын алып келеді. Ол сондай-ақ, жыл сайынғы «Әлемдегі экономикалық бостандық» баяндамасында да бірінші орынға ие.

Гонконгтың игеруге келетін жері өте кішкентай, ал, табиғи ресурсы одан да аз. Сол себепті, ол азық-түлік пен шикізаттың басым бөлігін сырттан алуға мәжбүр. Дейтұрғанмен, бұл Гонконгқа әлемнің ірі сауда акторлары тізімінде 11-орынға тұруға мүмкіндік беріп тұр. Бұл дегеніңіз — оның импорты мен экспортының жалпы құны аумақтың жалпы ішкі өнімінен де асып кетеді деген сөз. Мәселен, 2006 жылы Гонконгте 114 елдің консульдігі болған, әлемнің басқа кез-келген қаласында мұндай шоғырлану жоқ.

Гонконг экспортының негізгі бөлігін реэкспорт құрайды. Яғни, аумақ шекарасынан тысқарыда өндірілген өнім. Көбіне бұл – Гонконг арқылы таратылатын Қытай тауарлары.

Ал, Гонконгтың жалпы ішкі өнімінің 90 пайызын қызмет көрсету саласы беріп отыр. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін және оның соңынан орын алған Гонконгтағы индустрияландыру науқанынан соң аумақтағы басым сектор өнеркәсіп болды. 1970 жылдары Гонконг экономикасы жыл сайын экспорт арқасында шамамен 8,9 пайызға өсіп отырды. 1980 жылдары Гонконг экономикасында жедел трансформация орын алып, аумақ экономикасының негізі қызмет көрсету секторы болып шыға келді. Бұл кездері экономиканың орташа жылдық өсімі 7,2 пайызға тең болды. Өндірістің басым бөлігінің құрлықтық Қытайға көшуі де осы кезде орын алды. Бүгінде Гонконг экономикасындағы өндіріс үлесі 9 пайыздық көрсеткішті ғана құрауы соның салдары. 1990 жылдары Гонконг қаржылық орталық ретінде мойындалғаннан кейін экономика қарқыны 2,7 пайыз өсімге дейін азайды. Алайда, осы қарқынды экономикалық өсу және жедел индустриализациялану арқасында Гонконг «Азия жолбарыстары» төрттігіне енді.

 

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

Гонконгтың электронды денсаулық  сақтау жүйесі — Азиядағы ең көшбасшылардың бірі. 2005 жылы іргесі қаланған электронды Денсаулық сақтау Консорциумы —  Гонконгтағы негізгі коммерциялық емес ұйымдардың бірі. Оның негізгі  үш бағыты — медициналық қызметтерді  стандарттау, біліктілікті арттыру  және әлеуетті өсіру; сондай-ақ, электронды денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру  бағытында әртүрлі сынақтарды жүзеге асыруға қолдау көрсету.

Жалпысында, Гонконгта медицинаның  қаншалықты дамығандығын ондағы емдеу-сауықтыру  мекемелерінен не аурухана-госпитальдерден  білуге болады.

Королева Мэри Госпиталі. Гонконг госпитальдері ішінде бірінші орынға ие. Госпитальдің клиникалық корпусі — 28 қатарлы үлкен ғимарат. Онда 1400 кереуеттік аурухана бар, сонымен бірге, ол Гонконг Университетінің медицина факультетінің негізгі клиникалық базасы есептеледі.

Гонконгтағы адвентистер госпиталі. Үздік ауруханалар тізімінде 2-ші орында. Бұл жеке госпиталь бола тұра Ұлыбританиядан, АҚШ-тан және Австралиядан аккредитациядан өтіп, халықаралық беделге ие болған.

БІЛІМ БЕРУ

Ұлыбританияның бұрынғы  боданы ретінде Гонконг негізінен Ұлыбритания білім беру жүйесін сақтап қалды, соның ішінде, ағылшын білім беру жүйесі негіздерін. Алайда, Гонконгтағы білім берудің жоғарғы сатыларында ағылшындық жүйемен қатар, американдық жүйе де бар. Мәселен, Гонконг университеті — Гонконгтағы үшінші сатылы ең көне білім ордасы негізінен ағылшындық білім беру жүйесіне негізделсе де, соңғы жылдары американдық жүйеге де ден қоя бастады. Ал, іргесі қалануы жөнінен екінші орында тұрған Гонконгтегі Қытай университеті колледждердің ерекше британдық жүйесімен американдық модельді қайталап отыр. Гонконг ғылым және техника университеті американдық модельге негізделген.

Гонконгтың мемлекеттік оқу мекемелерін Гонконг ЕАА Үкіметінің білім Департаменті қадағалайды. Ол жүйеге міндетті емес үш жылдық балабақшалар, одан кейін міндетті алты жылдық бастауыш білім, содан соң, міндетті емес екі жылдық екінші сатыдағы орта білім жатады. Соңғысын тәмамдаған соң Гонконгтың білім берудегі емтихандық сертификаты беріледі де, Гонконгтың алдыңғы қатарлы деңгейінің емтихандарына даярлық курстары басталады. Оның да мерзімі екі жыл.

2009 жылы енгізіле бастаған «3+3+4» жүйесі 2012 жылы аяқталуы тиіс. Бұл дегеніңіз бірінші сатылы орта мектептің үш жылдық курсы, одан соң екінші сатылы мектептің 3 жылдық курсы және төртжылдық жоғары білім. Сондай-ақ, Гонконгте бакалавр, магистр және доктор ғылыми дәрежелерін, сондай-ақ, басқа да жоғарғы дипломдар мен кіші маман дипломдарын беретін жоғарғы оқу орындары бар.

Гонконгтың негізгі білім беру мекемелерін үш санатқа бөлуге болады: мемлекеттік, субсидияланатын және жеке мекемелер. Ең азы — бірінші категориядағылар, ал, ең үлкені — субсидияланатын оқу орындары. Соңғылары мемлекеттен көмек және қайырымдылық қорларынан грант алып, білім береді.

Жалпы айтқанда, Гонконгтың қазіргі  биліктегі  өмірі тыныштық пен тұрақтылықпен сипатталады.  Бұл саяси принциптің Гонконг  саясатына  тиімді тұрғыдан әсерлі болды деуге болады.

3. Тайвань проблемасы

Тайвань – Шығыс Қытай  теңізіндегі арал. Жер аумағы 35961 квадрат километр. Халқы – 22 миллион (1998). Әкімшілік орталығы – Тайбэй (2,7 миллионнан астам). Халқының 97%-ы  қытайлықтар. 1949 жылы ҚКП-дан жеңілген Чан-Кайши өкіметі Тайвань аралына  көшті. 1950 жылы өзара келісім арқылы аралға АҚШ-тың 7-флоты кіргізіліп, одақтастық шарт жасалды. Қытай Тайвань аралын өзінің бір бөлшегі деп санайды  әрі онымен «бір мемлекет, екі жүйе»  принципі бойынша бірігуді ұсынып отыр. Ал Тайвань «бір ел, екі үкімет»  принципі бойынша бірігуді қалайды. Жалпы Тайваньды әлемнің көпшілік елдері (соның ішінде Қазақстан) жеке мемлекет емес, Қытайдың бір бөлшегі  деп есептейді. Әрі онымен дипломатиялық  байланыстар жасамайды. Тайвань  жеке мемлекет ретінде АҚШ-тың әскери көмегі арқасында ғана өмір сүріп  отыр. Олардың одағын Жапония қолдайды. Тайвань 2-дүниежүзілік соғыстан кейін  өте жоғары қарқынмен дамып, Шығыс  Азиядағы Оңтүстік Корея, Сингапур сияқты аса дамыған елдердің қатарына кірді. 1997 жылы есеп бойынша елдің ішкі өнімі – 290 миллиард доллардан астам, кісі басына шаққанда – 13,3 мың долларға жеткен. Импортқа аса ірі мөлшерде компьютерлер, электронды тұрмыс тауарлары, киім-кешек, химия өнімдерін шығарады.

 

Пекиннің Гонконг, Сингапур, Тайванмен қарым-қатынастары –  ҚХР ішкісаяси ісі ретінде  қарастырылатын бағыт болып табылады. Тарихи біртұтас территориялық жерлердің  бірігу мәселесі қазіргі таңда АТА  ғана емес, бүкіл дүние жүзінде  толқылануда.

ҚХР сыртқы саясатының бұл  бағыты Пекин үшін геосаяси мәнге  ие. Бірігу нәтижесінде Пекин аумақта  қаржылық және экономикалық лидер болуымен қатар, АТА мемлекеттерін геосаяси тұрғыдан басқару бастайды. Шын мәнінде, Шығыс-Қытай теңізіндегі теңіз  бен ауа кеңісітігі Пекин қол  астында болады, ал бұл АҚШ пен  Жапония мүдделеріне тікелей  қайшы келеді.

Пекин 2004 жылы наурыздағы Тайванда президенттік саулауғы байланысты арал жағалауларында ВМС (француз әскери корабльдерімен бірге) демонстративті маневрін ұйымдастырды. Тайванда сайлаудан  кейінгі толқу басталған сәтте, Пекин шекаралық ауданда төтенше  жағдайды жариялады және ҚХР бірлестігі мен бөлінбеушілігі туралы қауіпті өтініштерімен қарсы шыға бастады.

Пекин ҚХР провинциясы деп санайтын Тайванға байланысты жағдайлардың болашақта дамуының «жағымды» және «жағымсыз» жақтарына дайын. «Жағымды» жағы тәуелсіздікке ұмтылған Тайванды қолдаудан АҚШ-тың бас тартуын болжайды, бұл Пекиннің Тайбэймен жақындасуын жеңілдетеді. Яғни, Шығыс Азиядағы жаңа стратегиялық жүйе АҚШ-тан және оның Азиядағы әскери қатысуынан байланысты болмас еді. «Жағымсыз» жағы Қытайдан Тайвань тәуелсіздігін дариялауын болжайды. Осы кезде ҚХР Шығыс Азия аумағында АҚШ-қа қарсы тұру үшін өзінің әскери күшін нығайтуға дайын.

2004 жылы шілдеде «Сянган вэньхуэйбао» гонконг газеті ҚХР ОРталық Әскери Кеңесінің отырысында Цзян Цзэминь: 2020 жылға дейін барлық әдіс-амалдарды, әсіресе әскер қолдана отырып, Қытай қараунына Тайваньды қайтару керектігін жариялады. Кеңес төрағасының сөзіне қарағанда, Пекин АҚШ-пен тікелей шиеленіс алдында да тоқтамай, өз мақсатына жетуі.

Қазіргі таңда Тайвань  мәселесі Пекин мен Вашингтон  қарым-қатынастары арасында басты проблема болып табылады. 2005 жылы АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісі Кондолиза Райстың ҚХР сапарында Қытай басшылары Ақ үйдің Тайваньға қару жарақтың үлкен партисын сату мақсатын жауап ретінде Райс АҚШ-тың арал тәуелсіздігін қолдамайтындығы туралы ескертті, бірақ әскери шиеленіс кезінде АҚШ әскери көмек көрсетуге міндетті болады. Бүгінгі күнде ҚХР тәелсіздікке ұмтылуыға әрекет жасаудағы Тайвань президенті Чэнь Шуйбянға АҚШ тарапынан қысым көрсетуіне үміттенеді.

Бұл аймақты Қытай өзінің бір бөлігі деп есептейді. Бұл жөнінде Қытай Сыртқы істер министрлігі өкілі Қин Гаң былай деді:

 

“Қытай-АҚШ қарым-қатынастарында Тайвань мәселесі-өте маңызды және сезімтал негізгі мәселе. Біз Қытай-АҚШ қарым-қатынастары жөнінде айтқанда Тайвань мәселесін айналып өту мүмкін емес”.

Информация о работе Қытайдағы 1 ел 2 саясат