Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 11:08, доклад
Қазақ даласын әнімен тербеген, рухы асқақ, тағдыры мұңлы, артына өлмес мұра қалдырған ХІХ ғасырдың өнер жұлдыздарының бірі – Біржан сал Қожағұлұлы.
Біржан табиғатты көркем, сылдырап аққан бұлағы, айнадай жарқыраған көлдері, сыңсыған сұлу орманы бар Бурабайдай аңызға толы өлкеде, көк күмбезді Көкшетауда, атасы Қожағұл ауылында Жөкей көлінің маңында 1834 жылы дүниеге келген. Біржан үш ағайынды еді, Ағалары Ержан мен Нұржан атакәсібі мал бағумен ғана айналысқан. Ал Біржан болса, Тәңірінің берген өнерімен елден ерекше болып өседі. Бала бойындағы талантты тани білген атасы Қожағұл Біржанды өз бауырына басып, тәрбиелейді.