Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2011 в 10:42, реферат
Келер жылы Қазақстан мен қос славян елі арасында күшіне мінетін Кеден одағы елімізге қымбатшылық әкелмек. Бұл туралы кеше Министрлер кабинетінің отырысында ресми жария етілді. Өйткені 2010 жылдан бастап, Ресей мен Белоруссиядан басқа, дүниежүзінің барлық елдерінен Қазақ еліне әкелінетін барлық тауарларға кедендік алым-салық жаппай жоғарылайды.
Кеден
одағы елімізге қымбатшылық
әкеле ме?
Келер жылы Қазақстан мен қос славян елі арасында күшіне мінетін Кеден одағы елімізге қымбатшылық әкелмек. Бұл туралы кеше Министрлер кабинетінің отырысында ресми жария етілді. Өйткені 2010 жылдан бастап, Ресей мен Белоруссиядан басқа, дүниежүзінің барлық елдерінен Қазақ еліне әкелінетін барлық тауарларға кедендік алым-салық жаппай жоғарылайды.
Осыған орай, шетелдік көлік, тұрмыстық техника, тон-ішік, басқа де киім-кешек түрлерін, тіпті иіссу, косметика болсын, әйтеуір әлемнің өзге елдерінде өндірілген өнімді сатып алуды ойластырып жүрген өз оқырмандарымызға онысын Жаңа жылға дейін алып тастауға кеңес берер едік. Әйтпесе, одан кейін жиған ақшаңыз жетпей қалады.
Ең үлкен соққы
Қытай, Түркия, көрші Қырғызстаннан
тауар тасып, сонысын базарда бұлдап, «қоң»
жиып жүрген саудагерлерге тиеді деп күтілуде.
Осы орайда Ресей Қазақстаннан, тіпті
бауырлас дейтін қырғыздарға да аяушылық
жасамауды сұраған деседі. Қырғыз елінің
барлық жеңіл өнеркәсібі, соның ішінде,
әсіресе, тамақ және тоқыма өндірісі сыртқа,
соның ішінде Қазақ еліне өнім сатуға
бағдарланғандығын ескерсек, «Үштік одақтың»
бұл саясаты онсыз да жаһандық дағдарыстан
ыңыршағы айналған «айыр қалпақты» көршілерімізді
тіптен оңдырмай, сілейтіп тастауы ғажап
емес. Бұл тауқыметтен құтылудың жолын
Қырғызстанның билігі Қазақстанның соңынан
Кеден одағына ере кіруден көріп отырған
көрінеді.
Бірақ еліміздің осы бағыттағы "бас
келіссөзшісі" Жанар Айтжанова Қазақстан,
Беларусь және Ресейдің ғана сыртқы сауданы
реттеу бағытындағы заңнамасы және саясаты
өзара жақын, сәйкес келетіндігін, сондықтан
тек үшеуі өзара ортақ кедендік ұйым құрып
отырғандығын ескертеді. Әйткенмен көршілеріміздің
арзан тауарларының экспансиясының уақытша
болса да, тосылып қалуы үкіметтегілерді
қапаландырмайды, қайта қуантып отырғанға
ұқсайды.
- Үш ел арасындағы кедендік саясатты бірыңғайландырудың
нәтижесінде, - деді Министрлер кабинетінің
мүшелеріне бұрылған Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрі Б.Сұлтанов, - Қазақстанда
үшінші елдерден келетін тауарларға барынша
жоғары тарифтер орнайды. Бұл олардан
тасылатын импорттың қысқаруына түрткі
болады. Осының арқасында қазақстандық
тауарлар бұған дейін ішкі нарығымызды
жаулап, мықтап бекініп алған үшінші елдердің,
соның ішінде Қытайдың тауарларын ысырып,
өз орнын иеленуге мүмкіндік алады. Өйткені
күні бүгінге дейін Қазақстанда жасалған
тауарлар оларға баға бойынша бәсекелестік
құруға қабілетсіз еді...
Әрине, отандық өнімөндірушілерді қолдаған
дұрыс, бұл билік үшін қазақстандық патриотизмнің
бөлінбес бір бөлшегіне айналған. Бірақ
қытайлық, қырғыздық арзан киім-кешектердің,
ойыншықтардың, басқа халық тұтынатын
тауарлардың көзден бұл-бұл ұшуы базарларды
біраз дүрбелеңге түсірері даусыз. Өйткені
олардың орнын басатын қазақстандық өндіріс
дамымақ түгіл, тұралап жатыр. Сонда қалтасында
тек тиын-тебен "салдырлаған" қарапайым
бұқара қымбатшылыққа ұшырап, қиналып
қалуы мүмкін емес пе? Бұған шенеуніктер
сенбей, қол сілтейді. "Импорттық баж
салығының өсуі ішкі бағалардың өсуіне
әкеп соғады, - деді экономика министрі
Бақыт Сұлтанов. - Бұл қазір қоғамда талқылану
үстінде. Бірақ мен бұл инфляциялық қауіптер
айтарлықтай асыра айтылып жүр деп едім.
Алдын ала болжау көрсеткеніндей, импорттың
қымбаттауы инфляцияның деңгейіне шамалы
ғана әсер етеді. Шамамен 0,5-0,7 пайызға
өседі". Әйтсе де билік мұның отандық
өнім өндірушілерге уақытша ғана жеңілдік
әкелетіндігін жақсы түсінеді. Егер қазақстандық
кәсіпорындар жанталаса қимылдап, нарықты
кері қайтарып алуға жан салудың орнына
тағы қосымша әлденелерді күтіп, қол қусырып
қарап отырса, берілген мүмкіндіктен айырылады.
"Бұл жерде Үкімет те, бизнес те мынаны
нақты түсінуі қажет: бұл артықшылық уақыты
бойынша өте-мөте шектеулі! Өйткені бәсекелестеріміз
де жаңа жағдайға бейімделе бастайды.
Сондықтан біз мүмкіндікті тиімді пайдаланып
қалуға міндеттіміз!" деп нықтады Экономика
және бюджеттік жоспарлау министрі Б.Сұлтанов.
Және де жатжұрттықтардың жаңа жағдайға
"бейімделуіне" жәрдемдесетін заңсыз
соқпақтардың барлығын да ұмытпаған жөн.
- Кеден одағының құрылуына орай, Болат
Бидахметұлы, сізге, сіздің кеденшілеріңізге,
сондай-ақ шекарашыларға тапсырмам бар,
- деді Қаржы министріне және Ұлттық қауіпсіздік
органдарына қайырылған Үкіметбасы. -
Заңсыз тауарайналымның үлкен легі енді
Қытайдан Қырғызстанға бет қойып, одан
бізге ағылуы ықтимал. Себебі Қырғызстанға
қарағанда Кеден одағының мүшесі ретіндегі
Қазақстанның кедендік тарифтерінің,
кедендік баж салығының айырмасы әлденеше
есе болмақ. Нәтижесінде қазақ-қырғыз
шекарасы арқылы өтетін контрабанда да
алапат ауқымда еселенеді. Сондықтан бұған
өте мұқият болған жөн. Біздің Кеден одағы
бойынша әріптестеріміз, атап айтқанда,
Ресей Федерациясының басшылығы өте зор
алаңдаушылық білдірді, - деген Кәрім Мәсімов
Қытай, Өзбекстан және Қырғызстанмен шектесетін
жерлерде ел шекарасын тарс бекіту жайы
алда арнайы отырыста жан-жақты талқыланатындығын
хабарлады.
Кеден одағынан тыс қалатын елдермен ара-қатынасымыздың
біраз басын ашып алған соң, Үкімет мүшелері
"Үштік одақтың" өз ішіндегі қарым-қатынасқа
қайырылды. Бұл жерде де тіксінтетін мәселе
жеткілікті ме деп қалдық. Мәселен, "Үштік
одақта" Ресейдей алпауыт көшбасшылық
позицияларды иемденгендей. Индустрия
және сауда вице-министрі Ж.Айтжанованың
мәліметінше, Қазақстан, Ресей және Беларусьпен
арада құрылатын кедендік ұйым аясында
тұрақты жұмыс істейтін орган - "Кеден
одағының комиссиясы" құрылмақ. Шындығын
айтқанда, бүгінгі таңда бірқатар мәселелер
бойынша ол орган ендігі жұмыс жасауда.
Жанар Айтжанованың айтуынша, Кеден одағының
комиссиясының құрамына әр елден бір-бір
өкілден кірмек, ол өкіл Үкімет басшысының
орынбасары немесе Министрлер кабинетінің
мүшесі болып табылуға тиіс. "Шешім
"білікті көпшілік", яғни дауыстардың
үштен екісін жию жолымен қабылданады,
- дейді Ж.Айтжанова. - Бұл ретте комиссияда
дауыстар келесідей бөлінген: Қазақстанның
еншісі - дауыстардың 21,5 пайызы, Беларусь
- 21,5 пайыз, ал, Ресей - 57 пайыз дауысқа ие".
Индустрия және сауда вице-министрі ұйымдағы
дауыстардың бұлайша бөлінуіне "ЕурАзЭҚ-тегі
5 ұйым арасында жұмыс істейтін қолданыстағы
механизм негізгі өлшем ретінде алынғандығын"
айтты. Бірақ Еуразиялық экономикалық
қоғамдастықтан Кедендік одақ қатты ерекшеленетіндігін,
ол мүше елдер арасындағы ұлттық кедендерді
жою, біртұтас кедендік тарифтік саясатты
ұстану, бірыңғай импорттық кедендік тарифті
енгізу сынды пәрменді тетіктері жоқ екендігін
ескерсек, бұл қадам қайран қалдырады.
Өйткені беларусь ағайындарымен уағдаласқан
Ресей өзіне қолайлы кез келген шешімді
қабылдатып, өмірге жолдама бере алады
екен. Ал Қазақстан өз мүддесіне сай шешімді
тіпті Белоруссиямен келісімге келсе
де, Ресейді айналып, қабылдата алмайды:
қанша біріксе де екі шағын елдің "білікті
көпшілікке" дауыстары жетпейді. Демек,
дауыс бойынша енші бөлістегі есе жіберу
экономикалық ұтылыстарға апармас па
екен? Кейін бұл сауал біздің Үкіметтің
де басын қатырғанға ұқсайды. Сондықтан
Қазақстан тарапы тепе-теңдік пен ара-салмақты
сақтауға бағытталған өз ұсынысын тудырып,
оны қабылдауға табандап тұрған. Ақыры
Ресей "Кеден одағының комиссиясы туралы"
шартқа ерекше ескерту енгізуге келіскен.
Осылайша "тараптардың біреуі Кеден
одағы комиссиясының қабылдаған шешімімен
келіспеген жағдайда немесе қажетті дауыстар
саны жиналмаса, онда мәселе ұйымның жоғарғы
органының қарауына шығарылатын және
онда тек ымыра-консенсус арқылы шешім
қабылданатын" болды. Бұл жерде жоғарғы
орган мемлекет басшылары деңгейінде
жұмыс істейтіндігін айта кеткен жөн.
Айхан ШӘРІП
Информация о работе Кеден одағы елімізге қымбатшылық әкеле ме?