Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 20:49, реферат
Тіленшіұлы Шалкиіз жырау Батыс Қазақстанда дүниеге келген. Қазақтың ақын-жыршысы, батыр және жауынгері. Әкесі Тіленші өз тұсындағы ірі феодалдардың бірі болған, ал шешесі Ноғай ордасының ұлы биі Мұсаның қызы екен. Үш айлығында анасынан айырылған Шалкиіз нағашы атасының қолында тәрбиеленеді.
Тіленшіұлы Шалкиіз жырау
Шалкиіз мұсылманша білім алған, оның 1490 жылға дейінгі өмірінен дерек жоқ. Тек 1490 жылы ноғайлы әміршісі Темір бидің жанында болғаны белгілі. Кейбір зерттеушілердің пайымдауларына қарағанда, осы кезде жырау бірде әскер қатарында, бірде әміршінің елші, нөкерлері қатарында Қырым, Терістік Кавказ, Дон бойын тегіс аралап шыққан.
Темір өлгеннен кейін нағашылары Мұса ұрпақтарының маңайында болады. Кейін бұл топтан бөлініп, Қазақ ордасына біржола өтеді
Жыраудың шығармашылығынан бізге жеткені 600 жолдың шамасы. Осы азғантай мұрасының өзі-ақ сирек кездесетін дарын иесі екенін айғақтайды. 1917 жылғы төңкеріске дейін оның туындылары 12 өлең жинағы мен хрестоматияларға енді. Бұл сол кезең үшін астрономиялық сан есепті. Шалкиіз - туындылары орыс тіліне тәржімаланған ақын-жыршылардың бірі. Оның шығармашылығын сол дәуірдегі орыс оқымыстылары мен зерттеушілері жоғары бағалаған. Темір биге айтқандары әр түрлі жинақтар мен басылымдарда төрт рет қайта басылды.
Шалкиіз Тіленшіұлы толғаулары қазақтың суырып салма өнерінің негізін қалаушы ретінде классикалық үлгі болып табылады.
Көрнекті жыраудың қазақ көне әдебиетіндегі орны туралы мәшһүр жазушы-ғалым М. Мағауин "Бес ғасыр жырлайды" жинағының ("Жазушы", І т, 1989 ж.) беташарында былай деп пікір түйген: "Өзінің ұзақ өмірінде Дешті-Қыпшақтың төрт бұрышын түгел шарлаған, заманының бірінші ақыны танылып, үлкен даңққа бөленген жырау бүкіл өмірін күрес үстінде өткізеді. Өз тұсындағы әміршілердің ешқайсысының да шашбауын көтермейді. Турашылдығынан танбайды. Жырау туындылары көңіл пернесін дөп басар әсерлілігімен, кезегенін орып түсер өткірлігімен, аз сөзге көп мағына сыйғызған нақтылығымен, сұлу сазды көркемдігі, асау серпінді қуатымен ерекшеленеді. Жыраудың ғасырлар көгінен өтіп, біздің дәуірге жеткен шағын көлемді, шымыр толғауларынан көне заман таңбасы - түз тұрғынының дүниетанымы, адамдық табиғаты, мінез ерекшеліктері, моральдық, этикалық қағидалары анық аңғарылады."
Шалкиіз жырау ғұмырының көп
бөлігін Ноғай ордасының
Шалкиіздің Алаштан байтақ озбаса, Темір биге арналған толғаулары; Жапырағы жасыл жаутерек, Ер Шобан, т.б. толғау-жырлары бізге жеткен. Жыраудың мына бір тіркестері бүгінгі күнге де уәзипа:
Айырдан туған жампоз бар,—
Жүгін нарға салғысыз.
Арғымақтан туған будан бар,—
Күнінде көрінім жерді алғысыз.
Жаманнан туған жақсы бар,—
Адам айтса нанғысыз.
Жақсыдан туған жаман бар,—
Күндердің күні болғанда
Бір аяқ асқа алғысыз.
Темір биді қажылық сапарынан тоқтатуға арналған өлеңінде: Құдайға құлшылық ету тек Меккеге барумен өлшенбейді, — дей келіп, былай түйеді:
Жығылғанды тұрғызсаң,
Жылағанды уатсаң,
Қисайғанды түзетсең,
Төңіріңнің үйі көбені,
Сұлтан ием,
Қарсы алдыңнан жасапты.
Би Темірге айтқан толғауы
Аспанды бұлт құрсайды –
Күн жауарға ұқсайды.
Көлдерде қулар шулайды –
Көкшіліден ол айуан
Соққы жегенге ұқсайды.
Көп ішінде бір жалғыз,
Көп мұңайып жылайды –
Күйбеңдескен көп жаман
Сөзі тигенге ұқсайды!
Алп, алп басқан, алп басқан,
Арабы торым өзіңсің,
Жазылы, алтын, қол кескен,
Алдаспаным өзіңнен!
Білерімді білмес не демес,
Сұлтан ием, сен менің,
Бармай тапқан қағбамсың!
Алтынды кесе сары бел
Алсам мен саған ұсынармын,
Тал мойныма қол артсаң,
Күліктен бек ұнармын.
Көбең семіз торыңмын,
Көп құлынның бірімін, -
Жақсыңнан мені кем көрдің,
Жаманыңмен тең көрдің.
Жақсыңнан мені кем көрсең,
Жаманыңмен тең көрсең,
Ұялы берікке қос артып
Сен есенде, мен сауда
Ырысымды сындайын,
Сегіз қиыр шартараптан іздермін!
Еділден аққан сызашық
Біз көргенде тебінгіге жетер – жетпес су еді –
Телегейдей сайқалтып,
Жарқыраған беренді
Теңіз етсе тәңірі етті.
Жағасына қыршын біткен тел еді –
Жапырағын жайқалтып,
Терек ексе тәңірі етті.
Тебінгінің астынан
Ала балта суырысып,
Тепсінісіп келгенде
Тең атаның ұлы едің,
Дәрежеңді артық етсе тәңірі етті!
Тобылғының берегі
Иіл болып беріш бітсе,
Айбар болар терегі,
Атаның ұлы жақсыға
Малыңды бер де басың қос,
Бір күні болар керегі.
Бостаны бар-ды теректің,
Болаты бар-ды беректің.
Тұсындағы болған нартың қорласаң,
Табылмас-ты керекті.
Айдын шүйсең, тарлан шүй,
Көтерілген сона құтылмас,
Жауға кисең берен ки,
Егеулеген болат өте алмас,
Есендікте малыңды бер де батыр жый.
Басыңа қиын іс түссе
Дұшпанның қолы жете алмас!
Бар күшіңді сынамай,
Балуандармен күреспе.
Таң боларсың әлемге,
Сөз боларсың күллі елге.
Ақылсыз достардан,
Ақылды дұшпан артық-ты.
Дұшпаныңмен бір сойқын,
Ел ішінде айқасып,
Ойнап жүрген достарыңнан мың сақын.
Жоғары қарап оқ атпа,
Жуық түсер қасыңа.
Жаманға сырыңды қосып сөз айтпа,
Күндеріңнің күні болғанда,
Сол жаман айғақ болар басыңа.
Жақсы да келер бұ көпке,
Жаман да келер бұ көпке,
Түгел іс қойып болмас бір келкі.
Сен алтынсың – мен пұлмын,
Сен жібексің – мен жүнмін.
Сен сұңқарсың – мен қумын,
Жемсауыңа келгенде,
Сұлтан ием, сом жүрегім аяман.
Саған дұшпан – маған жау,
Керекті күн алдында
Ғазизлеген сұлтан жаным аяман!