Мемлекет және жеке адам арасындағы жауапкершілік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 19:51, лекция

Описание

Тұлғаның құқығы туралы орыс либералды құқықтық ойлардың түсінігі бойынша олардың бостандықтарын қамтамасыз ету механизмінің тиімді әрекет ету проблемаларын шешуді білдіреді. Басты міндет – ресей құқғы мен тұлғалардың құқықтары мен босатндықтарын қорғау аясындадағы дәстүрдің теориялық шешімінің жандандырылу мәселелерін табу. О.Е.Кутафин тұлғаның бостандығы мен адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беруді азаматтық қоғамның маңызды белгілерінің қатарына жатқызады. Тұлғаның құқық бостандығы социологиялық тұжырымдамасына сәйкес тұтастай қоғам көлемінде байыпты интеграциялануы, ынтымақтасуын анықтайды. Либерализм қоғам емес, тұлғаның өзі құқықтық тәртіп жүйесі мен құрылымын анықтайтындығын білдіреді. Бұл тұжырымдама жеке тұлғаның ісіне мемлекет тікелей араласа алмайтындығын анықтайды[1].

Работа состоит из  1 файл

Мемлекет және жеке адам арасындағы жауапкершілік.docx

— 22.55 Кб (Скачать документ)

Мемлекет және жеке адам арасындағы жауапкершілік – құқықтық мемлекеттің белгісі ретінде

 

.

Мемлекет және жеке адам арасындағы жауапкершілік  – құқықтық мемлекеттің белгісі  ретінде

Тұлғаның құқығы туралы орыс либералды құқықтық ойлардың түсінігі бойынша олардың бостандықтарын қамтамасыз ету механизмінің тиімді әрекет ету проблемаларын шешуді білдіреді. Басты міндет – ресей  құқғы мен тұлғалардың құқықтары  мен босатндықтарын қорғау аясындадағы  дәстүрдің теориялық шешімінің  жандандырылу мәселелерін табу. О.Е.Кутафин  тұлғаның бостандығы мен адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына  кепілдік беруді азаматтық қоғамның маңызды белгілерінің қатарына жатқызады. Тұлғаның құқық бостандығы социологиялық  тұжырымдамасына сәйкес тұтастай қоғам  көлемінде байыпты интеграциялануы, ынтымақтасуын анықтайды. Либерализм қоғам емес, тұлғаның өзі құқықтық тәртіп жүйесі мен құрылымын анықтайтындығын  білдіреді. Бұл тұжырымдама жеке тұлғаның ісіне мемлекет тікелей  араласа алмайтындығын анықтайды[1]. 
Қазіргі демократиялық стандарт бойынша жеке тұлғаның құқығы ең алдымен тарихи құқықтық дәстүрлермен қорғалатындығы қарастырылады. Әр мемлекетте тұлғаның құқығын қамтамсыз ету механизмі өзіндік түрліше белгіге ие. Көбінесе ол мемлекет нысанымен анықталады. Ұлыбританияда бұл механизмнің маңызды институты монарх болып табылады. Оның саяси өкілеттігі (премьер-министрді тағайындау, абсолютті вето құқығы, қоғамдық Палатасын мерзімінен бұрын тарату, лорд Палатасының мүшелерін тағайындау т.б.) монархиялық емес биліктің жүйесімен салыстырғанда жаңа қағидалықты білдіреді. Ал, құқықтық және демократиялық қалыптасу жүйесіне көшкен Қазақстан Республикасы негізгі заңның нормаларында бекітілгендей, азаттық, теңдік және әділеттілік қағидаларына негізделген азаматтық қоғамды орнату, қоғам үстінен билік жүргізетін мемлекеттің асыл қазынасы ретінде – адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтарын таниды[2]. 
Ғылыми жұмысымыздың мақсаты Қазақстан Республикасының құқықтық мемлекет ретінде өзін-өзі орнықтыруында оның негізгі белгілерінің бірі болып танылатын мемлекет мен жеке тұлғаның өзара жауаптылық мәселесін талдау. 
Зерттеудің өзектілігі мемлекет мен азаматтардың өзара жауаптылығы мемлекеттің бұл екі суъектіні тең тұрғыда қарастыруы. Мемлекеттің ғана жауапкершілігінің жоғары болуы, оның саяси жүйесі мен тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамсыз етуі тек формалды тұрғыда қалады. Құқықтық мемлекетте мемлекет тұлғаның алдында, ал тұлға мемлекеттің алдында өзара жауаптылықта болуы шарт. Қылмыс туындағанда кінәлі тұлға өзінің жауаптылығын мойындауы, сондай-ақ мемлекет азхамттың, жәбірленуші тараптың құқығын қорғауы міндетті. Мемлекет тұлғаның жауаптылығын атқару міндеттілігіне жағдайлар жасауына кепілдік беруі шарт. Қазіргі таңда құқықтық мемлекет қалыптастыруда оның нығаюына азаматтар тарапынан да өздерінің құқықтық жауапкершілігін орынды сезініп, пайдалана алмайтындығы және мемлекет тарапынан кейбір заң нормаларының жетімсіздігі де байқалады. Жалпы құқықтық тәртіп пен заңдылықты орнықтыру үшін тек мемлекетке ғана арқа сүйемей, азаматтық қоғамның барлық субъектілері бірлесіп, олардың өзара жауаптылығы мойындалып, нақты жүзеге асырылғанда ғана көздеген мақсаттарға жетуге болатындығын ғылыми-теориялық және тәжірибелік зерттеулерге сай жеткізе білу. 
Адам ќоѓамы мыњдаѓан жылдар бойы сонау кµне дєуірден ќазіргі заманѓа дейін єлеуметтік нормалар арќылы басќарылып келді. Сондыќтан жеке  адамныњ ќ±ќыѓы мен бостандыѓы туралы теорияныњ мыњдаѓан жылѓа созылѓан тарихы жєне мол тєжірибесі бар. Адам ќоѓамыныњ єр формациясында азаматтардыњ ќандай ќ±ќыѓы, ќандай бостандыѓы болѓанын білеміз. 
Адам ќ±ќыѓы-тарихи, табиѓи, объективтік ќ±былыс. Сондыќтан єлеуметтік норма єр уаќытта даму процесте болады. Єлеуметтік норма єр уаќытта адам ќоѓамымен бірге дамып, бірге µзгеріп, бірге µмір с‰ріп келеді. Ќоѓамдаѓы кµп т‰рлі ќарым-ќатынастарды реттейтін, басќаратын єлеуметтік норма. Ќоѓам дамып, ныѓайып, жаќсарѓан сайын єлеуметтік норма да дамып, ныѓайып жаќсарады, оныњ єділеттілік, бостандыќ, демократиялыќ шењбері де, кењістігі де молаяды, к‰рделенеді. 
«Адам құқықтары» ұғымының қалыптасуы табиғи құқық идеяларының пайда болып, қанат жаюымен тығыз байланысты. Адам құқықтары табиғи мәнге ие, оларды жеке адамнан ажыратуға болмайды, олардың аумақтық және ұлттық шегі жоқ. Адам құқықтары халықаралық-құқықтық реттеу мен қорғау нысаны ретінде мемлекеттің заң актілерінде бекітілгеніне қарамастан оларға тәуелді емес. Қоғамдық қатынастардың дамуы арқасында адам құқықтары біртіндеп философиялық идеялардан нақты шындыққа айналады, мемлекеттік-құқықтық құжаттарда бекітіліп, қайсыбір құқықтық және мемлекеттік құрылым жүйесінің демократиялық көрсеткіші қызметін атқарады. 
Адам мүдделерінің қай бөлігін қорғайтындығына байланысты құқықтарды түрлі топтарға жіктейді. Адам, әуел бастан, жер бетінде түр ретінде пайда болып, жеке өмір сүре бастаған кезден өз өмірін, бостандығын қорғауға ұмтылды, яғни өзінің өмір сүру құқығы мен бостандық құқығын іске асырды. Бұдан адамның өмір сүруге, бостандыққа, меншікке, теңдікке, бақытқа және т.б. табиғи, ажырамас құқықтары келіп шығады. 
Әр адам қайсыбір игілік мөлшерін (материалдық және рухани) иемденуге құқылы. Оны қамтамасыз етуге қоғам мен мемлекет атсалысады. 
Құқықтық мемлекетті қалыптастыру, дамыту адам қоғамының көне заманнан негізгі мақсаты болды. Көне дәуірдің ойшылдары Сократ, Демокрит, Платон, Аристотель, Цицерон қүқық пен мемлекеттің өзара қатынасын инабаттылық, парасаттылық, әділеттілік жолмен дамуын армандады. Аристотель «Заң үстемдігі болмаса демократия жоқ», – деді. Феодалдық дәуірде Н.Макиавелли, Ж.Боден т.б. саяси қайраткерлер құқықтық мемлекет орнату төңірегінде көп пікірлер тоғыстырған[3]. 
Құқықтық мемлекеттің негізгі қағидалары: 
-  заңның үстемдігі ; 
- билікті заңсыз пайдалануды болдырмау мақсатында мемлекеттік билікті үш түрге (заңшығару, атқару, сот тармақтарына) бөлу, олардың арақатынасын қатаң сақтау; 
- азаматтық қоғамның қалыптасуы және оның тарапынан құқық субъектілерінің заңдарды орындауына бақылау жүргізуі; 
- қоғамда жоғары дөрежеде   құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің   қалыптасуы, адамдардың рухани сана-сезімінің жақсы дамуы; 
- мемлекеттік аппараттың, лауазымды тұлғалардың, қоғамдық ұйымдардың, жеке адамдардың, өмірдегі қарым-қатынастарда өзара жауаптылығы; 
-    қүқық пен заңның арақатынасында көп алшақтыққа жол бермеу, олардың өзара қатынасын бақылап, жақсартып отыру; 
- соттың жоғары беделі, ең сыйлы орган деп саналуы және соттың тәуелсіздігі. 
Академик Ғ.Сапарғалиевтің пікіріне сүйенсек, құқықтық мемлекет -  жеке адам және қоғам мүддесін қорғайтын, заң үстемдігі мен құқық принциптеріне негізделген мемлекет[4]. Құқықтық мемлекетті қалыптастыру ісі қоғамды демократияландыруға, құқықтық тәртіптің және заңдылық принциптерінің сақталуына негізделеді. 
Құқықтық мемлекеттің негізі: 
•    Құқықтық мәдениет; 
•    Азаматтық қоғам; 
•    Заңдылық пен құқықтық тәртіп. 
Принциптері: 
•    «Заңмен тиым салынғаннан басқаның барлығына рұқсат етіледі»(барлық азаматтарға және заңды тұлғаларға арналған) 
•    «Тек заңмен белгіленгендерге ғана рұқсат етіледі» (мемлекеттік орган және лауазым иелеріне арналған) 
Академик Ғ.Сапарғалиев құқықтық мемлекеттің белгі нышандарын төмендегідей түсіндіреді: [5] 
•    Заңның үстемдігі 
•    Мемлекеттік биліктің бөлінуі 
•    Тұлға мен мемлекеттің өзара жауаптылығының болуы 
•    Азаматтың құқықтары мен бостандықтарының шын мәнділігі, олардың құқықтық және әлеуметтік қорғалатындығы 
•    Саяси және идеологиялық плюрализмнің болуы 
•    Азаматтық қоғамның орын алуы 
•    Ішкі заңдардың көпшілік таныған халықаралық құқықтық нормалар мен принципетерге сәйкес келуі 
Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың халыққа берген «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында мемлекетіміздің әлеуметтік саясатын іске асырудың біршама бағыттары нақтыланған болатын.  Жолдаудың екінші бөлігіндегі ішкі және сыртқы саясатымыздың көрсетілген 30 бағытында жиырма үшінші бағыт ретінде «саяси жүйені дамыту» жағдайлары қамтылған.[6] Оның ішінде дамудың негізгі бағыттары ретінде саяси партиялардың ролін арттыру, азаматтық қоғам институттарын дамыту үшін  қолайлы жағдайлар туғызу қажеттілігін сөз етеді. 
Сайып келгенде мемлекетіміздің саясатын жүзеге асыруда мемлекеттік шешімдер әзірлеу үдерісіне жұртшылықтың, олар мүше болған қоғамдық бірлестіктердің үлес салмағының маңыздылығы зор. 
Мемлекет саяси партиялармен бірігіп, қоғамның барлық саласының дұрыс, жағымды дамуына жауапты және сол жауапты жүмыстың басым ауыртпалығын мемлекет өз мойнына алады. 
Мемлекет өзінің билігін саяси партияларға, қоғамдық үйымдар мен бірлестіктерге, еңбек үжымдарына, жергілікті өзін-өзі басқару үйымдарына, азаматтарға сүйене отырып, іске асырады. 
Мемлекет және саяси партиялар – бүл екеуі бірігіп қоғамды басқарудағы ең шешуші күш. Басқарудың сапалы немесе сапасыз болуы осы екі бірлестіктің қызметіне байланысты. Сондықтан олардың іс-әрекеті халықтың, үкіметтің үнемі бакылауында болады. 
Партиялар қоғамды біртұтас мемлекет аясында біріктіру құралына айналып, өтпелі кезеңнің кейбір кедергілерінен тезірек өтуге қызмет етуі тиіс. 
2011 жылғы 01 қыркүйектегі төртінші шақырылымдағы Парламенттің  бесінші сессиясында  Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Бұл – Мәжілістегі осы сайланымдағы қалаулылар үшін соңғы сессия. Оның тамамдалуымен бірге, бірпартиялы Парламент тарих қойнауына мәңгілікке жол тартпақ», дей келе, келесі Мәжілістің ең кем дегенде қоспартиялы болатындығын мәлімдеді. Конституцияға бұдан бұрын енгізілген түзетулер соны талап етеді. Н.Назарбаев келесі Мәжіліс сайлауынан кейін қазақстандық демократияның өркендеуінің жаңа кезеңі басталатындығын жариялады[7]. 
Конституция Қазақстан Республикасын демократиялық мемлекет деп жариялайды. Оның демократиялылығы, ең алдымен, мемлекет ішінде халық басқаруын қамтамасыз етуінен көрінеді. Ата заң 3-бабының 1-тармағында мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық делінген. Бұл конституциялық норма Қазақстанның халықтық мемлекет екендігін білдіреді. Халықты жоғары биліктің иесі ретінде тану халық суверенитетінің көрінісі болып табылады. Халық өз билігін тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді. 
Қазіргі уақытта республикада 150-ден астам гендерлік үкіметтік емес мекемелер белсенді жұмыс істеуде. 
Олардың ішінде Феминистік лига, Дағдарыс орталықтарының одағы, Интеллектуалды еңбек әйелдер одағы, Шығыс әйелдерінің халықаралық экологиялық қауымдастығы, Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығы, Қазақстандағы әйел кәсіпкерлер одағы және т.б. көптеген ұйымдар бар. 
Қазақстан осы кезеңге дейін адам құқығы туралы, оның ішінде «Әйелдердің саяси құқығы туралы», «Тұрмыстағы әйелдердің азаматтығы туралы» БҰҰ-ның конвенцияларына және т.б. 30 шақты халықаралық келісімдерге қосылды[8]. 
Қазақстанда әйел құқығын қорғауға және жетілдіруге арналған институционалдық тетіктер құрылды. Отбасы мүддесін қорғау, әйелдердің елдің саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени өміріне қатысуына қажетті жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында мемлекет басшысының Жарлығымен 1998 жылы желтоқсанда ҚР Президенті жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия құрылды. 
2008 жылы аталған орган ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат туралы ұлттық комиссия болып қайта құрылды. 
2005 жылы 2006 – 2016 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы Гендерлік теңдік стратегиясы, сондай-ақ оны іске асырудың 2006 – 2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді. Көрсетілген құжаттарда гендерлік теңдік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бағыттары мен іс-шаралар кешені белгіленген. Дегенмен де маңызды мемлекеттік бағдарламалар қабылданса да, олардың жүзеге асырылу механизмдері жүйелі деңгейде қазақ жерінің ауылдарындағы әйел проблемасына жеткен жоқ. Негізінен Қазақстан халқы соның ішінде, қазақ халқы ауылдарда өмір сүреді. Ауылшаруашылығында ауыр жұмыстарды атқарады. 
Сондықтан, біздің ұсынысымыз: 
1) гендерлік саясатты ауыл әйелдеріне жеткізу, яғни әлеуметтік құқықтарды жүзеге асыруда мемлекеттің әлеуметтік функциясының ұйымдастырушылық-идеологиялық жұмыстарын нақты жүргізу қажет. 
Алматы қаласында өткен «Жастарға сенім артамыз» атты еліміздің барлық облыстарынан, Алматы және Астана қалаларындағы жастар ұйымдарының жетекшілері қатысқан республикалық жастар форумында жиі көтеріліп жүрген жастар проблемасы қозғалған болатын. Форумда жастық жалынға толы қыз бен жігіттер тұрғын үй, жұмыссыздық, грант арқылы білім алу сынды өзекті мәселелерін ортаға салып, оның шешімін іздестірді. Негізі қазақстандық жастардың басындағы мұндай проблемалар талай мәрте айтылып келеді. Жас лидердің пікірінше, негізгі проблемалар заң шығару деңгейінде қолға алынуы тиіс, ол үшін аталған мәселелер толықтай талқыланып, Мәжілістегі депутаттардың назарына жетуі керек. 
2) партияларда кез-келген деңгейде саяси шешімдердің қабылдануына тікелей қатысу үшін, бүгінгі таңда жастар белсенділігінің тәжірибесі де, кәсіби біліктілігі де жеткілікті. Әлеуметтік инфрақұрылады дамыту, баспана, жұмыспен қамтамасыз ету, бос уақытты тиімді пайдалану, спорт сияқты өзекті мәселелер шешімін табу үшін осы заманғы белсенді жас буынның күші де идеялары да жетімсіз емес. Бұл мәселелердің барлығын жас белсенділер мен саяси партияның әлеуетін пайдалана отырып, тиімді шешуді мемлекет алдындағы тұлғаның жауапкершілігі деп түсінуіміз қажет. Ол үшін  барлық күш жігерді жинақтап, мемлекеттік мекемелердің кәсіпқой менеджерлері мен  бұқаралы саясаткерлерді жастар қанатынан қалыптастыру керек екен. Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың белгілеп берген жаңа міндеттерін іске асыру мақсатында,  маңызды мемлекеттік ұстанымдарды алып жүруге, жастарды жұмылдыруға осындай нақты қадамдар қажет-ақ еді. 
3) саяси тәуелсіздік экономикалық тәуелсіздікті білдірмейді. Күрделі және маңызды реформаларды жүргізу үшін мемлекеттегі барлық әлеуетімізді топтастырып болашақ даму көзіне айналдыруымыз қажет. Осы ретте, «алтау ала болса, ауыздағы кететінін» естен шығармау қажет. Парламентте әртүрлі партиялардың өкілдері көпшілікке жағымды сөз айтамын деп игі бастамаларға кедергі жасайтыны да байқалып қалады. Парламенттің күшті жағы, ортақ тұғырнаманы ұстанған депутаттар сайлаушылар алдындағы жауапкершілікті сезініп, бос саяси сөз-тартысқа салмай экономикаға қажетті жедел әрі тиімді шешімдерді қабылдау. Көп партиялы жүйе көп ұлтты мемлекетте құқықтық және демократиялық мемлекет орнықтырудың  бірден-бір маңызды құралы деп ойлаймыз. 
4) Негізгі заңымыздың мына бір нормасына көңіл аударғымыз келеді. ҚР Конституциясының 27 бабында:  «Кәмелетке толған еңбекке қабiлеттi балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға мiндеттi», деп көрсетілген. Ал, көршілес ел Түркменстан Конституциясының 27 бабында «….Совершеннолетние дети обязаны заботиться о родителях и оказывать им помощь», делінген. Сонда бізге, кәмелетке толған балалар ата-анасы тек еңбекке жарамсыз болып қалғанда ғана қамқорлық жасауы керек пе? – деген ой туындайды. Сондықтан, Конституциямыздағы балалардың ата-ана алдындағы заң тілімен айтқанда өзара жауапкершілігін туындататын, ал адамгершілік тұрғыда парызын білдіретін осы нормадан «еңбекке жарамсыз» деген сөз тіркесін алып тастағанды дұрыс деп санаймыз. Яғни, кәмелетке толған балалар ата-анасына қамқорлық жасауға және көмек көрсетуге міндетті деп тануымыз керек деп ойлаймыз.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Барбин В.В. Обеспечение  прав и свобод человека и  гражданина в деятельности ОВД.–М.: Академия управления МВД РФ, 2007. – 267 с. 
2. Қазақстан Республиасының Конституциясы. Алматы, 1995. 1 бабы. 
3. Иванов А.А. Теория государства и права: учеб. пособие для вузов по спец. «Юриспруденция». – М.: Закон и право, 2009. – 351 с. 
4. Сапарғалиев Ғ., Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы.(Оқу құралы).-Өңделіп, толықтырылған.2-басылым.-Алматы: Жеті жарғы, 1998.57б 
5. Сонда, – 60 б. 
6. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. 2006ж. 
7. www.ipd.kz 
8. Права человека. Алматы, Данекер. 2000. – С. 94.


Информация о работе Мемлекет және жеке адам арасындағы жауапкершілік