Ілияс Жансүгіров

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 21:17, биография

Описание

Ілияс Жансүгіров 1894 жылы бұрынғы Қапал уезі, Ақсу болысында ( қазіргі Талдықорган облысы, Ақсу ауданы) туған.Ескіше хат танитын, шағатай тілдеріндегі кітаптарды жинайтын, аңыз-ертегілерді, батырлық жырларды, тарихи оқиғаларды, әңгіме-шежірелерді жақсы білетін, көкерегі ояу, көзі қарақты, әр түрлі өнерді ұстаған әңгімеші, домбырашы, ұста, көшелі Жансүгір анасынан ерте қалған Ілиясты жетімсіретпей, еркелетіп, жақсы үлгі көрсетіп, тәрбиелеп өсіреді.

Работа состоит из  1 файл

Ілияс Жансүгіров.docx

— 14.89 Кб (Скачать документ)

Ілияс Жансүгіров

 

Ілияс Жансүгіров 1894 жылы бұрынғы  Қапал уезі, Ақсу болысында ( қазіргі  Талдықорган облысы, Ақсу ауданы) туған.Ескіше хат танитын, шағатай тілдеріндегі кітаптарды жинайтын, аңыз-ертегілерді, батырлық жырларды, тарихи оқиғаларды, әңгіме-шежірелерді жақсы білетін, көкерегі ояу, көзі қарақты, әр түрлі  өнерді ұстаған әңгімеші, домбырашы, ұста, көшелі Жансүгір анасынан ерте қалған Ілиясты жетімсіретпей, еркелетіп, жақсы үлгі көрсетіп, тәрбиелеп өсіреді.

 

Халқымыздың құт-береке дарыған, ежелден ақындық, батырлық, даналық  мекені Жетісу өлкесінің перзенті Ілияс  көкірегіне жас күнінен бастап ән мен жырдың, өлең мен күйдің небір  асыл нұсқалары ұялаған.

 

Өз үйінде, әкесінен хат  таныған, одан соң молда алдын  көрген Ілияс біраз уақыт Қарағаш  деген жердегі татар үлгісіндегі  мектептен оқып, әр түрлі пәндерден  сабақ алады. Бұдан кейін тұрмыс жағдайы билеп шаруа күйттеп, тіршілік қарбаласына араласып катеді.

 

Жастық қиял, арман толқулары, ауыл көріністері, табиғат суреттері  оныѕ жүрегін қозғап, тіліне ұйасты сөздер оралып, өлең шығара бастайды.

 

1920 ж. Ілияс Алматыға  келіп, үш айлық мұғалімдер  курсын бітіреді. Артынан Ташкенттегі  Қазақ ағарту институтының жанындағы  қысқа мерзімді курсте бес-алты  ай оқығаннан кейін, денсаулығының  нашарлауына байланысты аулына  ќайтады.

 

Дауылды жылдардың тартысты тіршілігі жас мұғалімді өз толқынына  тартады. Қазақ ағарту институтында, Жетісу облысының Қосшы комитетінде  губерниялық оқу бөлімінде, “Тілші”газеті  редакциясында қызмет істеу, экспедицияға шығып фольклор үлгілерін жинау  кешегі ауыл жігітін ширатып шыңдайды. Жас азаматтың қызметтен өзге уакыты түгелдей кітап, газет-журнал оқуға, өз көкірегіндегі сырларды қағазға  түсіруге жұмсалады. Алғашқы өлеңдері “Тілші”, “Кедей еркі”, “Лениншіл  жас” газеттерінде, “Жаңа мектеп”, “Әйел теңдігі” журналдарында жарияланады. 1927 жылы “Беташар” атты үгіт өлеңі, 1928 жылы “Сағанак” деген тұңғыш кітабы шығады.

 

1927-1937 жылдар арасында  поэзия, проза, драматургия, сын,  аударма салаларында жиырмадан  астам кітап шығарып, артына  аса бай әдеби мұра қалдырды. Оның лирикалық шығармалары, “Дала”, “Күй”, “Күйші”, “Құлагер”  поэмалары, “Жолдастар” романы, “Кек”, “Турксиб”, “Исатай-Махамбет”  пьесалары қазақ әдебиетінің  алтын қорына қосылған өлмес  туындылар. Он жылдың ішінде  осынша шығарма берген қалам  қайраты, талант табандылығы ғажап.

 

1928 жылы журналистика институтын  бітіріп, елге оралған Ілияс  Жансүгіров “Еңбекші қазақ”  газеті редакциясында қызмет  істеп, қазақ баспассөзінің қалыптасуына  көп үлес қосты. Аршынды қаламгер, үлкен мәдениет қайраткері Ілияс  Жансүгіров 1934-1935 жылдарда Қазақстан  көркем әдебиет баспасында поэзия  бөлімін басқарады, ССРО Жазушыларының  I съезінде сөз сөйледі, республиканың  әлеуметтік өміріне белсене араласады.  Жазушының М.Горькиймен шығармашылыќ  байланысы, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар  Әуезовпен достығы оның қаламгерлік  жолында терең із қалдырған.

 

Көзі тірісінде қазақ  поэзиясының өрен жүйрігі, ақындықтың Құлагері атанған Ілияс Жансүгіров кесепат-кесел репрессияға ұшырап, 1938 жылы опат болды.


Информация о работе Ілияс Жансүгіров