Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2011 в 07:41, доклад
Қазақ халқының ұлттық мектебінің қалыптасуында, мәдени өркендеуінде өшпестей із қалдырып, тарих төрінен көрнекті орын алған ардақты тұлғаларымыздың бірі – Ыбырай Алтынсариннің туғанына 170 жыл толуы ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр.
Ұлы ағартушы, дарынды ұстаз, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай (Ибрагим) Алтынсарин 1841 жылғы 2 қарашада қазіргі Қостанай облысының Қостанай ауданындағы бұрынғы Арақарағай болысының жерінде туған.
Қазақтың
тұңғыш педагогі
Қазақ халқының ұлттық мектебінің қалыптасуында, мәдени өркендеуінде өшпестей із қалдырып, тарих төрінен көрнекті орын алған ардақты тұлғаларымыздың бірі – Ыбырай Алтынсариннің туғанына 170 жыл толуы ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр.
Ұлы ағартушы, дарынды ұстаз, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай (Ибрагим) Алтынсарин 1841 жылғы 2 қарашада қазіргі Қостанай облысының Қостанай ауданындағы бұрынғы Арақарағай болысының жерінде туған.
Ыбырайдың әкесі Алтынсары
Ыбырай Алтынсарин
Ы.Алтынсарин орыс-қазақ мектептері үшін арнаулы оқу құралдарын шығару қажет деп санады. Өзі қазақ балаларының таным-түсінігіне лайықты оқу-әдістемелік құралдар жазды. 1879 жылы оның “Қазақ хрестоматиясы” оқулығы және дидактикалық оқу мәселесі жөнінде “Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы” жарық көрді. Бұл кітаптар қазақ балаларын кириллица негізінде оқытуға арналған тұңғыш оқу құралдары болды. Ол оқыту әдістерін жаңа бағытта құрды, оқуға деген баланың ынтасы мен қызығушылығын арттыруды көздеді, оқуды ана тілінде жүргізді.
Ыбырай Алтынсарин жаңашыл
“Оқысаңыз, балалар,
шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан іздемей-ақ табылар”.
Оқу, білімнің пайдасы қандай, ол неге керек деген мәселеге келгенде оның өмір үшін, болашақ үшін қажет екенін талдап көрсетеді:
“Ата-енең қартайса,
тіреу болар бұл оқу.
Қартайғанда мал тайса, сүйеу болар бұл
оқу”.
Жастарды өнер-білімге, техникаға үндеу ақынның “Өнер-білім бар жұрттар” деген өлеңінде өз жалғасын тапқан. Ол өнер-білімі жетілген елдердің артықшылығы қандай, олар сол өнерімен нені игеріп отыр, ертеңгі өмірдің талап-тілектері не деген күрделі мәселелерді жастар алдына көлденең тарту арқылы оларға ой тастап, өнер-білімді батыл игеруге шақырады:
“Адамды құстай ұшырды
Мал істейтін жұмысты
От пен суға түсірді.
Отынсыз тамақ пісірді,
Сусыздан сусын ішірді”.
Табиғат көріністерін жеке алып, нақты суреттеу Алтынсариннің лирикалық өлеңдерінен басталады. Ақын өзінің “Жаз”, “Өзен” атты өлеңдерінде жыл мезгілдерін, табиғат көріністерін аса шеберлікпен сипаттайды.
Алтынсариннің төл әңгімелері қысқа да нұсқа құрылып, мазмұны жағынан ұтымды келеді. Оның “Қыпшақ Сейітқұл”, “Киіз үй мен ағаш үй”, “Надандық”, т.б. әңгімелері сол кездегі қоғам өмірінің келелі мәселелерін көтеріп, халықтың көзін ашып, санасын оятуға арналған. Бұлармен үндес “Асыл шөп”, “Шеше мен бала”, “Бай мен жарлы баласы”, “Таза бұлақ”, т.б. әңгімелері – әсерлі де көркем шығармалар.
Алтынсарин қазақ мәдениетіне көркем аударма жасаумен де үлкен үлес қосты. Ол қазақ тіліне Ушинскийдің, Толстойдың, Крыловтың шығармаларын тәржімалап, қазақ әдебиетінде көркем аударма жанрын қалыптастырды. Орыстың аса көрнекті педагогі Ушинскийді ол өзінің ұстазы санады. Оның педагогикалық шығармаларынан, негізінен, қазақ мектебіне, қазақ мұғаліміне лайықты үлкен тәрбиелік мәні барларын тәржімалады.
Ұстаздардың ұстазы Ыбырай
Ұлы ағартушының өнегелі өмірі мен таланты бір кезде қандай жарқын қасиеттерімен көрініп, қазақ мәдениетінің тарихында айқын іздерін қалдырса, қазір де сол құнды идеялары халқымен бірге жасап келеді. Ыбырай атамыз бүгінгі күні де жас жеткіншектерді “Кел, балалар, оқылық” деп білімге шақырып тұрғандай. Уақыт өткен сайын оның педагогикалық мұраларының мән-маңызы мен қадір-қасиеті арта түсуде.
Қазан төңкерісінен кейін Ы.
Ұлы ұстаздың өнегелі өмірі мен шығармашылығы
әлі де талай жылдар қазақ жастарына, оқытушылар
мен оқушыларға зор үлгі-өнеге болып қала
бермек.