Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 17:18, биография
Бөгенбай АқшаұлыБөгенбай Ақшаұлы, Қанжығалы Бөгенбай (1680-1775 кейбір деректерде 1776-1778) – қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресі тарихында ерекше рөл атқарған батыр, қолбасшы. Қаратау бөктеріндегі Бөген өзені бойында туған. 18 ғасырдағы қазақ батырларының жасы үлкен ақсақалы болғандықтан оны халық аңыздарында ардақтап «Қанжығалы қарт Бөгенбай» деп атап кеткен.
Бөгенбай АқшаұлыБөгенбай Ақшаұлы, Қанжығалы
Бөгенбай (1680-1775 кейбір деректерде 1776-1778)
– қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына
қарсы азаттық күресі тарихында ерекше
рөл атқарған батыр, қолбасшы. Қаратау
бөктеріндегі Бөген өзені бойында туған.
18 ғасырдағы қазақ батырларының жасы үлкен
ақсақалы болғандықтан оны халық аңыздарында
ардақтап «Қанжығалы қарт Бөгенбай» деп
атап кеткен. Қарабалта түбінде қырғыздармен
болған шайқаста Бөгенбай батыр 77 жаста
болған деседі. Арғынның қанжығалы руынан,
батырлар әулетінен шыққан. Атасы Әлдеуін
батыр Есім хан әскерінің қолбасшысы,
әкесі Ақша батыр Тәуке ханның 80 мың қолын
басқарған сардар болған. Бөгенбай 1708
жылы (кейбір деректерде 1709 жылы) Әз Тәукенің
бұйрығымен 30 мың жасақты бастап, қазақ
елінің берекесін ала бастаған казак-орыстарды
түре қуып, Еділден әрі асырып тастағаны
туралы деректер сақталған. Осы ұрыста
Бөгенбай алғаш рет ерлігімен көзге түскен.
Батыр жоңғарларға қарсы 100-ден астам шайқасқа
қатысқан. «Қазақтың қамал-қорғаны» (Бұхар
жырау) баһадүр Бөгенбай қазақ халқының
Абылай хан бастаған ұзақ жылдарғы ұлт
бірлігі күресінің ұйытқысы болған. 1710
жылы Қарақұмда өткен үш жүз қазақтарының
құрылтайында бүкілқазақтық жасақ құрылып,
жоңғар шапқыншылығына тойтарыс беру
жоспары талқыланды. Бұл жиында көшіп
кетіп жан сақтауды ұсынғандар да болған,
бірақ сол кезде ерлігімен әйгілі болған
рубасы Бөгенбай бұндай әрекеттердің
бәрін тыйған. Осы құрылтайда Бөгенбай
батыр үш жүздің бас сардары болып сайланған.
1726 жылы Бөгенбай бастаған қазақ қолы
Бұланты өзенінің бойында қалмақтарға
қарсы күйрете соққы берген. 1727 жылы көктемде
Қожаберген бастаған қазақ-татар жасағымен
тізе қосып, Бөгенбай бастаған қазақ-ноғай-қарақалпақтың
біріккен әскері Нияз, Аюлы тауларының
етегінде жоңғарлармен болған шайқаста
жеңіске жеткен. «Аңырақай шайқасында»
Орта жүз қолын басқарған Бөгенбай батыр
Қаракерей Қабанбай, Шақшақ Жәнібек, керей
Жәнібек батырлармен тізе қоса отырып,
қазақ елінің тұтастығын сақтап қалуда
ерекше ерлік көрсеткен.
Бөгенбай АқшаұлыБөгенбай Жайық, Ойыл,
Жем өзендері бойы мен Ерейментау, Қарқаралы,
Аягөз, Түркістан, Шу бойы, Жетісу өңірі,
Қырғыз жерлеріндегі шайқастарда қол
бастаған. 1756-1758 жылдары бірінші рет Шығыс
Түркістанға келген қытай әскерімен болған
әйгілі Талқы соғысында қытай әскеріне
қатты соққы беріп, оларды Үрімшіден асыра
қуған. Батыр жорықтарын, қоғамдық істерін
1696-1697 жылдардағы жоңғар қалмақтарымен
шайқастары, 1710 жылғы Қарақұмда бүкіл
қазақ елі жасағының қолбасы болуы, 1723-1729
жылдардағы қазақ елінің жоңғарлардан
жаппай жеңілісі мен онан кейінгі халқымыздың
сыртқы жауға берген тойтарыстарын ұйымдастыруы,
1731-1735 жылдардағы орта жүз бен Ресей қарым-қатынасын
ыңғайластыру шараларын жүзеге асыруы,
1750-1760 жылдардағы Алтай-Тарбағатай, Жетісу
жорықтарын ұйымдастыруы деп 5 кезеңге
бөліп қарастыруға болады. XVIII ғасырдың
отызыншы-қырқыншы жылдары Бөгенбай батыр,
көрші елдермен келіссөздер жүргізу мәселесіне
етене араласқан. 1761 жылы Абылай ханның
ұлы Әділ жүргізген Қытай империясы мен
Қазақ хандығы арасындағы келісімге қатысқан.
Бөгенбай жасы ұлғайған шағында ауырып
қайтыс болған. Мәйітін Түркістандағы
Қожа Ахмет Яссауи мешітіне жерлеу үшін
батырдың денесін таза арулап, былғарыға
орап, қыс бойы сөреге қойып сақтаған.
1776 жылы көктемде баласы Тұраналы мен
қанжығалы Айтбай Аткелтірұлы бастаған
елдің игі жақсылары батырдың сүйегін
нарға теңдеп, Түркістанға жеткізіп, Қожа
Ахмет Яссауи мешітіне жерлеген. Бөгенбай
батырдың денесі сөреге қойылған жер бүгінге
дейін Ереймен өңірінде «Бөгенбай сөресі»
деп аталады. Бөгенбай батырдың ерлігін
Қожаберген жырау «Елім-ай» атты тарихи
дастанында жырлап, «Ер Бөгенбай» аталатын
қисса шығарған. Бұқар, Үмбетей, керей
Жанкісі, Сегіз сері Бөгенбай батырға
дастандар арнаған. Батырдың баласы Тұраналы,
немересі Бапан би, оның баласы Сәбден
(Саққұлақ би) де өз заманында атақты адамдар
болған. 1991 жылы Астана-Павлодар, Ерейментау-Павлодар
тоғысқан жол торабында Бөгенбай батырға
арнап ескерткіш орнатылды. 2007 жылы Астана
қаласында Бөгенбай батыр мен Сарыарқа
даңғылдарының қиылысына ескерткіш ашылды.
Мүсіншісі ? Тоқтар Ермеков. Дереккөзі:
Қазақстан ұлттық энциклопедиясы 2 том
-
Елордада Бөгенбай батырдың ескерткіші ашылды