Ак міндеттері мен рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 19:41, доклад

Описание

Аталған ереже университет жатақханасында тұратын студенттердің міндеттері мен құқықтарын, ішкі тәртіпті және жатақханаға орналастыру жүйесін реттейді.
Университет жатақханасында тұратын студенттердің Ішкі тәртіп ережелері талаптарын сақтауын қадағалау университеттің Тәрбие жұмыстары жөніндегі департамент директорына, факультет декандарына, жатақхана меңгерушілеріне, студенттік кеңестерге, түнгі администраторларға және университеттің күзет қызметіне жүктеледі.

Работа состоит из  1 файл

правила внутреннего распорядка в студенческих общежитиях.doc

— 130.50 Кб (Скачать документ)

                                                                   «БЕКІТЕМІН»

     «С. Сейфуллин атындағы Қазақ

                                                                       Агротехникалық университеті» АҚ

                                                               Басқарма төрағасы, профессор

                  А.Қ.Күрішбаев                                                            

                                                      _____________________

                                                                      «____»__________________2012 ж.

 

 

 

 

 

 

 

С.СЕЙФУЛЛИН  АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

СТУДЕНТТІК  ЖАТАҚХАНАЛАРЫНЫҢ ІШКІ ТӘРТІП

ЕРЕЖЕСІ

 

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                       Астана, 2012

 

Аталған ереже университет  жатақханасында тұратын студенттердің  міндеттері мен құқықтарын, ішкі тәртіпті және жатақханаға орналастыру жүйесін реттейді. 

Университет жатақханасында тұратын студенттердің Ішкі тәртіп ережелері талаптарын сақтауын қадағалау университеттің Тәрбие жұмыстары жөніндегі департамент директорына, факультет декандарына, жатақхана меңгерушілеріне, студенттік кеңестерге, түнгі администраторларға және университеттің күзет қызметіне жүктеледі.

 

Жатақханаға орналастыру тәртібі:

 

  1. Әр жаңа оқу жылында жатақханаға орналасуға рұқсат алатын студенттердің тізімі (жоғарғы курстар үшін) университеттің тұрғын-орын комиссиясымен (Басқарма төрағасының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарымен, Тәрбие жұмыстары жөніндегі департамент директорымен, жатақхана меңгерушілері, факультет декандарымен және студенттік кеңес төрағаларымен) жылдың соңында 1 шілдеге дейін анықталады. Ал І курс студенттері бұйрық бойынша университетке қабылданғаннан кейін ғана жатақханадан орын алуға құқылы.    
  2. Студенттерді жатақханаға орналастыру алдында арнайы құрылған комиссия жатақхананың (бөлмелердің, қоғамдық орындардың) студенттерді орналастыруға дайын екендігін тексереді. 
  3. Тұрғын-орын комиссиясы жатақханаға орналасуға рұқсат бергеннен кейін студент жатақхана меңгерушісіне төмендегі құжаттарды тапсырады:

        - Басқарма төрағасының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары және факультет деканының жатақханаға орналасуға рұқсат беруін растап қол қойған өтінішін; 

- жеке куәлік көшірмесін;

- университеттің медициналық орталығынан тексерістен өткендігі жөнінде анықтамасын (флюорографиялық тексеріс қорытындысы міндетті түрде талап етіледі);

- жатақханада тұру ақысын және ғаламтор қызметі үшін белгіленген төлемақыны төлегендігі туралы түбіртекті; 

- 3х4 фотосуретін (6 дана).

  1. Жатақханаға орналасу кезінде студент тұру ордерін, рұқсатнама карточкасын алады, төсек қажеттіліктерімен, тоңазытқыш, жиһаз және керек-жарақтармен, ғаламторға қосу құралдарымен қамтамасыз етіледі де, пайдалану барысында бөлмедегі әр студент материалдық жағынан жауапты болады. 
  2. Жатақханаға төленетін тұру ақысы және ғаламтор байланысы үшін төлемақы университет бойынша шығарылған тиісті бұйрыққа (өкімге) сәйкес белгіленеді. 

 

Жатақханадағы әкімшілік тәртіптің реттелуі:

 

  1. Жатақхана сағат таңғы 07.00-де ашылады және жазғы уақытта сағат 23.00-де, қысқы уақытта 22.00-де жабылады. 
  2. Жатақханадағы мәдени немесе басқа да іс-шаралар Басқарма төрағасының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары, Тәрбие жұмыстары жөніндегі департамент директоры және жатақхана меңгерушісі келісімімен өткізіледі.
  3. Университет оқытушыларына өз қызметтік міндеттерін орындауы үшін (кафедрада бекітілген кезекшілікті атқаруы үшін) жатақханаға кіруіне факультеттен жіберілген кезекшілік кестесіне сәйкес жеке куәліктерін көрсету арқылы рұқсат етіледі. 
  4. Университеттің күзет қызметкерлері, тәртіп сақшылары жатақханадағы тәртіп жағдайын жауапты тұлғалардың (жатақхана меңгерушісі, түнгі администратор, студенттік кеңес төрағасы) қатысуымен тексереді.  Студенттердің бөлмелерін түнгі уақытта тексеру жатақханада тұрып жатқан тұлғалар тарапынан тәртіп бұзушылық орын алғанда немесе басқа да заңға қайшы әрекеттер болған жағдайда рұқсат етіледі.   
  5. Жатақханалар бойынша даулы мәселелер туындаған жағдайда Басқарма төрағасының бірінші орынбасары, алдын ала құрылған тұрғын-орын комиссиясы (құрамында Басқарма төрағасының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары, Тәрбие жұмыстары жөніндегі департамент директоры, факультет декандары және жатақхана меңгерушілері, студенттік кеңес төрағасы, студенттік кәсіподақ комитетінің төрағасы бар) және түнгі администраторлардың қатысуымен шешім қабылданады және шешім жатақханада тұратын студенттер үшін орындалуға міндетті болып табылады.
  6. Студент университеттің Ішкі тәртіп ережесін, Ар-намыс кодексінің талаптарын, жатақханада тұру ережелерін өрескел бұзса, Студенттік кеңестің шешімімен 3 күн мерзім ішінде жатақханадан шығарылады және төлемақысы қайтарылмайды. Ал өз еркімен жатақханадан шықса, тұрмайтын уақыты есепке алынып, жатақханада тұру ақысы қайтарылады.

 

Жатақханада тұратын студенттердің міндеттері мен құқықтары:

 

  1. Жатақханаға орналасу кезінде студенттер құжаттарын сәйкесті түрде ресімдеуден өткізіп, өкімде бекітілген мерзімге сәйкес 3 күн ішінде жатақханаға орналасуға міндетті.
  2. Жатақханада тұратын студенттер тұру ақысын және ғаламтор қызметін пайдаланғаны үшін төлемақыны белгіленген мөлшерде және уақытылы төлеуге міндетті. Көрсетілген төлемақылар уақытылы төленбеген жағдайда оған қатаң шара қолданылады.  
  3. Жатақханада тұрып жатқан студенттер электр энергиясы, суық және ыстық суды, жылу энергиясын үнемдеуге және барлық материалдық мүліктерді ұқыптап қолданып, сақтауға міндетті. 
  4. Кестеге сәйкес әр студент қабаттағы кезекшілікті жүзеге асыруға және қоғамдық орындарда тазалық жұмыстарын жүргізуге міндетті. 
  5. Жатақханада тұратын әр студент белгіленген сенбіліктерді өтеуге қатысуға міндетті.
  6. Тұрып жатқан студенттер және қызмет көрсету персоналы өрт қауіпсіздігі ережесін білуге және оны бұлжытпай орындауға міндетті. 
  7. Тұрып жатқан студенттер ұсынылған тұрмыстық және басқа да қызметтерді (кір жуатын машиналар, компьтерлік сыныптағы заттар, тоңазытқышты), өз бетімен сабаққа дайындалу және ғаламторды пайдалану бөлмесін, жуынатын орындардың және спорттық бөлмелердің пайдалану ережесін сақтауға міндетті. 
  8. Жатақханада тұратын әрбір тұлға Ішкі тәртіп ережелерінің бұзылуын болдырмау жөніндегі Студенттік кеңес өкілдерінің нұсқауын орындауға міндетті. 
  9. Өндірістік тәжірибеден өтуге жіберілген студенттер жатақхана меңгерушісіне факультеттен шығарылған өкімді тапсырып, уақытылы ескертуге міндетті.  
  10. Жатақханада тұратын студенттер сенбі, жексенбі күндері жатақханада болмаған жағдайда тіркелу журналына жазылып кетуге міндетті (баратын мекен-жайы, қай аралықта болмайтыны туралы ақпараттар жазылу керек), ал 5 күннен артық уақытқа кетсе, Басқарма төрағасының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары және факультет деканы қол қойған сұрану өтінішін тіркеуі керек.
  11. Оқу жылы аяқталысымен студент бөлмесіне жөндеу жұмыстарын жүргізуге және оны қабылдау-тапсыру кесімі бойынша комиссияға тапсыруға міндетті.
  12. Студенттер университеттегі оқуы аяқталысымен жатақхананы үш күн мерзімде  босатуға міндетті.           
  13. Жатақханада тұратын студенттердің жатақханадағы Студенттік кеңестің құрамын сайлауға және оның құрамына сайлануға құқығы бар.  Студенттік кеңес арқылы жатақханада тұратын студенттер тұрғын орнын, тұрмыстық  жағдайын жетілдіруге және тәрбие жұмыстары мен бос уақыттарын тиімді пайдалануға, жетілдіруге қатысты ұсыныстар беруге, тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыруға қатыса алады. 
  14. Жатақханада тұратын студенттердің оқу және мәдени, тұрмыстық бағыттардағы үй-жайларды (компьютерлік сыныпты, жаттығу залын, кір жуатын, жуынатын бөлмелерді және т.б. орындарды) пайдалануға, бөлмедегі жабдықтар мен керек-жарақтарды, жиhаздарды, төсек қажеттіліктерін жедел түрде жөндеуді немесе оны ауыстыруды, онымен қоса тұрмыстық жақтан қамтамасыз етудегі кемшіліктерді жоюды талап етуге құқығы бар. 
  15. Жатақханада тұратын студенттердің әрқайсысы Ішкі тәртіп ережелерді сақтауды талап етуге құқылы.
  16. Жатақханада тұратын студенттер жатақхананың тұрғын орын, тұрмыстық жағдайын жақсарту бойынша ұсыныстар енгізуге құқығы бар. 
  17. Университеттің Ішкі тәртіп ережесін, ҚазАТУ студентінің Ар-намыс кодексін бұзбаған студенттің келесі оқу жылында жатақханаға орналасуға айрықша құқығы бар. 
  18. Бірінші курсқа түскен студенттер жатақханадан төсек-орын алу үшін бірінші кезекте жайғасуға құқылы. 
  19. Түнгі уақытта жұмыс істейтін студенттер (ата-анасынан рұқсат бергенін растайтын қолхат, жұмыс орнынан анықтама тіркеген жағдайда) Басқарма төрағасының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары мен жатақхана меңгерушісінің рұқсатымен жатақханаға белгіленбеген уақыт бойынша кіруге құқығы бар. 
  20. Студенттердің жақын туыстары (ата-анасы, ағасы, апасы) жатақханаға қысқа мерзімге тек ерекше жағдайларда ғана жіберіледі. 
  21. Студент бөлмені кесім бойынша тапсырмай, өз бетінше кетіп қалса немесе бөлме, жиһаз, керек-жарақтар бойынша комиссия ескертуі бар болған жағдайда студенттің жаңа оқу жылында жатақханаға орналасуға мүмкіндігі жоқ. 
  22. Студенттің бөлмесінде бөгде тұлға заңға қайшы әрекеттер жасап, тәртіп бұзушылық фактілері анықталса және оны жасырып бүгіп қалған жағдайда жауапкершілік  сол бөлменің барлық тұрғындарына жүктеледі. 
  23. Жатақханадағы Ішкі тәртіп ережелерінің өрескел бұзылу фактілерін студенттер жасырған жағдайда ЖОО әкімшілігі оған оқудан шығаруға дейінгі шараны қолдануға мүмкіндігі бар. 
  24. Сағат 23.00-ден кейін жатақханада тыныштық бұзуға жол берілмейді. Артық жарықтандыру құралдары және ас бөлмедегі электр пештері сөндірілуге тиіс. 
  25. Егер студент бойынан басқа студенттердің денсаулығына қауіп төндіретін жұқпалы ауру анықталса, ауырған студент емделу үшін жатақхананы босатуы тиіс.
  26. Өртке қарсы қауіпсіздік ережелері немесе электр құралдарын пайдалану нұсқаулықтары бұзылған жағдайда жатақханадан шығарылуға дейінгі қатаң шара қабылданады. 
  27. Жатақханадағы Студенттік кеңес өзін-өзі басқару құқығына ие. Студенттік кеңес Ішкі тәртіп ережесін бұзған студенттерге байланысты өз ұсыныстарын беріп, тәртіп бұзған жағдайда Студенттік кеңестің отырыстарында шешім қабылдайды. Кей жағдайларда Студенттік кеңес тәртіп бұзған студенттерге өз тараптарынан айыбын өтеу мақсатында және екінші мәрте қайталанбас үшін еңбекпен тәрбиелеу шараларын қолданады (тұратын жатақханада кезектен тыс кезекшілік жасау, жастар саясаты бұрышын жасау және тағы басқа заңға қарсы келмейтін іс-шаралар). Ал егер студент Ішкі тәртіпті өрескел бұзған жағдайда (арақ-шарап ішіп ұсталса, жатақханада шылым шексе, насыбай қолданса, кешкі уақыттарда жаз мезгілінде 23:00-ден кейін, ал қыс мезгілінде 22:00-ден кейін жатақхана жабылған соң, өз бетінше рұқсатсыз шығып кеткен жағдайда, балағаттау сөздер айтса, есірткімен айналысса, жатақханада төбелес ұйымдастырса, заңсыз діни ағымдарды уағыздаса, әкімдік рұқсат етпеген митингілер мен шеруге қатысса, басқа адамның өміріне қауіп төндіретін әрекет жасаса, құқық қорғау ұйымдарынан заң бұзушылыққа қатысы бар дәлелденген ресми құжаттар келсе) студенттің ата-анасына хабарласып, бірден жатақханадан шығару туралы шешім қабылдайды. Бұл жағдайда студент бөлмесін 3 күндік мерзімнен кешіктірмей босатуы керек.
  28. Жекелеген жағдайда жатақханадағы Ішкі тәртіп ережелерін бұзушыларға жазаны университет әкімшілігі қабылдайды. 
  29. Университеттің, жатақхананың Ішкі тәртіп ережелерін, ҚазАТУ студентінің Ар-намыс кодексін өрескел бұзғанда, Ар-намыс кодексіне сынақтауды тапсыра алмаған жағдайда немесе жатақханадан шығарылған студентке жаңа оқу жылында жатақханадан орын берілмейді.  
  30. Жатақхана меңгерушілері, университеттің күзет қызметкерлері, тәртіп сақшылары, жатақхананың студенттік кеңестері университеттің студенттік жатақханаларындағы Ішкі тәртіп ережелерін сақтау бойынша өз міндеттерін орындамаған жағдайда оларға түрлі жазалау шаралары қолданылады. Жатақхананың студенттік кеңес төрағасы, түнгі администраторы және кеңес мүшелері жатақханадан шығарылады.
  31. Студент жатақхана мен тұрғынбөлмеде орналасқан мүліктердің сақталуын қамтамасыз ететін ережелерді орындауы керек.

 

Тыйым салынады:

  1. Жатақханаға мас күйінде келуге, спирттік ішімдік ішуге және сақтауға қатаң тыйым салынады. 
  2. Жатақханада, оқу ғимараттарында және университет аумағында темекі шегуге, насыбай қолдануға қатаң тыйым салынады. 
  3. Тұрғындардың нормативке сай емес лексиканы (дөрекі сөздерді) қолдануына қатаң тыйым салынады;
  4. Бөлмелерде және қоғамдық орындарда санитарлық тазалық ережелерін бұзуға қатаң тыйым салынады. 
  5. Тұрып жатқандарға тұрғын бөлме қабырғасында және ортақ пайдалану орындарында, егер ол университет мүлкіне залал келтіретін болса, сабақ кестесін, көшірме суреттерді, хабарландырулар және т.б. ілуге тыйым салынады.  
  6. Рұқсатсыз электр сымын қайта өңдеуге немесе жөндеуге, бөлме қабырғасына рұқсатсыз шеге қағуға (кейде электр тоғы өтетін сымдарға әсер етуі қаупі болғандықтан) тыйым салынады. 
  7. Сағат 23:00-ден кейін студенттердің басқа бөлмелерде болуына тыйым салынады. 
  8. Жатақханада тұратындарға өз бетінше бір бөлмеден екінші бөлмеге көшуге және жабдықтарды ауыстыруға, тұрғын жайда электр жылытқыш және басқа да өрт тудырушы құралдарды пайдалануға тыйым салынады. 
  9. Жатақханаға бөтен тұлғаны кіргізуге қатаң тыйым салынады. 

 

Жауапкершілік:

  1. Жатақханада тұрып жатқандар өздеріне бекітілген мүліктер мен керек-жарақтарды сақтауға жауап береді және келтірілген шығынның нарықтық баға бойынша орнын толтыруға немесе ауыстыруға міндетті. 
  2. Қабаттағы кезекші кестеге сәйкес тазалықты реттеуге және материалдық құндылықтарды сақтауға, түрлі тәртіп бұзушылықты болдырмауға жауапты. 
  3. Жатақханадағы рұқсат арқылы кіру жүйесінің бұзылмауына үй-жай кезекшісі (вахтер) және жатақхана меңгерушісі жауапты. 

Студенттік жатақханалардағы Ішкі тәртіп ережелерін орындау бойынша  бақылау жүргізуді тәрбие ісі жөніндегі департаменттің директоры жүзеге асырады. 

 

            Жатақханалардағы тұрғын-орын комиссия құрамы: 

 

1.Төраға – Басқарма төрағасының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары;

2.Төраға орынбасары - департамент директоры;

 

            Комиссия мүшелері:

1. Факультет декандары;

2. Жатақхана меңгерушілері;

3.Студенттік кеңестің төрағалары немесе төрайымдары;

4.Студенттік кәсіподақ комитетінің төрағасы немесе төрайымы.

 

 

 

      Басқарма төрағасының тәрбие

жұмыстары жөніндегі орынбасары    Ж.Құсайынова

 

 

 

Тәрбие жұмысы жөніндегі департамент

директоры         Б.Иманғалиев

 

 

Студенттік  жастар комитетінің төрайымы              Д.Кабелдинова

 

Студенттік  кәсіподақ

комитетінің төрайымы                  Л.Сайынова

 

Студенттік  парламент төрағасы                                  Е.Қылаубаев

 

 

 

                                                         ПРАВИЛА

внутреннего распорядка в студенческих общежитиях

Казахского  агротехнического университета им. С. Сейфуллина

 

  1. Данные правила регламентируют порядок заселения, правила проживания, права и обязанности студентов, проживающих в общежитиях университета.
  2. За соблюдение положений и требований внутреннего распорядка проживающими несут ответственность директор департамента по воспитательной работе, деканаты, заведующие общежитиями, студенческие советы, служба охраны университета.
  3. Списки на заселение в общежития на следующий учебный год формируются директором департамента по воспитательной работе, заведующими общежитиями, студенческие советы и деканатами до 1 июля т.г.
  4. Перед заселением в новом учебном году университетская комиссия проверяет готовность общежитий (комнат, общественных мест) к заселению студентов.
  5. После получения разрешения от жилищной комиссии студент предоставляет заведующему общежитием:

- заявление с визой  деканата и руководителей общественных организаций;

- удостоверение личности;

- справку о медицинском  осмотре;

- квитанцию об уплате  за проживание;

- фотографии 3х4 – 2 шт.

  1. При заселении студент получает ордер на проживание, пропуск, обеспечивается постельными принадлежностями, мебелью и инвентарем, за которые впоследствии несет материальную ответственность.
  2. Оплата за общежитие производится согласно соответствующего приказа (распоряжения) по университету.
  3. Общежития открываются в 7.00 час. утра, закрываются в летнее время – в 23.00 час. и в зимнее время – в 22.00 час.
  4. Культурно-массовые или другие мероприятия в общежитии проводятся по согласованию с заведующим общежитием и директором департамента по воспитательной работе.
  5. Преподаватели университета имеют право входа в общежитие по удостоверениям личности, согласно утвержденного графика дежурств кафедры для выполнения служебных обязанностей.
  6. Служба охраны университета проверяет состояние порядка в общежитии в присутствии ответственных лиц (заведующего общежитием, ночного коменданта, председателя или членов студенческого совета). В позднее время посещение проверяющими комнат студентов разрешается в случае нарушения тишины или иных неправомерных действий со стороны проживающих.
  7. Для решения спорных вопросов по общежитиям создается жилищная комиссия под председательством заместителя председателя правления по воспитательной работе, директора департамента по воспитательной работе, в составе заведующих общежитиями, руководителей студенческого актива общежитий и факультетов, студенческого профсоюзного комитета университета. Решение жилищной комиссии является обязательным для исполнения студенческими советами, заведующими общежитиями и студентами, проживающими в общежитиях

Информация о работе Ак міндеттері мен рөлі