Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Февраля 2013 в 21:07, реферат
Ақан Серінің өмірі мен шығармашылығы XIX ғасырдағы музыкалық – поэтикалық өнердің дарынды өкілдерінің ішінде ерекше орын алады. Оның есімі халық есінде тек қана дарынды ақын және композитор ғана темес, сонымен бірге сирек кездесетін әнші ретінде де сақталған. Ақанның шын жүректен айтылған нәзік әндері тыңдаушылардың асыл ойлары мен сезімін, әр адамның жан дүниесін меңгеріп, эмоционалдық болмысын күшейте қабылдаған әннің ұзақ уақыт есте сақталуына еріксіз мәжбүр етеді.
№40 орта жалпы білім беретін мектеп
Реферат
Тақырыбы: Ақан сері
Орал 201
Ақан сері Қорамсаұлы.
(1843 – 1913 ж).
Ақан
Серінің өмірі мен
Ақанның сұлулықты сүйіп, сөз маржанын тере білген, оқушысының сезімін тербету арқылы ойын қозғауды мақсат еткен ақын – композитор екенін әр бейнесі дәлелденгендей. Ақан әндерінде туған жерге, табиғатқа, сүйікті сәйгүлікке деген сүйіспеншілік, махаббат тақырыптары жан – жақты ашылып, негізгі арқау болған. Ақанда қыз – келіншектер бейнесіне арналған лирикалық әндер тобы біршама баршылық. Бұл әндерге «Ақтоты», «Үш тоты құс», «Балқадиша», «Сырымбет», «Терқатқан» және басқа көптеген туындыоары жатады. Бұл аталған әндер өзінің мазмұнына қарай өмірбаяндық сипатта шыққан. Шынында, Ақан мен Ақтотының махаббат тарихы халыққа кең тарап, үлкен драмаға толы оқиғасымен белгілі. Бұл жайында А.Жұбанов өзінің «Замана бұлбұлдары» кітабында жазып кеткен.
Оның өлеңдерінде араб, парсы сөздері де аз емес. Ол дін мектебінде өте жақсы оқып, өзінің қабілеті, зеректігініңарқасында аз жылда көп нәрсе біліп, мектептен кеткеннен кейін де өз бетімен оқу үйренуден қол үзбеген. Өйткені оның «Тағырипың» атты ұзақ өлеңінде шағатай тілі, осман, түрік тілдерінде шыққан сүйіспеншілік, ғашықтық жырлары: «Жүсіп – Злиха», «Ләйлі – Мәжнүн», «Сейпіл – Мәлік – Жамал», «Фархад – Шырын» тағы басқалары Шығыстың лиро – эпостарымен жақсы таныстығын және олардан үлгі алып, творчестволық жолмен үйренгендігін аңғартады.
Ақан сері
өмірінің соңғы жылдарында
Өзін қоршаған өмір мен қоғамның, туған халқының эстетикалық және көркемдік болмысын биікке көтерген ардақты әнші Ақан сері 1913 жылы дүние салды.
Композитордың әндері қазақ халқының әншілік – поэтикалық мәдениетінің жоғары орындаушылық дәстүрін жалғастыра отырып, қазақ мәдениетінің тарихында өзіне лайық берік орын алды.
Шығармашылығының өркендеу кезеңі. Ақан серінің өзіндік шығармалары қазақ мәдениетінің көрнекті өкілдері С.Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасының , «Құлагер» атты әйгілі поэма жазған І.Жансүгіровтың «Ақан сері – Ақтоты» трагедиясының авторы Ғ.Мүсіреповтің шығармашылық шабытының қайнар бұлағы болды. Белгілі композитор Е.Брусиловский «Жалбыр» операсында «Құлагер» және «Балқадиша» әндерін пайдаланса,»Ер Тарғын» операсында «Алтыбасар» әнін қолданды. Композитор С.Мұхамеджановтың Ғ.Мүсіреповтың (либреттист) «Ақан сері – Ақтоты» операсы 1982 жылы сахнаға қойылды. Музыкатанушы Ж.Ордалиева операда композитор Ақанның әуенді тілінің өзіне тән мынадай ерекшеліктерін бөліп қарайды: бастапқы негізгі үннен өзінің басқа бір биігіне ұмтылушы қысқа желісін білдіретін октавалық алғашқы негіз – «Алай көк», «Көк көбелек» баяу төмендеуші әуенді қозғалыс, ІV сатының тірек мәні, бастапқы үннің көп рет қайталануы – «Алтыбасар», «Әудемжер», «Ақ саусақ» әндерінде кездеседі.
Ақанның бізге жеткен ән – поэзиялық мұралары көбіне қысқа, лирикалық өлеңдер, әндер, дидактикалық сарында жазылған екі – үш өлеңі және «Тағырипың» атты сюжетсіз поэмаға ұқсайтын махаббат тақырыбына жазылған лирикалық ұзақ өлеңі.
Қорыта айтқанда, Ақан - өз кезеңіндегі ірі ақын, композиторлардың бірі. Ол әлеуметтік өмірдегі әртүрлі мәселелерді тақырып етіп, ел басындағы қысымшылықты көре білді. Ел қайғысы өз қайғысы болып, оған қарсылық білдіріп, наразылық көрсетті. Ол қазақ өнеріне өшпес еңбек етіп, адамның психологиясын, күйініш – сүінішін суреттеудің үлгілі, өнегелі туындыларын қалдырды. Жастардың эстетикалық сезімін оятып, әдемілікті суйе білуге тәрбиеледі.
Ақан серінің
туындылары дәстүрлі ән
Ақын әндері: «Балқадиша», «Сырымбет», «Құлагер», «Құлагердің желісі», «Көкжендет», «Екі торы ат», «Ақтоты», «Алай көк», «Маңмаңгер», «Майда қоңыр», «Көкшетау», «Мақпал», «Ақсаусақ», «Перизат», «Жамал қыз», «Шәмшиқамар», «Көк көбелек», «Әудемжер», «Сәулем – ай», «Кепсер», «Алтыбасар», «ай көке», «Қай дөңге», «Жылқылы бай», «Қараторғай», «Кербезсұлу», «Ақан сері», «Үш тоты құс», «Іңкәр – ай», «Нұрила» т.б.