Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2011 в 20:37, реферат
XIXғасырдың II жартысы қазақ халқының экономикалық, саяси-әкімшілік және мәдени дамуындағы елеулі прогрестік роль атқарған белгілі кезең болғаны мәлім. Бұл кезең Қазақстан терреториясын толықтай Россия мемлекетінің қол астына кіруінің аяқталуымен тікелей байланысты еді.
Ең алғашқы баспасөзіміз «Түркстан уәләяты газетінде» ешбір тыныс белгісі қолданылмаған. «Дала уәләяты газетінің» алғашқы жылдарындағы номерлерінде де тыныс белгі кездеспейді. Тек қана ұзақ күрделі ой немесе біртұтас пікір біткенін білдіру үшін екінші ой жаңа жолдан басталып жазылғаны байқалады. Сол бір абзацтағы сөйлемдердің өзін бір-бірінен ажырату қиындық келтіреді. 1894 жылдан бастап кейбір сөйлемдердің жігін ажыратуға сирек те болса, сызықша, жұлдызша сияқты шартты таңбаларды қолданған. 1896 жылғы 4 августтағы 31-номерінен бастап «Дала уәләяты газетінде» тыныс белгілерінің қазіргі жаңа жүйесі туралы хабарлама жарияланады. Бұл хабарлама газеттің қазақша бөлегінің ең басына, яғни, «Бұйрұқтар жазылатын бөлегі» деп аталатын бөлімінде ресми түрде ірі қаріптермен теріліп берілген. Газет осы хабарламаны сол жылдың аяғына дейін үзбей, әрбір номер сайын бірде бос мақала орнына, бірде «мағлұм нама» деген айдармен жариялап отырған.
«Дала уәләяты газеті» бетінде жарияланған тыныс белгісі туралы негізгі қағидалардың және оны газетте қолдану тәжірибесінің игі әсері болғаны даусыз.
Лексика. Газет тілінің лексикалық құрамы үш топтан тұрады:
Газет редакциясы тіл тазалығы үшін күресті. Газет бетінде жарияланған ресми құжаттар негізі орысша нұсқадан аударылып басылып отырса да, газет редакциясы халық тілінің өз байлығын сарқа пайдалануға тырысты. Сол себептен де болса керек, кейде қазақ ұғымында жоқ орыс сөздеріне балама таба алмаған жағдайда, ол сөздерді қазақ тіліне түсіндірме жолмен де аударып беріп отырған. Мысалы,
Век – жүз жыл
Иностранный – бөтен жұрт
Физический труд – жай қара жұмыс
Циркуляр – жариа бұйрұқ нама
Присяга – жан алу
Мировой – дүние жүзілік
Защита – іс қорғау
Бұл терминдердің көбі сәтті табылған балама ретінде әдеби тілде қалыптасып кетті. Ал бірқатарлары аударған сөздің мағынасын дәл бере алмағандықтан басқа сөздермен ауыстырылды. Орыс сөздерін қалайда қазақша аударып беруге тырысудың салдарынан кейде орысша терминдердің мағынасын бұрмалап, бұзып аудару фактілері де кездесіп қалады. Мысалы,
Поезд – от арба
Учитель – молла
Профессор – ұлама
Министр – уәзір т.с.с.
Мұның бір қолайсыз жағы орыс сөздерін аударамын деп, еріксіз араб-парсы сөздеріне жүгінушіліктің орын алуы. Мәселен, «Дала уәләятының газетінде» орыстағы «положения» деген сөзді арабтың нифла деген сөзімен аударған. Осы газеттің алғашқы жылдарындағы номерлерінде, орыс тіліндегі «приказ», «распоряжение» деген сөздер қазақ тіліне бір ғана араб сөзімен фарман нама деп аударылса, кейін бұл сөздің орнына қазақтың өз сөздерін пайдалынып «приказды – бұйрық, распоряжениені - жарлық» деп дифференциялап аударатын болған.
«Түркстан уәләяты газетінде» қауым сөзі қазіргі қоғам (общество) сөзінің орнына қолданған. «Дала уәләяты газетінде» қауым – публичная деген сөздің де баламасы реінде жұмсалған. Мысалы, Публичная библиотека – көп қауымға тиісті кітабхана. Бөлме сөзі газеттерде орыс тіліндегі отдел, отделение, участок сөздерінің баламасы ретінде қолданылған. Мысалы,
технический отдел – технически бөлме
переписной участок – исаб алу бөлмесі
зав. участком – бөлме бастығы
Қазіргі қазақ тілінде «бөлме» сөзі «үйдің ішкі бөлігі» деген мағынада қолданылады. Жоғарыдағы мағынаны қазір бөлім деген сөз беріп жүр. Осы сияқты мағынасы өзгерген сөздерге кесім (постановление), белгі (указание) т.б. сөздерді келтіруге болады. Газеттердегі ресми іс қағаздар тілінде қолданылған орыс сөздерінің кейбірі, кейін қазақша баламасы табылуымен байланысты, қазіргі әдеби тілімізде қолданылмайтын болды. Мысалы, наследник, перауад, перауадчик, обшестуа, кнага, закон, жаловани, помошник, залок, копиа, подписка, положениа, пол, расхот т.б. Газет бетіндегі ресми іс қағаздарында қылу етістігінің де қолданылу аясы бүгінгіден әлдеқайда кең. Мысалы,
Исаб қылу – есеб алу
Қылыб жүр – істеп жүр
Арыз қылады – арыз береді
Болыс қыламын – болыс қоямын, болыстыққы бекітемін
Бұйрық қыламын – бқйырамын
XIX ғасырдың ІІ жартысына дейін мектеп, медреселерде сабақ берушілер көбінесе татар, башқұрт молдалары болды. Патша үкіметі мен қазақтардың арасындағы іс қағаздары да татар тілмаштары арқылы жүргізілді. Ал XIX ғасырдың 60 жылдарынан бастап, патша үкіметі ислам дініне тежеу салып, панисламизмге қарсы белсенді күрес жүргізеді.
«XIXғасырдың І жартысында, - деп жазылған Қазақ ССр тарихында, патша үкіметі ислам дінін қолдап, мешіттер салуға, мұсылманның діни кітаптарын басып шығаруға ақша босатып отырған еді. Ал сонан кейінгі жерде патша үкіметі ислам діні мен мұсылман діни қызметкерлерін қолдаудан іс жүзінде бас тартты. Мұндай теріс айналудың себебі мұсылман діни қызметкерлерінің көптеген өкілдерінің орысқы өарсы позицияда екендігіне бұл кезде патша үкіметінің көзі жетті...»
«1866 жылға Ереже бойынша қазақтың діни істері Орынбор муфтиінің (Мұсылман діни қызметкерлері бастығының) қарауына алынды. Молдалар жалпы азаматтық басқармаға, ал ол арқылы – Ішкі істер министрлігіне бағынатын болды. Молдаларды халық сайлайтын болды, бірақ бір болысқа бір молдадан артық сайланбауға тиіс болды, және оның Россия мемлекетінің қол астындағы адамның болуы міндетті болды. Молдалардың молдалық атағын бекітетін және оны молдалықтан шығаратын облыстық басқарма болды. Сұраусыз мешіт салуға, жаңа мұсылман медреселерін ашуға тыйым салынды».
Бұл шаралар үстіне 1883 жылғы Оқу министрі граф Толстойдың қазақ даласындағы әкімдерге берген мына нұсқауын қоссақ, патша үкіметінің бұл іске қаншалық мән бергенін байқау қиын емес. Ол нұсқауда былай деп жазылған: «пресечь мусульманской пропаганде путь в среду киргизов и что для этого прежде всего необходимо безотлагательно заменить в местных управлениях переводчиков и писмоводителей из татар и башкир природными киргизами, воспитавшимися в русских учебных заведениях,… а затем постепенно вводить в официальную переписку с местным начальством киргизский язык с русским алфавитом». Бұл нұсқаудың қаншалықты тез орындалғанын төмендегі фактіден көруге болады. Сол 1883 жылдың июнь айында жоғарыдағы нұсқауға жауап ретінде Торғай облысының әскери губернаторы Константинович татар, башқұрлардан уездік мекемелерде бірде-бір переводчик, болыстарда бірде-бір хат жүргізуші қалмағанын граф Толстойға хабарлаған».
Бұл жағдайлар қазақ тіліне араб-парсы сөздерінің жаңадан кіруіне де белгілі дәрежеде тежеу салған сияқты. Осы жағдайлардан ба, әлде газет редакциясы газетті қазақ тілінде шығаруға тырысқандықтн ба «Түркістан уәләяты газетінің» тілінде араб-парсы сөздері өте сирек кездеседі, кездескенінің өзі о бастағы тұлғасын мүлде өзгерткен, халықтың ауызекі тілінде қолданылып кеткендері ғана. Ал «Дала уәләятының газеті» шыға бастаған XIX ғасырдың 80 жылдары араб-парсы сөздерінің кіру қарқыны мүлде әлсіреген болатын. Бұл газет патша әкімшілігінің органы болғандықтан, өз бетінде патша үкіметінің жоғарыдағы татарға қарсы саясатын насихаттаушы болды. Сондықтан «Дала уәләяты газеті» қазақ тіліне араб-парсы сөздерін көбірек кіргізуге ынталы болған жоқ. Сол кезде қазақ тілі грамматикаларын жазған орыс ориеталистері де (Ильминский, Мелиоранский, Васильев, Лаптев т.б.) қазақ тіліне араб-парсы, татар тілдерінің тигізген әсеріне қарсы күресіп, «Дала уәләяты газетінің» бұдан аулақ болуы үшін барлық шараны істеп бақты.
Дегенмен газет сол кезде халық ұғымына әбден сіңіп, оның қажетіне асып жүрегн араб-парсы сөздерін батыл қолданды. Сондай-ақ қазақ ұғымында жоқ орыс сөздерін аударуда кей жағдайда термин ретінде араб-парсы сөздерін еріксіз кіргізуге де мәжбүр болды.
Алғашқы
жылдары газет бетіндегі