Абай шығармаларындағы адамдық болмыс мәселесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2011 в 18:42, сочинение

Описание

Қазақтың кемеңгер ақыны Абай Құнанбаев қазақ әдебиетіне жаңа өрлеу, өркендеу дәуірін алып келді. Ол ақын, дастаншы, аудармашы, сазгер, ғұлама ойшыл, гуманист, ағартушы болды. Абай поэзиясы – имандылық, терең адамгершілік, ойшылдыққа баулитын поэзия. Ол «Адамды, Алланы, әділетті сүй » деп ғибратты ой қалдырған. Оның шығармаларын түсіну бірден қолдан келмес...Тек қайталап оқып, терең бойласаң ғана түсінесің. Ақын өзі айтып кеткендей, оқыған нәрсені есте сақтап, ұмытпаудың талаптары. Тағы бір талап : ойда арам және жат нәрсенің болмауы немесе ой тазалығы.

Работа состоит из  1 файл

Абай шығармалары....docx

— 26.50 Кб (Скачать документ)

 

Абай  шығармаларындағы адамдық  болмыс мәселесі

                                                     Шын хәкім, сөзің асыл- баға жетпес

                                                      Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес.

                                                      Қарадан хәкім болған сендей жанның

                                                      Әлемнің құлағынан әні кетпес!

                                                     ...Ай, жыл өтер, дүние көшін тартар,

                                                     Өлтіріп талай жанды, жүгін артар.

                                                     Көз ашып, жұрттың ояу болған сайын,

                                                     Хәкім ата, тыныш бол,қадірің артар.

                                                                   (Мағжан Жұмабаев) 
 

     Қазақтың кемеңгер  ақыны Абай Құнанбаев қазақ әдебиетіне жаңа өрлеу, өркендеу дәуірін алып келді. Ол ақын, дастаншы, аудармашы, сазгер, ғұлама ойшыл, гуманист, ағартушы болды. Абай поэзиясы – имандылық, терең адамгершілік, ойшылдыққа баулитын поэзия. Ол «Адамды, Алланы, әділетті сүй » деп ғибратты ой қалдырған. Оның шығармаларын түсіну бірден қолдан келмес...Тек қайталап оқып, терең бойласаң ғана түсінесің. Ақын өзі айтып кеткендей, оқыған нәрсені есте сақтап, ұмытпаудың талаптары. Тағы бір талап : ойда арам және жат нәрсенің болмауы немесе ой тазалығы. Абай шығармаларын оқи отырып, осы атап кеткен талаптарды қанағаттандыра келе, оның беткі қабатындағы сөздердің астарында жатқан философиялық терең ойды түсініп ұғуға болады. Шығамаларын ауызекі тілмен емес, әдеби тілмен қағаз бетіне түсіре білген. Сөз қадарін ерекше бағалаған. Сөз – оның жан дүниесін, жүрек айқайын жеткізетін құрал. Еңбектері жүрегінің қол жетпес түкпірінде жатқан ойдан, өзін мазалап жүрген аса маңызды жағдайларға деген тұлғалық көзқарас, адам болмысы туралы толғауларынан туған.

      Абай дүниенің заңдылықтарын мойындап, дүние де, адам баласы да бірқалыпты тұрмай, өзгеріп отырады деп таниды. «Дүние бірқалыпты тұрмайды. Дүние – үлкен көл, заман – соққан жел. Алдыңғы толқын – ағалар, артқы толқын – інілер, кезекпенен бөлінер, баяғыдай көрінер» деп тұжырымдайды. Абайды толғандырған мәселенің келесісі – адам жаны мен тәні, жаратылысы мен болмысы. Қырық үшінші қара сөзінде «Тән азығы ішіп-жеу болмаса, ол өсіп қуаттанбайды, ал адамның жан азығы – білуге құмарлығы, бұл болмаса оның малдан айырмашылығы жоқ. Білмекке құмарлықты қанағаттандыру – дүниенің көзге көрінген және көрінбеген қасиеттерін танып, іздену, сұрап білу, ғылымға ұмтылу, дүние сырын білу, көкірекке сәуле, көңілге сенім береді» деп біледі.

      Бірақ Абай осы тән азығы мен жан азығына көп мән беріп, екеуін ажырата білудің маңызы зор деп есептеген. Әрине, ол дұрыс. Өйткені адам баласы өзінің екі қажеттілігін қанағаттандыра отырып, оның жан азығы мен тән азығы екендігін айыра білу керектігінде күмәнім жоқ. Білмекке құмарлықты қанағаттандыру – көзді ашу. Әр нәрседен өзіңе керекетісін алу, оны ойға түю. Ал керек емес арам ойлардан аулақ болу. «Ғылым –алланың бір сипаты, ол хақиқат, оған ғашықтың өзі де хақлық һәм адамдық дүр» деп отыз сегізінші сөзінде айтып кеткен.

      Абай адамды дүниенің ең маңызды бөлігі деп санаған, оның бойындағы асыл қасиеттерге былай сипаттама берген. «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті, ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек». Ол адамның ақылды, білімді болуы оның тұрмысынан емес, айналадағы адамның дүниені сезіп- білуі, үйренуінен, еңбек етуі деп қарайды. «Ақыл, қайрат, жүректі бірге ұста, сонда толық боласың елден бөлек»,  «Пайда, залалды айыратұғын қуаттың аты - ақыл» деп ақыл, білімге шақырады , көзін ашқысы келеді. «Тегінде адам баласын адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез, деген нәрселермен озбайды,ал содан басқа нәрселермен озам деушілік – бос әурешілік».

       Абайдың адам мен қоғамның өзара байланысы, өмір туралы айтары да аз емес : «Дүниеде жалғыз қалған адам – адамның өлгені», «Егер есті кісілер қатарында болғың келсе,күнінде бір мәрте, болмаса жұмасына бір, өзіңнен өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі есеп өміріңді қалай өткіздің екен, не білімге , не ахиретке, не дүниеге жарамды, күніңді өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің? Жоқ, болмас , не қылып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың? Олай болса, адам өмір сүріп, ол өмір мәнді болуы үшін өзі қалай болса, солай қарауға тиісті...», «Адамды ақылдылығына қарай ардақта» дейді Абай. Онымен қоса еңбек ету, күн көру туралы да ұмытпаған. «Еңбек ету керек, кәсіптің иесі болу – адам өмірінің бір саласы. Егер мал керек болса, қолөнер үйренбек керек. Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан қолөнерші –қазақтың әулиесі сол. Еңбек қылсаң жер де береді, құр тастамайды» деген де сол, «еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» . Абай адамдарды игілікті еңбек етіп, өнер, ғылым тауып, өз тіршілік- тұрмысын оңалтып, рахат көруге насихаттайды, халықты өнер, ғылым жолына түсуге шақырады.

       Келесі, ақынды толғандырған мәселе – адамның  бойындағы жаман қасиеттер. Оларды атай отырып, оның кесірін де айтуды ұмытпаған. Ондағы қасиеттерге менмендік, өзімшілдік, надандық, арамдық, өтірік айту, мақтаншақтық, қанағатсыздық, байлық пен билікке құмарлық және т.б. Әрқашан берекеге шақырған : «Беркелі болса ел –жақсы сайлау, ол бір көл». Еріншектіктің де келтірер залалы аз емес екенін де жақсы білеміз. «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық аздырар адам баласын». Айтылған сөздерден кейін адам баласының осы ұнамсыз қасиеттке деген ақынның көңілі толмағандығын оңай да тез аңғаруға болады. «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар, сонан қашпақ керек. Ең әуелі надандық, екіншісі – еріншектік, үшіншісі – залымдық деп білесің. Надандық – білім, ғылымның жоқтығы, дүниеден оларсыз ештеңені біліп болмайды. Білімсіздік – хайуандық болады. Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны, талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық – бәрі осыдан келіп шығады. Залымдық – адам баласының дұшпаны. Адам баласына дұшпан болса, адамнан бөлінеді» дейді.

       Иманшылық –сол кездегі және қазіргі таңдағы ойға батыратын қиын да әзірге шешілмес мәселе. Еш мұсылман баласы құдайға құлшылық ету жолына біреудің нұсқауымен емес, иман келтіруге өзінің ақыл-ойының жоғарылығы мен рухының күштілігі арқасында жеткзу, өз қалауымен, таза ниеті мен жаратушыға деген сүйіспеншілігімен түсу керек, басқа себептермен осы жолға түсу – нағыз харам, күнә болмақ. «Алла тағала адам баласын не үшін жаратты?» десек, осы сұраққа бір-ақ жауап бар. «Алла тағала адамды сынау үшін жаратты», яғни біз жаратушы Алланың құлымыз. Ең дұрысы – Алланы қол жетпес құдірет санау. Ал кездесетін надан адамдар оған сенбесе – ол білімсіздік белгісі: «Құдай табарака тағаланың барлығының үлкен дәлелі – неше жылдан бері әркім әртүрлі сөйлесе де, бәрі де бір үлкен құдай бар деп келгендігі, һәм неше мың түрлі діннің бәрі де ғадалет, махаббат құдайға лайық дегендігі. Біз жаратушы емес, жаратқан көлеңкесіне қарай білетұғын пәндеміз. Сол махаббат пен ғаделетке тартпақпыз. Сол Алланың хикметін біреуден біреу анығырақ сезбекпен артылады. Инандым, сендім демек инандырамын, сендіремін деген емес » деп әрбір мұсылман пендесін иманға, сонымен қатар тазалыққа шақырған. Өзі біліп, өзгеге айту парыз екендігінде еш күмәні болмады. Осы айтып кеткен махаббат пен ғаделет – жаратқан тәңірінің ісі, өзін сол істі орындап, соған құлшылық еткен ол әрқашан шығармаларында тазалықты насихаттайды.

      Әр адам тек осы ұлы ақынның шынайы ұлылығын осы шығармаларының көп мөлшерін оқығаннан кейін сезіп,түсінбек. Өзі айтып кеткендей: «ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым. Енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ.»

       Айта келе Міржақып Дулатовтың «Зәредей шүбә етпейміз, Абайдың өлген күнінен қанша алыстасақ та, рухына сонша жақындармыз. Үнемі бұл күйде тұрмас, халық ағарар, өнер мен білімге қанар, сол күндерде Абай құрметі күннен күнге артылар. Бірінші ақынымыз деп қабірін халқы жиі-жиі зиарат етер, халық пен Абай арасы күшті махаббатпен жалғасар. Ол күндерді біз көрмеспіз, бірақ біздің рухымыз қуанар» деген бүгінгі таңда ақиқатқа айналғанына ешкім шүбә келтірмес.

      Ендеше, адамдық болмыс  мәселесі – Абайдай ғұлама, данышпанның шығармашылығының өн бойына таратылған діңгек десе болады. 
 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  
 
 
 
 
 

Информация о работе Абай шығармаларындағы адамдық болмыс мәселесі