Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 20:55, дипломная работа
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бүгінгі таңда әлемдік ауқымда танылып үлгерген егеменді еліміздің мемлекеттік бағдарламаларында ұлттық руханиятқа кең өріс берілуі ғалымдардың жаңа тынысын ашты. Соның нәтижесінде фольклор, этнография, көркем әдебиет салалары да өз нысандарына тереңдей еніп зерттеудің және өзара сабақтастықта дамудың жаңа белесіне көтерілді.
І. КІРІСПЕ..............................................................................................3
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Оралхан Бөкей шығармашылығы ................................................4
2.2. Әңгімелердегі әлеуметтік сарын .................................................15
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................32
ІҮ. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР............................................33
ЖОСПАР
І.
КІРІСПЕ.......................
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Оралхан Бөкей шығармашылығы
..............................
2.2. Әңгімелердегі әлеуметтік
сарын ..............................
ІІІ.
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ІҮ.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР......
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бүгінгі таңда әлемдік ауқымда танылып үлгерген егеменді еліміздің мемлекеттік бағдарламаларында ұлттық руханиятқа кең өріс берілуі ғалымдардың жаңа тынысын ашты. Соның нәтижесінде фольклор, этнография, көркем әдебиет салалары да өз нысандарына тереңдей еніп зерттеудің және өзара сабақтастықта дамудың жаңа белесіне көтерілді.
Тарихи дамудың сан түрлі жолдарынан өтіп, кемелденген, көркемдік биікке жетіп, жанрлық жағынан да, тақырыптың ауқымы тұрғысынан да кең қанат жайған қазақ прозасындағы әлеуметтік сарындардың көркемдік қызметін ғылыми саралау – бүгінгі күннің аса зәру мәселесі болып табылады. Осы орайда қазақтың өте дарынды біртуар жазушысы Оралхан Бөкей шығармашылығы көркем әдебиеттің өз алдына бір зерттеу нысаны бола алады. Оларды көркемдік тұрғыдан ұштастырып, түрлі ғылым салалары арасындағы диалектикалық бірлікті өз талап-талғамына жарату хас талантқа ғана тиесілі.
Қазақ әдебиетіндегі қазіргі заман прозасында «алыптар» санатындағы қаламгерлердің бірі Оралхан Бөкеев – өзіндік дәстүр қалыптастырған ірі суреткер. Айтулы қаламгердің көркем туындылары оқырманның, сыншы ғалымдардың қашан да назарынан кетпеген. Бірқатар зерттеу жұмыстарына нысана болған. Олардың ішінде жазушы шығармаларындағы көркемдік шеберлік, тілі мен стилі, идеялық мазмұны сияқты мәселелер молынан қамтылады. Алайда, Оралхан Бөкеев қаламынан туған көркем дүниелердің шығармашылық тағдыры туралы терең де жүйелі зерттеу жұмысы жеткілікті деп айтуға болмайды. Бөкеев қаламынан туған шығарма тізімі ұланғайыр. Оған қоса жанрдың қай-қайсысынан болсын қалам тербегені белгілі. Белгілі бір мерзімнен кейін әр туындының шығармашылық көркемдік сыр-сипаты ашыла түсетіні де анық.
Жұмыстың нысаны. Оралхан Бөкей шығармашылығы, көркем шығармаларының өзіндік ерекшелігі, автор туындыларындағы әлеуметтік сарын.
Зерттеу
жұмысының мақсаты мен
2.1. Оралхан Бөкей шығармашылығы
Бөкеев Оралхан (1943-1993 ж. ж.) 28 қыркүйекте Қатон-Қарағай ауданына қарасты Шыңғыстай ауылында туған. 1961 жылы Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Шыңғыстай орта мектебін бітірген соң аға пионер вожатый және Алтай совхозында тракторист болып төрт жылдай жұмыс істеген. 1963 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекетік ұлттық университетіне сырттай оқуға түседі де, оны 1969 жылы тәмамдап шығады. 1965-1968 жылдар аралығында Большенарым аудандық "Еңбек туы" газетінде корректор, аудармашы, редактордың орынбасары және облыстық "Коммунизм туы" газетінде әдеби қызметкер болған. 1968 жылы республикалық "Лениншіл жас" газетінің шақыруы бойынша Алматыға келеді, осы газетте мәдениет және ғылым, әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі болып істеді, ал 1974-1983 жылдарда "Жұлдыз" журналы проза бөлімінің меңгерушісі әрі редколлегия мүшесі болған. Өмірінің соңғы күніне дейін "Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторлық қызметін атқарады. Шынында да осы Оралхан Бөкеев деген кім? Оның көзі тірісінде де, бақиға аттанған соң да аттандап: "Алтайдың кербұғысы!", "Мұзтаудың мұзбалағы!" деген сынды эпитеттерді қарша боратқанымыз өтірік емес. Әлі күнге Оралхан туралы әңгіме қозғала қалса әлгі эпитеттерді малданып келеміз. Осы астам сөздердің екінші бетіне көп үңіле қоймағанымыз да, үңілуге батпай жүргеніміз де шындық. Үңілуге әрекеттеніп көрелікші. Бала Орашты, бозбала
Оралханды, жазушы әрі Оралхан - жазушылыққа өзін бала кезінен дайындаған адам. Жиырма жасына дейін ел деген, Өр Алтай деген құнарлы да қыз - табиғат өңірдің уызынан қанып ішкен ол, өз санасында сандаған повестер мен сарытап сағыныштарға толы әңгімелердің негізін қалап үлгерген екен. Алтайда жатып асқақ та өршіл дауысымен алты алашты елең еткізген өренді, Алматыдағы қазақ жұртының қаламының желігі бар жастарын құтпан айғыр секілді үйіріне қуып тығатын Шерхан Мұртаза сынды аймүйіз ағасы аяқ- қолын жерге тигізбей астанаға алғызған. Сөйтіп... Қазақтың шоқ жұлдыздарының қатарына мұрты жаңа ғана тебіндеп келе жатқан, жүрісі де, тұрысы да кербез, жұмбақ, өр де астам, басына сынық түймедей сөз асырмайтын түз тағысы - Кербұғы келіп қосылған.... Орекеңнің үлкен,
көлемді шығармаларын былай Кез келген өнер иесі туралы әріден әңгіме қозғау барысында біз оның өмірін- дайындық, білімін жетілдіру, даму, өсу кезеңдері деп шартты түрде бөліп, бөлшектеп жататынымыз рас. Осы бір шарттылық шеңберіне Оралхан сыймайтын секілді. Себеп мынада: Оралханның қулық пен сұмдыққа толы қитұрқы өмірдің мәні мен мағынасын әлі толық ажырата алмай жүргенде жазылған шығармалары мен кейіндеу жазылған шығармаларын безбендер болсақ, бірін - бірі баса алтай, итжығыс түсіп жатар тұстары көп. Асылық болмасын, тіпті отызында жазылғандары қырық жасындағы "ағаларынан" өр де өршілдеу екендігін ешкім жоққа шығара алмас. Яғни Оралхан шығармашылыққа өмірдің өзінен дайын келді деген сөз. Оның әдебиет институты да, аспирантурасы да, академиясы да- айналайын ауылы, соның ақеділ адамдары, Өр Алтайы, оның табиғаты болатын. Соған тамсануын тауыса алмай, таңырқауын түгесе алмай көз жұмды. Қат - қат сағыныштрын өзімен бірге ала кетті. Оралхан Бөкеев
шығармашылығының бастауы Оралханды өз биігіне шығарған, "Бөкеев - нағыз талант" дегізген шығармасы - "Мұзтау" повесі. Міне, дәл осы шығармасынан бастап Оралхан Бөкеев қоғаммен, оның кереғарлығымен, адамзатқа қасірет әкелетін сойқанды іс - әрекеттермен тайталасқа түседі. Бөкеевтің мәңгіге бітпес айтысы басталады. Міне, осы "Мұзтаудан" басталған қоғам кереғарлығымен Бөкеевтің жекпе - жегі оның қалған ғұмырындағы шығармаларының лейтмотивіне айналғаны рас. Аршалы. Қазақ жерінің күншығыстағы сіргежинар пұшпағы. Жұрты екі - ақ күнде көр -жерін буып - түйіп бел асып, бошалап кеткен, әдірем қалған мекен. Мылқау шешесімен Ақтан ғана қалған. Тағы да бір Ақтанның мұңдасы, тіршілік иесі бар, ол арса -арсасы шыққан Шағырқасқа. Оның да терісі қанжар жүзіндей боп жұқарған, жүдеген. Мынау мүлгіген мылқау тірліктен Шағырқасқа да әбден зәрезеп болған: алқа салқасы шығып жылағысы, белгісіз бір шулы өмірге күңірене кісінеп еніп кеткісі келетін. Бірақ ондай шылбыр үзер тентектікті Шағырқасқаға кім беріпті ?! Қайта мынау меңіреу тайгадағы өзі салған, өзі мың сан таптаған сүрлеуімен митың - митың тапырақтағанына, тірлік етіп жүргеніне риза болсын. Жылқы да болса өз әулетінің тым жуастығына, тым көмпістігіне іштей қан түкіре налитын. Екі аяқтылардың еркіне көндім дегенің, табиғат берген тәуелсіз тірлігіңнен айырылдым деген сөз. Анау жылы бір тентек суға тойып алған, зәр жіберер долы Екі аяқты мұның көзін шұқып та алған. Шағырқасқа аталып жүргені сондықтан, Шағырқасқа екіаяқтылардың қолынан күніне сан рет жем алып жүрсе де оларға сауырын сипатпайтын бұғы, маралдардың ерлігіне қызығатын, Аршалының самырсынды бір сайында туып, соның ғана төсін дүбірлетіп келе жатқан Шағырқасқаның қиялы да қысыр қалған. Аршалы көгінің көкжиегін көмкерген әнеу бір, қол созым жердегі түкті төбемен шектелген. Шіркін, бұғы - маралдардай тәуелсіз болсам - ау дегенді ғана армандайды. Шағырқасқаның үстіндегі иесі - Ақтан да жалқы. Жалғыз. Жартылай аң, жартылай адам. Табиғилығына түрен түспеген пенделердің соңғы тұяғы. Өрелдегі өңезкеуделердің Аң атап жүргені де сондықтан. Олардың ойынша қулық, сұмдық, аярлық, алааяқтықты меңгермеген жан - Аң. Ақтанның бар ермегі - ой. Санасына мәңгі тыныштық бермейді. Оралхан өзін шаршатқан, санасын сансыратқан, жауабын табу қияметқайым сандаған сұрақтарын Ақан арқылы жарыққа шығарады. Ақтан мен Аңды пікірталасқа түсіру арқылы жауап іздейді. Жақсылық пен Жамандықтың қансонарда жерді жапқан аппақ қылаудың бетіндегі қатар жатқан, бәсекелес қос із екендігін, жиі -жиі бастары тоқайласқан сәтте шарпысып, шаптығысып тіпті, қантөгіске де баратынын - қолқасына өгіз тобығы тұрып қалғандай өксікпен өреді. Ақтан - Әділетсіздік пен Аярлықтың ордасы - күлкітоқ қоғамнан қашып, Алтай тайгасының тағылар ғана мекендейтін түкпірінде табиғилығын сақтап қалу үшін жансауғалап жүрген қияли, ойсоқты адам. Совхоз орталығы Өрелге зәуімен бір бара қалса жиреніш те лас өмірден түңіле қашып тауымен, жалғыздығымен еңіреп табысады. Бұл еркіндігі, еркелігі қаншаға созылары бір аллаға ғана аян. Беу - беу Оралхан
- Ақтан - ай , қаншама көз көрмес,
құлақ естімес меңіреуге лағып, Әттең, Оралхан - Ақтан - ай, әр пенде шыр етіп жарық дүниеге келген сәттен бастап - ақ оның тағдырдан жер тоқпағы да, бастан сипар мейірімі де, бағы да, соры да ең аяғы тірліктің мәресі - ажалы да соңынан таяқ тастам жерде еріп отырарың соның көбі екі аяқты адам бейнесінде тапырақтап сүмеңдейтінін ертерек ойламағанын қарашы ! Қайран, Оралхан - Ақтан - ай, адам жатырынан адам болып дүниеге келген екенсің, сол тобырдан қолыңды төбеңе қойып қаншама қашқаныңменен, қаншама саяқтаңғаныңмен сол тобырсыз күнің жоқ екенін неге түсінбейді екенсің. Ажалдан қашқан Қорқыт бабаларың қайда ұзап кетіп еді ? Адалдық пен Арамдық - егіз ұғым. Ақтан - адалдықтың бейнесін сомдаса, Кан - қулық, сұмдығына сырық байламайиын арамдықтың өкілі. Кан жетесіз емес. Ақтан секілді ауызынан әулиеліктің уызы аңқып тұрған он шақты аңқау да адал жандарды қанжығасына бөктеріп кетеді. Тым зымиян. Тым жады. Тым уытты. Повесть соңында Арамдықтан сілікпесі шыға орлық көрген Ақтан оның қыр соңына түседі. Арқасына таңып алған, ғұмыр бойы жақ ашпаған мылқау шешесі тұңғыш рет ұлына: - Құлыным - ай, сол қуды қуып жете алар ма екенсің ?- деп күрсінеді. Ақтан жетуін жетер, ал оны жеңу үшін өзі де арамдықпен тояттауы қажет -ау. Повесте қосалқы бейне есебінде үнемі көрініп қап отыратын кейіпкер - өтірікші Асан шал. Бұл кейіпкер - Оралханның алмас алдаспаны. Оны әрі өтірікші, әрі шежіреші етіп алуы - саясат. Қоғам кереқарлығын , өз ұлтыңның кеңкелес кезеңде іштегі запыранды шығару үшін әр түрлі әдеби тәсілдерге бару қажет болды. Міне, Асан сол олқылықты толтыруға келген өкіл." Мұзтау" повесінің көтерген ең ауыр жүгі - оның адами мораль мен этикасының жиынтығы екенінде. Оралхан осы шығармасында Арамдық пен Адалдықтың бетін қанжосасын шығарып, аймаңдай етеді. Адамдарды ізгілікке үндейді. Етегі тола еңірей отырып "Адам" болып қалуға шақырады. Жалпы "Мұзтау" повесі - Мұзтаудай биікке шыққан шығарма. Ол аласаруы мүмкін емес!... Ол - ерлік пен өрлікке толы хикаят. Оны оқып шыққан соң өзіңнің де бойыңа шым - шымдап қуат құйылып жатқанын, моншадан шыққандай бусанып, сергіп қалғаныңды сезесің. Күйкі тірлігіңе қынжыласың, аттандап Алтай мен Алатауға шығып, алапат ерлік жасағың келеді - ай! Әсілі, Бөкеевтің қара сөздің інжу - жақұтымен өрілген жырларынан әмәнда ерлік рухы атқақтап, шарасына сыймай асып - төгіліп жатқан асқақтық лебі өн - бойыңызды тоқ соққандай қалшылдатады -ай! Пенде Оралханның кеудесінен шыбындай жаны ғана пыр етіп ұшып кетіпті. Жазушы Оралхан Бөкеев тірі екен. Шығармашылық өмірі тек ғана өнермен, соның інжу - маржанымен көмкерілген Оралхан кербез жымиып, әне арамызда жүр... Олар: Нұржан ("Қар қызы"), Таған ("Атау кере"), Аға ("Жылымық"), Қиялхан ("Жасын"), Аман ("Сайтан көпір"), Ақпан ("Мұзтау"), Жеңісхан ("Ұйқым келмейді"), қойыңызшы, тіпті, газет үшін жазылған ұсақ мақалаларының өзінде Орекең тұр тәкаппар көз салып. Оған кербездік жарасушы еді. Оған жұмбақтық жарасушы еді. Оған..... оған, бәрі - бәрі жарасатын... Оны алты алашқа сүйкімді еткен де, ерке еткен де, шашын жұлғызып, жоқтатқызған да хас таланты болатын. Ал таланты үшін; ол Аллаға ғана қарыздар.... Ел айтады: "Оралхан Бөкеев тіпті де өлмепті. Ол түз тағысына - Кербұғыға айналып, алтайдың құзар шыңдарын гуілге толтырып жүр екен"... О.Бөкеевтің шығармашылық
жолы 1970 жылдан басталады. О.Бөкеев әдебиетімізге
өз өрнегімен келген жазушы. Ол алғашқы
әңгіме повестерінен-ақ оқушысын бірден
баурап әкетіп еді. Жазушының ой мен
сезімді қатар өрген О.Бөкеев әу бастан
- әдебиеттің киелі босағасын
аттаған күннен бері өз Оралханның қазақ
әдебиетінде салып кеткен Асқар Алтайдың
кербез табиғатын, тамылжыған
сұлулығын Оралхан Бөкейдей Оралхан кейіпкерлерінің тағы бір ерекшелігі - олар арманшыл, қиялшыл болумен бірге ойшыл, мұңшыл, жан-дүниелерінде сағынышқа толы аңсау, ынтығу, күрсініс пен өкініш, шексіз ынтызарлық, жұмбақты сыр жатады. Олармен бірге белгісіз бір сағынышқа толы мұңға беріліп кеткеніңді өзің де байқамай қаласың. Оралхан Ұлы Отан соғысы жылдары дүниеге келген ұрпақтың өкілі. Сол бір алапат-сойқанды көзімен көрмесе де анасының құрсағында жатып, тылдағы ауыр еңбектен қабырғасы қайысып, күрсіне-күңірене жүріп күн кешкен қамкөңіл жандармен бірге тыныстап, бірге қиналып дүниеге келген бұл ұрпақтың да жанына соғыс салған жара аз болған жоқ. Осы соғыс тақырыбына жазушы "Бәрі де майдан" повесін арнады. Бұл повесть - тақырыбының сонылығымен де, кейіпкерлерінің тосын тағдырымен де ерекше шығарма. Шығарманың негізгі қаһарманының бірі - Ақан. Қолына мылтық алып, қан майданға қатыспаса да, еңбек армиясында болады. Белуардан батпақ кешіп, таң атқаннан күн батқанға дейін тыным көрмей жер қазатын. Тамағы да өте нашар еді. Қатықсыз қара көже ішіп, үсіген картоп жеген кісілер ауыруға шалдығады. Өлім -жітім де болады. Осының бәріне Ақан мойыған жоқ. Мұнда да ол соғысқа қатысқандардан аз азап шеккен жоқ. Оны қиындықпен келген Ұлы жеңіске үлес қоспады деп ешкім айта алмайды. Ендеше неге бұның: "Еңбегім елеп ескерілмеді ? Неге ол Жеңіс мерекесіне арналған жиналысқа шақырылмайды ? "Менің кінәм не сонда ? Бар жазығым қолыма мылтық орнына күрек ұстағаным ба ? Біле -берсе күрек те қару ғой. Осы ғой жанға бататыны. Әйтпесе батыр атағын бермеді деп жүрген мен жоқ ",-деп қиналады Ақан. Жалпы, әдебиетімізде соғыс кезіндегі қара жұмыста болғандар еңбегі туралы жазылған шығармалар жоқтың қасы. Көбіне тікелей соғысқа қатысқандарға қарағанда осы бір белгісіз ерліктің иелері еленіп - ескеріле бермейді. Осынау еңбекте ерлік көрсеткен мыңдаған адамдардың тіршілігі қан майдан қаһармандарының тасасында қалып келгені белгілі. Сол олқылықтың орнын толтырған, ерліктің бағасы біреу ғана екенін, мейлі ол майданда жасалсын, мейлі ол тылда көрсетілсін, ашып, айғақтаған бұл повестің тағылымы мол, тәрбиесі толайым. Жақсылыққа ізгілікке деген ұмтылыста жүрген, ұлы сенімді серік еткен Ақан, Алма сынды кейіпкерлер әр жүрекке жол табады. Олардың көрген қиыншылықтары, тартқан азаптары жігерлерін шыңдап, қажыр - қайраттарын арттыра түсуі көңілге қонады. |
Оралхан Бөкейұлы тілдік қоры бай, ойы терең, адамның жан-дүниесін көп жазып, табиғат пен адамның үйлесімділігіне, жұмыр басты пенденің тіршіліктегі тірлігіне көп бас қатырып, қалам тербеген жазушы. Оралхан әдебиеттегі бар жанрлардың барлығында бағын сынап, қалам тербеп, қазақ әдебиетінің көркемдік әлемінде ғажайып із қалдырған аса көрнекті жазушы, қарымды қаламгер. Жазушының өзгелерде жоқ өзіндік жазу мәнерін, заманы мен айналасындағыларға жеткізу сонылығын біз роман, повесттерінен, әңгімелерінен анық байқаймыз, оларға тоқталмас бұрын жалпы әңгіме дегеніміз не? Әдебиет деген көркем сөз, көркем өнер, әсем мәдениетте әңгіменің алар орны қандай, заман шындығы мен кескін-келбетін оқырманға әңгіме жанры арқылы жеткізуге болады ма? Оның тілі, көлемі, стильі қандай болуы шарт? Осы сынды сұрақтарға жауап бере кетсем .
Сонымен әңгіме дегеніміз не?
Бәріміз білетін бұл сұрақтың жауабы, әңгіме роман мен повестен кішкентай, көп деген де он-он үш беттен аспайтын шағын оқиғаны қамтитын әдебиеттің бір жанры. Анығын айтқанда көбіміздің білетініміз осығана. Жалпы әңгіме деген не деген сұраққа кесіп-пішіп жауап беру қиын, әңгіменің сыр-сипаты біржола кесіп айтуға келмейді, бірыңғай анықтама шеңберіне сыймайды. Дегенмен «Әңгіме, – дейді Сомерсет Моэм, – ұзын-қысқалығына қарай он минуттан бір сағатқа дейін оқылатын, әбден аршылып алынған бір-ақ нәрсе, бір ғана оқиға немесе бірігіп кеткен бірнеше оқиғалар тізбегі туралы жазылған шағын шығарма. Әңгімені еш нәрсе қосуға да, алуға да болмайтындай етіп жеткізу керек» - деп сөз саптайды. [1, 250-б.]. Бұл арада Моэм әңгіменің жанрлық сипатын анықтай отырып, оны жазудың екі түрлі ерекшелігін, біріншіден, қысқа жазылу керектігін, екіншіден, шебер жазылу қажеттігін ескертеді. Бұл екеуі бір-біріне тығыз байланысты.
Сөз жоқ, әңгіме – бес жүз бет роман емес; көлемі бес-ақ бет болуы мүмкін. Сергей Антонов, мәселен, бұл жанрдың үздік үлгісі – жеті-сегіз беттік әңгіме деп біледі. Қалай болғанда да, әйтеуір, әңгіме оқу үшін бір жеті керек емес. Моэм айтқандай, бір-ақ сағат жетуі мүмкін.
Ал мұншалық қысқа мерзімде оқырманға қыруар эстетикалық ләззат беру тек шын шебер жазушының ғана қолынан келетін шаруа. Бес-он бет қана кішкене шығарма көлемінде үлкен өмірдің бір бөлігін жарқ еткізіп жайып тастап, оқырман алдында қилы-қилы мінездің адамын әкеліп, жақсысына сүйсінтіп, жаманынан түңілтіп отыру – ірі шеберлік. Мұндай шеберлік мектебінің үлгісін, мәселен А.П. Чехов немесе Ғ.Мүсірепов, я болмаса Б. Майлин көрсеткені, ұлы суреткерлердің қолдарынан қандай ғажайып, сұлу, керемет, тамаша миниатюралар шыққаны әмбеге аян. Кез келгенін оқыңыз, қас қаққанша қандай терең сезімге, қорқынышқа, сүйіспеншілікке салады, қалайша сізді баурап алады? Көз алдыңызда сан түрлі типтер тұрады: Пришибеев, Беликов, Очумелов, Нағима ана, Айжан, Айгүл қойшы, Шұға, Әбдірахман. Бұлардың дәл бір тірі кісідей жанды бейнеде жасалатыныны сондай, кітаптан оқып отырғаныңызды ұмытып, кейбіреуін қолыңызбен түртіп қалғыңыз келсе, кейбіреуін дауыстап шақырып алғыңыз келсе, енді біреуіне көмек қолын созғыңыз келеді. Бірінің қимылына сақылдап күлесіз, бірінің мінезінен, іс-әрекетінен түңілесіз, біріне сүйсіне қарап, ғашық боласыз. Енді біреуінің кейбір кеспірсіз қылығы кездейсоқ та болса өз бойыңыздан табыла қалса, сәл ұяла беріп. сабақ аласыз. Енді бір алуан ұнамды типтердің жақсы қасиеті сізге дари түседі. Бұл – әңгіменің тәрбиелік күші.
Жалпы әңгіменің қандай жанр екендігі туралы көптеген энциклопедияларда қысқаша анықтама берілген. Енді сол анықтамалардың біреуіне көз жіберсек.
Әңгіме, әдебиетте – оқиғаны қарасөзбен баяндайтын шағын көркем шығарма жанры. Әңгіменің жанрлық ерекшеліктері оқиғаны баяндау тәсілі, композиция, сюжеттік құрылысы, көркемдік жүйесі арқылы айқындалады. Әңгіменің көлемі шағын, кейіпкерлер саны аз, сюжет ұйтқысын құрайтын оқиғаның басталуы, шарықтау шегі мен шешімі болады. Онда адам, оның өмірі мен тағдыры, аса маңызды деген оқиға жинақы беріледі. Мұнда бір айтылған жайларға қайта оралуға, ұзақ баяндауға орын жоқ. Әңгіме жанры аз сурет арқылы көп жайды аңғарта білетін айырықша көркемдік шеберлікті талап етеді. Оқиға көбіне бірінші жақтан баяндалып, әңгіменің оқиғаға тікелей қатыстылығын көрсетеді. Б. Майлин, Ж. Аймауытов, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов, Ғ. Мұстафин, Қ. Жұмаділов, Ә. Кекілбаев, М. Мағауин, Т. Әбдіков, т.б. жазушылардың әңгімелері – қазақ әдебиетіндегі осы жанрда жазылған үздік шығармалар. Қазіргі әңгімелердің бастаулары халық ауыз әдебиетінде жатыр. Сонау көне заманан-ақ халық өзінің тұрмыс-салты, күнделікті тіршілігі жайлы ауызша әңгімелер туғызып отырған. Мұндай әңгімелер бір рет қана айтылып қоймай, әр жерде жиын болған кезде айтылған да, ондағы оқиға бірте-бірте тұрақты сюжетке айналған. Сөйтіп ауыз әдебиеті дәстүрлі жанрға айналған. Жеке адамның басынан өткен оқиға ретінде айтылған мұндай әңгімелерді халықтар фольклортануында меморат де те атайды. [2, 68-б.].
Расында да қазақ халқы – өзінің табиғатынан әңгімеші, естігені мен есіндегісін баяндауға шебер халық. Кешегі күнгі ауыздан-ауызға жетіп ел есінен өшпей, ескіріп, ұмытылмай бүгінгі таңға жеткен көптеген аңыз-әпсаналар, ғашықтық-дастандар, батырлар жыры, әңгімелер, осының айқын дәлелі. Бір ғана ертегілерін алып қаралықшы. Рас, бұл жанр өзіндік жазуы қалыптасқан ортада негізінен ауызша айтылып біреуден-біреуге жету арқылы таралғандықтан уақыт өтіп, айтушы өзгерген сайын оның мәтінінде де үлкенді-кішілі өзгерістер болуы әбден заңды. Бірақ ол ешқашан да өзінің көркемдік бояуын жоғалтпаған, ғибратты мәніне, идеялық діңгегіне дақ түсірмеген. Белгілі фольклортанушы ғалым С.Қасқабасов қазақтың халық прозасын аңыздық және ертегілік деп екі топқа бөліп, олардың әрқайсысына тән миф, хикая, аңыз-әфсана, әңгіме және әрқилы ертегілер тәрізді жанрлық түрлерді жіктеп көрсетеді. [3, 80-б.].
Қарап отырсақ көркем прозаның бастауы да ертегі жырлардан, аңыз-әфсаналардан басталыпты. Бұлардың қай-қайсысы болсада прозаның тамаша үлгілері екені анық. Сол себепті бастауын аңыз-әфсана, әңгіме – хикаяттардан алатын қазақ прозалық туындыларын бояуы өшкін, айтары жоқ шығармалар деп қабылдай алмасымыз анық. Прозалық туындылар соның ішінде әңгіме жанры қазақтың ежелден келе жатқан әңгімешілдік, ертегішілдік, баяндаушылық дәстүрінен нәр алып қаулай өсіп жауқазын іспеттес бүгінгі көнге жетіп, осы күннің елдік мәселелерін көтеріп жүргендігін аңдаймыз.
Міржақов Дулатовтың, Спандияр Көбеевтің, Бейімбет Майлиннің, Мұхтар Әуезовтың қаламынан туған әңгімелер де адамзаттың тіршілігі, қоғамдағы орыны, әлеуметтік мәселелері жайлы берері мол, тың туындылар екендігі анық. Әңгіме жанры арқылы да тіршілік үшін күрестегі қым-қиғаш, қым-қуыт өмір-дарияның кескін-келбетін көз алдымызға әкеліп, оқырман қауымның көкейіне жеткізе білуге болатындығын дәлелдейді. Осынау алтын көпірді жалғастырушылардың бірі әрі бірегейі, заманының саңлақ та жұмбақ суретшісі, қарымды қаламгер, әңгіме тілімен шығармаларынан бал тамыза білген жазушылармыздың бірі Оралхан Бөкейұлы да проза жанрында түйдек-түйдек дүниелер жазып, осы жанр арқылы соның ішінде әңгіме тілінде теңдесі жоқ шығармалар туғызды, сол шығармалары арқылы біздерге өз заманының сұлба суретін жеткізе білген бірден-бір суреткер. Жазушының осы әңгіме жанрында жазылған қай шығармасын алып қарасақ та бәрінің айтпақ ойы, жеткізбек идеясы өз замандастарының өскен ортасы, діни-жұмбақтың сыры екендігі анық. Философиялық – психологиялық тұрғыдан алып қарағанда Оралхан Бөкейдің шығармалары теңдессіз дүниелер, толғауы терең, мазмұнды екендігі даусыз. Оның қай әңгімесін оқысақта онда тек автордың өзі өмір сүрген ортасы, ондағы тіршілік иелерінің мұң-зары, қызық-қуанышы, арман-қиялы көрінеді. Бөкей өз заманының әлеуметтік ортасын әдемі де әсерлі, ащы әрі ашық, жұмбақ та терең тілмен жазып жеткізе білді.
Әңгіме – қиын жанр. Алдымен, ең басты көзге көрінетіні, көлемі шағын. Ол – жазушыдан барынша жинақы болуды талап етеді. Содан соң оқырманды бірден үйіріп әкету үшін, сол шағын көлемді өмір эпизодының өзі соншалық тартымды, сюжет желісі қызғылықты болуы тиіс. Сюжетке ене бастаған бетте-ақ оқырманның көз алдына іші-сыртын, мінез-құлқын, іс-әрекетін атаған сайын аңғартып, көз алдыңа жанды сурет келе бастауы керек. Ол жанды сурет, яғни адам өзіне тән ең бір елеулі өзгешелігімен шұғыл даралана беруі тиіс. Адам тұл көрінбейді; оның өзін қоршаған айналасы айқын көзге түсуі; сол арқылы белгілі бір әлеуметтік топ, қоғамдық орта танылуы шарт. Әлгі адам – соның өкілі, типтік тұлға болуы қажет. Осының бәрі жазушыдан өмірді терең білуімен қатар, шұрайлы сөз байлығын, жете байқағыштықты, асқан талғампаздықты, тілдегі тамаша суреттілікті, бір сөзбен айтқанда, қалам тиген жерді өмірдің өзіне айналдырар нағыз шеберлікті, соған қоса кемел идеяға апарар терең білім мен биік мәдениеттілікті талап етеді. Мұның бәрі – күрделі, қиын жұмыс. Сондықтан болуға тиіс, қаламгер қауымы әңгіме жазуды шеберлік шыңдау деп ұғады.
Рас, әңгіме – шеберлік мектебі. Ірі жазушылардың бәрі қаламын осы «мектептен» ұстартып шықты. М.Горький мен А.Серафимович, А.Толстой мен М.Шолохов. – бәрі де романнан бұрын әңгіме жазған адамдар. Олардағы зор шеберліктің бір ұшы осында жатса керек.
Информация о работе Оралхан Бөкей шығармаларындағы әлеуметтік сарын