Публицистикалық стиль

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 17:59, реферат

Описание

Публицистика (латынша: publicus – көпшілік, әлеумет) – қоғам өмірі үшін маңызды мәселелерді талқылау деген ұғымда жұмсалады. Публицистикалық стильге БАҚ-тың тілі жатады. Публицистикалық стиль – қоғамдық-саяси, үгіт-насихаттық әдебиетте, бұқаралық ақпарат құралдарында қолданылатын функциональдық стильдердің бірі. Публицистикалық стилі тыңдармандар мен оқырмандардың арасына кең таралымымен, бейнелеуімен, баяндаудың шешендігімен, жағымды және жағымсыз мағынадағы мәнерлігімен сипатталады.

Работа состоит из  1 файл

Публицистика проект стилистика.docx

— 33.22 Кб (Скачать документ)

Публицистика (латынша: publicus – көпшілік, әлеумет) – қоғам өмірі үшін маңызды мәселелерді талқылау деген ұғымда жұмсалады. Публицистикалық стильге БАҚ-тың тілі жатады. Публицистикалық стиль – қоғамдық-саяси, үгіт-насихаттық әдебиетте, бұқаралық ақпарат құралдарында қолданылатын функциональдық стильдердің бірі. Публицистикалық стилі тыңдармандар мен оқырмандардың арасына кең таралымымен, бейнелеуімен, баяндаудың шешендігімен, жағымды және жағымсыз мағынадағы мәнерлігімен сипатталады.  Публицистикалық мәтіндердегі ақпарат дәлелдерді ғана сипаттамайды, сонымен қатар автордың бағасын, пікірін, көңіл күйін көрсетеді, оның түсініктерін және пікірін білдіреді.

Сұхбат   – ақпараттанған тұлғамен өткізілетін диалог мәселесін ұйымдастыру. Қысқа және кеңейтілген белгіні құрап, яғни оқиғаларды белгілеп, нақтылығы жөнінде ақпаратты айтып отырады.  Сауалнама тек қана оқиға туралы ақпарат алу ғана емес, болжамдарды, бағаларды шығару, қандай да бір оқиғаның себепті-тергеу байланыстарын шығару. Журналисттің рөлі - саралау бағытында өзіңнің  сұрақтарың қойып, әңгімелесушіден жауаптарды алу (мән, себеп, нәтиже, шешімнің әдісі).

Мақала –жанр, пікір түріндегі мәселелер немесе көрсетілген зерттеу оқиғаларының нәтижесі, олардың дәйектерімен аралық тезистерінің тізбегі арқылы басты тезистен оның негізін ашу. Мақала нақты шолу мен маңызды оқиғалар мен жағдайларды талдап, журналисттің  әртүрлі жұмысының әдісіне сүйенеді, болған істерді түсіндіреді және оқырмандардың болашақтағы өзіндік ойларына бағыттайды.   Мұндай басылымдарға жоғарғы әлемдік пікірлер қажет.  Мақаланың авторына теоретикалық білім мәселелері мен өмірлік тәжірибе  қажет, басылымдағы тезистерді қисынға келтіре білу және тізбектелген тұжырымдама таңдауларын бақылаудағы дәйектермен оларды байланыстыру.

Репортаж – бұл журналисттердің жаңалық жанры, яғни оқиғаны баяндау. Бұндай шығарма мамандармен сұхбаттасуды, құжаттарды талдау мен баяндауды, автор оны қалай алғаны жөнінде көзімен көрген адамдармен кездесу, болған оқиғаларға бару туралы баяндау. Репортер үшін тек қана қандайда бір оқиғаны көркемдеп айту ғана емес, сонымен қатар оқырмандардың уайымын туғызатындай етіп жеткізу. Қазіргі журналистикадағы репортаж – қолданыстағы сұрақтарды анықтаудағы, журналисттің белсенді әрекеттері мәтін ретінде көрсетілген.

Жұмыс орындау кезінде осы мәселе бойынша шығармашылық, білім көрсету қажет, жұмыстар оңтайлы әсер беру, халықтың назарын тарту керек.

Барлық жұмыстар міндетті түрде авторлықты сақтаумен, оларды  одан әрі үгіт және білім мақсаттарында пайдалануға байқау ұйымдастырушыларында қалады.

СТИЛИСТИКА ЖӘНЕ ОНЫҢ ПРОБЛЕМАСЫ

 

 Қазақ тілінің функционалды стильдерінің бір-бірінен өзгешелік белгілері осы уақытқа дейін айтылып келеді. Осы басты белгілер отандық тіл ғылымы мен орыс тіл ғылымының ортақ танымдық деңгейінің көрінісінің нәтижесінде қаралып келеді. Ол тек стилистика ғылымына ғана қатысты емес, тіл ғылымының басқа салаларына да қатысты деп айтуға болады. Бұның басты себептері - тіл-тілдегі функционалды стильдердің анықтамасы, зерттеу бағыттары, түрлері, стильдердіңтабиғаты, лингвистикалық тілдік кұрылымның болмысы,  ортақ, бірдей немесе ұқсас қызметінің әмбебаптық сипаты,т.б.

 Адамзат болмысының қоғамдық өмірде санасы, қабілеті,талғам-өрісі кеңейген кезде, ғылымның ғажайыптары игеріліп, жаңа техника мен компьютерлік жүйенің дұрыс немесе кері ықпалы жетілген тұсында стильдердің әр саласының атқаратын қызметі күннен күнге күрделеніп отыр.

 Қазақ тіл ғылымында функционалды стильдерді былайша топтастырып жүр: 1) ауыз -екі сөйлеу стилі; 2) ғылыми стиль; 3) ресми стиль; 4) публицистикалық стиль; 5) көркем әдебиет стилі.

 Бүгінгі таңда стилистика ғылымының негізгі теориялық әрі практикалық мәні артып, функционалды стильдерінің қоғамдық қызметі артқаны белгілі, сондықтан тілдің стильдік табиғатты жан-жақты тану, тереңнен зерттеу талабын міндетке алып отыр. Стиль туралы М.Серғалиев 4түрлі қасиетін былай түйіндейді:

1) Әдеби тілдің бір түрі; демек сол тілде сөйлейтін баршаға түсінікті сөздер мен конструкциялар;

2) Стиль - тарихи категория;

3) Стиль- қоғамдық қызметтің бір саласында жұмсалады;

4) Тілдік кұралдардың қалай болса тіркескен тобы емес, шартты тұйықталған тобы.

 Бұл тұжырым стиль жөнінде айтылған "белгілі бір тілдегі лексикалық, грамматикалық және фонетикалық тәсілдердің қолдану принциптері" деген анықтамалардың кеңейген, қазіргі стиль мәселесіне терең үңіліп, әртүрлі қасиетін танудан туған деп айтуға болады.

 Стилистиканың зерттейтін саласы — стиль. Біріншіден,стиль -тарихи категория. Тарихы көне дәуірден бастау алған, өз коғамына қызмет етіп отырған мемлекеттік мәртебесін алған тілдің тарихын тану, функционалды стильдердің әр дәуірде біреуінің ерте, біреуінің кеш даму сатысын бастан кешіргенін жүйелеу стильдің тарихи категория екенін толық дәлелдейді. Екіншіден, стиль әдеби тілдің бір түрі болғандықтан, қазақ әдеби тілінің даму сатысымен қатарласа сөз болып жүр. Әдеби тілдің басты белгісі нормаланған, сұрыпталған тіл болу шартын көрсетсе ол стильдің негізгі ұстанымы болып табылады. Ауызша және жазбаша әдеби тілдің ортақ тілдік белгілерінің нәтижесінен де стильдің салалары бөлініп шықты. Үшіншіден, стиль қоғамдық кызметтің бір саласында жұмсалады, стильдерді жіктегенде осы қызметі толық анықталуы қажет. Мысалы: публицистикалық стильдің, ғылыми стильдің де, көркем әдебиет стилінің де қоғамдық қызметі белгілі ортада өз мақсатына жетті. Бұл функционалды стильдің экстралингвистикалық факторларға да байланыстылығына әкеледі. Лингвистикалық стилистика негізінен таза стилистиканың ерекшеліктерді сөз етумен қатар, басқа факторлар да қажетті екендігіне әлеумет назарына ілікті. Ол кез келген стильдің қоғамдық қызметі, қолдану аясы, қоғамға кызмет ету құзіреті, т.б. Мысалы: тоқырау жылдарында қазақ әдеби тілінің өркендеуіне (ол XX ғасырдың басында толық орнықты десек те) біріншіден, публицистикалық стильдің қызметі зор ықлал етті. Екіншіден, ол қолдану ортаға қоғамдық сапасының толық орнығуына әсер етті, адам санасының түрлі информациялық хабарға қанығуына жол ашты, үшіншіден, тілімізге енген көптеген сөздердің пайда болуы, іске асуы әдеби тілдің қатарынан орын алып халыктық қолданысқа жарауға болатын сөздер бұкаралық ақпарат кұралдары арқылы тарайды. Төртіншіден, стиль тілдік кұралдардың калай болса, солай тіркескен тобы емес, шартты түрде тұйықталған тобы деген анықтамасының бір тармағына басқаша қарауға тура келеді. Белгілі ғалым Р.Сыздықова "Тілдік нормадағы функционалды стильдерге қарай ажыратып тануда олардың бір стиль шеңберінде тұйықталатын сипаты жоғын білу керек. Нормалардың бір функционалды стильдің ішінде ғана емес, азды-көпті стиль аралық "ауыспалы-тіркестер" жүріп жатады" дейді. Мысалы публицистикалық стильде ғылыми стильдің ерекшеліктері, көркем әдебиеттің элементтері кездесіп отыратыны белгілі стильдердің басты қағидаларының бірі екені оның сол стильге тән лингвистикалық белгілерінің толық қамтитын бөлігіне байланысты да тану мүмкіндігін көрсетеді. Мысалы: көркем әдебиет стильдерінде (бұл стиль түрінің де сан алуан іштей жанрларға бөлінуіне байланысты ерекшеліктері мен өзгешеліктері шығып жатыр) ғылыми стильдің де, ресми кұжат тілінің ауызша түрі немесе сот залынан көрініс суреттесе, заң тілінің де элементтері кездеседі. Ресми құжат тілі мен іс кағаздар тілінде де ғылыми стильге тән дәлдік, нақтылык, бола отырып, реттілік көрсеткіштері, сөйлемдерінің тілдік кұрылымдық ерекшеліктерінің ұксас комплектерге жіктелген түрлерін кездестіруге болады.

 Публицистикалық стильге БАҚ-тың тілі жатады. Ол қай кезеңде де қазақ әдеби тілінің толық орнығуына тікелей ықпал етуде. Егемендік кезеңде публицистикалық стильдің қызметі жаңаша қырынан көрінді. Қазақ тіл ғылымының барлық салаларына қатысты оның көкейкесті мәселелерінің негізгі түйін қорытындыларын осы публицистикалық стильде жазылған шығармалар беріп отырады.

 Жаңа сөздердің енуі, сөз мағынасының кеңеюі, кейбір сөздердің мағынасы тарылуы, тіпті қолданыстан шығып қалуы, терминдердің енуі, жаңаша, мәндес тіркестердің пайда болуы - бәрі осы публицистикалық стиль арқылы танылды.

 Публицистикалық стильдің орасан зор ақпарат таратушы қызметінен, оның жеке өз алдына зерттеу бағыттар-нысандары, қазақ әдеби тілін дамытудағы рөлі, жазылу мақсаты мен міндеттерін жете саралап қарайтын уақыт жетті.

 Публицистикалық стильде сауатты, мәдениетті сөйлей алмаудың өзіндік себептері жоқ емес: біріншіден, қазақ тілінде көпшілік ортасында және ресми ортада сөйлеудің қажетті болмауынан (тоқырау кезінде казақ тілінде сөйлемеудің салдарынан), екіншіден, әрине бізге айтуға ауыз болсада айтпауға тиісті тілімізді қадірлемеуден, қадір-қасиетін бағаламаудан, үшіншіден, орфоэпиялық нормаларды сақтамаудан, ойдың логикалық желісін сақтамаудан, төртіншіден, ұлттың ойлау желісін жоғалту үстінде екенінде жасыруға болмайды, бесіншіден, сөздерді бір-бірімен үндестіріп айтысу, сөйлемдерді дұрыс құрамау сияқты толып жатқан кемшіліктердің ашып айту қажетгілігі туындап отыр. Публицистикалық стильде адамның жете танымдық қабілетіне де байланысты, әрі сөйлеу үстінде тілдік-құрылымдық қазақ тілінің заңдылықтары дұрыс игермеуге байланыстылығын баса айтуға тура келеді. Бұл тек қана публицистикалық стильдің өзіне де тікелей қатысты салаға тән кемшілік екені белгілі.

 Публицистика (латынша: publicus – көпшілік, әлеумет) – қоғам өмірі үшін маңызды мәселелерді талқылау деген ұғымда жұмсалады. Публицистикалық стиль қоғамдық талапқа сай жазылған шығармалардың негізінде қалыптасады. Белгілі бір тілде публицистиканың өз алдына бөлек стиль болып қалыптасуы қоғамдық сананың өскенін, артқанын көрсетеді. Тілдің басқа стильдері сияқты публицистикалық стиль де бірыңғай болып келмейді. Бірқатар лингвистер публицистикалық стильдің жазбаша түріне саяси тақырыпқа жазылған газет, журанлдардағы мақалалар, памфлет, очерк т.б. шығармаларды, шешендік сөздерді публицистикалық стильдің ауызша түріне жатқызып жүр.

 Публицистикалық стиль – қоғамдық-саяси, үгіт-насихаттық әдебиетте, бұқаралық ақпарат құралдарында қолданылатын функциональдық стильдердің бірі. Публицистикалық стиль тыңдармандар мен оқырмандардың арасына кең таралымымен, бейнелілігімен, баяндаудың шешендігімен, жағымды және жағымсыз мағынадағы мәнерлілігімен сипатталады. Тіл деңгейлеріне байланысты публицистикалық стильдің ерекшеліктері болады. Лексикада – қоғамдық-саяси терминдер мен сөздердің (митинг, ереуіл, демократия, парламент), эмоциялық баға беруші сөздердің (еңбек озаты, көшбасшы, еңбеккер, дем беруші), экспрессивтік бояуы бар сөздердің (қоян-қолтық, нық қадаммен), фразеологияда – перифразалардың (ақалтын – мақта, күріш; қара алтын – көмір, мұнай; екінші тың – қой шаруашылығы, көгілдір тың – құс шаруашылығы); морфологияда қос сөздердің (қоғамдық-әлеуметтік, бұқаралық-саяси, үгіт-насихаттық); бұйрық рай тұлғасының (орындайық, табысқа жетеміз), синтаксисите – сөйлемдегі сөздердің инверсиялық орын тәртібінің, қаратпа сөздердің, риторикалық сұрақтардың, жай сөйлем бөліктерінің, сан алуан қайталамаларының т.б. жиі қолданысқа түсуі публицистикалық стильдің басқа стильдерден өзгешеліктерін көрсетеді.

 Публицистикалық стильді шағын стильдерге (подстиль) бөлу жөнінде бірізділік байқалмайды. Дегенмен кейбір зерттеушілердің , Мысалы А. Н. Васильеваның дәлелдеуінше, мынандай шағы стильдерге жіктеледі: 1) ресми-ақпараттық публицистикалық стиль; 2) ақпараттық-іс публицистикалық стилі; 3) ақпараттық-аналитикалық публицистикалық стиль; 4)  ақпараттық-экспрессивтік публицистикалық стиль; 5) бейресми-ақпараттық публицистикалық стиль; 6) жалпы публицистикалық стиль директивалық публицистикалық стиль; 7) салтанатты-декларативтік публицистикалық стиль; 8) таза публицистикалық стиль; 9) экспрессивтік публицистикалық стиль; 10) репортаж публицистикалық стилі; 11) фельетон публицистикалық стилі.

 

1. Әлкебаева Д. Стилистика және оның проблемасы/Д. Әлкебаева//Қазақ тілі мен әдебиеті.-2004.-?-№4.-Б.41-43.

2. Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев Б. Қазақ тілінің стилистикасы.- Алматы: Мектеп,1974.

3. Васильева А. Н. Практическая  стилистика русского языка.-М.,1989.

4. Кейбір стилистикалық ұғымдар мен категориялар туралы// ҚазМҰУ "Хабаршысы".-1997.- №8.

5. Мұсабекова Ф. Қазақ тілінің практикалық стилистикасы.-Алматы,1982.

епортаж. Бұл жанр төңірегінде зерттеушілер арасында түрлі көзқарастар бар. Ал, осы пікірлерден шығатын қорытынды, біріншіден, репортаж - негізгі фактіге құрылатын, оқиғаны шындықпен суреттейтін әрі белгілі бір объектіге арналатын жанр. Бұл қасиеттердің барлығы оның хабарлама жанрына жататынын дәлелдейді.

 Екіншіден, репортаж - эмоциямен жазылады. Оқиғаны әсерлі етіп, әдемі сөздермен өрнектейді.

 Үшіншіден, репортаж - халықтың көзі мен құлағы тәрізді. Оны жазу кез келгеннің қолынан келе бермейді. Репортажды жазу үшін оның жанрлық ерекшелігін жете меңгерген жөн. Оны жазған журналист өзі қатысқан немесе өзі бақылап тұрған оқиғаны әлі жеткенше көркем тілмен жазуы керек.

 

 Төртіншіден, репортаж - нақты бір уақыт аралығындағы болып өткен жаңалықты, оқиғаны қамтиды. Репортаж басқа хабар жанрлары сияқты жаңалықты, оқиға, құбылысты жай хабарлай салмайды, көз алдымызға елестетеді, суреттеп көрсетеді. Оқиғаның болған жері, ондағы кейіпкердің көңіл-күйі репортаж арқылы көрсетілуге тиіс.

 Бесіншіден, репортажда  автор көрген-білгенін тізе беру емес, оқиғаның ең маңызды, керек тұстарын ғана баяндайды. Репортажда проблема көтеріліп, ұсы-ныс-пікір айтылуы тиіс. Репортажда ойдан қосуға болмайды, ол оқиға сәттерін дәл беруге, ондағы әрбір сәтті шын, болған қалпында суреттеп, иә болмаса хабарлауы керек. Ең негізгісі - факті дәл әрі нақты берілуі тиіс.

 Репортаждағы басты мақсат — оқиғаны елестету, көрсету, суреттеу болып табылады. Мысалы, газет репортажы ең қиыны. Себебі, оқырман оны оқып отырып, оқиғаны көз алдынан еткізуі шарт. Бұндағы оқырманның оны көз алдынан өткізіп, сезінуі, бір сөзбен айтқанда, барлығы да автордың жазу шеберлігіне байланысты. Ал, керісінше, радио мен теледидарда салыстырмалы түрде жеңілірек. Өйткені, эфирден дауыс, көңіл-күй естіледі, теледидардан әрі көріп, әрі естиді.

 Репортаж негізінен  3-ші жақта баяндалады. Әйтсе де, онда автордың «мені» айрықша білініп тұрғаны шарт. Өйткені, оның осы «мені» репортажда оны және бір қырынан көрсетуге көмектеседі. Автор мұнда мәселенің тек сыртына ғана үңіліп қоймай, «өзінің» «мені» арқылы оқиғаның ішкі тылсымын да түсіндіруге тырысады. Яғни, бұл жерде репортаждың басты кейіпкері-автордың өзі. Басқа хабарлама жанр-лар негізінен болған оқиғаны хабарлаумен шектелсе, ал репортаж болса қысқа жазылатынына қарамастан, құбылысты жан-жақты, барлық көрінісімен суреттеуге тырысып, әрекет жасайды.

 Енді репортаждың тілдік қүрылымына келетін болсақ, онда репортаж жазу барысында көптеген нәрселер қамтылады. Мысалы, хабарлау, суреттеу, көрсету, бағалау т.б. Бұл қасиеттерді қамту автор тілінің тартымдылығын талап етеді. Сондықтан да біз репортаждан басқа да газет жанрларына тән элементтерді кездестіріп отырамыз. Бұл жөнінде орыс зерттеушісі Е.Рябчиков: «Репортаж басқа жанрлардың арасында көрнекті орын алады. Ол бойына очерк, интервью, есеп, корреспонденция сияқты түрлі жанрлардың ең жақсы белгілерін жинай білген. Оның басқалардан айырмашылығы - белсенділігі мен күрескерлігінде, өмірдің алуан түрлі тақырыптарын қозғай білуінде. Кез келген оқиғаны жаза отырып, репортер оқиға көріністерін әдемі суреттейді, қатысушы адамдарға мінездеме беріп, олардың бет-бейнесін шебер жасайды. Сондай-ақ, оқырманға олардың тілдік белгілерін көрсетуге, езі жазып отырған (завод, цех, т.б.) органдарының ауасымен тыныстатуға тырысады», - деп жазған.

 Репортаж, әдетте, бір оқиға төңірегінде жазылған-дықтан нақты фактіге құрылуы керек. Басты міндет - шындықты көрсету. Жалпы алғанда, репортаж ауызекі сөйлеу және кітаби стилмен жазылады. Ал, ауызекі сөйлеу стилі болса, автордың «менімен» тығыз байланысты. Бәрімізге белгілі бұл екі стилдің жазылуы өте жеңіл әрі баршаға түсінікті болып келеді. Бұған себеп, репортаж қысқа болған соң, оған түсінікті, қарапайым тілмен жазылу тән. Тегі, репортажды жақсы жазамын деп әрсіз метафора, эпитет, қиын да күрделі метонимия, әлсіз әсерлі ету құралдарын қолдану дұрыс емес. Себебі, дұрыс қолданыс таппаған тіркестер, материалдың шынайы реңін, әрін жояды. Бұл жерде тағы бір ескеретін жай репортажды әсерлі етіп жазудың екінші бір жолы - диалогты қолдану. Егер автор өзінің айтар ойын оқырманға диалог арқылы ұқтыра алса, репортаж көркемдігі одан әрі арта түсері сөзсіз.

Көркем әдебиет стилі - проза, поэзия, драматургия салаларында жазылған көркем шығармалардың стилі (тілі). Көркем әдебиет стиліне тән бірнеше ерекшеліктер бар. Солардың бірі - тіл байлығы. Көркем шығармапарда қолданылмайтын сөздер мен сөз тіркестері, фразеологизмдер аз. Кез келген шығарма тек қана авторлық баяндаудан ғана емес, кейіпкер тілінен де турады. Ал кейіпкерлер әр жастағы, әр мамандықтағы, әр дәрежедегі білімді адамдар болып келетіндігі белгілі. Сондықтан да көркем шығармада кәсіби сөздер де, жергілікті тіл ерекшеліктері де, жаргондық сөздер де ұшырасып отырады. Көркем әдебиет стилінің екінші ерекшілігі - оның көп стильді болып келетіндігі. Мұның мәнісі қай жанрда жазылған шығарма болса да, онда тіл арқылы қарым-қатынас құралдарының барлық түрінің қолданылуында, яғни ауызекі сөйлеу тіліне қоса, публицистикалық, ғылым, ресми стильдердің элементтері осы стильде әр түрлі ыңғайда ұшырасып отырады. Көркем әдебиет стилінің тағы бір ерекшілігі бұл стильде орындалатын еңбектердің басты міндеті эстетикалық тәрбие беретіндігімен тығыз байланысты болып келеді. Екінші сөзбен айтқанда, көркем шығармада сөздің эстетикалық қуаты, сөздің бейнелілігі алғашқы орынды алады. Сондықтан да троптардың және фигуралардың барлық түрлері басқа стильдерге қарағанда Көркем әдебиет стилінде барынша мол жұмсалады. Көркем әдебиет стилінің функциональдық стильдер жүйесінде апатын орнына қатысты әр қилы пікірлер айтылып жүр. Стилистердің бір тобы (Л. Н. Максимов, Н. М. Шанский, Н. А. Мещерский, К. А. Панфилов т. б.) көркем әдебиет тілін функциональдық стильдерден тыс, мүлдем бөлек тілдік құралдар жүйесі деп қараса, P. А. Будагов, А. И. Ефимов, И. Р. Гальперин, Э. Г. Ризель, М. Н. Кожина, Б. Н. Головин, A. Н. Васильева, Д. Э. Розенталь, A. Н. Гвоздев сияқты ғалымдар Көркем әдебиет стилін басқа стильдермен "терезесі тең", себебі көркем әдебиет те тіл қолданудың аясы болып табылады әрі әлеуметтік қызмет атқаруға қатынасады, ал эстетикалық қызметі сол әлеуметтік қызметтің бірі деп санайды.[1]

Информация о работе Публицистикалық стиль