Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Января 2012 в 17:22, реферат
Кітап оқығанды, теле-дидардағы атыс-шабыс пен төбелеске құрылған құрғақ оқиғаны қызықтағандай, жай әншейін уақыт өлтіру деп ұғатын түйсіздіктер болмаса, көзқарақты жұрттың елеулі бөлігі детектив шеберлері: Конан Дойл мен Жорж Сименон немесе Агата Кристилердің өзінен сырттап, заманымыздың әлемдік деңгейдегі сарабдал суреткерлері: дат Кнут Гамсун мен швед Август Стринбергті, жапон Рюнескэ Акутавага мен колумбиялық Габриель Гарсиа Маркесті, американдықтар Джон Джойс пен Артур Хейлиді, француздар Марсель Пруст пен Альбер Камюді талғап, екшеп оқитын дәрежеге жетті. Оларды жай оқып қоймай, сол кітаптардан өмірлік сабақ – терең пәлсапа (философия. Авт.) іздейтін болды. Сізге өмірлік пәлсапа қажет пе, дәлірегі, қазақ даласының пәлсапасы қажет пе, онда Сіз жоғарыдағы шет жұрт жазушыларының атағына жығылып, бірыңғай құлай бермей, олардан тереңдік әлемі, бай болмаса, еш олқы соқпайтын өз суреткеріңіз, өз ойшылыңыз Әбіштің шығармаларын да бір мезгіл оқып, ойға батып, бойға сіңіріп көріңізші!..Жазушының жиырма бестен жаңа ғана асқан қызыл-жасыл шағында оқырман талқысына ұсынған «Күй» повесінде сонау бір бұлағайлы замандарда бір мекенге сыймай, біраз жылдары қанды қақтығыспен өткен қазақ, түрікмен жұрттарының ауыл да талайлы тағдыры көз алдыңнан сурет болып өтіп, көкірегіңе қорғасын салмағымен құйылып қалмаушы ма еді?!.