Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 19:30, реферат
Қай салада болмасын хабарды уақытында білу мен жіберу өте маңызды. Контейнер паркін қолданудың сандық және сапалық көрсеткіштерін уақытылы және дәл білуі, оның дислокациясын және қозғалуын білу, жолдың және желілік басқару қызметтеріне уақытылы, оперативті жұмысты жетілдіру үшін негізделген шешімдер қабылдауға көмектеседі. БАЖТҰ жүйесінде пойыздың натурлық парағын интегралды өңдеу қарастырылған, ал жолдағы контейнер паркінің дислокациясы туралы мәлімдеме алуға көмектеседі.
Жүк вагондар паркі
Қай салада
болмасын хабарды уақытында білу мен жіберу
өте маңызды. Контейнер паркін қолданудың
сандық және сапалық көрсеткіштерін уақытылы
және дәл білуі, оның дислокациясын және
қозғалуын білу, жолдың және желілік басқару
қызметтеріне уақытылы, оперативті жұмысты
жетілдіру үшін негізделген шешімдер
қабылдауға көмектеседі. БАЖТҰ жүйесінде
пойыздың натурлық парағын интегралды
өңдеу қарастырылған, ал жолдағы контейнер
паркінің дислокациясы туралы мәлімдеме
алуға көмектеседі. ЭЕМ пойыздағы орта
және ірі тоннажды контейнерлердің санын
және әр вагоны туралы мәлімдеме береді.
Есептеу және
талқылау жүйесінің толық көлемді жұмыс
істеу жүйесін, контейнерлік пунктерді
ақпараттарды жинау, дайындау және жөнелту
құрылғыларымен жабдықтау қажет, олар
бір уақытта ақпараттарды беру мен қатар
вагон парақтарын толтырады (ГУ – 38к формасы).
Бұл контейнер паркінің жағдайын, оның
бос тұруын есептеуге, басқа көлік түрлерімен
алмасуын бөлшектеп талқылауға жағдай
жасайды.Тапсырма кешенінің шешіуі контейнер
пунктерінің оперативті жоспарына, контейнер
ағындарын жобалауға және контейнерлі
вагондарды құрастыру жоспарын құруға
қолданылады.
Көлік қызметімен қолданатын
өндірістік мекемелердің жүкті тасымалдау
шығыны тарифтер түрінде көрсетіледі.
Сондықтан жүк иелерінің шаруашылық есебі
тек көліктік тариф негізінде анықталады.
Тарифтер контейнер тасымалының
ерекшелігін көрсетуді көліктің шаруашылық
есептік мүддесін ескереді, жүк иелерінің
контейнерлі тасымалды қолдануға деген
материалды қызуғышылығын қамтамасыз
етеді.
Барлық көлік
түрлерінде контейнерлік тариф 01. 01. 1990
жылы енгізіледі. Ең бірінші рет барлық
көлік түрлерінде тарифтің екі ставкалы
түрі енгізіледі. Есептеуіш ретінде сәйкес
брутто салмақты бір контейнер алынады.
Тарифті кесте контейнерлі көліктің әр
түрінде тасымалдау негізіндегі эксплуатациялық
шығынына негізделіп жасалған.
Қазіргі кездегі
темір жолмен тасымалдау ақысы және оларды
төлеу көлемі тарифті басқарма №10-01 де
жазылып шыққан.
Тасымал ақысын төлеу
үшін ең минималды тарифті қашықтығы –
50 км. деп бекітілген. Одан үлкен ара қашықтыққа
орташа поясты аралықпен анықтайды. Мысалы,
71-80 км поясқа ақылы 75 км деп алады.
Тасымалдау
ақысын жөнелту пунктінде ең қысқа бағыт
бойынша анықталады.екі ставкалы тарифті
кестеде бастапқы – аяққы және жолдағы
операциялардың ставкалары кіреді. Жүктерді
контейнерлерде тасымалдауға екі тарифті
кесте жасалған.
Жүктерді әмбебап контейнерлермен
тасымалдаған кезде ақылы тасымалдау
қашықтығы үшін алынады. Қолданыстағы
тариф жүк иесінің контейнерлерді салу,
ЖҚМ-ң әмбебап контейнерлерімен бірдей
болуына экономикалық итермелейді. Контейнерлердің
жетіспеуі жағдайыда көрсетілген жеңілдік
контейнер тасымалының жедел дамуына
көмектеседі.
Тасымалдау жоспары темір
жолмен жүк жіберушінің шартқа отыру арқылы
жүзеге асады. Уақытша жарлықтың 37 бабына
сәйкес жол оған сеніп тапсырылған жүкті
жету пунктіне жеткізілуіне және оны алушыға
тапсыруды, ал жіберуші тасымалдағаны
үшін бекітілген төлемді төлеуді міндетіне
алады. Тасымалдау шартының мазмұны үстеме
құжатта (накладная) көрсетіледі. Үстеме
құжат толтырылғанан кейін жол мен жүк
жіберушінің арасындағы шарт күшіне енеді.
Жіберу стансасында шартты толтыру кезінде
жүк жіберуші қатыспағаны мен ол кейбір
талаптарды орындауға: жүкті қабылдауға,
шығаруға, жылжымалы құрамды тазалауға,
қосымша төлем ақы төлеуге, егер тасымалдау
процесінде шыққан шығын болса соның орнын
толтыруға міндетті. Шарт бойынша жүкті
алушы жүкті уақытында және түгелдей жеткізілуін
талап ете алады. Тасымалдау шарты жүк
үстеме құжатымен бірге жіберу стансасы
қабылданған кезде күшіне енеді. Жүкті
қабылдау мерзімі стансаның үстеме құжатына
күнтізбелік мөрі қойылуымен куәландырады.
Контейнерлі
тасымалдаудың үстеме құжатын толтыру.
Жүк жіберуші әрбір жүк тиелген контейнерге
бөлек ГУ-27в үлгідегі үстеме құжатын толтыруға
міндетті. Жүк жіберуші үстеме құжатында:
- «жіберушімен анықталған
жүктің салмағы кг» графасына - әр заттың
ыдысымен бірге алғандағы салмағы;
- «барлығы» графасына
барлық жүктің ыдысымен алғандағы салмағы;
- «барлық салмақ (жазбаша)»
графасында барлық жүктің ыдысымен алғандағы
салмағын жазбаша көрсету;
- «контейнер ыдысы» графасында
бос контейнердің тарифқа сәйкес салмағы;
- «брутто салмағы» графасына
жүктің ыдсымен бірге контейнер ыдысының
салмағын қоқандағы жалпы салмағы;
- «көрсетілген салмақтың
туралығын куәлаймын» графасына жіберушінің
өкілі салмақтың тура анықталғандығы
жөнінде жауапты тұлға қол қояды; «Жіберуші
пломбасы» графасында контейнерді пломбалаған
ізі;
- «жіберушінің ерекшк
өтініштерімен белгілері» графасында
контейнерге салынған фактураның нөмірі,
ал үй мүліктерін тасымалдағанда олардың
тізімі көрсетіледі;
Тез жанатын жүктерді
және тез жанатын материалдан жасалған
жүктерді тасымалдағанда жүк жіберуші
сиямен немесе мөрмен «тез жанатын» ал
тез бұзылатын жүкті тасымалдағанда «тез
бұзылатын» деп көрсету керек.үй жануарлармен
аңдардың иленбеген терілерін тасымалдағанда
ветеринарлы куәлік үстеме құжатпен бірге
ветеринарлық куәлік беріледі.
Контейнерлі алаңға қажетті
контейнер санын жабық вагондарға жүк
тиеуге айырбастауға бергенде жүк тиеушіге
бір ГУ-27 үлгідегі үстеме құжатты толтыруға
рұқсат етіледі. Бұл жағдайда құжаттың
жоғарғы бұрышына «вагондық жөнелтім
бойынша» деген мөрі басылады. Үй мүліктерін
контейнерлермен тасымалдағанда үстеме
құжатына қосымша ГУ-112 үлгідегі үй мүліктерінің
тізімі қосымша беріледі.
Контейнелер жиынтығымен
тасымалдауды есептегенде тауар кассирі
үстеме құжаттың 2-ші пунктінде «төлемдерді
есептеу» графасында бір кон-тейнерді
тасымалдағандағы төлем ақысымен контейнерлер
санын көрсетеді. Қосымша жинаулар, төлемдер
жинтықтағы контейнерлер санына көбейтіледі.
Контейнелер жиынтығы тасымалданатын
вагон туралы мәліметті жүк жіберуші «контейнер
нөмірі» және «жүк көтерімділігі» графасында
көрсетіледі.
Контейнермен тасымалдаудың
жоспарын дамыту проблемасы және контейнер
паркінің жұмысын реттеу өте тиімді, ал
бір жағынан республика темір жолында
олардың өркендетілуі жетіспейді. Ең бір
шешілмеген проблема болып контейнер
тасымалдауға қатысатын барлық көліктерге
арналған басқару жүйесінің нақтығы. Бұл
жүйенің негізін контейнер тасымалдаудың
перспективалы, ағымды және жедел жоспарларын
құрумен контейнерлі парктің жұмысын
ағымды және жедел реттеу керек.
Қазіргі кезде контейнерлі
тасымалдарды жоспарлауды және контейнерлі
парктің жұмысын өз бетінше реттеуді жүзеге
асырады, айлық, жедел жоспарлар ғана әзірленеді,
ал жылдық жоспарлар әзірленбейді. Теоретикалық
өңдеу деңгейінде унифицрлік жүйе көрсеткіштерін
құру қолданылады, ал тәжрибе жүзінде
олар қолданылмайды. Осы уақытқа дейін
жалпы көлікке арналған жоспарлау және
есепке алу көрсеткіштерінің көлемін
және контейнерлі тасымалдаудың сапасын
анықтау әдісі жоқ.
Жүкті контейнермен тасымалдаудың
көлемі тұрғындардың, кәсіпорындардың
осы қызметке мұқтаждығының негізінде
жүргізіледі. Мұқтаждық қызметтің санымен
кіріс көлеміне нормативті есеп бойынша,
көлік қызметіне сұранушылықты зерттеу
қортындысы бойынша есептеледі.
Ал контейнерлерді контейнер
пунктінде өңдейді (тиеу, түсіру, сұрыптау,
сақтау, кіргізу, шығару, топтастыру, техникалық
тексеру, ағынды жөндеу, құжаттарын толтыру
т.б.). жұмыс түріне қарай контейнер пунктері
3 түрге бөлінеді: жүктік, сұрыптау, аралас.
Жүк пунктері тек қана жергілікті контейнерді
өңдейді; сұрыптау – тек транзитті контейнерлерді
өңдейді; аралас – жергілікті және транцитті
контейнерлерді өңдейді.
Контейнерлік
пункті, игеру оның жұмыс көлемі 1 класстағы
стансадан кем емес, демек 25 – 60 балл болған
кезде ғана ақталады. Есептеулер көрсеткендей
жергілікті және транзитті контейнерлерді
тиеу тәулігіне орта есеппен 1000 және одан
көп шартты контейнерлерді құрау қажет
(жергілікті - 70%, транзитті - 30%). Көліктік
тарамда екі арнайы контейнерлік пункті
жасаған жөн, егер оның сұрыптау көлемі,
транзиттік – 300 конт/ тәулік, ал жергілікті
300, 234 конт/ тәулік болса. Тиеп – түсіру
жолдарының саны, алаңдарының өлшемі,
олардың ұзындығы және ені, олардың жұмыс
көлеміне, операциялардың мінездемесіне
және механизмнің құрылғыларына байланысты
болады. Контейнер өңдеу қабілеті екі
элемент бойынша анықталады: контейнер
алаңының сыйымдылығы және тиеп-түсіру
жұмыстарының механизация құрылғыларымен.
Контейнер пункт жұмысының
технологиялық үрдісі келесі операциялардың
орындалу жері мен ұзақтығын анықтайды.
Оның мазмұны өңделетін контейнерлерге
байланысты. Жүк пунктінде технологиялық
үрдіс тиеп-түсіру, беру және вагондарды
жинау, контейнерлердің келу және кету
жұмыстарын автокөлікпен жүк иесінің
жұмысымен орындалу тәртібін қарастырады.
Сұрыптау паркінің жұмыстарының технологиялық
үрдісі – транзиттік контейнерлердің
сұрыпталуын, ал аралас пункт жергілікті
және транзитті контейнерлерді бірлесіп
өңдеуді қарастырады. Технологиялық үрдіс
берілген тиеу жоспарын, контейнерлерді
сұрыптау және бағыттау, контейнерлік
пунктік өңдеу қабілетін көтеру, крандар
мен автокөліктердің жұмысын, контейнерлі
өңдеу уақытын қысқартуды, вагондар мен
автокөліктердің бос тұру уақытын қысқарту
қажет.
Контейнерлі сұрыптау
пунктіне берілетін вагондар саны транзитті
контейнерлерді қайта өңдеуге ықпал етеді.
Бұл санды көбейту вагондардың жүк тиеу
операцияларының алдында тұрып қалуын
азайтады. Вагондарды әкелу-әкету саны
контейнерлердің тиеу-түсіру санына әсер
етеді, бұл әр берілген кездей сұрыптау
ұзақтығын анықтайды.
Контейнерлі пунктер мына
контейнерлерді қайта өңдеуден өткізеді,
егер:
- темір жолмен келіп, автокөлікпен
әкетілсе;
- автокөлікпен кіргізіліп,
темір жолмен жіберілсе, бұған транзитті
контейнерлерде жатады;
Жүк тиелетін контейнерлі
пунктерінде контейнерлерді құру жоспарын
бекіту бойынша жылжымалы секцияларды
қолданған тиімді. Вагондардан түсірілген
контейнерлерді контейнер-орындарындарындағы
түсіріліп жатқан вагондарға жақын орнату
керек. Шығарылатын және жіберілетін контейнерлерді
алаңға неше түрлі тәсілмен орналастыруға
болады, қай жерде орналасқанына қарамастан
бүкіл алаң арқылы жүріп отырады. Мысалы,
келген контейнер вагоннан автокөлікке
дейін, жіберілетін контейнер автокөліктен
вагонға дейінгі жолды жүріп өтеді. Бос
контейнер-орындар алаңда тұрған контейнерлердің
20% құруы тиіс.
Контейнерлі сұрыптау
пунктерінде алаңға түсірілген контейнерлерді
бос контейнер-орындарына жақын тиелетін
вагондарды қасына орналастыру керек.
Вагондардың баратын стансаларын жедел
түрде, контейнерлердің орналасқан жеріне
байланысты шешіледі.Контейнер-орынды
құру жоспары бойынша секцияларға арнайы
бөлу қажет емес. Егер сұрыптау пунктінде
бір-неше кран жұмыс істесе, олардың жұмыс
аудандарына контейнерлерге арналған
секциялар болуы керек.
Контейнер ағымының дұрыс
уақытылы жұмыс жасауы оның тиеліп-түсірілуіне
де тура байланысты. Контейнерлерді тиеп-түсіру
үшін негізінен көпірлік және тағандық
крандар қолданылады. Оның ішінде контейнерлерді
тиеп-түсіру үшін көбінесе тағандық кран
қолданылады. Құрлысының принцпіне және
жұмысының мінездемесі бщйынша көпірлік
кранға өте ұқсас. Тағандық крандардың
көпірі ерекше белдеме тіреуде орналасқан
және ашық қойманың алаңын, темір жолдары
және авто көлік жолдарын жауып тұрады,
ал жұмыс технологиясы көпірлік кранмен
бірдей.
Темір жол стансаларында,
өнеркәсіп кәсіпорындарының қоймаларында,
порттардың сыртқы қоймаларында ірі тонналы
контейнерлерді тиеуге машиналардың әр
түрін қолдануға болады, соның ішінде
үлкен көлемді крандар, портты штабельді
- жүктеуші немесе артқы және жанама автотиеуші.
Осы крандардың көмегімен 10, 20 және 30 тонналы
немесе екі 10 тонналы немесе екі 20 тонналы
контейнерлерге тиеуге болады. Ірі тонналы
контейнерлер әмбебап платформалармен,
әмбебап платформалардан арнайы платформалар
жасалған ұзындығы – 18,4 м, ені – 2,87 м, ал
жүк көтерімділігі – 64 тонна болатын арнайы
платформалармен немесе ұзынбазалы контейнер
тасымалдайтын платформалармен тасымалданады.
Ірі тонналы контейнерлер
платформаларға биіктігіне қарамастан,
есіктері вагонның ішіне қаратылып орнатылып,
бос немесе жүктеліп, жиынтықталып тасымалданады.
Арнайы ұзынбазалы платформалармен бос
және жүктелген контейнерлерді бірге
тасымалдауға болады: екі тиелген контейнердің
арасына бос контейнерді, екі бос контейнердің
арасына жүк тиелген контейнерді орналастырады.
Крандардың жұмыс көрсеткіш салмағы 3т
контейнерлерді жартылай вагоннан алаңға
түсіру уақыты – 89 сек, алаңнан автокөлікке
тиеу уақыты - 85 сек. Кранда көтерумен қозғалудың
жоғарғы жылдамдығы бар, электрлі тельфермен
жабдықталған құралдарға қарағанда тиеу-түсіру
жұмыстарын 30-35% арттырады.