Мағжан Жұмабаев

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Января 2012 в 08:37, реферат

Описание

Қазақ лирикасында үлкен көркемдік жаңалық ашып, соны әсемдік арналарды негіздеп, әсіресе Еуропа, Орыс әдебиетіндегі ізденістерді, бағыттарды ұлттық топыраққа батыл да еркін енгізген Мағжан Абай тағылымдарын жаңғыртып , эпикалық жанрда поэманың ықшам түрлерін қалыптастырды. Қазақ поэзиясының аспанына көтерілген Шолпан жұлдыз – Мағжан ақындықты асыл сөз, дарынды сөз, қасиетті өнер деп біліп, бұл сапарды туған жерге, отанға, халыққа қызмет етудегі киелі жол санайды.

Работа состоит из  1 файл

Ғылыми жумысі.docx

— 16.24 Кб (Скачать документ)

              Қазақстан Респкубликасының ғылым және білім министірлігі

                                                 Қызылорда облысы 
 

Бағыты:      « Жарқын болашақ » IV  Республикалық «KATEV» қазақ тілі олимпиадасы 
 

Секциясы:   «Жас ғалымдар» конкурсы 
 

   Тақырыбы:    Мағжан Жұмабаев поэзиясының көркемдік жүйесі 
 
 
 
 
 

                                          Авторы:              Әутәліп Нұрсәуле Сейілбекқызы

9-сынып,  №86 орта мектебі, Жанақорған ауданы 

Жетекшісі:         Байдүйсенова Гүлнара Сейтханқызы

№86 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің жоғары санатты мұғалімі 

Кеңесшісі:

Кіріспе

          Жұмыстың жалпы  сипаттамасы.Қазақ лирикасында үлкен көркемдік жаңалық ашып, соны әсемдік арналарды негіздеп, әсіресе Еуропа, Орыс әдебиетіндегі ізденістерді, бағыттарды ұлттық топыраққа батыл да еркін енгізген Мағжан Абай тағылымдарын жаңғыртып , эпикалық жанрда поэманың ықшам түрлерін қалыптастырды. Қазақ поэзиясының аспанына көтерілген Шолпан жұлдыз – Мағжан ақындықты асыл сөз, дарынды сөз, қасиетті өнер деп біліп, бұл сапарды туған жерге, отанға, халыққа қызмет етудегі киелі жол санайды.

         Өз халқымен қайта қауышқан  Мағжан мұрасына бұрынғыдан әлде  қайда басым жаңаша көзқарас  қалыптасты. Ақын мұраларын танудың  жаңа бір кезеңі басталды. Мағжан  Жұмабаев романтизмге толы сыршыл  лирикасымен адамзатқа ортақ  ақиқатты жырлап оқырманның жан  жүрегін баурады. Осыған орай  зерттеу жұмысында ақынның мұрасы  қазақ поэзиясындағы өзіндік  ерекшелігі бар көркемдік жүйе  тұрғысынан қарастырылады.

          Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Мағжан Жұмабаев қазақтың бай ауыз әдебиетін, одан кейінгі жазба әдебиетінің озық үлгілерін, әлемдік әдебиет жетістіктерін бойына толық сіңіріп қабылдай отырып поэзияда қалыптасынп орныққан өлшем-өрнекті түрлендіріп қолдану жағынан шеберлік танытты. Мағжан Жұмабаев поэзиясының көркемдік түрін құрайтын тіл кестесі, өлең өрнегі, өлеңге тән ырғақ пен интонация жүйесі шығарманың идеялық мазмұнымен ажырамас бірлестік табуын анықтау, ғылыми тұрғыда дәлелдеу  зерттеу жұмысының өзектілігін көрсетеді.

        Зерттеудің мақсаты мен міндеттері.

- Мағжан Жұмабаев поэзиясының рухани құндылыққа айналуының басты себептерінің бірі – көркемдік келісімде екендігін ғылыми тұрғыдан дәйектей отырып, көркем әдеби тіліміздің жетілуіне қаншалықты үлес қосқандығын саралау;

-Мағжан шығармаларында мол көрініс табатын шеберлік тұғыры – тіл тазалығына көңіл бөліп, көркемдік бейнелеу ерекшеліктеріне назар       аудару;

-Ақынның эпикалық  туындыларындағы өмір шындығының  көркем шындыққа ұласуы, адам  бейнесін жасаудағы көркемдік  жүйе шеберлігін сараптау.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы: Мағжан Жұмабаев шығармашылығының өзара үндесе байланған үш қазығы бар:

Біріншісі – ақынның әрқашанда жанымен ақтарылып айтқан бүкпесіз қарапайым сыршылдығы;

Екіншісі – асқақтық,  яғни өмірді сындарлы санамен екшеп,  күрделі рухани қорытындылар шығаратын сыншылдығы, эстетикалық тұрғыдан қарағанда көркемдеу жүйесінің биіктігі;

Үшінісі – ұлжандылығы, бір тақырыптың, бір кезеңнің жыршысы болмай уақыт құлата алмайтын алтын діңгек, әлемдік әуез сарындармен тамырлас, өлмес туындылар берген ұлт ақын кемелділігі дәлелденеді.

Көркемдік – поэзия үшін жырдың сұлулығы, әсем нақышты  сүйкімділігі, адам болмысын билер әсерлілігі.

Жүйе  – бір қалыпқа  түскен арна, тоғыз  ағыстың тоғысуы.

Мағжан  Жұмабаев поэзиясының  көркемдік жүйісі саралануын былайша  тармақтауға болады: 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Эерттеу нысаны ретінде: Мағжан Жұмабаевтың  

Информация о работе Мағжан Жұмабаев