«Менің ауылым» шығармашылық байқауы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 13:16, сочинение

Описание

Күнннің алтын сәулесі арайланып су бетін бейне бір сиқырлы айнаға ұқсатып, алыстан бұлдыраған сағым жүрегіңе үміт беріп, өзеннің жиегіндегі өркеш-өркеш ақ құмдар қиялыңа қанат бітіргендей болады. Мұғалжар тауынан бастау алған Жем өзенінің жағалауында сексен үй түтін түтетіп отыр. Бұл менің туған жерім, қадір тұтар атамекенім Миялының көрінісі. Менің ауылым - Миялы жер бетіндегі ең әсем, ең әдемі «Асан қайғы» бабамыз іздеген Жерұйықтың нақ өзі десем артық айтқаным емес.

Работа состоит из  1 файл

Нурбаева. А.doc

— 33.50 Кб (Скачать документ)

«Менің ауылым» шығармашылық байқауы

 

Ауылым - асыл қазынам

 

Күнннің алтын сәулесі  арайланып су бетін бейне бір  сиқырлы айнаға ұқсатып, алыстан бұлдыраған сағым жүрегіңе үміт беріп, өзеннің жиегіндегі өркеш-өркеш ақ құмдар қиялыңа қанат бітіргендей болады. Мұғалжар тауынан бастау алған Жем өзенінің жағалауында сексен үй түтін түтетіп отыр. Бұл менің туған жерім, қадір тұтар атамекенім Миялының көрінісі. Менің ауылым - Миялы жер бетіндегі ең әсем, ең әдемі «Асан қайғы» бабамыз іздеген Жерұйықтың нақ өзі десем артық айтқаным емес.

Менің ауылымның мақтан етерліктей табиғи құндылықтары жетерлік.                                        Ауылымыздың жанында ақын Сағи Жиенбаев атамыз:

Жем өзені ағады,

Жылда қайта жаңғырып.

Жүру үшін даланың

Жан сусынын қандырып  деп

жырлаған ерке де сұлу Жем өзені ағып жатыр. Өзеннің суы балдыр, қамыс және түрлі балықтарға бай болса, жағасында қоян, түлкі, қасқыр, қарсақ, қабан, киік секілді жан-жануарлар мекен етеді. Бірақ, қазіргі кезде біздің өлкемізден киікті сирек кездестіресің. Оның себебі заңсыз аң аулашылардың кесірінен ақбөкеніміздің саны күрт азайды. Ауылымыздан 60 шақырым қашықтықта Қазақстанға «Шахмат патшайымы» деген атпен танылған «Ақбота-Сәңкібай» тауы орналасқан. Ауылымыздың күнбатысындағы «Тоғалай» құмы да ерекше әсемдікпен көз тартады. Ал ауыл шетіндегі мазарда қасиетті әулие «Базар қожа» бабамыздың зираты бар. Қаз-қатар тізілген тал-теректер, сол тал-теректерді тербеткен ерке самал, өріске қарай шұрқырай жайылған мал, сайраған құстар, зеңгір көк аспанда күлімдеген күн мен ақ мақтадай ақша бұлт, жаз бойы бір жауын көрмей шаңын аспанға атқан қара жер, ауыл тұрғындарының күнделікті тыныс-тіршілігі бәрі-бәрі Миялының ажарын аша түскендей. Ауылымыздың күнелтіп отырған ата кәсібі - мал шаруашылығы. Жеріміз егін салуға қолайсыз аймақ болса да көктем шығысымен есік алдына түрлі-түсті гүлдер мен астың дәмін келтірер көкөністер егеміз. Аудан орталығына қатынайтын жолдың жайсыздығы болмаса, ауылымыздың экономикалық-әлуметтік жағдайы жақсы. Ауыл тұрғындары да бауырмал, қонақжай бір-бірін қатты сыйлайды. Қыста сойған соғымның басын асып, мндетті түрде барлық   ауыл тұрғындарын қонаққа шақырып сый-құрмет көрсету бізде дәстүрге айналған. Біздің ауылда ағаштан түйін түйген ұста,күміс-көмей әнші, мың бұралған биші, дәулескер күйші, қолы алтын ісмер жандар жетерлік, себебі Миялының топырағы - киелі. Ауылымның әрбір тау-тасы, мөлдір бұлағы, жыңғыл-терегі де ән сап тұрады. Сол киелі топырақтың түлегі ретінде мен де өзімнің жүрекжарды жырымды туған жерім, өскен ортам, асыл қазынадай қастерлейтін ауылым Миялыға арнаймын:

                            Туған жерім биік тұрған тұғырым,

                            Қырларыңда  кісінеген тай-құлының,

                           Көңілімнің бал көктемі құлпырып,

                          Өтіп жатыр әсем нұрлы ғұмырым.                                                                                                            

                          Сен дегенде шырқалады шаттық  әнім,                                                                                                                                                                                        

                         Көкжиектен көтерілген алтын таңым,

                          Жем өзені жағалауын  араласам,

                         Қуанады асқақтап нәзік жаным.

                         Тоғалай  күнбатыста орын тапқан,                                  

                         Қырында мал басының саны артқан,                             

                         Өнерлі ұл-қызы бар Миялының                        

                         Ғажайып ән мен жырдың шамын жаққан.                                  

                         Көркейе бер Миялым дамылдамай!

                         Шапағыңды шаша бер жазғы таңдай!

                         Ырысың мен берекең арта берсін!                                 

                         Ақ көңіл қасиетті адал жандай.

 

Нұрбаева Арайлым Гайдарханқызы

 

                                                                   Ақтөбе обылысы        

                                                                 Байғанин ауданы

                                                               Миялы  ауылы 

                                                            Дияр орта мектебінің 11 сынып оқушысы

 

 

 


Информация о работе «Менің ауылым» шығармашылық байқауы