Патриоттық тәрбие

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2013 в 06:55, доклад

Описание

Патриотизм туралы идеяларды кезінде өздерінің шығармаларында қазақ даласының ойшылдары Әбу- Насыр әл- Фараби, Хас Хажиб Баласағұн, Махмұд Қашқари, жыршы- жыраулары Асан қайғы, Доспамбет жырау Қалқаманұлы, Махамбет Өтемісұлы айтқан болатын. Аталған ғұламалардың еңбектері еліміздің егемендік алуымен байланысты педагогикалық тұрғыда зерттеліп, бір жүйеге келтірілді.
Жас ұрпақ пайдаланып отыр. Өз ұлтына деген патриоттық сезімді қазақ ағартушылары Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев шығармаларынан да байқауға болады. Абай өз қызметін Отан мен халық алдындағы борышым деп түсінді.

Работа состоит из  1 файл

патриоттык тарбие2003.doc

— 43.00 Кб (Скачать документ)

Бүгінгі жастарды отаншылдық рухта  тәрбиелеу - мемлекеттік идеологияның

темірқазығы болуы тиіс

Н. НАЗАРБАЕВ 

Патриотизм туралы идеяларды кезінде  өздерінің шығармаларында қазақ  даласының ойшылдары Әбу- Насыр  әл- Фараби, Хас Хажиб Баласағұн, Махмұд Қашқари, жыршы- жыраулары Асан қайғы, Доспамбет жырау Қалқаманұлы, Махамбет Өтемісұлы айтқан болатын. Аталған ғұламалардың еңбектері еліміздің егемендік алуымен байланысты педагогикалық тұрғыда зерттеліп, бір жүйеге келтірілді.

Жас ұрпақ пайдаланып отыр. Өз ұлтына деген патриоттық сезімді қазақ ағартушылары Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев шығармаларынан да байқауға болады. Абай өз қызметін Отан мен халық алдындағы борышым деп түсінді. Оның шығармалары Қазақстан тағдырына деген, оның бостандық сүйгіш халқының болашағына деген қамқорлықпен айшықталған. Оның патриотизмі туған ел табиғатына, мәдениетіне, тіліне, озық дәстүрлері мен ұлттық мінезінің жақсы жақтарына деген сүйіспеншілігінен көрініс тапты.

«Қазақстан- біздің ортақ  үйіміз, біздің өзіміз де, біздің бабаларымыз да осы жерді мекен етеді. Егер біз өзіміздің өмірімізді сынауды білер болсақ, оны жасампаздықпен жаңғыртып, бой көрсеткен әрбір талшыбықты мәпелеп өсіріп отырмасақ, онда біз өзімізді нағыз патриот деп санай алмас едік» деген Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың сөзі мемлекетіміздің келешегінің тұтқасын ұстайтын жас ұрпақты осы бастан Отанына, атамекеніне шын берілгендік рухында тәрбиелеуден артық борыш жоқ екендігін көрсетеді.

Елбасы айрықша назар аударып  отырған мемлекеттік рәміздер мен  заңға құрмет көрсету бүкіл өркениетті қоғамдардың өмір салтына айналған дәстүр. Ол ел бірлігі мен демократиялық үрдістерге адалдық атындай қастерленеді.

Отансүйгіштік қасиетті қалыптастыруға әсер ететін факторлар – ұлттық сезім, ұлттық мақтаныш, ұлттық сана, игі  дәстүрлер, ұлттық парыз, бірлік және міндет. Ұлттық сезім- өзінің ұлт өкілдігін мойындай отырып ұлтына деген сүйіспеншілік, жанашырлық, халық мұраларын бағалай білу.

Патриоттық тәрбие , ұлттық намыс, ұлттық сана-сезім рухани байлықтан  көрініс табады. Олай болса, рухани байлыққа, ең алдымен, тілімізді, дінімізді, салт- дәстурімізді жатқызсақ, тіл- қазақ болуымыз үшін, дін- адам болуымыз үшін, салт- дәстүр-ұлт болуымыз үшін қажет. Патриотизм сезімінің оянуы мен қалыптасу процесін белгілі бір асқақ сөзімдерден, мақтаныш- сүйініштен бөле- жара қарауға болмайды. Ол елінің өткен тарихын мақтаныш тұту, жерінің байлығына, әсем көркіне сүйсіну, атадан балаға жалғасып, жақсы үрдісін тапқан ұлттық тілді құрметтеу. Осы сезімдерден туатын, санада орнығып қалыптасатын асыл қасиеттер ұлттық патриотизм деңгейінде өркен жайып, азаматтық патриотизм биігіне ұласатын сыңайлы. Әрине, бұл өздігінен бола салатын нәрсе емес, ол да нақты тәрбиенің жемісі.

Түйіп айтқанда, Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың « Қазақстанның болашағы - қоғамның идеялық бірлігінде» дейтін еңбегіндегі мына бір тамаша ойға жүгініс жасаған дұрыс болар: «Әрбір адам біздің мемлекетімізге, соның бай да даңқты тарихына, оның болашағына өзінің қатысты екенің мақтанышпен сезіне алатындай іс- қимыл жүйесін талдап жасауы қажет. Елдің мәселелері де, келешегі де барлық адамға жақын әрі түсінікті болуы тиіс. Әрбір адам бала кезінен Қазақстан – менің Отаным, мен үшін жауапты екені сияқты мен де ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей істеген жөн». Міне, осы сөздің өзі – тұла бойы тұнған отаншылдық тәрбие міндеттері. Қазақстандық патриотизмнің анықтамасы да осынау ойдан арна тартады. Балаларға патриоттық рух беретін, халық үшін қызмет етуге үндейтін , өз елін қорғау үшін керек десе , жанын қиюға дейін баруға болатынын іспен көрсететін және үстем таптың озбырлық ниеттерін айқын әшкерелеп , оған қарсы күрес жүргізуге шақыратын Махамбеттің қуаты күшті шағын өлеңдерінің балалар үшін маңызы ерекше. Махамбет балалар әдебиетінің өкілі емес, бірақ Махамбет өлеңдерінің бірсыпырасы балалар мен үлкендерге бірдей ортақ мұра. Абай халықтың болашақ жаңа қауымына , жасөспірімдерге арнап талай өлеңдер жазды , нақыл сөздер айтты. Жастарды өнер- білімге шақырды. Абай өз өлеңдерін еріккеннің ермегі еткісі келмей , жастарға үлгі – өнеге көрсету үшін жазатындығын алдын ала ескертіп өтеді. Білімді ұрпақ туған ұлт – халық үшін қызмет етсін дегенді басты міндет етіп қояды. Ыбырай атамыз да бар үмітін жас ұрпаққа артты. Ыбырай атамыздың соңында қалған мұрасының жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру ісіне тигізетін әсері зор. Өйткені патриотизм қашанда , қандай қоғамда да өзінің әлеуметтік мәнін , маңызын жоғалтпайтын ұғым.

Жастарды патриотизмге баулу , қоғамның жаппай рухани әлеуметін арттыру  мақсатында 2006 жылы Елбасының Жарлығымен азаматтарға патриоттық тәрбие берудің бағдарламасы қабылданғаны белгілі. Қазақстан азаматтарын патриотизмге тәрбиелеудің педагогикалық негізі – тұлғаның патриоттық сана – сезімін калыптастыру ; патриоттық іс – әрекетін ұйымдастыру ; мінез – құлқына патриоттық сипат беру мектептегі оқу – тәрбие ісінің езегі. Егеменді елдің азаматын тәрбиелеуде әр тәрбиешінің, ұстаздың мақсаты - дені сау , ұлттық сана-сезімі оянған , рухани ойлау дәрежесі биік , мәдениеті , парасаты , ар – ожданы мол , еңбекқор , іскер бойында игі қасиеттері бар адамды тәрбиелеу


Информация о работе Патриоттық тәрбие