Ильяс Жансугыров

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2011 в 09:29, биография

Описание

краткая биография Ильяса Жансугырова

Работа состоит из  1 файл

Ілияс Жансүгіров.doc

— 24.00 Кб (Скачать документ)

                           Ілияс Жансүгіров

                                    (1894-1938)

        Талдықорған облысының Ақсу ауданында дүниеге келген. Қазақ кеңес әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. Алғаш ауылындағы мектепте оқиды. 1919 жылы Ташкенттегі екі жылдық мұғалімдік курсқа түседі де, оны бітірген соң мұғалім болады. Аз уақыт «Тілші» газетінде істейді. 1922 жылы Верныйдағы қазақ ағарту институтының меңгерушілігіне тағайындалды. Мәскеудегі Коммунистік журналистика институтына оқуға түсіп (1925), оны бітіргеннен кейін (1928) «Еңбекші қазақ» газетіне қызметке алынды. 1933-36 жылдары ҚАССР Орталық Атқару Комитетінің мүшесі болды. Бұрын (1926) құрылған ҚазАПП таратылып, оның орнына 1932 жылы қайта ұйымдастырыл-

Ған Қазақстан Жазушылар  одағының ұйымдастыру комис-сияның төрағасы қызметін 1934 жылғы І съезге дейін атқарады.

       Тарихи тақырыпта  «Кек» (1931), «Түркісіб», «Исатай-Махамбет» (1936) атты драмалық шығармалар жазды, «Жолдастар» романы (1935) жарық көрді. Ақын халықтың бай фольклорын жинауға, оны бастырып, халық игілігіне айналдыруға көп еңбек сіңірді. Әдебиет сыны мен аударма саласында да мол жұмыс атқарды. А.С.Пушкиннің көптеген өлеңдерін, «Евгений Онегин» романын қазақ тіліне алғаш рет толық аударды (1937). М.Ю. Лермонтовтың «Ақынның өлімі», «Тұтқын», «Қанжар», Н.А. Некрасовтың «Темір жол»

М. Горкийдің «Дауылпаз», В.В. Маяковскийдің  « Лениншілер»  сияқты туындыларын  тәржімалады.

        Он беске жуық  поэма жазды. Бұлардың  кейбірі («Рүстем  қырғыны», 1926; «Байқал», 1937) ақынның көзі тірісінде жарияланған жоқ. Ал «Мақпал», «Исатай» (1937), «Көбік шашқан» поэмалары аяқталмай қалды. «Кәмпеске» (1928), «Мәйек» (1929), «Жаңа туған» (1933), «Жарық» (1934) поэмаларында жаңа заман шындығын эпитикалық үлгіде кең толғап жырлауға талпына отырып, шың тақырыптың қиындықтарына да кездесті. Ақындық талантын қамтама-

сыз танытқан поэмалары: «Күй» (1929), «Дала» (1930), «Құлагер» (1937).

        Қазақстанның бірсыпыра ауыл мекмепмері оның есімен аталады. Ақынның таңдамалы шығармаларының бір томды-ғы (1960-1966) баспадан шықты. Қазақстан Жазушылары одағы І. Жансүгіров атындағы әдеби сыйлық тағайындады.

Информация о работе Ильяс Жансугыров