Мен - бірлігі жарасқан елдің азаматымын

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2011 в 19:28, реферат

Описание

Дүние жүзінде халық көп. Олардың діндері, тілдері, салт-дәстүрлері қалыптасқан. Ұлттарды бір-бірінен ажыратып бөлетін де, жақындастырып туыс ететін де – оның тілі. Тіл – әр ұлттың ұлт ретінде сақталуының кепілі. Сондай-ақ, халықтың болмысын ашып көрсететін, бар әдет-ғұрпын ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдыратын, болмысын айқындайтын белгі.

Содержание

1. Өнер алды – қызыл тіл;
Кісіге қарап сөз алма, сөзіне қарап кісіні ал;
2. Тәуелсіздік бәрінен қымбат;
Бірлік бар жерде тірлік бар;
3. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, халқымыз ғұмырлы болсын!

Работа состоит из  1 файл

шыгарма қазақстан.docx

— 25.51 Кб (Скачать документ)
 

Мен  -  бірлігі жарасқан елдің азаматымын

Жоспар

  1. Өнер алды – қызыл тіл;

    Кісіге қарап  сөз алма, сөзіне қарап кісіні ал;

  1. Тәуелсіздік бәрінен қымбат;

    Бірлік бар  жерде тірлік бар;

  1. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, халқымыз ғұмырлы болсын!

                                                                      Ей, қазақ, оян қазақ ұйықтама,

                                                                             Өзге ұлттың жаман сөзін қоштама.

                                                                     Қазақтың ең керемет сөздерін

                                                                                 Сайрай бер, сайрай бер, тоқтама!

           Дүние жүзінде халық көп.  Олардың діндері, тілдері, салт-дәстүрлері қалыптасқан. Ұлттарды бір-бірінен ажыратып бөлетін де, жақындастырып туыс ететін де – оның тілі. Тіл – әр ұлттың ұлт ретінде сақталуының кепілі. Сондай-ақ, халықтың болмысын ашып көрсететін, бар әдет-ғұрпын ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдыратын, болмысын айқындайтын белгі.

          Біздің Қазақстан – көп ұлтты  мемлекет. Көп ұлтты мемлекет  үшін, мемлекеттік тіл қажет.Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Қазақ тілі – қазақ ұлтының, қазақ халқының ұлт тілі болып қалыптасты. Ол өзінің сан ғасырлық дамуы  барысында рулық тіл дәуірін де, тайпалық тіл дауірін де, халықтық тіл дауірін де басынан кешірді. Сондай ретте, ол қазақ халқына ортақ, біртұтас болып, жалғасуда. Ұлттық тіл – қазақ ұлтының рухани, мәдени байлығын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін асыл қазынасы болып табылады. Ана тілімізді жақсы білу, тіл мәдениетін сақтау, оны шұбарламау – әркімнің азаматтық борышы. «Өнер алды – қызық тіл» деп халқымыз айтқандай, сөйлей білу де - үлкен өнер. Қазіргі мәдениетті, жан-жақты білімді жастарымыздың ақыл-ой көрінісі – әр сөзді өз орнына жұмсап, мағыналы сөйлей білуі – заман талабы. «Кіміге қарап сөз алма, сөзіне қарап кісіні ал» демекші, адам болар кісі сөзінен танылады. Бұл ретте К. Паустовскийдің: «Әрбір адамның өзінің ана тіліне деген көзқарасына қарап, оның мәдени дәрежесі ғана емес, сонымен бірге азаттық қасиеті жөнінде де мүлтіксіз баға беріге болады. Өз Отанына деген махаббатөз ана тіліне деген шынайы махаббатсыз болуы мүмкін емес» дегенін еске алсак, әр адамның жүрегіне жылу мен қуаныш сезімін ұялататыны сөзсіз.

          Бір мың тоғыз жүз тоқсан  бірінші жылдың желтоқсан айының  он алтыншы жұлдызында тәуелсіздік  тұғырымызды алып, өмірдің жаңа  белестеріне қадам бастық. Тәуелсіз  мемлекет – ешкімге бағынышты  емес, жеке-дара егемен мемлекет. Өз мемлекетіңнің   тәуелсіздігін   қастерлеу, өзін тұратын елдің  егемендігін құрметтеу – тек патриоттық парыз ғана емес, үлкен гуманистік жауапкершілік. Өзі жүрген ортаның алдындағы ғана емес, өз тағдырының жауапкершілігі. Қоғамның жарастығын ойлаған адам ғана жарастықты дүниеде өмір сүре алады. Халық бостандыққа жетпей тұрып, қоғам бостандыққа жете алмайды. Қоғам бостандыққа жете алмай тұрып, адам бостандыққа жете алмайды. Сондықтан да, бүгінгі таңда күллі жалпақ әлем бостандықты, ту еткен жарастықты аңсайды. Сонау, сан жылдан бері тәуелсіздікті армандап келген ата-бабаларымыз осы егемендіктің түп-қазығын бастап берді. Олар тәуелсіз мемлекет боламыз дегені үшін, жаны жер жүзіне айналды. Шіркін, ата-бабаларымыз қандай болған десеңші?! Тепсе темір үзетін, намысты қолдан жібермейтін, тайсалмайтын, қазақ үшін жанын пида ететін нағыз ержүрек батырлар болған. Енді шынайы бет-бейнеміз ашылып, тынысымыз тереңдей түсті. Әрине, мыңжылдап күткен арманды бір күнде жүзеге асыра салмасымыз белгілі. Мұндай арман уақытты талап етеді. Қандай нәрсе үшін уақыт қажет. Уақыт деген не? Ол деген – көзге көрінбейтін, қолға ұстауға болмайтын, қимыл-әрекеті сезіле бермейтін, минуттап, сағаттап, апталап, айлап, білінбей, жылжып өтіп жатқан сыры мол, тылсым құбылыс. Көкте қанатын қаққан бақыт құсы, бізді күтіп тұрғандай, жүрегіңді зор үмітке толтырады. Еліміздің беделін көтеру үшін, жартасқа өрмелегендей талпынып келе жатырмыз. Басымызға бақ құсы қонып, дүние жүзінің тең жартысын бергендей, кең, байтақ өлкені иелендік. Ал, қолымызға азаттық құсын бір үркітіп алсақ, қайта айналып қонғанша қашан?! Сондықтан да, «Бірлік бар жерде тірлік бар» демекші, жұмылған жұдырықтай бірлесіп талпыныс жасауымыз керек. Міне, осының барлығына да уақыт емші емес пе?!

              Еліміздің тілі де, мәртебесі  де, мәдениетіміз бен беделіміз  де көтерілуде. Еліміздің қалалары  мен облыстары бірінен-бірі асып, көркейе түсті. Солардың бірі  еліміздің бас қаласы – Астана. Санаулы жылдардың ішінде гүлденіп, әрбір ғимараттары бірінен кейін, бірі соғылып, шапшаң дамып келеді, ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана – Әсем қаласы деп жарияланды. Қазақстанның тәуелсіздігін бейнелейтін биіктігі тоқсан жеті метрлік «Астана-Бәйтерек» кешені бөй көтерді. Бір ғана қала, мемлекеттің даңқын көтерді. Астанамыздың гүлденуі, айтқанға сенбес, тіпті қиял-ғажайып ертегі секілді. Қазақстан баршамызға ортақ үлкен үй болса, Астана оның ас бөлмесі де, үлкен дәлізі де, тіпті қонақ бөлмесі де сияқты. Осындай еліміздің биік шыңнан көрінуі еліміздің Президенті, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың арқасы. Алақанына жер жүзін салғандай, бізді көтере білді. Н. Ә. Назарбаев: «Межеленген мақсаттарға жету үшін, халқымыздың бірлігі мн татулығы қажет» деп, біздің бір үйдің балаларындай, бірлесіп өмір сүріп, тату болуымызды қалады. Біз – бай мемлекет екеніміз баршаға мәлім. Біздің самал желмен тербеліп, шырқалған әнұранымыз бар. Оның әрбір сөздері, адам жүрегінің сезімін оятатындай лебіз білдіреді. Ал, көкте самғап, биікте желбіреген көк байрақты туымыздың ортасында шұғылалы, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, ьік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың ортасындағы алтын күн – баршаға ортақ, бәріне нұрын шашып, сәулесін төгеді. Алтын күнді қанатымен жебеп, өрге көтеріп, ұшып бара жатқан қиық қыран құс – ердік белгісі. Матаның сол жағында ою-өрнегі бар тік жолақ орналасқан, бұл қазақ елінің ұлттық әшекейі. Алтын күн, қыран және ою-өрнек біздің халқымыздың ашық келешегі мен бай-берекесі, тыныштық пен байлықтың белгісі. Сонымен қатар, еліміздің  нышанының бірі – елтаңба. Елтаңбамыздың басты негізгісі – шаңырақ. Шаңырақ  мемлекеттің түп негізі – отбасының бейнесі. Ал екі жағындағы тұлпар – дала дүлділі, ер азаматтың сәйгүлігі, тәуелсіздік пен бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесі. Мұндай қанатты тұлпар – өлмес өмірдің белгісі. Қазақстан халқының өсіп-өркендеуін, рухани байлығын, алуан-қырлы бет-бейнесін паш етеді. Міне, осының барлығы да қазақ елінің нышаны мен асыл қазынасы.

             Қорытындылай келе, біз – кең  байтақ жерінде бірлігі жарасқан  алуан ұлттан тұратын бір тұтас  халықпыз. Қазақстан мемлекетін  құру, қазақстандық болу – бізге  тағдыр сыйлаған ұлы бақыт.  Ежелден ер деген даңқы шыққан  халықтың ұрпағымыз, ел бірлігі  жолында ешқашан намысын бермеген  халықтың ұланымыз. Қазақстан мемлекетінің  дамып, көркеюі үшін біз әрдайым  зор мақтаныш сезіммен ұрпақтан-ұрпаққа  табыстайтын боламыз. Біз –  алтын күн бедерленген көк  байрағын әлем биіктерінде желбіреткен  бейбітшілік елдің азаматтары  боламыз. Бізден кейінгі жас  ұрпақтар қазақтың асыл қазыналы  мұраларынодан әрі дамытып, қазақтың  беделін, көк байрағын көкке  көтеріп, мәңгі жасары сөзсіз. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, халқымыз  ғұмырлы болсын! 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

№65 мектеп-гимназия

№65 мектеп-гимназия 
 
 
 
 

  Шығарма

 
 
 
 

Тақырыбы: «Мен  -  бірлігі  жарасқан елдің азаматымын» 

Орындаған: 10 «А» сынып оқушысы Тәжіхан Феруза  
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Астана  қаласы

2010-2011оқу  жылы 

Информация о работе Мен - бірлігі жарасқан елдің азаматымын