Махмуд Кашкари

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2012 в 14:58, реферат

Описание

Махмұд Қашқари (толық аты-жөні Махмұд ибн Әл-Құсайын ибн Мұхаммед) (1029-1101) – түркі тілдерін дүние жүзінде тұңғыш зерттегеп, ең алғаш сөздігін құрастырушы – энциклопедист-ғалым. Туған жері Қарахан мемлекеті Қашқар қаласы. Әкесі Барысқан٭ қаласынан саяси жағдайларға (бәлкім қудалауларға) байланысты Қашқарға көшкендіктен, Махмұд Барысқанда туылуы мүмкін деген пікірлер бар. Қарахандар ақсүйектері ортасынан (династиясынан) шыққан. Әкесі Құсайын Мұхаммед Мауреннахрды жаулаушы Боғраханның (Бурахан٭) немересі – шамасы, Барысқан қаласының әскербасы қызметін атқарған.

Содержание

I-бөлім: Махмұд Қашқари өмірі...............................4 бет
II-бөлім: Ебектері.......................................................5 бет
II.1 – Түркі жерінің дөңгелек картасы...............5 бет
II.2 – Түркі тілдерінің сөздігі.............................6 бет
II.2.1 – жазылу тарихы мен мақсаты
(З.Әуезова пікірлері)..............................................6 бет
II.2.2 – еңбекке сараптама (құрамына шолу)......7 бет
II2.2.1 – тәрбие мәселесі.......................8 бет
II2.2.2 -аспан әлемі түркі түсінігінде..8 бет
II2.2.3 – түркіше жыл санау..................9 бет
II2.2.4 – ғұлама қазақ жері туралы.....10 бет
III-бөлім: Түркі өркениетіне әлемнің көзімен
(түркітанудағы өзгерістер; ғалымдардың пікірлері мен еңбекті бағалап, сараптауы)......................................................................11 бет
III.1 – Қорытынды (Кононов сөздерімен)........................12 бет
Әдебиеттер...............................................................13 бет

Работа состоит из  1 файл

реферат Махмуд Кашкари.doc

— 309.50 Кб (Скачать документ)

 

II.2.2.1. (тәрбие мәселесі)

Ғалымның айтуынша, кітаптағы сөздер әрбір буындағы әріптердің өзара тәртіптері бойынша түзілген. Әр сөз араб тіліне аударылып, сол сөздің жұмсалуы жайында мысалдар келтірілген. Мысалдардың көбі – халық аузынан жиналған ақыл-кеңес беретін, насихат айтатын, ғибрат алатын, үлгі-өнеге көрсететін парасатты сөздер, мақалдар мен мәтелдер, қанатты тіркестер, қалып алып кеткен ойлар, тұрақты сөз орамдары, өлеңдер, әдеби үзінділер.

Мысал келтірсек, “Уақыт мезгелідері асықтырады, адамның күшін сарқылтады, ерелердің әлемін тарылтады... Оның (уақыттың) тәртібі солай, ол басқалардың (елдің) бәріне бірдей (әсер етеді). Егер әлем, дәлдеп тұрып садақ тартса, таудың шыңын  да жарып жібереді”.

"Менің ұлым, мен саған мұрагерлікке қайрымдылық жасау қағидаларын қалдырамын. Қайрымды ерлермен бірге жүр"

"Әлемнің түні мен күні жиһанкездер сияқты. Олардың жолы кіммен қиылысса, соның күшін алады."

"Адамның заттары мен дүнисі - оның дұшпаны. Байлық жинағанда ойлан, ол ернеуінен асып кетпесін, асып кетсе ол су тасқыны сияқты иесін төмен қарай тартып кетеді. Дүние үшін талай ерлер қор болған. Дүйниені көріп олар (оны) жемтікке үймелеген құзғындай бас салады. Олар дүйне жинап тығып сақтайды, жетіспейді деп жыланып жүріп пайдасын да көрмейді, олар алтын ды да солай жинайды. Дүние үшін, құдайды ұмытып, (өзінің) балаларын, туыстарын шын мәнінде тұншықтырады."

"Қайрымды бола отырып, тағы да қайрымдылыққа ұмтыл, тәкәпар болма!"

 

II.2.2.2. (аспан әлемі)

              Энциклопедиялық білімі бар ғажап ғалым халықгың тіршілік әрекеті мен тарихи тәжірибесі негізінде туып, қолданысқа түскен білімдерінің танымдық. қызметін жоғары бағалайды. Табиғатқа жоғары құндылық деп қараған әлеуметтік бағдардың қорғаушысы ретінде көрінеді. Халқымыздың өмірінде аса зор тұрмыстық-шаруашылық мәні болған астрономиялық түсініктер мен аспан жұлдыздары ілімінің көне түрік дәуірінен бері жалғасып келетін тарихи бағалылықтар екендігін қисынды дәлелдейтін   нақты мөліметтер осы жазбада жүр. "Үркер", "Жетіқарақшы", "Темірқазық"   атаулары мен Аспан Әлемін арнайы тақырыпқа айналдырған өзге де бірқатар материалдар  Қашғари үшін түркілердің табиғатты тану мәдениетін кейінгілерге жеткізу құралы болғандығын байкатады.

 

II.2.2.3(жылсанау)

Ел тұрмысын үңіле зерттеген ғалым еңбектің түгелдей бір тарауын түркілердің уақыт есебін жүргізу, жыл маусымдарын белгілеу мәселелеріне арнаған. "Түркілер он екі жылды он екі хайуанның атымен атайды. Балаларының жасы  мен өткен күндердегі соғыс тарихын, сол сияқты түрлі есте тұтар шақтарды жылдардың айналуымен есептейді," - деп көрсетеді Кашғари халық өмірінде елеулі роль атқарған кезеңдік жылнама жайында. Әрі қарай әрбір жылдың тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз деп аталатынын тізбелей келе, автор былай деп жазады: "Айлардың атына  келетін   болсақ,   сапарларда   айлардың аттары арабша қолданылады. Көшпенді өмір сүретін,   мұсылман   болмаған түркілер жылды төрт маусымға бөліп, әр үш айды бір атпен атайды. Жылдың өтуін сол тәсілмен белгілейді. Мысалы, наурыздан кейінгі көктемнің алғашқы айы Лақ айы, келесі айды Үлкен лақ айы деп атайды. Бүл айларда лақ марқаяды, семіреді.   Бұдан кейінгі айды Ұлы ай дейді. Бұл ай жыддың ортасында келеді. Бүл уақытта жердің жүзі жеміске толып, мал әбден семіреді. Ақ көбейеді"/.../.

Қашғари көрсетуінде - ай отыз күннен тұратын уақыт өлшемі. Бір айлық уақыттың өтуі - айдың дәуір сүруімен есептелгендіктен, жылдың он екіден бір бөлігі де Ай деп аталады. "Түркі халықтарының жыл қайыруы" деп аталатын бұл тараудағы халыктық наным-сенімдерге қатысты деректер де аса қызғылықты. Кашғари айтуынша түркілер осы жылдардың әрқайсысында бір қасиет бар деп есептейді: олардың пайымдауында, Сиыр жылы кірсе, ұрыс-жанжал көп болады. Себебі, сиыр бір-бірімен кеп сүзісетін мал. Тауық жылы кірсе, азық-түлік кебейеді. Өйткені тауықтың жемі – дән. Ұлу жылы кірісімен жауын-шашын кебейіп, астық бітік еседі. Себебі Ұлу суда өмір сүреді. Доңыз жылы кірсе, қар қалың жауып, суық қатты болады. Өсек-аяң көбейеді. Осы  сияқты   әрбір жылда    түркілер   бір нышан бар деп есептейді, - деп атап көрсетеді халыктың түрмыс-тіршілігі мен салт-сана дөстүріне байланысты үғым-түсініктерінің астарына терең үңіліп, айрықша зер салған білімпаз.

"Іңір - жарық пен қараңғының түйісетін сәті. Оғыздар «імір» дейді", - автор бабаларымыздың тәулік ішіндегі аралықты белгілеу үшін қолданған үғымдары жайында. Әрі кәрай - таң, Таң сөрі, ақшам, түс атаулары келтіріліп, олардың мән-мағынасы ашып көрсетілген талдаулармен жалғаскан. Қоршаған ортамен тіл табыса білген  әлеумет бейнесі, оның жаратылысты үғыну ерекшеліктері көрініс берген аса құнды деректердің біразы "Сөздіктегі" ауыз әдебйеті үлгілері.

«Тәңірім аспанды кең жаратыпты,

Жұлдыз бар онда ғажап дара тіпті.

Асылды ауаменен оратыпты,

Адамды болмысымен таңырқатып,» - деп жырға қосады табиғатты нақты да ғажайып шындық деп түсінген кене көз бабаларымыз. Заманындағы түркі ұлыстарының түрмыс-салттық үғымдары, эстетикалык талғамы, айналамен қарым-қатынасы,    одан алған сезім-әсерлері аса ұтымды бейнеленген. Мұндай нұсқаларды көптеп келтіре    беруге болады.

 

II.2.2.4 (қазақ жері туралы)

Атыл /Еділ/, Ила /Іле/, Артыш /Ертіш/, Манғышлақ секілді туған елкеміздегі жер бедеріне меншіктелген атаулар жайында аса қүнды топономиялық деректерді осы шығармадан кездестіреміз. Ертістің Иәмек (Қимақ) даласындағы кеп салалы езен екеңдігіне түсіндірме берген автор езен шын мәнінде "Артыш суы – Ертіш суы" деп аталады. «Әртішмәк» етістігінің түбірі "Әртіш - Ерту" болады. "Судан кім тез ерітер" мағынасында қолданылған – деп хабарлайды.

Қашғари көрсетуіңде   түркілер    үлкен өзендердің барлығын Жейхун деп атаған.   Ал Іле өзені түркі елдерінің жейхуны. Екі жағалауыңда түркі тайпаларының яғма, тахси рулары мен жігілдің бір тобы өмір сүреді. Ғалымдар Қашғари "Сөздігінде" келтірілген географиялық объектілердің Тянь-Шань мен Жетісу аймағына катысты көпшілігінің /Бедел, Шамси, Торуг, Арт асулары,    Ақсай мал жайылымы, Қазақ жер аты, Куча, Үзгенд қалалары, Ісігкөл, Сізіңкөл секілді көл аттары т.б./ атаулары күні бүгінге дейін өзгеріссіз қодданып келе жатқанын хабарлайды /.../.

III-бөлім

Немістің шығыс зерттеушісі Г.Бергштрессер Махмұдтың еңбегін Ибраһим Исқақ ибн Ибраһим әл-Фарагидің (916 ж. қайтыс болған) «Араб тілінде жазылған шығармалардың жинағы»деп аталатын кітабының ізімен түзілген болу керек   деген     ойға келеді (К.Броккельман да осы пікірге қосылатын сияқты). Мәселенің бұл арасы беймәлім. Бірақ А.Н.Кононов мынадай тұжырым айтады: «М.Қашқари – талай кітап оқыған, терең білім тоқыған, зердесі жетік,   эрудициясы мол адам    болғандықтан,        кімнің де болса ізіне түспей, өз бетімен жол салып, бағдар алған азамат. Ол өзінің әдістемесін жасап, оны жетілдіріп, түркі тілдерінің өзіндік табиғатын тануға бейімдеп отырғанң. Сол кездегі алапат заманның ағымына қарай М.Қашқари былай жазған еді: «Түркілердің оқтарынан сақтану үшін, олардың барлық іс-әрекеттерін берік ұстану     әрбір ақылды кісіге ләзім және жөні де сол. Бұларға жақын болу үшін ең басты жол – олардың тілдерінде сөйлесе білу, сондықтан олар бұл тілде сөйлесушілерге ықыластана құлақ қояды, өздеріне жақын ұстайды, оларға азар бермейді. Тіпті, олар өз қол астында жүрген басқалардың күнәсі болса, Һәм кешіріп жібередің. «Сенімді бір Бұқаралық ғалымнан және нишапурлық басқа бір сенімді ғалымнан мынадай бір сөз естіп едім, –    деп жазады М.Қашқари одан әрі: – Олар бұл сөзді Пайғамбар айтыпты-мыс дегендей қылып айтып еді... «түркі тілдерін үйрен, өйткені олардың билігі ұзақ уақыт үстемдік құрадың – деп едің.

Бұл қысқаша бір әңгімені академик А.Н.Кононовтың сөзімен аяқтаймыз: М.Қашқаридың «Диуаның – көптеген түркі халықтары мен олардың тілдері жайында алтындай жарқыраған өте байыпты да тамаша байқауларға толы жиһаз, яғни теңеуі        жоқ қазына.

Бірер сөз – «Диуандағың өлеңдер жайында. Зерттеліп отырған сөздің түр-тұлғасы,  мағыналық ерекшеліктері мен қолдану аясын ашу үшін М.Қашқари келтірген мысал өлеңдер тұтасымен алынған текст емес, үзінділер. Олар мағынасы мен құрылысы      жағынан әр қилы. Үш том кітаптың ұзына бойына шашырап, әр жерде бір жазылған       (бір жерде екі жол, екінші жерде төрт жол т.т. – одан артық емес).

 

III.1. (Кононов материалдары)

Еңбектің мәтінін басып шығарумен, тілін зерттеумен көптеген ғалымдар   айналысты. Мысалы Броккельман, сөз тіркестерін алфавиттік тәртіпке келтіріп неміс тіліндегі аудармасын басып шығады. Түрік ғалымы Басым Алатай 1914 жылы    қолжазбаны түрік тіліне аударып, үш томдықты Анкарада 1934-1943 жылдары басып шығарды. 1960-1967 жылдары Мутаблибов. С жұмысты Өзбек тіліне аударды. Содан     соң жұмыс Қытайда Ұйғыр тілінде басылып шықты.Азербайжан ғалымы А. Демирчизаденің айтуынша еңбек азербайжан тілінде де басылған. Баскаков Н. А, Қашқариді "түрік тілдерін салыстырудың пионері" деп, Самойлович А. Н - "ХІ ғасырдың Радловы" деп атады. Еңбектің мазмұны көптеген баға жетпес экономикалық,   материалдық, түркілердің жан дүниелік құндылықтарынан тұрады. Мұнда әдебиет   саласы, географиялық және астрономиялық мәліметтер, тіл ерекшеліктері мен ғылыми зерттеу жұмыстары бар. Академик И. А. Кононов материалдармен қамтылуына байланысты "Диуаниді" 5 салаға бөледі:


1. Сөздік қор, анықталған рудың лексикасы.
2. Түріктердің тұратын жерлері туралы мәліметтер.
3. Түрік тілдерін топтастыру.
4. Тарихи фонетика мен граматика туралы мәліметтер.
5. Түріктердің тарихы, географиясы, этнографиясы, поэзиясы, фолклоры туралы мәліметтер.
 

 

Профессор А.Н.Кононов озінің еңбектерінде Махмұд Қашғаридың ең  алдымен туған халқына жақын болғандығын әділ атап корсетеді. Шындығында да халыктың   өмірін жан-жақгы және терең танып білуге ықпал еткен факторлардың бірі Қашғарлық ғалымның түркілер омір салтына зерттеушілік тұрғыдан келуі болатын. Ұлы педагог халықтар өмірін оқып үйренудің, халықтардың этникалық ерекшеліктерін оның этникалық тәрбиесімен байланыста қарастырудың тамаша үлгісін қалдырды. Бала        және оның тәрбиесі, тәрбиемен байланысты салтгар мен әдет-ғұрыптар, халықтық      мейрамдар, адамға туған табиғаттың көркемдік ықпалы - мұның бәрі Қашғари ерекше назар     аударған тақырыптар. Ұстаз халықтың ауызша шығармашылығын және мұнда көрініс тапкан педагогикалық тәжірибені жоғары бағалады. Ол ғылыми көзқарастың өкілдері халықка білім таратып, идеялық жоғары дәрежеге жеткізем десе, алдымен      оның "ішкі өмірін" білуге міндетті екенін тура көрсетті. Бұл тұрғыда ғалым өзі өнеге болған   еді, оның халыққа деген ыстық сезімі мен ықыласы, ең алдымен, "Түркі   тілдерінің ерекшеліктері" жөніндегі шығармасында белгі берді. Қашғарлық ғалым жинақтаған әңгімелер, өлеңдер, аңыздар, жырлар мәңділігі женінен түркілер көркем әдебиеті бастауы болып шықты. Әрбір келтірілген осы мысалдарды автор түркі   фольклоры – макалдары мен мөтелдерден алынған мінез-кұлық қағидалары үлгілермен толықтырып отырды. Мұның өзі шығарманың логикалық аяқталуын күшейтті.

 

Бұл кітап 1997-1998 жылдары қазақ тілінде жарық көрді. Аударып, баспаға  әзірлеген А.Егеубаев. Махмұд Қашқари Бұл кітапты пайдаланғандар кейінгілерг,        олар өздерінен кейінгілерге жеткізсін деген ниетпен тағы біраз табылмайтын тіркестерді пайдаландым. Сөйтіп, бұл кітап ұрпақтан ұрпаққа халықтық мұраны      қаз-қалпында жеткізу мақсатымен қиянға қанат қағып, әсемдік әлем -мәңгілік өмірге біржола жолдама алдым», - деп жазды. ЮНЕСКО 2008 жылды ғұлама ғалымның туғанына 1000 жыл толуына орай «Махмұд Қашқари жылы» деп жариялаған болатын.          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер:

 

ӘБІЛОВА, Қ.ҚАЛИЕВАЛАРДЫҢ «ЭТНОПЕДАГОГИКА ОҚУЛЫҒЫНАН»

Құрышжанов Ә. М.Қашқари еңбегінің зерттелу тарихынан (қысқаша шолу) // Қазақ Ғылым академиясы Тіл білімі институтының еңбектері. Алматы, 1963, 3 том, 182–189-б Кононов А.Н. Махмұд Кашгарский и его “Дивану Лугат ит-турк”     //Советская тюркология. Баку, 1972, № 1, 3–17-б.

Құрышжанұлы Ә. Ескі түркі жазба ескерткіштері. А., “Қайнар”, 2001, 297-326-б.

Муталлибов С.М. Махмұд Кошғарий. Туркий сузлар девони (Девону луғотит турк). Уч томлик, І том. Тошкент, 1950.

Махмұд Кашгарынын созлуги ве туркмен дили, Ашгабат, 1958; Brockelmann К

Ahmet (Kіlіslі) Rіf’at. Dіvanь Lыgat іt-Tьrk. Іstanbul. Cіlt І, 1333 (1915), cіlt ІІ, 1333 (1915), cіlt ІІІ, 1335 (1917).

Besіm Atalay.  Dіvanь Lыgat іt-Tьrk Tercьmesі. Ankara, cіlt І, 1939, cіlt ІІ, 1940, cіlt ІІІ, 1941.

Besіm Atalay.  Dіvanь Lыgat іt-Tьrk. Tıpkı baslımı (Faksіmіle). Ankara,   1941.

Brockelmann C.  Mіtteltьrkіsher Wortschatz nach  Mahmud al-Kasgarіs, Dіvan Lыgat at-Tьrk. Bіblіotheca Orіentalіs Hungarіca, І. Budapest-Leіpzіg, 1928.

Мәхмүтов X. Тугыз гасыр кичкән мәкальләр // Мирас – 1992. – № 5. – 91 – 99 б.
Стеблева И. В. Развитие тюркских поэтических форм в XI веке. – М.: Наука, 1971.

Малов С. Е., Памятники древнетюркской письменности, М. — Л., 1951; Ахаллы С.,., Altturkestanische Volkspoesie, Bd 1—2, Asia Major, 1923—24; его же, Mitteltürkischer Wortschatz nach Mahmud al-Kašgaris «Divan lugat atturk», Bdpst — Lpz., 1928.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2

 

 

 



Информация о работе Махмуд Кашкари