Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 18:15, реферат
Түркі тілі, соның ішінде, қазақ тілінде, етісті көптеген түркітанушы ғалымдар өздерінің ғылыми еңбектерінде сөз етіп, жан-жақты қарастыруға тырысқан еді. Солардың бірі етіс - етістіктің көп қолданылатын ерекше грамматикалық категориясы. Етіс жайында тіл білімінде қабылданған ортақ анықтама жоқ. Етіс жайын ең алғаш сөз еткен - М. Қашқари. Біздің көптеген
ғалымдарымыз етіс туралы зерттеу жүргізгенде, алдымен М. Қашқаридың пікірлеріне тоқталады. Тілші ғалымдар арасында етіс категориясы әр түрлі пікір тудыратын грамматиканың қиын да күрделі мәселелерінің бірі ретінде қаралып келді.
категория екендігін нақтылай отырып, қазіргі тіл білімі грамматикасында
қалыптасқан етістің төрт түрін (ырықсыз, ортақ, өзгелік, өздік) Орхон-Енисей
көне жазбаларында болғандығын дәлелдей келе, олардың әрқайсысының
өзіндік ерекшеліктерін көрсетеді. Осыған орай, біз етісті етістікке тән
категория екендігін баса айта отырып, оны етістіктің негізгі категориясы
есебінде қарастыруымыз қажет. Тілші ғалымдардың етіс жайлы пікірлерімен
таныса отырып, бұл тақырыптың толық ашылмаған жақтарымен қатар,
қандай да тіл болсын, әр тілде өзіндік ерекшеліктері бар екендігін мойындауға
келеді. А.С. Аманжоловтың ғылыми ерекшеліктерінің құнарлығы, ғалым
етісті тарихи тұрғыдан қарастыруында жатыр. ғалымның ойынша, етіс
ескерткіш тілдерінде
мағыналық жағынан қазіргі
сәйкес бола тұра, морфологиялық тұрғыдан қарағанда, етіс жұрнақтарының
өзгешеліктері мен ерекшеліктерінің болғандығы баршамызға аян. Бұл
жерде тілдің тарихи тұрғыдан дамуына байланысты көптеген жұрнақтар
түсіп қалып, сақталғандары қазіргі тіл грамматикасында орнығып, көрініс
тапты. Осындай өзгерістерді ғалым А.С. Аманжолов өзінінің «Көне түркі
ескерткіштер тіліндегі етістіктік басқару» атты еңбегінде нақты көрсетуге
тырысып, етістің қазіргі кездегі даму жолында екендігін баса айтады. Сайып
келгенде, тіл грамматикасында бұл категория тиісті орын алып, өзіндік
ерекшеліктерімен белгілене шектеліп тұрғанына қарағанда, етістікке тән етіс
категориясы нақты зерттеуді
талап етеді деген ойдамыз.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Виноградов В.В. Русский язык. - М.: Наука, 1947. – 606 с.
2. Щербак А.М. Сравнительная фонетика тюркских языков. - Л.: ЛГУ,
1970. – с. 142-165.
3. Севортян Э.В. Этимологический словарь тюркских языков. – М.,1989.
– 766 с.
4. Кононов А.Н. Грамматика
современного – турецкого
языка. - М., 1956. – 215 с.
5. Оразов М. Етістік. - Алматы, 2001. - 387 б.
6. Махмуд Қашқари. Девону луғат-ит-турк, II. - Ташкент, 1961. - 191-
226 бб.
Информация о работе Етіс категориясының теориялық мәселелері