Отаным-Қазақстан

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2011 в 07:50, реферат

Описание

Отан...Бұл сөз-әр адамның жанына жақын, жүрегіне жылы тиер сөз. Құс ұясыз болмайтындай, адам Отансыз болмайды. Ал менің Отаным-сонау Каспийден Алтайға дейін созылып жатқан қасиетті өлке – Қазақстан.
Қазақстан дегенде көз алдыма шалқыған жайлау, түтіні бұрқыраған ауыл, жазық дала елестеп, бақтағы бұлбұл құстың үні мен айдын көлдегі аққу құстың қиқулаған даусы құлағыма келеді.

Работа состоит из  1 файл

Отаным.doc

— 55.00 Кб (Скачать документ)

Отаным-Қазақстан

(Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне арналған шығарма)

   Отан...Бұл сөз-әр адамның жанына жақын, жүрегіне жылы тиер сөз. Құс ұясыз болмайтындай, адам Отансыз болмайды. Ал менің Отаным-сонау Каспийден Алтайға дейін созылып жатқан қасиетті өлке – Қазақстан.

         Қазақстан дегенде көз алдыма шалқыған жайлау, түтіні бұрқыраған ауыл, жазық дала елестеп, бақтағы бұлбұл құстың үні мен айдын көлдегі аққу құстың қиқулаған даусы құлағыма келеді.

Қазақстан - тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті.Әсіресе XX ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғығы толы кезеңімен есте қалды.

   Мың тоғыз жүз он алтыншы жылдағы көтеріліс, жиырмасыншы жылдардағы аштық, отызыншы жылдардағы тотолитарлық жүйе, ұлы Отан соғысы, мың тоғыз жүз сексен алтыншы жылғы жерді дүрсілкіндірген Желтоқсан оқиғасы. Бұның барлығы да қазақ жеріне ауыр жара салды. Қанша қиыншылық келсе де, біз оларды ешқашан ұмытпаймыз, айыптамаймыз да. Себебі, бұл-тарих. «Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» деген ұлы даналықты жадымызда ұстайық!

   Қазіргі таңда Қазақстан өркениетті, дамыған елдер қатарында келеді. Еліміз тәуелсіз ел, дербес мемлекет болып XXI ғасыр табалдырығын сенімді аттағанбыз. Ел өз қалауымен президентті сайлап, Ата Заңымыз бен мемлекеттік рәміздерді қабылдадық. Ана тіліміз-қазақ тілі мемлекеттік тіл болып жарияланды. Қазақстанның астанасы- Астана қаласы. Ол күннен күнге жаңарып, жаңа белестерге көтерілуде.

     Елбасымыз айтқандай XXI ғасыр-жастар ғасыры. Мұқағали ағамыз: 

« Сендердікі қоғам, өмір, заман да, 

Сен түзеген  қалаңменен далаң да, 

Болашақта барлығы да сендердікі, жас ұрпақ, 

Сендерге  аманат етіп табыстаймыз, қабыл алыңдар!»,- дейді. 

Біз - халқымыздың  үміт артарымыз, өлкемізді көркейтіп жасартары да біз-жастар. 

Қазақстан, сен заңғар биіксің, кеңсің. Менің  жаным өзіңе деген мақтанышқа бөленген. Туған жер! Мен сенің  атыңды жер бетіне жар салар перзентіңмін, тәуелсіздікті мықтап қолда ұстайтын балаңмын!

Туған жерім  — Қазақстаным 

Мұғалімнің ой толғанысы 

Оқушыларымның кішкентай жүректерін Қазақстан  үшін қуаныш сезімі кернейді. Олар өздерінің  жазған шығармаларында еліміздің әсем табиғаты, оның пайдалы қазбалары  туралы сөз қозғайды. «Елімнің асқар  таулары, шалқар көлдері, ұлан — ғайыр далалары бар» — дейді Отанымыздың тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев туралы, жаңа астанасы — Астана қаласы туралы мақтанышпен жазады. Өзім олардың жазған ойларынан туған жерге, елге деген асқақ сезімді көремін және сол үшін қуанамын, риза боламын. 

Оқушылардың Қазақстан  туралы шығармалары: 9 — сынып оқушысы  Абрикосова Анжела. 

Қазақстан —  біздің Отанымыз. 

Біздің Қазақстанда  ұлттар Ассамблеясы бар. Ол жақсы  жұмыс істейді. Асылы Осман «Мемлекеттік тілге — құрмет» ұйымының төрайымы. Қазақстанда кен байлығы бар. Ұлтаралық келісім сақталып отыр. Өйткені Қазақстан достығы, бірлігі мықты ел. Туған тілді, салт — дәстүрді оқу керек. Қазыбек би айтқан: «Біз достықты бағалаймыз». Қазақстанда бірлік, достық, байлық, тыныштық бар. Елдің байлығын көру үшін бізге сабырлылық керек. Қазақстан бүкіл әлемге үлгі болады. Бізде болашақ ба! 

Менің Отаным  — Қазақстан. 

Қазақстан  —  өте бай республика. Қазақстанда  көне қалалар бар. Көне қалалардың бірі — Түркістан. Ол Оңтүстік қазақстанда  орналасқан. Бұл қаланың орнында  ІV — Х ғасрларда шабғар деген үлкен қала болған. Бұл қалада осы уақытқа дейін жақсы сақталған Ахмет Йасауи кесенесі бар. Қазір астана қаласы  — астана. Бұл болашақтың қаласы. Астана әрбір күні гүлденеді. Астана жаңа қала, бірақ оның бай тарихы бар. Астанада Президент Н. Ә. Назарбаев тұрады. Және жұмыс істейді. Адамның жақсы, бақытты өмір сүруіне көп жағдайды Отанға деген сүйіспеншілігіне байланысты. Біз ел болашағымыз, сондықтан біз оқуымыз керек, ата — ана көмектесуге міндетті. Маған Қазақстан өте ұнайды. 

9 — сынып  оқушысы Иванников Кирилл. 

«Менің елім — Қазақстан» 

Біздің елде биыл Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан  халқына Жолдау жазды. Мен бұл  Жолдауды оқыдым. Жолдауда Президент  халық, мемлекет алдына он мақсат қойды. Менің ойымша, біздің ел бәсекеге қабілетті болу үшін экономикасын дамытуы керек. Елімізге білікті мамандар керек. Қазіргі уақытта мектепте білімге ерекше көңіл бөлінсе. Менің ұлтым украин, Отаным — Қазақстан. Мен елімнің патриотымын. Мен Солтүстік өлкенің тамаша жерінде тудым. Бұл жер Петропавл деп аталады. Бұл табиғаты тамаша жерде балалық елімнің патриотымын. Мен Солтүстік өлкенің тамаша жерінде тудым. Бұл жер Петропавл деп аталады. Бұл табиғаты тамаша жерде балалық шағым өтті. Прибрежныйдың жанында шағын өзен бар. Мен сол өзеннің суына шомылып өстім. Қазақстандық патриотизм  — Отанды, туған өлкені, оның халықтарын сүю, табиғатын қорғау. Мен өз елімді әлемдегі дамыған елдердің қатарынан көргім келеді. Мен елімнің патриоты ретінде Отанымды қорғаймын. 

Менің Отаным — Қазақстан. 

Менің Отаным —  Қазақстан. Мен Отанымды мақтан етемін, оны сүйемін ! Туған жерім —  аққайыңдар өлкесі, Солтүстік —  Қазақстан! Ол  — ел байлығы, қазынасы, кең байтақ Отанымның ірге тасы. Биылғы 28 ақпанда «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» жолдауы шықты. Біздің облыс оған аса көп көңіл бөлді.Сонымен, Қазақстан бүгін әлемнің ең екпінді дамып келе жатқан елдерінің бірі болып саналады, бұл да барша жұрт таныған ақиқат. Бірақ алдымызда жаңа мақсаттар тұр. Сондай биік белестің бірі — қазақстанның 50 елдің қатарына кіруі. Ол мақсатқа жету үшін ең алдымен, сіздер мен біз, әрбір қазақстандық бәсекеге қабілетті болуымыз керек! Биылғы Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің дамуының негізгі бағыттары да белгіленді, жетістіктеріміз туралы да айтылды. Біз болашаққа сеніммен. 

Қазақстан біздің Отанымыз. 

Менің Отаным —  Қазақстан. Асылы Осман Қазақстанның азаматы, көрнекті өкілі. Асылы Осман  Отан туралы айтты : «Менің Отаным —  Қазақстан Оның жері кең — байтақ ( ұлан — ғайыр ) Қазақстанның жері өте  бай». Қазақстанның жерінде пайдалы қазбалар бар. Қазақстан Еуразия құрлығында орналасқан. Қазақстанда 14 облыстар бар, өз рәміздері бар. Олар: Елтаңба, Әнұран, Ту. Өз салт — дәстүрлері бар. Қазақстанның астанасы — бұл Астана қаласы. Астана — үлкен, әсем, таза қала. Ол іскери, мәдени қала. Қазақстанда көп ұлттар бар. Қазақстанда әр азамат қазақ тілін білуі керек. Қазір Қазақстанда көп ұлттар қазақша жазады, оқиды, сөйлейді. Мысалы : орыстар, әзірбайжан, немістер. Әр елде әр азамат туған тілін білу керек.

Егемен, елім —  ай! 

Мұғалімнің ой толғанысы. 

Оқушыларымның жазған шығармаларын қолыма алып, оқып отырмын. Өзге ұлт өкілдері оқушылары  жазған «Егемен, елім — ай» атты шығармаларды оқи отыра ойға қаламын. Қуанамын, толқимын. 

«…Адамдар, өз Отанымызды сыйлайық! Мен оныншы сыныпта оқимын. Менің бір мақсатым бар, ол тіс дәрігері болу. Мен болшақта Отаным — Қазақстаным үшін еңбек етемін» — дейді оқушым. 

«…Мен отаншылмын. Мен өз елімді сүйемін, себебі мен  Қазақстанда тудым, өстім және оқып жүрмін» — дейді келесі бір оқушым. 

«…Егемен, елім — ай, тәуелсіз Отаным — ай, мен  сені қадірлеймін» — дейді оқушым. 

Мен оқушым жазған осы жүрекжарды сөздер үшін қуанамын. Бұл шығарма жолдары жай жазылған бос сөздер емес, шын жүректен шыққан сөздер. Бұл — отаншыл адамдардың сөздері! 

Оқушылардың шығармашылығынан: 

Летучий Иван:

 «Егемен елім  — ай!»

 Мен оның  түнін сүйем, күнін сүйем,

 Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.

 Мен оның  қасиетті тілін сүйем,

 Мен оның  құдыретті үнін сүйем. 

Менің Отаным —  Қазақстан. Қазақстан Республикасы Еуразия құрлығындағы мемлекет қазақстанның жері кең — байтақ және өте бай. Табиғаты әр алуан. Мұнда жазық дала да, орман да, тау да, өзен де, көл де, шөлді аймақтар да бар. Тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы  — Астана. Ол Есіл өзенінің бойында қасиетті Сарыарқа жерінд орналасқан. Есіл өзенінің бойында Елбасы Резиденциясы, Парламент үйі, жастар сарайы, көп қабатты тұрғын үйлер бой көтерді. Парламент үйінің алдында Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің ескерткіштері қойылған. Астана  — болашағы үлкен қала. 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып Н.Ә. Назарбаев сайланды. Біздің ел тез дамиды және гүлденеді. Мен отаншылмын. Мен менің елімді сүйемін, себебі мен Қазақстанда тудым, өстім және оқып жүрмін. 

Галяуова Альбина: 

«Егемен елім — ай!» 

«Қайда жүрсең Атамекен,

 Көкейіңде  жатады екен». 

Егемен елім — ай, кең — байтақ жерім —  ай, тәуелсіз елім, сүйікті Отаным! Бұл  сөздер менің атамекенім туралы. Менің  атамекенім — Қазақстан. Қазақстанда  көп халықтар өмір сүрген. Олар бірлікте, татулықта өмір сүреді. Қазақстанның табиғаты өте көркем! Онда көп ормандар, жасыл жайлаулар, биік таулар бар. Әрбір қазақстанның азаматы қазақ тілін оқу керек, салт — дәстүрлерін білу керек. Қазақ тілі — мемлекеттік тіл. Қазақстанның астанасы — астана қаласы. Ол — әлемнің қаласы. Ол — жас қала, бірақ ол гүлденеді. Астана қаласында көп сәулет ғимараттары бар. Бұл: Бәйтерек, ойын — сауық орталығы «Думан» және тағы басқалар. Астана — өте көркем қала. Мен оныншы сыныпта оқимын және мен қазақ тілін оқимын. Мен Қазақстанның азаматымын. Менің Қазақстаным гүлденеді! 

Миронов Алексей: 

Елім туралы. Менің Отаным Қазақстан — бұл  тәуелсіз, егемен ел. Біздің елімізде өте  көп шалқар көлдер, өзендер, асқар  таулар бар. Қазақтың махаббаты күннің нұры, айдың аппақ сәулесі сияқты. Қазақстанның жасыл жайлауы көк кілем сияқты. Біздің ел Еуразия құрылығында орналасқан. Ол өте тамаша, жас ел. Онда Ақ орда орналасқан және тағы басқа мәдени ескерткіштер орналасқан. Астана — бұл әлем қаласы. Астана — Қазақстанның ең таңдаулы қаласы. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті 1991 жылы сайланды. Сол уақыттан біздің ел өте жоғары орындар алып келеді. Қазақстан өте жоғары көрсеткіштер көрсетеді. Мен Қазақстанда көп уақыт тұрамын және оның тез дамуын көріп жүрмін. Мен Қазақстанда тұратынымды мақтаныш етемін.

Мемлекеттік тіл  — менің тілім 

Мұғалімнің ой толғанысы. 

Мемлекеттік тіл! Ол туралы біз оқушылармен көп  ой толғаймыз. Орыс сыныптарында оқитын оқушылар оқушы мен мұғалім арасында жүргізілетін мемлекеттік тіл тақырыбына арналған жұмыстар нәтижесінде біраз білім алады. Қазір оқушыларым қоғамдағы мемлекеттік тілдің орнын біледі. «Мемлекеттік тіл — менің тілім, себебі Қазақстан — менің Отаным» — дейді оқушым. Екінші бір оқушым: «Біз мемлекеттік тілді оқуымыз керек, өйткені ол Отанымыздың тілі. Отанымыздың болашағы — қазақ тілінде» — дейді. Оқушыларымның ойларынан мемлекеттік тілге деген қызығушылықты көремін. 

Оқушылардың шығармашылығынан: 

Абрикосова Анжелика: 

Қазақ тілі туралы 

Қазақ тілі түркі  тобына жатады. Қазақ тілі сияқты түркі  тілдерінің тобынан тараған қазіргі ноғай,башқұрт, қырғыз, өзбек, түркмен, әзірбайжан, ұйғыр, татар, чуваш, тува, саха тілдерінде сөйлейтін халықтар бір — бірімен еркін түсінісе алады. Қазақ тілі XV — XVII ғасырдан қолданыла бастады. Қазақ тілі мемлекеттік мәртебе алды. Қазақ тілі — қазақтардың ана тілі. Қазақ тілі — өте бай тіл. Қазақстан Республикасының әр азаматы қазақ тілін оқу керек. Әр азамат қазақ тілін білу үшін көп оқу, жазу, мақал — мәтелдер мен салт — дәстүрлерді білуі керек. 

Иванников Кирилл: 

Қазақ тілі туралы. 

Қазақ тілі  —  қазақ халқының ана тілі. Ол түркі  тілдері тобына жатады. Қазақ тілі сияқты түркі тілдерінің тобынан  тараған қазіргі ноғай, чуваш, татар, башқұрт тілдері. Бұл тілде Қазақстанда, Ресейде сөйлеседі. Қазақ тілі —  өте бай. Қазіргі жастар қазақша сөйлейді. Ал қазақ, қарақалпақ, ноғай, башқұрт тілдері бір — біріне өте жақын. Қазақ тілі — мемлекттік тіл. Қазақ тілінде көп атақты шығармалар жазды. Мысалы : «Сағындым» М. Жұмабаев; «Абай жолы» М. Әуезов. Мен қазақ тілін жақсы білемін. Қазақ тілін VII ғасырларда пайдалана басталды. Қазіргі Қазақ алфавитінде 42 әріптер бар. Онда 9 спецификалық әріптер бар. Ана сүті бой өсіреді, Ана тілі ой өсіреді. Қазақ тілі мемлекеттік мәртебе алды. Қазір Қазақстанда көп орыстар қазақша жазады, оқиды, сөйлейді. Қазақстанда қазақ тілін әр азамат білу керек. 

Иванников Кирилл: 

Қазақ тілі туралы. 

Қазақ тілі  —  қазақ халқының ана тілі . Ол түркі  тілдері тобына жатады. Қазақ тілі сияқты түркі тілдерінің тобынан  тараған қазіргі ноғай, чуваш, татар, башқұрт тілдері. Бұл тілде Қазақстанда, Ресейде сөйлеседі. Қазақ тілі — өте бай. Қазіргі жастар қазақша сөйлейді. Ал қазақ, қарақалпақ, ноғай, башқұрт тілдері бір — біріне өте жақын. Қазақ тілі — мемлекттік тіл. Қазақ тілінде көп атақты шығармалар жазды. Мысалы : «Сағындым» М. Жұмабаев; «Абай жолы» М. Әуезов. Мен қазақ тілін жақсы білемін. Қазақ тілін VII ғасырларда пайдалана басталды. Қазіргі Қазақ алфавитінде 42 әріптер бар. Онда 9 спецификалық әріптер бар. Ана сүті бой өсіреді, Ана тілі ой өсіреді. Қазақ тілі мемлекеттік мәртебе алды. Қазір Қазақстанда көп орыстар қазақша жазады, оқиды, сөйлейді. Қазақстанда қазақ тілін әр азамат білу керек.

Информация о работе Отаным-Қазақстан