Қазақтың ең ұлы ағартушы-ларының

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2012 в 15:17, реферат

Описание

Байқап қарасақ, бүгінгі ХХІ ғасыр – қауіп-қатер, қиыншылық-тарымен бірге жақсылығы мен мүмкіндіктері де мол кезең. Ғылым да, жаңа технологиялар да дамыған заман. Алайда мұсылман әлемі осы мүмкіндіктерді әзірге барынша кең пайдалана алмай жүрген секілді. Ал, негізінде, Алланы танып, оның Құранын оқи алатын адамдардың ғылым жөнінен тереңдеуге мүм-кіндігі мол. Қасиетті Құранда: «Оларға: «Білетіндер мен білмейтіндер тең бе?», – деп айт. Шын мәнінде, ақыл иелері ғана ғибрат ала алады» («Зүмар» сүресі, 9-аят), – деген аят бар.

Работа состоит из  1 файл

билимсиз.doc

— 41.50 Кб (Скачать документ)

 

Қазақтың ең ұлы ағартушы-ларының  бірі Ыбырай атамыз:

 «Өнер-білім бар жұрттар

 Тастан сарай салғызды.

 Айшылық алыс жерлерден

 Көзіңді ашып-жұмғанша,

 Жылдам хабар алғызды.

 Аты жоқ құр арбаны

 Мың шақырым жерлерге

 Күн жарымда барғызды»,  – деп өз заманындағы өнерлі елдерді жастарға үлгі етіп жырлайды. Ал бүгінде ше? Өнерлі жұрттардың жеткен жері қайда, біз қайда? Осы жайында аз-кем әңгіме жүргізбекпіз.

 Байқап қарасақ, бүгінгі  ХХІ ғасыр – қауіп-қатер, қиыншылық-тарымен  бірге жақсылығы мен мүмкіндіктері  де мол кезең. Ғылым да, жаңа технологиялар да дамыған заман. Алайда мұсылман әлемі осы мүмкіндіктерді әзірге барынша кең пайдалана алмай жүрген секілді. Ал, негізінде, Алланы танып, оның Құранын оқи алатын адамдардың ғылым жөнінен тереңдеуге мүм-кіндігі мол. Қасиетті Құранда: «Оларға: «Білетіндер мен білмейтіндер тең бе?», – деп айт. Шын мәнінде, ақыл иелері ғана ғибрат ала алады» («Зүмар» сүресі, 9-аят), – деген аят бар.

 Сондықтан Ыбырай атамыздың  «Өнер-білім бар жұрттар» өлеңіне  бүгін жаңа қырынан көз салғанымыз жөн. Себебі өнер-білім ол заманнан әлдеқайда қарыштап дамып кетті. Бүгінгі ғылым мен техниканың жетістіктері, адамзаттың ойлау кеңістігі шырқау биіктерге жеткені баршамызға аян. Техникалық жүйелер, техно-логиялық ағымдарды бұрынғы дамумен салыстыруға да келмейді. Бұрын жазылмастай көрінген дерттердің дауасы табылып жатқан ғасырдамыз. Әрбір үй адамның өмірін жеңілдететін техникалық құралдарға толып үлгерді. Бүгінгі өнерлі жұрттар соған жетіп отыр. Мұсылман елдері бұл жағынан, әрине, кешеуілдеп келеді. Бүгінде жер бетіндегі билікті де қолында өнер-білімі бар адамдар жүргізіп отыр. Ал тарихта бүкіл ілім Исламнан, Құраннан, Алла Тағаланың жер бетіне орнатқан заңдылықтарынан басталғанын білеміз. Қазақтың «Білімсіз күнің жоқ» дегені дәл қазіргі біздің шаққа арналып айтылғандай.

 Әлемде әр адам, әр  мемлекет келешектен өз үлесін  молырақ алып қалуға әрекет  етумен келеді. Бәрі де бүгінгі  аласапыран заманда жан алысып, жан берісіп, тайталасып жүріп,  келешектен алар пайдасын, үлесін  молайтуды көздеуде. Өркениетті  деп саналатын АҚШ, Жапония, Қытай, Франция болсын, қай-қайсысы да еңбектеген бала-сынан, еңкейген кәрісіне дейін келешек үшін жанталасуда.

 Біреулер ғылымымен,  біреу-лер техникасымен, біреулер  саясатымен, енді біреулер ты-нымсыз  еңбегімен осы әлемдік бәсекеге барын салып жатыр. Жер қойнауында көміліп жат-қан қазыналарды ең жаңа технологиямен қопарып алып, аршып, тазалап, өз пайдаларына асыруда. Солар арқылы халықтың тұрмыстық заттарын да, техника мен көлік түрлерін де, қысқасы адамның бүкіл өміріне қажетті өнімдерді шығарып отыр. Ал, негізінде, дәл осындай іздемпаздық, жасампаздық, өнер-паздық, ғылым-білімге құмар-лық мұсылмандарда болуға тиіс. Өйткені, дініміз, сеніміміз, иманымыз соған шақырады. Ар-дақты пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Рызық-несібелеріңді жер қой-науынан іздеңдер» немесе «Ғиба-даттың ең артығы – ғылым іздеу», – деген хадистері бар. Дінімізде еркек адамға да, әйел адамға да ғылым іздену – парыз. Бірақ мұсылман елдері, соның ішінде қазақ жұрты осылардың бәріне көз жұма қарап, бүгінде жағамызды жайлауға салып, жайбарақат жатқанға ұқсаймыз.

 Өнер-білімі бар жұрттар  көш ілгері озып кеткен. Компьютерді  бүге-шүгесіне дейін зерттеп-зерделеп, бар мәселесін сонымен шешуде. Ал бізде әлі күнге дейін  компьютерде жазу-теру мен ойын  ойнаудан, агентте хат алмасудан аса алмай жүрген адам жетерлік. Компьютерді дұрыс қолданып, орнымен басқара білсек, ол біздің бүкіл ісімізді жеңілдетер еді. Оны меңгерген өнерлі жұрттар бүгін жайлы бөлмеде отырып, зауытты да, фабриканы да сол арқылы басқарады. Ал дипломы болғанымен, білімнен кенже адам-дар күннің ыстығына шыжып, суы-ғына тоңып далада еңбек етуде. Ыбырай атамыздың өнер-білім бар жұрттарды мақтап отырғаны сол болса керек.

 Әрине, елімізде күндіз-түні  ғылым-біліммен айналысып, ел  үшін еңбек етіп жүрген жандар жоқ дей алмаймыз. Математик, физик, химиктер де өздеріне тиісті ғылымын жүргізіп жатқанында күмән жоқ. Ғылыми жаңалықтар ашылуда. Алайда айтпағымыз, өз еркімен өнер-білім іздеуді бүкіл елдік санаға көтере алмаған сыңайлымыз.

 

Жас ұрпақ-ел тірегі ертеніміздің кепілі. Әрбір ұстаздың міндеті мектеп оқушыларын отан сүйгіштікке, ақыл-ойын жан-жақты дамытуға, ұмтылуға тәрбиелеу. «Қыран-түлегіне қайыспас қанат сыйлайды, ұстаз-шәкіртіне талап сыйлайды» деген халқымыздың қанатты сөзі ұстаз арқылы дарыған талаппен ұрпақтың алысқа ұшатынын меңзеген.

 «Еліміздің ертеңі  бүгінгі жас ұрпақтың қолында,  ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың  қолында» деп білім қызметкерлерінің  бірінші құрылтайында сөйлеген  сөзінде Елбасы айтқандай ұстаздарды  өз Отанын шексіз сүйетін, еліміздің болашығына, оның гүлденуіне аянбай үлес қосатын білімді жеткеншектерді даярлау міндеттері күтіп тұр.

 Қазіргі танда біздің Республикада білім берудің жаңа жүйесі дайындалып, әлемдік білім беру кеңістігінде енуге батыл қадамдар жасалынуда. Білім берудің мазмұны жаңарып, оларды технологиялық-педагогикалық тұрғыдан жетілдіру қажеттігі туындауда. Білім беру деңгейіндегі озық технологияларды пайдаланудың мақсаты – үйрете жүріп, үйрену.

 Білім беру саласында  озық технологиялардың енуі мұғалімнің  ойлану стилін, оқтыу әдістемеесін өзгертеді.

 Физика пәнін оқытуда  озық технологияларды пайдаланудың  басты мақсаты – оқушыларға  білім беру процесінде көмектесу.  Оған: оқыту бағдарламалары, оқытуда  қолдануға арналған электрондық  оқулықтар, тексеру бағдарламалары  мен тестік, өзіндік жұмыстар ерекше орын алады.

 Физика – оқушылардың  ойлану қабілетін қалыптастырып  және дамытатын негізгі буын. Ол оқушылардың интеллектін, логикалық  ойлауын және шығармашылық қабілеттерін  дамытуға, табиғат заңдылықтарын  толығымен түсінуге ықпал жасайды. Оның мақсаты: жаңа ақпараттық дамыған қоғамда оқушыларды белсенді шығармашылық іс-әрекетке дайындау. Бұл мақсатқа жету үшін жаңа ақпараттық технологияларды сабақ беру процесіне енгізу қажет.

 Сабақта озық технологияларды  тиімді пайдалану оқушылардың физика пәніне деген қызығушылығын арттырады, шығармашылық қабілетін дамытады, қоршаған ортаны танымдық зерттеу барысында дидактикалық мақсаттар іс жүзінде асырылады.

Сабақтың тиімідлігін  оқушылардың танымдық қызуғушылығын  арттыру үшін тақырып материалдарын оқып үйренуде, олардың әртүрлі ізденушілік бағыттағы тапсырмаларды орындауының үлкен маңызы бар. Әрине оқушылардың зерттеу жұмыстарының тақырыбы ғылымда бұрыннан белгілі. Бірақ оқушының зерттеушілік тапсырмаларды орындауын ұйымдастырудың маңызды мәселе болып табылады. Оқушылардың зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың негізі мезеттерін айқындау шығармашылық процестің ерекшеліктеріне байланысты. Зерттеушілік сипаттағы тапсырмалар оқушыларды пәнге қызықтырып материалдың теренде тиянақты меңгерін қамтамасыз етеді.

 Оқытудың осындай жаңа  әдіс-тәсілдерін пайдалану мұғалімі  табысқа жетелеп, білімін шыңдай  түседі.

 Жас ұрпақтың жаңаша  ойлануына, олардың біртұтас дүниетанымының  қалыптасуында әлемдік сапа деңгейіндегі  білім, білік негіздерін меңгеруіне  ықпал ететін жанаша білім мазмұнын құру жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселе . Бүгінгі орта білім беру ісіне қойылар талаптар қай кездегіден де күрделі маңызды. Өйткені бізді дамудың жаңа кезеңі күтіп тұр. Сол кезеңге лайық ұлттық санасы жаңғырған жаңа ұрпақ тәрбиелеу міндеті мойынымызда. Барлық кедергілерді жеңу табысқа талпыну өз қолымызда деп білеміз. «Оқусыз – білім жоқ, білімсіз күнің жоқ» деген халық даналығы ешқашан мәнін жоғалтпайды.


Информация о работе Қазақтың ең ұлы ағартушы-ларының