Сөйлем түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2013 в 09:00, реферат

Описание

Сөйлем құрылысына қарай жай сөйлем және құрмалас сөйлем болып екіге бөлінеді. Бір ғана ойды білдіріп, бір ғана интонациямен айтылатын сөйлем жай сөйлем деп аталады да: екі я одан да көп жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлемді құрмалас сөйлем дейміз.
Сөйлем айтылу мақсаты мен интонациясына қарай хабарлы, сұраулы, бұйрықты және лепті сөйлем болып бөлінеді.

Работа состоит из  1 файл

рефератик.doc

— 25.00 Кб (Скачать документ)

Сөйлем түрлері

Сөйлем құрылысына қарай жай  сөйлем және құрмалас сөйлем болып  екіге бөлінеді. Бір ғана ойды білдіріп, бір ғана интонациямен айтылатын  сөйлем жай сөйлем деп аталады  да: екі я одан да көп жай сөйлемнен  құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлемді құрмалас сөйлем дейміз.

Сөйлем айтылу мақсаты мен интонациясына  қарай хабарлы, сұраулы, бұйрықты және лепті сөйлем болып бөлінеді.

Хабарлы сөйлем - айтылу мақсаты хабарлау, суреттеу, баяндауды білдіретін сөйлемнің  түрі.

Мысалы: Мен жалақы алдым.

 

Сұраулы сөйлем - жауап алу мақсатымен қарай айтылған сөйлем.

Сұраулы сөйлемдер мынадай жолдармен  жасалады:

а) Сөйлемде сұрау есімдігінің қолданылуы арқылы. Не үшін?

ә) ма, ме, ба, бе, па, пе, ша,ше шылауларының қолдануы арқылы. Жерім жаман ба?

б) ғой, қой, ау, еу шылауларының , ә, сірә сияқты оқшау сөздердің; болар, шығар, қайтеді, білемін деген көмекші сөздердің сұрау мәнінде қолданылуы арқылы:

– Осы ғой алған жоспары? –  Иә, осы.

в) Сұрау интонация арқылы. Япырай, ие бермей кетпесе?

 

Бұйрықты сөйлем - біреуге бұйыру, тілек – өтініш ету мақсатында айтылған сөйлем.

Бұйрықты сөйлемде интонация біркелкі бола бермейді: бірде хабарлы сөйлем интонациясымен айтылса, бірде лепті  сөйлем интонациясымен айтылады да, соған  сәйкес сөйлем соңында нүкте(.) я  леп белгісі(!) қойылады. Бұйрықты сөйлемнің баяндауышы етістіктің бұйрық рай тұлғасынан және бұйрық не шартты рай тұлғасына тілек-өтініш мәнді –шы, -ші жұрнағының үстеуі арқылы жасалады. М: Бар! Шап! Жиып кел тегіс! – деді...

 

Лепті сөйлем - айтушының көңіл күйін (қуану, ренжу, зеку, алу, өкіну т.б.) білдіретін сөйлем.

Лепті сөйлем ерекше әуенмен айтылып, дауыс ырғағы сөйлем соңында да көтеріңкі  қалыпта болады. Соған сәйкес сөйлем соңында леп белгісі (!) қойылады. Құнанбай қатты зекіп қалып:

– Жә тоқтат! – деді. (М.ә)


Информация о работе Сөйлем түрлері