Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 21:01, научная работа
Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Мұқағали өлеңдеріндегі физикалық құбылыстар.»
Зерттеу жұмысының мақсаты: Мұқағали өлеңдері арқылы физика пәнін оқыту үдерісінде оқушылардың танымдық іс-әрекетінің қалыптасуын теориялық және практикалық тұрғыда негіздеу.
Жер айналдың,
Мен төсіңе жайғастым
Саған мініп,
Аспан бардым, Ай бастым...
Дөңгеле жер, дөңбекші жер, айнал жер
Арқаңнан мен айырыла қоймаспын. [2.157]
Немесе
Көкжиекке ымырт
кеп асылады,
Түн келіп, дүниені басынады.
Күн неге асығады, асығады?!
О, жарық дүнием-ай!
Қуатым-ай!
Несіне асығасың, тұра тұрмай.
Өмірді басқа арнаға бұратындай.
Түннен қорқам...
Мәңгілік тұратындай.
Тоқташы!
Тоқтай тұршы, қуатым-ай!
Білмеймін асығатын Жер ме, Күн бе?!
Белгісіз, не күш мені тербетуде?!
Қара жер қашан өткен күнді айналып?!
Қозғалмай-ақ тұрмын ғой жер бетінде.
Жетпедім ұшығына күнде ойланып,
Жер қайда асығады, күнді айналып?!
Мұқағали iшкi әлемiндегi
құбылысты табиғаттағы
Жүрегiмнiң сауыты – тылсым кеуде,
Тынымсыз дүрсiлдеуде, дүрсiлдеуде.
Көктемдегi аспандай күркiрейдi
Болар-болмас жүрегiм күрсiнгенге.
Ақынның поэтикалық тiлiнде Тау – аспанға жеткiзер асқақтық:
Тауға барып, көкке
ұшып кетсем бе екен,
Ұстап алып қыранның қанатынан, – деп тебiренген
ақын биiктiк пен кеңiстiкте еркiн тыныстап,
тiрлiк күйкiлiгiнен азат болуды көксейдi.
Әдетте адам бір нәрсені жақсы меңгерсе, осы сала бойынша өз танымын кеңейте түсуге деген табиғи талпынысы арта түсетіні баршамызға аян. Теория негіздерін санаға құю – бастапқы қадам. Сондықтан да гуманитарлық пәндерге жақын , соның ішінде тарихты,әдебиетті сүйіп оқитын, физика пәнін тек мектеп бағдарламасында оқуға тиістімін деп қана жаттап алып оқитын балалар үшін физика пәнін әдебиетпен байланыстыру тиімдірек.
Іс жүзінде жаратылыстану пәндерін толық меңгеретін шәкірттердің басым көпшілігі – осы пәндерге деген қызығушылығы бар оқушылар. Ал гуманитарлық бағыттағы оқушылар үшін жаратылыстану пәндерін оқытуда ақын шығармаларын пайдалана отырып жұмыс жүргізілсе, олардың қызығушылықтары арта түспек. Олар өлеңдерді физиканың тақырыптарына байланысты сұрыптау мақсатында өлеңдерді іздей отырып физиканың да заңдылықтарын жете меңгеріп үлгереді. Ал жаратылыстану бағытындағы оқушыларға бұндай жұмыс қажетсіз. Себебі өлеңге деген қызығушылығы төмен, физикаға жақын балаға бұл бос уақыт кетіру болады.
Сабақтың мазмұнын ашуға пайдаланылған ақын өлеңдерінің мысалдары тартымды және пайдалы екендігі байқалды. Сынып оқушылары өтілген ұғымдарды, ережелерді оңай меңгереді. Физиканың заңдылықтарының Мұқағали шығармаларындағы көрінісін келтірудің, оны көркем тілмен жеткізудің мектеп оқушылары үшін тәрбиелік, дамытушылық мәні зор. Ұғымдардың мағынасын кеңейту, пәннің теориялық негіздерін өмірмен байланыстыру және оқушылардың өз бетімен ізденуі арқылы танымдық іс-әрекетін қалыптастырудың мүмкіндіктері жоғары. Зерттеу жұмысымызға сай өткізілген сабақтар оқушылардың қызығушылығын тудырып, білім сапасының көрсеткіштерінің артқандығына іс жүзінде көзіміз жетті.
Қорытынды.
Мұқағалидың кез – келген өлеңдер шумағын алып, оның әрбір сөйлемінің әр сөзін талдасақ, олардың сыры физикалық тұрғыдан ашылмақ. Әр сөзі өмірді танып – білуге, адамның дүние танымдық көзқарасын қалыптастыруға ықпалын тигізеді. Табиғатты сүюге, оны қорғауға шақырады.
Мәселен, «Батар түн» өлеңіндегі мына шумаққа ой жіберейік:
Батар күн, келер түн,
Атар таң, шығар күн.
Бәріңе, бәріңе, бәріңе құмармын!
Осы мен, осылай мәңгілік тұрамын,
Осы мен , сірә да өлмейтін шығармын.
Өмірім, сірә да әріден басталған
Әріден басталып, мәңгіге тасталған.
Осы мен, өлмейтін шығармын
Сәл ғана мызғып – ап, қайтадан тұрартын.
Ақын дәл болжап кеткен. Ол сәл мызғыды да, мәңгілік жаңа өмірі басталды. Өйткені халық жүрегінен терең орын алып, өлеңдері әнге айналып, жүрек жарды лебіздер, зерттеулер, естеліктер жазылып жатыр. Мұқағали шығармаларына ән жазбаған композитор кемде – кем шығар. Мызғып ап, орнынан қайта тұрды деген осы емес пе?
Ұлы физик А.Эйнштейннің «Ғылыми ойлауда әрқашан поэзия элементі болуы тиіс» деген тұжырымды негізге ала отырып, болашақта бейінді бағыттарда жазылатын физика оқулықтарында М.Мақатаев өлеңдерін енгізу арқылы, ұлттық мүддемізге сай түсінікті де оқулықтар қолданыс тапса.
Қолданылатын әдебиеттер тізімі
Мазмұны
Кіріспе.......................
Мұқағали өлеңдеріндегі
физикалық құбылыстар..........
Мұқағалидың табиғат туралы өлеңдеріндегі
физикалық құбылыс-тардың көрінуі.......................
Дыбыстардың таралуы.......................
Жылу..........................
Механикалық қозғалыс......................
Планеталардың
қозғалыс......................
Қорытынды.....................
Информация о работе Мұқағали шығармаларындағы физикалық құбылыстар