Жергілікті өзін-өзі басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2012 в 20:05, реферат

Описание

ҚР Конституциясының 85-бабына сәйкес, мемлекеттік басқару шаралары жергілікті өкілетті органдар – маслихаттар және атқарушы органдар тарапынан іске асырылады. Ол мемлекеттің құрамдас бір бөлігі болып табылады және Республика үшін біртұтас мемлекеттік қызмет принциптерін басшылыққа алады. Бұл органдарды 2001 жылы қабылданған "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" заң реттейді. Бұл заң жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзыретін, қызметінің ұйымдастырылуын, тәртібін, сондай-ақ маслихат депутаттарының құқықтық жағдайын белгілейді. Бұл заңда Қазақстан Республикасында бірінші рет жергілікті мемлекеттік басқаруға белгілену берілген.

Работа состоит из  1 файл

ҚР жергілікті мемлекеттік басқару.doc

— 48.00 Кб (Скачать документ)


 ҚР жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін басқарудың конституциялық негізі

 

ҚР Конституциясының 85-бабына сәйкес, мемлекеттік басқару шаралары жергілікті өкілетті органдар – маслихаттар және атқарушы органдар тарапынан іске асырылады. Ол мемлекеттің құрамдас бір бөлігі болып табылады және Республика үшін біртұтас мемлекеттік қызмет принциптерін басшылыққа алады. Бұл органдарды  2001 жылы қабылданған "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" заң реттейді. Бұл заң жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзыретін, қызметінің ұйымдастырылуын, тәртібін, сондай-ақ маслихат депутаттарының құқықтық жағдайын белгілейді. Бұл заңда Қазақстан Республикасында бірінші рет жергілікті мемлекеттік басқаруға белгілену берілген. Жергілікті мемлекеттік басқару жергілікті өкілді жіне атқарушы органдар тиісті аумақта мемлекеттік саясатты жүргізу, оны аталған заң мен басқа да заңдық актілер белгілеген құзыреттер шегінде дамыту мақсатында жүзеге асыратын қызмет болып табылады. Заң маслихаттар мен әкімшіліктер үшін ортақ негізгі талаптар мен шектеулер белгілейді. Оларға төмендегілер жатады:

1. маслихаттар мен әкімшіліктер жалпы мемлекеттік сыртқы және ішкі саясатқа, қаржы мен инвестициялық саясатқа сәйкес келмейтін шешімдердің қабылдануына жол бермеуге, сондай-ақ бұл органдардың шешімдері Конституцияға және басқа да нормативтік актілерге қайшы келмеуге тиіс;

2. маслитаттар мен әкімшіліктер Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүдделерін сақтауға тиіс; ұлттық қауіпсіздікке қатысты мәселелер шеңбері арнайы заңда белгіленген;

3. маслихаттар мен әкімшіліктер өз құзыреттерінің шектерінде азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақталуын қамтамасыз етуге міндетті; бұл олардың ортақ міндеті болғанымен, заң маслихаттар мен әкімшіліктер үшін оны орындаудың түрлі әдістерін белгілеген.

4. маслихаттар мен әкімшіліктерге Қазақстан Республикасының шегінде бірыңғай еңбек рыногын, капитал, қаржы нарқын қалыптастыруға, тауарлар мен қызметтермен еркін алмасуға кедергі келтіретін шешімдер қабылдауға тиым салынады;

5. маслихаттар мен әкімшіліктер өз аумақтарын дамыту жоспарларын әзірлеу және қабылдау кезінде Қазақстан Республикасын дамытудың стратегиялық жоспарларын басшылыққа алуға тиіс.

Жергілікті өкілді орган (маслихат) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы смайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды белгілейтін және олардың жүзеге асуын бақылайтын сайланбалы орган болып табылады. Маслихаттарды халық жалпыға ортақ, тең, тура сайлау құқығы негізінде құпия дауыс беру жағдайында төрт жыл мерзімге сайлайды.

Маслихат тек мемлекеттік өкілді орган болып саналады; заңды тұлға болып табылмайды, яғни қандай-бір шаруашылық әрекеттер жасамайды. Маслихат кіммен де болмасын шаруашылық қатынастарға кірмейді. Ол мемлекеттік, құқықтық проблемаларды шешетін мемлекеттік орган болып табылады және азаматтардың әлеуметтік, экономикалық, ұлттық және т.б. жай күйінен тәуелсіз бүкіл халықтың еркін білдіреді.

Мәслихат депутаты болып, 20 жасқа толған, ҚР-ның азаматы сайлана алады. Ол тек бір ғана Мәслихатқа депутат бола алады.

Мәслихаттың негізгі өкілеттіліктеріне:

1. Мәслихат жұмысшы орындарын құру, мәслихат қызметін қамтамасыз ету, депутаттар қызметтерін қамтамасыз ету;

2. Жергілікті бюджет, территорияның экономикалық және әлеуметтік дамуы бағдарламасын бекіту және осылардың орындалуы туралы есептер тыңдау;

3. Олардың құзыретіне жататын жергілікті әкімшілік-территориялық құрылымдардың мәселесін шешу;

4. Заң бойынша Мәслихат құзыретіне жатқызылған немесе атқарушы билікке жатқызылған мәселелердің орындалуы туралы жергілікті атқарушы органдардың басшыларыныңесебінен тыңдау кіреді.

Маслихат тұрақты әрекет ететін мемлекеттік басқару органы болып табылмайды. Маслихат сессиялар бойынша жұмыс істейді, сессия маслихаттар қызметінің негізгі нысаны болып табылады. Маслихаттың өкілеттіктері бірінші сессияның ашылу сәтінен басталады және жаңа шақырылған маслихаттың бірінші сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады. Сессияда оның қарауына жатқызылған мәселелер шешіледі. Маслихат сессиясы егер оған маслихатқа сайланған депуттатар санының кем дегенде үштен екісі қатысып отырса, маслихат қарауындағы мәселелерді қарастыруға құқылы. Маслихаттың кезекті сессиясы кем дегенде жылына төрт мәрте шақырылады және оны маслихат сессиясының төрағасы жүргізеді.

 Маслихат сессиясының төрағасына белгілі бір өкілеттіктер берілген: ол сессия шақыру туралы шешім қабылдайды, маслихат сессиясын әзірлеуге басшылық жасауды жүзеге асырады, оның күн тәртібін қалыптастырады, сессияның отырысын жүргізеді, маслихат регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді, маслихаттың сессиясында қабылданған немесе бекітілген маслихаттың шешіміне, хаттамаларға, өзге де құжаттарға қол қояды.

 Заң бойынша жергілікті атқарушы органдар ҚР-ның біртұтас атқарушы органдары жүйесіне кіреді. Ол өз территориясында мемлекет мүддесін қорғай отырып, жалпы мемлекеттіксаясатты іске асырады. Жергілікті атқарушы органды әкім басқарады. Ол әкімшілік-территориялық бірлікті басқара отырып, жергілікті жердегі Президент пен ҚР Үкіметінің өкілі болыптабылады. Облыс әкімдері және республикалық дәрежедегі қалалар әкімдері Президент тарапынан тағайындалады. Президент өз кезінде оларды тағайындайды және қызметінен босатаалады.

 Мәслихат депутаттары үштен екі бөлігі  әкімге сенімсіздік көрсетіп дауыс берсе, Мәслихат Президент алдына әкімді қызметінен босату туралы мәселе қоя алады.

 Облыс және республикалық дәрежедегі қалалардың әкімдері, республиканың жаңа сайланған Президенті қызметіне кіріскен кезде, әкімдер заң жүзінде өз қызметтері менөкілеттіктерін тоқтатады.

 Облыстың (Алматының, астананың) әкіміне бірнеше түрге бөлуге болатын құзырет берілген:

1. Облыстың (Алматының, астананың) әкімі мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азамттармен қарым-қатынастарда облыстың (Алматының, астананың) мүдделеріне өкілдік ететді.

2. Облыстың (Алматының, астананың) әкіміне орталық атқарушы органдардың басшыларына олардың аумақтық бөлімшелерінің заңдарды, Президент пен Үкіметтің актілерін, облыс әкімдерінің өздерінің және әкімшіліктерінің актілерін орындау бөлігінде соңғылардың қызметі туралы ұсыну енгізу құқығы берілген.

3. Облыс әкімі облыс  (Алматы, астана) бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшыларына, сондай-ақ аудандар (облыстық маңызы бар қалалар, Алматы қаласы мен және астана ауданының) әкімдеріне заңдарға сәйкес тәртіптік жауапкершілік шараларын қолдану мәселелерін шешеді.

4. Облыс әкімі аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдіктер мен әкімдерінің жұмысын үйлестіреді. Алматы және Астана қалаларының әкімдері осы қалалардағы аудандық әкімшіліктер мен әкімдерінің жұмысын үйлестіреді.

5. Облыс (Алматы, астана) әкімі қала аудандарының әкімдері арқылы жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара әрекеттеседі.

 Аудан әкімі өкілеттіктеріне мыналар жатады:

1. Әкім мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен қарым-қатынастарда тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мүдделеріне өкілдік етеді.

2. Аудан әкімі орталық атқарушы органның аумақтық бөлімшесінің, соның ішінде облыс бюджетінен қаржыландыратын орталық атқарушы органның аумақтық бөлімшесінің қызметі туралы, олардың Конституцияны, заңдарды, Президент пен Үкіметтің актілерін орындауы жайлы ұсынулар енгізуге құқылы.

3. Әкім азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша шаралар қабылдайды, салықтар мен басқа да бюджетке міндетті төлемдер жинауға жәрдемдеседі.

4. Әкім мектепке дейінгі, бастауыш, орта және орта кәсіптік білім беру мекемелерін, әлеуметтік-мәдени сала мекемелерін қолдайды және оларды материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуге жәрдемдеседі.

 

 мазмұны

 



Информация о работе Жергілікті өзін-өзі басқару