Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2011 в 22:50, задача
Мұхтар Омарханұлы Әуезов казіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында 1897 жылғы 28 қыркүйекте дүниеге келді. Әкесі Омархан, атасы Әуез Абай ауылымен іргелес отырып, айналасындағы адамдармен достық көңілмен араласа білген. Әуездің өзі Абайдың өлеңдерін сүйіп оқыған, түрік, парсы әдебиетінен хабары мол, ескіше сауатты, еліне қадірлі адам болған.
Батыр Есен. Ол даңғой, мақтаншақ, өркөкірек, оңай алдауға түсіп қалар аңғал түрінде суреттеледі.
Абыз сөзіне тосылып жауап таппай сасқалақтаған түрі... «Болды, баба! Тоқта, баба, толас бер. Жеңілдім, жеңдің сен мені...»
Ел намысы үшін жаумен егесудің орнына, өзіндей батыр Кебекпен бәсекелесуінен Есеннің үйтентек (ұсақ) батыр екеніне шүбә келтірмейміз. Бұл азаматтыққа үлкен сын екенін түсінген оқырман тағы еріксіз ойланады.
«Еңлік–Кебек» пьесасы қазақ әдебиетінде ғана емес, тарихы үлкен ірі әдебиеттердің осы жанрдағы үлгілерімен теңдес түсетін шығарма. М.Әуезовтің драматургия саласындағы еңбегі қазақ көркем өнерін ілгері дамытуда, ұлттық театр шаңырақтарын көтеруде ерекше рөл атқарды.
Драма театры 1926 жылы өзінің шымылдығын тұңғыш рет «Еңлік–Кебек» трагедиясымен ашады.
Әңгіме қазақ әдебиетінде нағыз көркем жанр ретінде М.Әуезов суреттеуінде жаңа тың, өзгеше сипатқа ие болды.
Жазушының еуропалық прозаның деңгейіндегі алғашқы көркем шығармасы 1921 жылы жазылған «Қорғансыздың күні» атты әңгімесі. Жазушы өмір шындығын, заман сипатын, адамның тіршілік-тынысымен байланыстыра, сабақтастыра шебер әңгімелеп жеткізеді. Оқиға басталғаннан-ақ оқушыны қорқынышты бір үрей сезімі билейді.
Тағдыр тауқыметін арқалаған жүдеу үйдегі соқыр әйел, кәрі әже, жас қыздың зарлап калуы кімді болса да тебірентпей қоймайды. Тек Ақан сияқты қатыгез, жауыз болыс қана міз бақпай, өзінің айуандық бет-пердесін біртіндеп ашады. Жас қызды зәбірлеп, зорлық көрсетуі Ақанның азғындығын, адамгершіліктен жұрдай екенін дәлелдейді. Сондай-ақ оқырман Ақан, Қалтай сияқтылардан ешқандай жақсылық күтуге болмайтынын түсініп, ұғынады. Қорлыққа жаны төзбеген, жауыздықтың құрбаны болған Ғазизаның әкесінің моласына барып, үсіп өлуі себебін жазушы өте анық та дәл шебер суреттейді: «Бұлардың басынан тағдырдың дауылы жаңадан ғана соғып өткен. Қораның алдындағы жас бейіт сол дауылдың салдарынан туған. Бұл әйелдердің қуаныш-қызығы да, үміт-қорғаны да сол суық қабірге өліктермен бірге көмілген. Ол қабірде жатқан – Ғазизаның әкесі – Жақып және жалғыз кішкене бауыры – Мұқаш».
«... Ғазизаның шашы азырақ дудырап қапты. Денесінің жартысын қар басқан. Әкесінің бейітіне жабысып, қасіретті өмірдің ақырғы қуатын сол жерге берген екен. Өлер сағатына шейін қабағын басқан қайғы бұл уақытта ыдыраған, ізі қалған жоқ. Балалық жүзінде: «Менде жазық жоқ, мен тазамын» деген ашық тазалықтың белгісі, қайғы - қасіреттен сейілген жас баланың ажары бар».
Әңгімеде жазушы ескі өмірдің бір елесін көрсетіп, пасық әрекеттерден аулақ болуға оқушыға ой салады. Мұнда автордың ең негізгі түйін-тұжырымы –жауыздық ешқашан да адамшылықты, тазалықты жеңе алмайды.
«Жетім» әңгімесінде жетімдік тауқыметін тартқан он үш жасар Қасым, өгейлік тепкісінен қашып, әке-шешесінің зиратына келіп қаза табады. Қараңғы түндегі табиғат құбылысы үрейі ұшқан баланың ішкі сезімімен тұтасып, өте әсерлі бейнеленген. «...Бір мезгілде, Қасым қорқып, дірілдеген жүрекпен маңайына жалтақтап әр нәрседен үркіп келе жатқанда, күн жарқ етті...» Жетім балаға рахымсыздық жасаған тас бауыр жандардан мейлінше түңілесің. Сондай-ақ, сол кездегі өмір шындығын жете тануға итермелейтін әмеңгерлік салтқа лағынет айтқан Рабиға "(Қыр суреттері"), құса болып – өмірін қиған Ғазиза ("Кім кінәлі?"), т.б. – бұлардың тағдыры бір-біріне ұқсас болғанмен, әрқайсысы өмір талқысында өзіндік ерекшелігімен әр қырынан көрінеді. Бұл әңгімелердің бәрінде жағымды кейшкерлер бір-бірімен тағдырлас, қорғансыз, жетім, жесір, көкірегі мұң шерге толған аяулы жандар. Жазықсыз құрбан кейіпкерлер тағдыры бұлай болып қала бермейтініне жазушы үлкен үміт, сеніммен қарайды. Бізді де сендіреді. Бұлардың аянышты халінен құтылудың жолы, азаттық үшін күрес екенін автор шындықты шынайы суреттеу арқылы жетеді. Ол «Қараш-Қараш оқиғасы» хикаятында анық көрініс тауып, әлеуметтік теңсіздік тартысы үлкен суреткерлік күпшен бейнеленеді. Демек, алғашқы мақала, алғашқы әңгіме, пьесаларының өзінде-ақ М.Әуезов ешкімге ұқсамайтын өзіндік даралығымен, көреген білімпаздығымен танылды. Өмірді жан-жақты қамтып, терең сипаттаған бұл дүниелер – жазушының реалистік қол таңбасының айғағы.
М.Әуезов қаламынан туған 30-40 жылдардағы әңгіме, хиқаяттардың қай-қайсысында болмасын кездесетін терең де нәзік психологизм, өзгеше үн мен тіл көркемдігі, жаңа сапа, ой-қиял жүйріктігі табиғи дарынымен тоғыса келіп, автордың суреткерлік талантын паш етеді. Бұл туындылар қазақ прозасындағы ерекше құбылыстың әсем үлгісі болумен бірге, ұлы эпопеяға бастар жолдың, шығар шыңның алғашқы дайындық баспалдақтары екеніне күмән келтірмейміз.
Ұлылық
үлгісі
Мұхтар Әуезов
Абай тақырыбын, Абай өмірі мен өнерінің
мән-мағынасын бар ынта-
Тарихи бір дәуірді толық қамтитын қазақ даласының бүкіл тыныс-тіршілігімен, өмірін жан-жақты суреттеп көрсететін ұлы эпопеяға автор үлкен дайындықпен келді. «Абай жолы» романының негізгі арқауы – заман шындығы, сол кезеңде өмір сүрген адамдар арасындағы қарым-қатынас, күрес-тартыс, күйініш-сүйініш. Жазушы халық есінде сақталған естелік, әңгіме оқиғаларын, Абай туралы мұрағат материалын, ақынның өз мұрасын жинап, зерттеп, ой елегінен өткізе отырып, ұлы туындысына кеңінен ұтымды пайдаланды. Автордың өзі: «Биограф ретінде Абай өміріне қатысты материалдар жинаумен 1930 жылдан кейін айналыса бастадым. Өкінішке орай, бұл кезде ақынды жүзбе-жүз танитын адамдардан бірен-саран қариялардың ғана көзі тірі еді», – деп жазады. Абай туралы ұзақ уақыт материал жинаудың қиындығын былай жеткізеді: «Жалпы бұл кезеңдегі романға байланысты жұмыс сипатымды мен әлдеқашан көшіп кеткен керуеннің жұртына келіп, сөнуге айналған ошақ орнынан әлсіз қызуы бар соңғы шоқты тауып алып, оны демімен үрлеп қоздатып, жалынды алауға айналдырмақ болған кешеуіл жолаушының харекетімен салыстырар едім. Көне көз қариялардың күңгірт тартқан зердесі мені Абайдың жас дәуіріне жетелеп, жол көрсетіп отырды. Алпысты алқымдаған Әйгерімнің жүзінен мен оның ақын жүрегін жаулаған балғын заманындағы сұлу ажарын елестетуге тырыстым».
Бұл романдардың негізгі арқауы – өмір шындығы, сол өмірде әрекет жасаған тарихи болған адамдардың арасындағы қарым-қатынас, күрес-тартыс, күйініш пен сүйініш. Жазушы халық жадында сақталып қалған кейбір оқиғаларды, фактілерді, әсіресе Абай турасындағы мұрағаттық материалдарды, есте қалған мәліметтерді, ұлы ақынның қалған мұраларын кең, өнімді пайдаланған. Әйтсе де әрбір көркем әдебиетке тән ойдан қосу, сол арқылы өзінің нысаналанған ойын толығырақ, қонымдырақ етіп жеткізуге ұмтылуының да өте орынды екенін атап айтқан жөн.
Эпопеяның басты қаһарманы Абай болғандықтан, шығарманың өн бойындағы шытырман оқиғалар желісі, сан алуан кейіпкерлер әрекеті, тағдыры Абай төңірегінде шоғырланып, ілгері дами түседі.
Данышпан ақынды әлем жұртшылығына танытқан «Абай жолы» эпопеясы барлығы 4 кітаптан тұрады. Мұнда: Абайдай алыпты туғызған қазақ халқының өзгелермен қай жағынан да терезесі тең, дарынды, ақылды, ақ жарқын, жомарт, сері, өнерпаз халық екендігін, ешкімге ұқсамайтын өзіндік мінезі, ұлттық рухы, салт-дәстүрі бар екені эпопеяда жан-жақты суреттеледі.
«Бұл тамаша эпопея бізге тұтас бір әлемді сыйға тартты, табиғаттың тұрмыстың небір ғажайып картиналары мен адам құштарлықтарын сипаттауымен бізді іңкәр етті. Әуезов қаламымен тарих қайта тірілді, ауылдар өмірі, адамдар тағдыры бой көрсетті. «Абай» эпопеясы, – шығармашылықтың тылсым сырына, өмір мен өлеңнің өзара байланысына терең бойлаған туынды, ақын мен поэзия жайлы әлем әдебиетіндегі ең шоқтығы биік үздік шығарма»,–дейді М.Луконин.
Ш.Айтматов: «Бұл роман бүкіл түркі тілдес халықтардың, оның ішінде өткендегі көшпелі халықтардың да адамзат мәдениетіне қосқан зор үлесі... Әлемді көз алдыңа келтіру үшін, басқалардың көзіне түсу үшін, адам рухының қадір-қасиетін асқақтата көтеріп, жар салу үшін өз биігің – Мұхтар Әуезов сияқты асқар шыңың болу керек», – дейді.
«Абай жолы» эпопеясы туралы айтылған бұл пікірлердің бәрі – М.Әуезовтің ерекше талантына, халық алдындағы еңбегіне берілген өлшеусіз құнды баға.
Бұл
роман арқылы жаңа ғасырдың жарқын
жолына қадам басқан ұрпақтың бүгінгіні
танып білуі кешегі тарихымызды жете білуімен
сабақтасатыны дәлелдене түседі.