Білім сапасын көтерудегі менің көзқарасым

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2011 в 21:59, сочинение

Описание

Адамға ең бірінші керегі білім емес, тәрбие. Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, ал келешекте оның өміріне опат әкеледі» - деп шығыстың ғұлама ғалымы Әл-Фараби айтқандай, Қазақстанның мәңгілік болашағын жасайтын жастар мектеп қабырғасында қалыптасып, ғаламат жаңалықтар мен ағымдарға толы өмірде өз орынын таба алатындай бәсекелестікке қабілетті жан-жақты тұлға, өз саласында сұранысқа толық жауап беретіндей маман болуы қажет.

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Office Word (3).docx

— 19.28 Кб (Скачать документ)

Ақтөбе  қаласы

№1 орта мектеп  

Автор: Қазақ тілі                                                                                                                                            мен әдебиетінің мұғалімі                                                                                                                           Анесова Б.Б.

     « Білім сапасын  көтерудегі менің  көзқарасым »

     «Адамға ең бірінші керегі білім емес, тәрбие. Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, ал келешекте оның өміріне опат әкеледі» - деп шығыстың ғұлама ғалымы Әл-Фараби айтқандай, Қазақстанның мәңгілік болашағын жасайтын жастар мектеп қабырғасында қалыптасып, ғаламат жаңалықтар мен ағымдарға толы өмірде өз орынын таба алатындай бәсекелестікке  қабілетті жан-жақты тұлға,  өз саласында сұранысқа толық жауап беретіндей маман болуы қажет. Білім беру саласында қазіргі қоғамның даму бағытына сай тұлға қалыптастыруда әр мұғалімнің басты мақсаты сапалы білім мен саналы тәрбие. Тәрбие мәселесіне тек мұғалім ғана емес, ата-анасы, мектептегі орта бір-бірінен айырылмас біртұтас жүйедей ықпал ететінін ескерсек, оқушының сапалы білім алуындағы басты жауапкершілік мұғалімнің үздіксіз еңбегінің жемісі болып табылады. Әрбір ұстаз өз сабағында ең бастысы оқушының білімді толық меңгергенін қалайды, мұғалімнің жетістігі де осы. Ол үшін класта отырған оқушының бәрінің білім алуға деген қызығушылығын ояту қажет. Қазіргі технология мен ақпараттар ағымы күшті дамыған қоғамда оқушылардың мектеппен байланысы әлсіреп, қашықтауда. Компьютерлік ойындар, интернет, кинолар оларға үй тапсырмасын орындағаннан да қызықтыр-ақ. Бұны жақсы білетін тәжірибелі мамандар қоғам ағымынан қалмай  білім мен технология жітістігін ұштастыра отырып, оны өз пайдасы үшін қолдана білуі тиіс. Осы бағытта өзінің білім беру әдісін де түбегейлі өзгерту қажеттегін түсінеді. Бірақ жаңа технология мен ақпараттық ортаны  тиімді пайдалану үшін біріншіден, оқушының қызығушылығы деген не? Екіншіден оны қалай ояту қажет? Оның қызығушылығы уақытша болып, жоғалмайтындай, тұрақты қалыптасу үшін әр сабақты қалай қызықты етіп өткізуге болады, деген сұрақтарға жауап табу қажет. Педагогика тарихына көз жіберіп қайта қарасақ, ескі сұрақтарға жаңаша жауап іздеп отырғанымызда анықтау қиын емес. Бізге дейінгі педагог ғалымдар бір сабақтағы білім еңбегін қызықты немесе «қызғылықты білімге» айналдыру үшін не істеуге болады  деген бағытта зерттеулер жүргізді. ХХ ғасырдың екінші жартысында танымдық-қызығушылықты қалыптастырудың үлкен теориялық жүйесі қалыптасты. Осы бағытта ресейдің ленинградтық педагог-ғалым Г.И.Шукина көп еңбек етті. Оның басты жетістігі қызығушылықты тек психологиялық тұрғыдан ғана емес, сондай-ақ педагогикалық тұрғыдан қарастыруы болатын. Дидактиканы, психологияны, педагогиканы білім беру саласында методикасымен ұштастыру арқылы үлкен жетістік жасады. Танымдық-қызығушылық ең алдымен тұлғалық қасиеттермен, әрбір әркеттің себеп-салдарымен, оқулық мазмұнындағы білімнің қызықтылығымен және оқушының физиологиялық жас ерекшелігімен байланыстырған. Танымдық-белсенділік пен танымдық-даралық, танымдық-қызығушылықтың басты қоғаушы күші деген тұжырым жасады. Танымдық-қызығушылықты қалай жаңа техногогиямен байланыстыру арқылы қалай жетістікке жету қажет? Оқушы интернетпен жұмыс жасағанда,  компьютерлік ойындармен ойнағанда:  зерттеуші, жетекші, орындаушы, ұйымдастырушы, өзге де ролдерде өзін қоя отырып, жан-жақты маманданады немесе адами қабілеттерін қалыптастырады. Міне осы жүйені оқушыға тапсырма бергенде мұғалім тиімді пайдалану қажет.                                                 Өркениет жолына қарай көш түзегелі  Президент тапсырмасына орай білім сапасын ақпараттандыру, компьютерлендіру шаралары жүзеге асырылып жатқаны белгілі. Оның негізгі мақсаты:                                         -Ақпаратпен жұмыс істей білуді қалыптастыру;                  -Жеке тұлғаны ақпараттық қоғамға дайындау.                                                           Сабақтарда компьютерді қолдана отырып, шығармашылық қабілетін шыңдаудың тиімді жақтары көп. Ол  сабақ үстінде кездесетін тапсырмаларды орындағанда оқушыларға іс жүзінде түрлі құбылыстарда үлгілеу арқылы өз бетінше ізденіп, ойланып, еңбектеніп барып жетістікке жетуіне мүмкіндік туғызады.  Компьютердің көмегімен оқушылардың жалпы интеллектуальдық деңгейі жоғарлайды, алгоритмдік ойлау қабілеті қалыптасады.             Осы қағиданы басшылыққа ала отырып, мен өз сабақтарымда         бірнеше технологияларды өз тәжірибемнен өткіздім.   Педагогикалық технология дегенге В.П. Беспалько: Практикада іске  асатын нақты педагогикалық жүйе, жоба, - деп анықтама береді.  Ал, белгілі педагог – ғалым В.М. Монахов болса, үрдісін жобалау, ұйымдастыру мен жүргізудің ойластырылған моделі деп түсіндіреді. Мақсат – ең негізгі компонент. Ол нәтижеге жетуді айқындайды. Ынтымақтастық педагогикасын 2004-07 оқу жылдарында қолдандым. Ынтымақтастық педагогикасының мақсаты:  Талап ету педагогикасынан қарым – қатынас педагогикасына өту. Екеуінің бірлік одақта қызмет етуі; бір – біріне басымдық көрсетпеуі. Ынтымақтастық педагогиканың төменгідей түрлері алынды:

  1. «Бірге оқимыз»
  2. «Топтағы оқушылардың зерттеу жұмысы»

    Мысалы оқушыларға технологиялық карта жасалады. Осы технологияны қолданған кезде, мынадай қиындықтарға кездестім. Жаңа технологияны қолданған кезде кластың мінез – құлқы мен іскерлік дағдысы әр түрлі болғандықтан, «Ынтымақтастық педагогика» технологиясын бірден қолданып кету оңайға соқпайды. Ұсыныс:     1.«Ынтымақтастық педагогиканы» бастапқы кезде бекіту, қайталау, сынақ сабақтарда ұймдастыру керек.      2.Топқа бөлген кезде, әр топта іскерлік дағдысы жоғары оқушыны ассистент ретінде тағайындау керек.       3.Кластың іскерлік дағдысы орташадан төмен болған жағдайда «Білімді бекіту сабағында» ғана қолдана аласыз.        4.Өзін - өзі бағалауы жоғары, «Мен» менталитеті жоғары деңгейдегі кластарда кедергіге кездесесіз. Бұл жағдайға мойымай жеңуге тырысыңыз. Әдебиет – сөз сабағы. Көбіне сөздік әдіс арқылы берілетін пән.   Ал бұл «Ынтымақтастық педагогика» технологиясы оқушыларды: енжарлыққа емес белсенділікке, шығармашылыққа, жауапкершілікке әкелетіні сөзсіз.   2007-09 жылдары Б. Блум таксономиясын қолдынып, әріптесім Қ.А.Нұрбергеновамен бірге «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарындағы Б.Блум қолдану» атты әдістемелік құрал құрастырып шығардық. Жинақта тіл мен әдебиет сабақтарында Б.Блум таксономиялық картасын пайдаланудың теориясы мен тәжірибе түріндегі бірнеше сабақ үлгілері берілген.   2009-2010 оқу жылынан бастап «Білім жүйесінде «БжС»  технологиясын жеке тұлғаны бағыттап оқытуда оқушының қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында өз бетінше жұмыс жасау қызметін жетілдіруде қолдану» деген өзекті  мәселе бойынша жұмыс жасап жатырмын.    Оқушының танымдық-қызығушылығын дамыта отырып, білімге деген құштарлығын оятып, шығармашыл, ізденімпаз, өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланған, қазіргі заманға сай ақпараттық технологияны    жетік меңгерген тұлғаны қалыптастыру, тәрбиелеу бағытында үздіксіз жұмыстар жүргізудемін. Мемлекетіміздің болашағы деген мектеп оқушылары - бір отбасының ұлы мен қызы. Әрбір  ата-ана өзінің ұлы мен қызына жақсы білім беруді армандайды емес пе? Кей ата-ананың пікірінше баларының қызығушылығы мектепке барғаннан кейін бәсеңдейді деп мұғалімге, мектепке кінә тағады. Ия, шынымен кейбір оқушының білімге қызығушылығы нашарлайды. Ал, бұған кінәлі тек мектеп пе? Бұл мәселені ата-ананың қатысуынсыз шешу мүмкін бе?        Әрине, бұл мәселені мұғалім жеке өзі шешуі мүмкін емес, сондықтан ата-анаға қолдау міндеті жүктеледі. Үй жағдайында әр ата-ана өз баласына көмегін аямауы керек.   Мектепте оқушы өз бағасын алса да, ата-ана тарапынан қолдау болмаса, толық өзін-өзі көрсете алмайды, қабілеті ашылмайды. Сондықтын ата-ана кез келген жағдайда оны қолдап, түрлі күтпеген сұрақтарға жауап беріп, қызықты болмаса да баласының қызығушылығын тудырған мәселеге көңіл бөліп, өзінің баласының тағдырын ойлайтынын көрсетуі тиіс. Қазіргі қоғам өзге: ата-ана өздері тәрбие алған қоғаммен салыстырып,  сол кезеңнің көзқарасын баласынан талап етуі орынсыз болады. Қоғамның талабы мен жастардың өмірге деген  көзқарасы да өзгерді. Осыны ескере отырып оқушы  бойындағы адами, адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруда мектеппен тығыз байланыс орнатып, ұлттық тәрбиені отбасылық ұстанымдай ұстанған ата-ана өз баласының болашағына сеніммен қарауына толық мүмкіндігі бар. Ұлы халық, діңгегі мықты ұлт болу үшін тілі, діні, ділімі тұрақты, өзіне, болашағына сенімді ұрпақ тәрбиеленуі қажет. Өз ата-анасынан қолдау тауып, өнегелі тәрбие  мен мектеп тарапынан жүйелі білім алған  саналы әр оқушы біздің еліміздің болашағын жасайтын бірден бір тұлға .       «Бала тәрбиесі – бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке ғылым иесі болуды тілейтін өнер. Балаға дұыс тәрбие беру үшін әркімнің өз тәжірибесі жетпейді. Басқа адамдардың тәжірибесімен танысу керек » деп, қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы  Мағжан Жұмабаев дәл тауып айтқан.      Қорытындылай келе, қазіргі заманның тәрбие мен білім беру барысындағы негізгі мақсат:  жеке адамның тұлғалық дамуына тәрбие мен білімнің қажеттілігін көрсету; педогогикалық-психологиялық іргелі ғылыми  - тәжірибені тиімді пайдалану және оқушыларды өзінің туған елінің білімді, мәдениетті, парасатты адал патриоты, дені сау азаматын тәрбиелеуде ата-анамен мұғалім арасындағы одақ мықты болуы қажет.  

Информация о работе Білім сапасын көтерудегі менің көзқарасым