Әбділда Тәжібаев

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 15:45, реферат

Описание

Әбділда Тәжібаев - осы заманғы қазақ поэзиясының аса көрнекті шебері, ірі драматург және белгілі әдебиет зерттеушісі. Әдебиеттегі алғашқы қадамын өткен ғасырдың 20-жылдарының соңына ала өлең жазудан бастаған ол қазақ сөз өнерінің озық дәстүрлерімен дүниежүзілік әдебиеттің үздік жетістіктерінен үйрене отырып, 30-жылдардың орта шенінде-ақ айтулы ақын, республикада әдебиет ісін ұйымдастырушы қайраткерге айналды.

Работа состоит из  1 файл

Әбділда Тәжібаев.doc

— 86.50 Кб (Скачать документ)

Әбділда Тәжібаев (1909-1998) Қызылорд қаласында  дүниеге келген. Интернатта оқып, тәрбиеленген.  

     Әбділда Тәжібаев - осы заманғы қазақ поэзиясының аса көрнекті шебері, ірі драматург және белгілі әдебиет зерттеушісі. Әдебиеттегі алғашқы қадамын өткен ғасырдың 20-жылдарының соңына ала өлең жазудан бастаған ол қазақ сөз өнерінің озық дәстүрлерімен дүниежүзілік әдебиеттің үздік жетістіктерінен үйрене отырып, 30-жылдардың орта шенінде-ақ айтулы ақын, республикада әдебиет ісін ұйымдастырушы қайраткерге айналды. Ә.Тәжібаев - поэзияда лирика мен поэма жанрын қатар алып жүрген ақын. Оның қаламынан туған 30-дан астам поэма мен өте көп сандағы өлеңдері сыршылдық, ойшылдығымен, шыншылдық, оттылығымен ерекшеленеді. Ә.Тәжібаев поэзиясын басқа бірде-бір ақынның туындыларымен шатастыру мүмкін емес. Оның поэзиясы - тың ізденістің, жоғары мәдениеттің, кәнігі шебердің поэзиясы. 

Ә.Тәжібаев атақты драматург те. Драмалық шығармалар жазуды 30-жылдардың соңына ала бастап, әдебиеттің бұл күрделі жанрында айтулы туындылар берді. Әдебиеттану саласында да жемісті еңбек етіп, Ә.Тәжібаев талантты ғалым екенін танытты. Оның, әсіресе, поэзия мен драматургия саласындағы зерттеулері терең ғылымилығымен, талдауларының нәзіктігімен тәнті етеді.

Ә.Тәжібаев ұзақ шығармашылық ғұмырында тынымсыз ізденіп, үздіксіз еңбектеніп, тұтас бір дәуір шындығын жан-жақты, жоғары көркемдікпен бейнелеген өте мол мұра қалдырды.

Өмірбаяны. Әбділда Тәжібаев 1909 жылы Ақмешітте (казіргі Қызылорда қаласында) дүниеге  келеді. Әкесі Тәжібай 1915 жылы қайтыс болады да, шешесі Айманкүл күнкөріс жағдайына байланысты алты жасар Әбділданы қала сыртындағы Қараөзек деген жерде тұратын төркініне алып кетеді. Содан болашақ ақын он үш жасына дейін шешесі Айманкүл мен нағашы атасы Далдабайдың тәрбиесінде өседі. Жас Әбділданың өлеңге, әдебиетке деген құштарлығын оятқан да өз анасы мен нағашы атасы болады. Айманкүл араб, парсы тілдерін жақсы білетін сауатты, көзі ашық, көңілі сара кісі екен, Әбділдаға өзі хат танытып, әдебиет үлгілерін оқытып үйретеді. Кейін белгілі халық ақыны болып, өлеңдер жинағы да жарық көрген Айманкүл, ол кезде әкесі Далдабай қарттың өтінішімен ауыл адамдарына Шығыстың қиссалары мен қазақтың неше алуан жыр-дастандарын оқып беріп отырған. Соларды қыбыр етпей, құмарта, үнсіз тыңдаушыларының бірі - Әбділда болған. Кейінірек үйлеріне келген қонақтары мен ауыл адамдарына, кішігірім жиын-топта әлгі қисса, дастандарды атасының айтуымен Әбділда оқып беретін болған. Оның үстіне бұл ауылға, әсіресе осы нағашы атасының үйіне Сыр елінің атақты ақын-жыршылары жиі келіп тұрған. Бір жолы Әбділда ауылдарына келген атақты ақын әрі әнші Нартай Бегежановпен Айманкүлдің ұзақ айтысын тыңдап, шешесінің айтқыштық, ақындығына қуанып, тапқыр сөздерін есінде ұстап қалған. Анасы жастай дүниеден қайтқан күйеуін байырғы қазақ салтымен жыл бойы жоқтағаны, шешесінің өзі шығарған ұзақ жоқтау поэмасын дауыстап жатқа айтқанын төсекте жатып тыңдап, мұңды-шерлі әуеніне іштей үн қосатын болған.

Жаңа  бір түсіп, шам сөнді, 

Ашыла түсіп, гүл солды, -

деген, ол кезде мағынасын өзі жете түсінбеген жолдарын да есінде сақтап қалған.

Ал ақылды, мейірбан нағашы атасы 1919 жылдың қысында  сүзектен қайтыс болғанша Әбділданы  қасынан тастамай, қайда барса  да бірге алып жүрген. Әбділда атасына  көмектесіп, ау жайысып, тарысын суғарысқан. Той-томалаққа да бірге барып, атасының жанында төрде отырып, үлкендерден қазақтың ескілікті қызық әңгімелеріне қаныққан. Неше түрлі аңыз, ертегілерді көп білетін атасы да тыңдауға құмар жиеніне айтып беруден жалықпайды екен. Ақын кейін өзінің "Еске алу" деген шағын поэмасында отбасының жетім-жесірлік қайғылы тағдырын, беті-жүзін түстеп тани алмай да қалған әкесі туралы жүректе шер боп қалған аңсары жайында:

Есімде  жоқ шын суреті, 

Әкем  менің қандай кісі.

Тек елестей  бұлдырайды

Әлдекімнің  көлеңкесі, -

десе, өмірге де, еңбекке де, өнерге де бейімдеп тәрбиелеген аяулы нағашы атасы туралы "Сыр жырлары" топтамасында жер ортасы жасқа келген ақын:

Кейде түске кіреді, 

Дәл өңімдей  баяғым.

Тай қып  мініп жүремін,

Нағашы  атам таяғын.

Жүгіремін жағалап, 

Сырдың  жайпақ жағасын.

Кәрі көзбен сығалап,

Қарар маған нағашым.

Бірде қуып жүремін 

Шіркей  мен шыбынын.

Айдап бірде жүремін  

Нағашымның  шығырын...

Босайды екен көңілің 

Туған жерге келгенде:

Көрініп тұр  жып-жылы

Көп тырнаған шеңгел де.

Кейде түске кіреді 

Дәл өңімдей баяғым.

Тай қып мініп  жүремін 

Нағашы атама  таяғын, -

деп еске алады. Ол таңғажайып шығыс поэзиясынан да, туған халқының бай да көркем ауыз әдебиеті мұраларынан  да таусылмас әсер, ләззат алып өседі. Жалпы, тумысынан дарынды, зерек  те сергек Әбділданың ауылда алған әсері бай да құнарлы болған. Оны ақын шығармашылығынан байқау қиын емес.

Жоғарыда аталған  поэмасының кейіпкері қаладағы оқу  орнына аттанғаны туралы:

Қар да құйды  жапалақтап,

Тоқтамастан бастым алға.

Тұңғыш ізім бақыт  қуған 

Тұңғыш жауған түсті қарға, -  

 дейді. Бұл  Әбділданың өзі туралы айтылған  сөз еді. Шынында да, ол 1922 жылы  Қызылорда қаласында жаңадан  ашылған жетім балаларға арналған  интернатқа қабылданып, сауаттылығының  арқасында бірден интернат жанындағы  бастауыш мектептің 3-сыныбынан бастап оқып кетеді.  Әбділданың алғашқы өлеңдері осы интернаттың қабырға газетінде жарияланады. Одан кейін Шымкенттегі жеті жылдық мектепте, 1929-1932 жылдары Абай атындағы Қазақ педагогика институтында оқиды, 1953-1956 жылдары Мәскеудегі жоғары әдебиет курсын бітіреді Еңбек жолын "Еңбекші қазақ" (қазіргі "Егемен Қазақстан") газетінде алдымен пошта тасушы (1926), содан кейін корректор болып істеген (1927-1928) ол небары 4-5 жылда "Лениншіл жас" (қазіргі "Жас алаш") газеті редакторының орынбасары (1932-1934) дәрежесіне дейін көтеріледі. Әбділданың "Жұмысшының гудогі" өлеңі 1926 жылы "Жұмысшы" газетінде басылады. Бұл - оның баспа бетін көрген тұңғыш туындысы. Әрі қарай өлеңдері "Жұмысшы" және "Еңбекші қазақ" газеттерінде шығып тұрады. Жиырма бес жастағы Әбділда 1934 жылы Қазақстан Жазушылар Одағының хатшылығына, ал 1939 жылы оның төрағалығына сайланады.

30-жылдары ақын  көп оқу, тынымсыз іздену үстінде  өндіре де жазады, шығармаларының  көркемдік сапасы жағынан да  айтарлықтай биікке көтеріледі. "Жаңа ұрпақ" (1935), "Лирикалар" (1936) деп аталған жинақтары бірінен соң бірі жарық көреді. Белгілі "Оркестр", "Абыл", "Толағай" сынды романтикалық поэмалары мен М.Әуезовпен бірігіп жазған "Ақ қайың" деп аталатын тұңғыш пьесасы да сол жылдардың жемісі. Қазақ әдебиетінің сол кездегі маңдай алды таланттарының біріне айналған Әбділданы дарын сырын танығыш көреген М.Әуезов: "Қазақ поэзиясына әсерлі, сапалы көркем бір ағым кіргізіп келе жатқан ақын" деп (1939) бағалайды.

Ә.Тәжібаев 1945-1948 жылдары Қазақ ҚСР Ғылым  академиясының Тіл және әдебиет институтының Жамбыл бөлімін басқарады. "Қазақ әдебиеіті" газетінің бас редакторы болады. 1963 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты және Қазақ ҚСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының мүшесі болын сайланады. Филология ғылымының докторы Ә.Тәжібаев жазушылығына қоса біраз жылдар М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында ғылыми-зерттеу жұмыстарымен шұғылданып, өмірінің соңғы жылдарын бірыңғай шығармашылыққа арнайды. Қарт ақын Ахмет Байтұрсынұлы бастаған арыстарымыздың ақталғанын көріп, тоталитарлық жүйенің сеңі бұзылғанын сезініп, 1998 жылы 90-ға қараған шағында дүние салды.  

  

 

Жол салып  күнбатысқа қан мен терден


        Жол салып күнбатысқа қан мен терден,

Жөнеген жойқын ерлер жеңістермен,

Жайрата жау ордасын кірді басып,

Босатып бостандықты неміс бүрген.

Жауыздың  оқпен жыртып көкірегін,

Қақ жарып  Германия сұм жүрегін.

Табысты әділеттің батырлары 

Төккен  қан, тартқан азап кетпей тегін.

Қуан, дос, қуан, бауыр, қарындасым,

Жаныңда шаттық оты жалындасын!

Жалғыз-ақ хиялыңнан шығарма сен 

Ағарған ағалардың әрбір шашын!

1945


 

 

Іздемен жастығымды


       Тоқтаусыз көп жүріппін, бір тынбаппын,

Еңелеп  елуге де келіп қаппын.

Қалыпты кейінде ұзап сан жылдарым.

Қалыпты сол жылдарда балғын шағым.

Десетін «уақыт ұры» ескі кепті

Айтуға  қартайған әркім епті.

Мен соны лей алмаймын әділ есеп,

Тағуға  дәрменсізбін уақытқа есек.

Өшірмей отымды алып бойымдағы,

Жоғалтпай жырымды алып ойымдағы -

Беріпті бәрін уақыт туған жерге,

Қалдырмай белгісіз бір белеңдерде.

Көргенде  жас орманның жапырағын,

Жасырмай  мақтанамын шаштың ағын,

Жүзімді баса берсін әжім енді,

Гүлдерде  ажарымнан жатыр белгі.

Қанымның  қызуымен тасқын селін 

Бойына  жинапты жас өзендерім.

Тартымпаз толқынды ойым жеңістерге

Ойнайды шалқып жаңа теңіздер де.

Ғажайып, жер жасарды, мен қартайдым,

Жанымнан  сезілмейді қарттық кайғым.

Іздемен жастығымды енді алыстан,

Табамын тұлғасынан Қазақстан.

1957


 

 

Асам  деп Алатауымнан 


        Асам деп Алатауымнан

Қап-қара бұлттар келеді.

Демінен соғып қар, боран

Қанатын жая төнеді.

Күркірейді  көк долы

Жалтылдатып семсерін.

Тосып тұр оның тау жолын 

Кеудесін  кернеп ер сенім.

1947


 

 

Бір ақын туралы әңгіме


← 1 2 3 4 5 6 7 →

Бет 1 . Барлығы 7 бет 

        Керемет еңбектен бір батыр шықты,

Даңқымен  таңдандырды қалың жұртты.

«Тағыпты  омырауына алтын жұлдыз,

Уа, шіркін, сол жігітті көрер ме ек біз...» 

Талайлар  осылайша әңгіме етті

Мақтады газеттер де сол жігітті.

Шықпайтын үйінен бір ақын бар-ды,

Көп көрген соңғы кезде талқыларды.

Ол аса  қадірлейтін өз талантын,

Тютчевтан көбінесе нәр алатын.

Ұсайтын Блокқа да көп өлеңі,

Жырлайтын өз әйелін әп-әдемі.


Жалғыз-ақ алып барад жұрт мазасын,

«Өмірден  алшақсың» деп тағады сын.

Оқыды газеттен ол батыр жайын,

Мақтаған  жылқышыны қарапайым.

«Ықпаған  борандарда, түнде жортқан,

Бір қыста  жүз қасқырды жалғыз соққан.

Деген сөз ақынның да көңлін бөлді 

Баруға  сол батырға буды белді.

Адамның көремін деп Геркулесін,

Көзіне  елестетті зор денесін.

Геройын көрмей-ақ ол жол бойында 

Жоспары поэманың туды ойында:

Еске  алды ертек тартқан батырларды.

← 1 2

«Несі бар,- деді өзіне, күбірледі,-

Кім сынар  көрмедің деп өмірді енді!

Жүз қасқыр, бір алыптың қан майданын

Жырменен  жеті буын сыпаттаймын».

Ұмытқан көптен бері жүруді атпен,

Жүйріктің желісінен шаршады әбден.

Жануар  тізгінімен алыстырды,

Ақынның әлсіз қолын қарыстырды.

Күн батып, жайған кезде түн қанатын.

Аулына  геройының жетті-ау ақын.

Көрмеп  ед он жыл ұдай өз ауылын,

Танымай тұрды қарап мынау түрін:

Тамаша  көшелері тартқан сымдай,

Көп жарық  көктің бейне жүлдызындай,

Қаз-қатар  жасыл жапырақ жас теректер

Астында күмбезденген люстранын 

Еденнің жібек кілем жапқан бәрін.

Бос емес бір орындық, толған адам

Кезі  екен қызған жаңа лекцияның.

Кірді ақын, жалтақ-жалтақ қарай берді,

Бата  алмай басуға өңшең жібектерді.

Көруге  елден ерек зор алыпты

Жолаушы әркімдерге-ақ көзін тікті.

Алып  жоқ, жиын жұрттың бәрі бірдей,

Сөйлеп  тұр бір жас жігіт түк іркілмей.

Шешеннің  жанды сөзі еліктіріп,

Қалыпты тыңдаушылар судай тынып.

«О ғажап!- деді өзіне ақын тағы,-

Сайраған  бұл кім өзі колхоздағы?..

Күйретті  идеялизм өкілдерін,

Ақтарып фәлсәфаны қай-қайдағы.

1 . Барлығы 2 бет 

         Жазды күн, жазық далада,

Тігулі  шатыр көруші ем:

Шатырдағы Қанышты 

Кім екенін білуші ем.

Қайтып  бір күн құс атың,

Сол шатырға  қондым кеп.

Салқын  түнде жаттық біз,

Қаздың  етін бөліп жеп.

Сыр қып  терең ол маған,

Айтты жайын Сергоның:

Арнап барып көргенін,

Сергоға серт бергенін.

Ақ шатырда  екеуміз,

Сөйледі дос жер жайын,

Есептеді  алтын, мыс,

Қорғасынын,

← 1 2 →

 

Алматы 


← 1 2 →

Бет 1 . Барлығы 2 бет 

          Алматымыз астанасы қазақтың,

Тұрамын мен сол қаланың өзінде.

Рим да емес ол, Париж да емес мақтаулы,

Ұқсасы  жоқ бүкіл дүние жүзінде.

Қала  емес ол - сіздер көрген, достарым

Суреті  оның басқалардан өзгерек.

Жырлау үшін оның жерін, аспаның 

Ескірмеген, естілмеген сөз керек.

Қай қалада осынша алып емендер 

Қөшелерге жайып  қанат шығады.

Қай қалада алтын  бұйрат теректер

Жапырағымен көкті  сүртіп тұрады

Әрбір гүлге бір  бүлбүлдан сайраса,

Әр сұлуға жыр  шертеді бір ақын.

← 1 2 →



Информация о работе Әбділда Тәжібаев