Ономастика

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 15:11, реферат

Описание

Ономастика атаулардың шығу, қалыптасу жайын тексереді. Ол зерттеу нысанына қарай топонимика, антропонимика, этнонимика, астронимика, зоонимика, теонимика, фитонимика секілді түрлерге бөлінеді. Топонимика географиялық атауларды зерттесе, антропонимика кісінің аты-жөнін, тегін, лақап, бүркеншік есімдерін қарастырады. Облыстық Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен А. Нүсіпбеков атындағы ауылда, «Өңірдегі ономастикалық атаулар- тарихи деректер көзі» атты тақырыпта семинар- кеңес өткізілді.

Работа состоит из  1 файл

Ономастика.docx

— 14.84 Кб (Скачать документ)

Ономастика (грек onomastіke –  ат беру өнері) – тіл білімінің  жалқы есімдерді зерттейтін саласы. Жалқы есімдерге кісі, жануарлар  аттары, халық, ұлт, ру-тайпа атаулары, жер-су, аспан денелері жатады.

Ономастика атаулардың шығу, қалыптасу жайын тексереді. Ол зерттеу  нысанына қарай топонимика, антропонимика, этнонимика, астронимика, зоонимика, теонимика, фитонимика секілді түрлерге бөлінеді. Топонимика географиялық атауларды  зерттесе, антропонимика кісінің  аты-жөнін, тегін, лақап, бүркеншік есімдерін  қарастырады. Облыстық Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен А. Нүсіпбеков атындағы ауылда, «Өңірдегі ономастикалық атаулар- тарихи деректер көзі» атты тақырыпта семинар- кеңес өткізілді.

 

 

 

Недоступен ни однин перевод.

 

 

Облыстық  Тілдерді дамыту жөніндегі  басқармасының ұйымдастыруымен  А. Нүсіпбеков атындағы ауылда, «Өңірдегі  ономастикалық атаулар- тарихи деректер көзі» атты тақырыпта семинар- кеңес  өткізілді.

 

Семинар кеңеске  облыс  аудандарындағы Мәдениет бөлімінің  бастықтары, анастатика саласындағы  бас мамандар, ауданымыздағы селолық  және поселкелік округ әкімдері, мекеме, ұйым басшылары, баспасөз қызметкерлері, мәдениет саласының адамдары қатысты.

 

Семинар кеңесті облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма бастығы Тәңірберген Қасымақынұлы Қасымберкебаев кіріспе сөз сөйлеп ашты.

 

Бүгінгі семинарымыздың тақырыбы ауқымды. «Өңірдегі ономастикалық  атаулар- тарихи деректеркөзі» деген  тақырып бекерден алынып отырған  жоқ,- дейді Т. Қасымберкебаев- Елбасымыз  қазақ тілді бұқаралық ақпарат  басшыларымен сұхбатында «... Қазақта  «Жеріңнің аты- еліңнің хаты»  деген сөз бар. Халық жерге  ат қою арқылы елінің тарихын да жазып отырған Тәуелсіз мемлекеттің  бір белгісі оның ұлттық нышандары  десек, сол ұлттық нышандар елді мекендердің, көшелердің, алаңдардың аттарынан көрініп  тұруға тиіс...»

 

Алматы облысы әкімдігі жанындағы  облыстық ономастикалық комиссиясының  жұмысын жүргізетін облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы осы  талапты басты назарда ұстайды.

 

Қазіргі күні «Қазақстан Республикасының  әкімшілік- аумақтық құрылысы туралы»  Заңы бүгінгі кезеңдегі әкімшілік- аумақтық мәселелерді толық реттей алмай отыр. Көшеге атау беру мәселесін  жергілікті Энергетик, Чапаев, Қаз ЦИК  ауылдары қазақы ұғымға қақпасын ашпай  тұрғанын айтуға тиіспіз. Демек, Бұл  уақыттың еншісінедегі мәселе. Оны  шешу үшін әлі де біраз жұмыс жүргізуге  тура келеді. Сіздерден ойлы пікір, ұтымды ұсыныс күтеміз. Семинар жұмысына сәттілік тілеймін!,- деп сөзін аяқтады.

 

Мұнан кейін І. Жансүгіров  «Қазіргі таңдағы ономастика мәселесі», туралы баяндама жасады. Сондай- ақ Өңірдегі ономастикалық атаулар- тарихи деректер туралы баяндамалар тыңдалды.

 

Ономастикалық мәселелер  жайлы сұрақтар беріліп, нақты  жауаптар қайтарылды. Семинарға аудан әкімінің орынбасары Т. Байеділов қатысып  отырды.

 

Семинар жұмысын облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма бастығы Т. Қасымберкебаев қорытындылады.

 


Информация о работе Ономастика