Өкілдік және сенімхат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2012 в 22:15, реферат

Описание

Азаматтық айналымда өкілеттілік институты кең қолданылады. Оған қажеттілік өкіл өзінің құқықтары мен міндеттемелерін орындай алмаған жағдайда ғана туындамайды (ауыр-сырқаттан, іс сапардан, жұмыс бастылығымен, т.б) Өкілдік қызметтерге өкілдің арнайы білімі мен тәжірибесін қолдануға, уақыты мен қаражатын үнемдеу үшін келеді. Көптеген заңды тұлғалардың қызметі өкілет көмегінсіз дәрменсіз болар еді. Өкілеттілік көмегімен тек мүліктік емес, кейбір жеке мүліктік емес құқықтар да жүзеге асырылады.

Содержание

Кіріспе
1. Өкілдіктің ұғымы мен маңызы
1.1. Өкілдіктің қолдану аясы
1.2. Өкілдіктің түрлері
2. Сенімхат
2.1. Қолданыс мерзімі мен формасы
2.2. Сенімхатты тоқтату
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

Р Е Ф Е Р А Т.docx

— 39.57 Кб (Скачать документ)

Өзіне арнап  өкілеттік құқық берілген әрекеттерді  сенім алушының өзі атқаруы тиіс. Егер алған сенімхат бойынша осылай етуге өзіне өкілеттік құқық  берілген немесе сенім берушінің  мүлделерін қорғауға жағдайлардың салдарынан осылай етуге мәжбүр болған ретте  ғана ол сенімхат бойынша әрекет етуді  басқа біреуге сенім ауысуы арқылы бере алады.

Сенім алушы  өз өкілеттігін басқа біреуге  сенім тапсырғаннан кейін өзінің сенім берушісіне бұл жөнінде  білдіруге және ол адам туралы, оның тұрағы туралы қажетті мәліметтерді хабарлауға тиіс. Бұл міндетті орындамаса, сенім алушыға өзінің өкілеттік  құқықтарын сеніп тапсырған адамның  әрекеттері үшін өзінің істегені сияқты жауаптылық жүктеледі.

 

 

2.1. Қолданыс мерзімі мен формасы

 

Заң жағынан  қарағанда сенімхат беру – біржақты мәміле, яғни бұл өкілеттікті беру үшін бір тараптың өкілдік берушінің  ерік білдіруі қажет және жеткілікті сондықтан да өкілдің келісімі талап  етілмейді. Сенімхат бір жақты мәміле болғандықтан, онда мәтінде көрсетілген  тұлғаның басқа біреудің атынан құқықтық қатынасқа түсетін құқығы көрсетіледі.

Өкілеттіктің  сипатына қарай сенімхаттар бір  рет қолдануға жарамды, яғни бір  ғана мәміле жасасуға немесе бір ғана әрекет жасауға арналған (мысалы, бір  ғана айдың айлық ақысын алу); біртекті мәмілелер жасауға арналған арнайы (мысалы, шикізат сатып алу); немесе ұзақ уақыт бойы бір ғана әрекетті жасауға арналған (мысалы, заңды  тұлға атынан шарт жасау); негізгі  – белгілі бір аумақта барлық заңды әрекеттерді жасау немесе заңды тұлғаның филиалындағы мүлікті  басқару үшін арналған; әмбе-бап (универсалды) – сенім берушінің барлық құқықтарын жүзеге асыру үшін арналған деп бөлінеді. Сенімхат үшінші жақпен құқықтық қатынасқа  түспей-ақ сенім берушінің мүлкін пайжалануға және билік етуге  берілуі мүмкін (мысалы, автомобильді басқаруға сенімхат беру).

Сенімхаттарды заңды тұлғалар мемлекеттік органдар жүргізген коммерциялық, инвестициалық  тентерлері, аукциондар және мемлекеттік  меншіктегі объектілерді және мемлекеттік  акция пакетін сату кезінде кеңінен  қолданады. Заңды тұлғалардың өкілдері осы мәмілелердің қатысушылары ретінде  тіркелу үшін құрамында өкілеттігін  растайтын сенімхат бар құжаттар тізімін көрсетулері қажет.

Коммерциялық  сферада сенімхатты қолдану үшін екі жағдайға көңіл бөлу қажет.

Біріншіден, сенімхатта сенім беруші мен өкілдікті  алушы туралы мәліметтер толық көрсетілуі қажет (азаматтардың толық аты-жөні немесе заңды тұлғалардық толық  атауы), берілген уақыты, тұлғалардың  қолы, екіншіден, сенімхатта өкілдің  өкілеттігі анық көрсетілуі тиіс.

Заң сенімхаттың  жазбаша түрін міндетті түрде  сақтауды талап етеді. Сонымен бірге  мәміле жасауға берілетін сенімхат нотариалды жолмен куәландырылуы талап  етілетін болса, онда ол нотариалдық  жолмен куәландырылады.

Нотариалды  куәландырылған сенімхаттарға төмендегі  сенімхаттар теңестіріледі:

1) Госпитальда,  санаторияларда және тағы басқа  әскери емделу орындарында жатқан  әскери қызметкерлер мен басқа  да тұлғалардың, осы госпитальдағы,  санаторидегі және басқа да  әскери емделу орындарының басшылары,  медицина бөлімі бойынша орынбасарлары,  аға және кезекші дәрігерлер  куәландырған сенімхаттары;

2) Нотариалды  қызмет жасайтын мемлекеттік  нотариалды кеңселердің немесе  басқа да органдары жоқ әскери  бөлімдердің, мекемелердің және  әскери оқыту бөлімдерінің әскери  қызметкерлерінің және олардың  жанұя мүшелерінің осы бөлім, мекеме басшылары немесе начальниктері куәландырған сенімхаттары;

3) Бас  бостандығынан айрылғандардың мекеме  басшысы куәландырған сенімхаттары;

4) Осы  мекеме басшылары куәландырған  тұрғындарды әлеуметтік қорғау  мекемелеріндегі кәмлетке толған  әрекет қабілеттігі бар азаматтардың  сенімхаттары.

Корреспонденция, соның ішінде ақшалай және сәлемдеме, еңбек ақы және тағы басқа төлемдерді алуға берілген сенімхат сенімхат беруші тұлға тұратын жергілті басқару  орагымен, ол жұмыс істейтін немесе оқитын ұйыммен куәландырылуы мүмкін. Телеграфпен немесе байланыс құралының  басқа да түрімен жіберілген, құжатты  жіберуді байланыс қызметкері жүзеге асырғанда сенімхат сол байланыс органымен куәландырылады.

Үшінші  тұлға ресмим байланыс органының  қатысуынсыз, факсмальді немесе басқа  байланыс құралымен жіберілген сенімхаттарды  әрекетті жүзеге асыру үшін жарамсыз деп тануына құқығы бар.

Мемлекеттік органдардың, комерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың ақша және басқа да бағалы заттарды алуға немесе беруге арналған сенімхаттарына сол ұйымның  бас есепшісі қол қоюы қажет.

Нотариалды  куәландырылған сенімхатты берудің  Азаматтық Кодексте екі жағдайы  қарастырылған:

1) мүлікті  басқаруға арналған сенімхат; 2) мәміле  жасауға арналған сенімхат (мысалы, сатып алу-сату мәмілесін жасауға  арналған).

Нотариалды  және оған теңестірілген сенімхаттардан басқа өкілетті орган растайтын  сенімхаттарда болады. Олар сенім  берушінің атынан жалақы алу, т.б. сол  сияқты әрекеттерді жүзеге асыру  үшін беріледі.

Қарапайым сенімхат заңды тұлғаның мөрі қойылып, сенім берушінің қол қоя отыруымен  заңды түрде беріледі.

Сенім ауыстыру жөнінде берілген сенімхаттың қолданылу  мерзімі кәуландырылуы ол негізгі  алынып берілген алғашқы сенімхаттың  қолданылу мерзімінен аспауы керек.

Өкілдік беруші қайсыбір құқық өкілеттігін  өкілге тапсырарда оның мерзімін шектеп, белгілі бір уақыт аралығын көрсетеді. Сондықтан сенімхат - әр кезде де мерзімді құжат. ҚР АК 168-бабына сәйкес сенімхат үш жылдан аспайтын мерзімге берілуі мүмкін. Егер сенімхатта ең ұзақ мерзім көрсетілсе, Ол үш жыл бойы, ал егер қолдану мерзімі көрсетілмесе – берілген күннен бастап бір жыл  бойы жарамды болады. Егер сенімхаттың  берілген күні көрсетілмесе ол жарамсыз деп танылады.

Сенім алушы  өз өкілеттігін басқа біреуге  сеніп тапсырғаннан кейін өзінің сенім берушісініе бұл жөнінде  білдіруге және ол адам туралы, оның тұрағы туралы қажетті мәліметтерді хабарлайға тиіс. Бұл міндетті орындамасы, сенім алушыға өзінің өкілеттік  құқықтарын сеніп тапсырған адамның  әрекеттері үшін өзінің істегені сияқты жауаптылық жүктеледі.

 

2.2. Сенімхатты тоқтату

 

Сенімхаттың тоқтатылу және оның салдарлары. Сенімхаттың  күші мынандай жағдайларда жойылады:

1) сенімхат  мерзімінің өтуі;

2) сенімхатта  көзделген әрекеттердің жүзеге  асуы;

3) сенімхатты  беруші адамның оның күшін  жоюы;

4) сенімхат берілген адамның одан бас тартуы;

5) атына  сенімхат берілген заңды тұлғаның  таратылуы; 

6) өз  атынан сенімхат берген заңды  тұлғаның тоқтатылуы;

7) секнімхат  берген адамның қайтыс болуы,  оның әрекет қаблеттілігі жоқ,  әрекет қабілеттілігі шектеулі  немесе хабар-ошарсыз кетті деп  танылуы;

8) сенімхат  берілген азаматтың қайтыс болуы,  оның әрекет қабілеттігі жоқ,  әрекет қабілеттілігі шектеулі  немесе хабар-ошарсыз кетті деп  танылуы салдарынан тоқтатылады.

Сенімхат  тоқтатылған бойда, оны алған  тұлға сенімхатты берген тұлғаға  немесе оның заңды мирасқорына қайтаруы керек.

Сенімхаттың қайтарылуы туралы сенімхат беруші сенімхат берілген тұлғаны және өкілдік берілген үшінші тұлғаны хабардар етуі тиіс.

Сенім ауысуы ретінде берілген сенімхатта осы  айтылған жағдайлардың кез келгені  болғанда тоқтатылады.

Сенімхаттың тоқтатылу салдары:

Сенімхат  беруші сенімхаттың күшін жойғандығы туралы (осы Кодекстің 170-бабы) сенімхат берілген адамға, сондай-ақ сенімхат берілгендердің алдында өкілдік ету үшін өзіне  белгілі үшінші жаққа хабарлауға міндетті. Сенімхат осы Кодекстің 170 бабының 5 және 7 тармақтарында көрсетілген  негіздерге сүйеніп тоқтатылған  реттерде дәл сондай міндет сенімхат беруші аданың құқықты мирасқорларына да жүктеледі.

Сенімхат  берілген адамға сенімхаттың тоқтатылғанын  білгенге дейін немесе білуге тиіс болған кезге дейін оның жасаған  әрекеттері нәтижесінде пайда болған құқықтар мен міндеттер сенімхатты берген адам және оның құқықты мирасқорлары үшін үшінші жақтарға қатысты күшін  сақтайды. Егер үшінші жақ сенімхаттың  тоқтатылғанын білсе немесе білуге тиіс болса, бұл ереже қолданылмайды.

Сенімхат  берілген адам немесе оның құқықты  мирасқоры сенімхат тоқтатылысымен оны дереу қайтаруға тиіс.

Сенімхаттың тоқтатылуына байланысты осы сенімхат бойынша басқа адамға өкілеттік  беру де (сенім ауысуы) күшін жояды.

 

Қорытынды

 

Қорыта келгенде, өкілеттік  деп басқа адамның атынан бір  адамның сенімхатқа, заңдарға, сот  шешіміне не әкімшілік құжатқа негізделген  өкілеттігі күшімен жасалған мәмілесін  айтамыз. Өкілдік берушінің азаматтық  құқықтары мен міндеттерін тікелей  туғызады, өзгертеді және тоқтатады. Өкіл және өкілдік алушы заңды  тұлғалар да, азаматтар да бола алады.Заңды  тұлғалар өзінің арнаулы құқық қабілеттілігі  шеңберінде ғана өкілдік алушы бола алады. Жекелеген жағдайларда ол міндетті өз жалақысының немесе стипендиясының көлемінде 16 жастан асқан іске қабілетті  азаматтар атқара алады. өзінің сипаты және мазмұны жағынан өкіл арқылы жасалмайтын мәмілелер де бар.

Іс-әрекеттердің бәрін өкілет арқылы істеуге бола бермейді. Заң бойынша кейбіреулер  үшін оның өзі қатысуы керек болады. Заңдылық әрекеттерді өзі ғана жасауы керектігі заңда айтылмаған немесе сол әрекеттердің сипатынан тумаған  жағдайлардың бәрінде де өкілдікке  рұқсат беріледі. Мәселен, өсиет қалдыру  мәселесіне өкілдік болмайды, өйткені, қағазға өсиет қалдырушы өзі  қол қоюы керек,некені тіркеуде, лекция оқу, сахнада ойнау тәрізді жеке өзіндік міндеттерді орындағанда  арада өкілдік жүрмейді (АК-тің 163-бабы,5-тармағы).

Сенімхат (ағылш. warrant; power of attorney; proxy;— сенім білдірушінің өз атынан өкілдік ету үшін екінші тұлғаға берген жазбаша уәкілдігі. Сенімхат жазбаша нысанда және нотариаттық куәландыру арқылы жасалынады. Егер сенімхат мүлікті басқару үшін және нотариаттық куәландыруды талап ететін мәміле жасауға берілсе, оны міндетті түрде нотариат куәландыруға тиіс. Сенімхаттың мерзімін сенім білдіруші өзі белгілейді, бірақ заң бойынша ең ұзақ мерзім — 3 жыл. Сенімхатта мерзімі көрсетілмесе, толтырылған күнінен бастап 1 жыл мерзімге жарамды болып саналады.

Сенімхаттың нысаны мен мерзімі сенімхат берілген елдің құқығы бойынша анықталады.

Бір адамның (сеніп білдірушінің) өз атынан өкілдік  ету үшін екінші адамға (сенім білдірілген) берген жазбаша уәкілдігі сенімхат деп танылады.

Сенімхат-бұл  әрқашан бір жақты мәміле.

Сенімхат  үш жылдан аспайтын мерзімге берілуі  мүмкін. Егер сенімхатта неғұрлым ұзақ мерзім көрсетілсе,ол үш жыл бойы; ал егер мерзімі көрсетілмесе, берілген күннен бастап бір жыл бойы жарамды  болады

Азаматтық сотта азаматтар өз істерін не өзі не өкілдік арқылы жүзеге асыра  алады. Сотта өкіл болып сотта  іс жіргүзуге өкілеттігі сенімхат, заң, әкімшілі акті, немесе сот шешімі негізінде ресми түрде анықталған кез келген әрекет қабілеті бар тұлға  бола алады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

  1.  Жайлин Ғ. А. «Азаматтық құқық». ІІ том. Алматы 2006.
  2. “Қазақстан Республикасы азаматтық құқықғы” Төлеуғалиев Ғ.И., Алматы 2001 жыл(65-74),
  3. “Азаматтық құқық” Сүлейменов М.К., Басин Ю.Г., Алматы, 2003 жыл( 70-85б),
  4. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. А. 2002 ж.
  5. Гражданское право. Учебник. В 2 т. /Отв. Ред. Е.А. Суханов. - М.: Изд-во БЕК. Т.1, 1994.-431 с.
  6. Гражданское право: Курс лекций. Учебное пособие. /Отв. Ред. О.Н. Садиков. - М.: Изд-во БЕК. Ч. 2:Обязательственное право. - 1997. –687с.
  7. Гражданское право. Учебник. В 2 т. /Отв. Ред. Е.А. Суханов. - М.: Изд-во БЕК. Т.1, 1993.-383 с.
  8. Қазастан Республикасының Азаматтық Кодесі.- Алматы: ЖШС «Баспа», 2001.- 400 б.
  9. ҚР Әділет министрлігінің 1998 жылдың 22 қаңтарындағы №18 «Қылмыстық-атқару жүйесінің түзету мекемелерінің басшыларымен сенімхаттар мен өсиеттерді куәландыру тәртібі туралы» нұсқамасы.

 




Информация о работе Өкілдік және сенімхат