Шоқан Уәлиханов

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2013 в 19:38, доклад

Описание

Қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы-демократ Ш. Ш. Уәлиханов отандық ғылым мен әдебиет тарихында үлкен орын алады.Оның қысқа да жаркын өмірі мен ғылыми қызметі қазақ халқының көпғасырғы дамуының, рухани ізденіністерінің тамаша қорытындысы, биік жалғасы болды, қоғамдық ой-сана, пікір-тұжырым биіктей өркендеуіне ыкпал етті.

Работа состоит из  1 файл

Шоқан Уәлиханов.docx

— 83.13 Кб (Скачать документ)

Шоқан Уәлиханов (1835-1865)   

Қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы-демократ Ш. Ш. Уәлиханов      отандық ғылым мен әдебиет тарихында үлкен орын алады.Оның қысқа да  жаркын  өмірі   мен ғылыми қызметі қазақ  халқының көпғасырғы   дамуының, рухани ізденіністерінің тамаша қорытындысы, биік жалғасы болды, қоғамдық ой-сана,   пікір-тұжырым   биіктей   өркендеуіне ыкпал етті.  

   Ш. Уәлиханов Қашғарияның экономикалық -саяси құрылысын, тарихын, этнографиясын  рухани өмірін зерттеген, бұл аймақтың өткені мен сол кездің қалпын жақсы білетін адамдармен, ғалымдарымен, ақындарымен де кездесіп, мағлұматтар жинаған, шығыс қолжазбаларының бірсыпырасын қолға түсіріп алған, нумизматикалық және тау жыныстарының коллекциясын, гербарий жасаған. Солардың бірінде Мирджай тауы мен Қарақаш өзені аңғарынан шығатын нефрит асыл тасының текшелері болған. Зерттеуге қажет деп саналған талай бұйымдар да жиналған. Сөйтіп, бейтаныс елді жан-жақты сипаттайтын, әскери, саяси, экономикалық, сауда-саттық жағынан үкіметке де ғылымға да пайдалы бай материал мен сирек деректерді жинап, қиыншылықтар мен қауіп-қатерді көп көріп Шоқан керуені 1859 жылдың апрелінде елге оралған. 

   Қауіп-қатері мен қиыншылығы мол сапардан ауырып қайтқан Шоқан Петербургке үсті-үстіне шақыртып жатса да, Омбыда экспедиция материалдарын жүйелеп, қорыту ісімен біраз айналысады да, Петербургке келеді. Ш. Уәлихановтың Петербургке келу кезі әр-түрлі жазылып жүр, 1860 жылғы февральда, енді бір мәлімет бойынша 1859 жылдың аяғында. Ол 1860 жыл бойы астанада болған. 

   Қашғария сапарының нәтижелі жемісі — Ш. Ш. Уәлихановтың «Алты шаһардың яғни Қытайдың Нан-Лу провинциясының (Кіші Бұхараның) шығыстағы алты қаланың жайы» .атты еңбегі Шығыс Түркістан халықтарының тарихына, географиясына, әлеуметтік құрылысына арналып жазылған ғылымның биік деңгейіндегі тұңғыш зерттеу жұмысы болды. Сондықтан орыс ғалымдары мен саяси қайраткерлері оны шығыстың тарихы мен географиясы туралы Европа ғылымын толықтырған шын мәнісіндегі   географиялық  жаңалық, ал Қашғарияға салар нағыз  ерлік деп таныды. 

 

Қашғария сапарының ғылыми нәтижелері туралы Ш. Ш. Уәлиханов Орыс География қоғамында мәлімдеме жасағаннан кейін-ақ, оның материалын Германияда неміс тілінде басып шығарды. 1865 жылы Лондонда ағылшын тілінде жарияланды. Бұл Ш. Ш. Уәлиханов енбектері Батыс Европада жорары бағаланушының айғағы еді. Қашғария экспедициясының қорытындылары  нәтижелері ресми үкімет тарапынан да аталып өтті. Оған дәлел 1860 жылғы 8 апрельдегі Үкімет указы бойынша «..пооручик сұлтан Шоқан Уәлихановқа штабсротмистр әскери атағы, 4-дәрежелі Ізгі Владимир ордені және бір жолғы көмек ретінде 500 сом күміс ақша берілсін» — делінген. Шоқанның ұсынысы бойынша, осы экспедицияның жұмысына қатысы бар 22 адам қоса наградталған, оның ішінде керуен басы Мұсабай, Семей көпесі Бұқаш, К. К. Гутковский т. б. бар.1860 жылы астанада болғанда, Бас штабтың әскери-ғылыми комитетінде қызмет істеген, Сыртқы істер министрлігінің Азия департаментінде, Орыс География қоғамында қызметте болған, талай ресми қайраткерлермен,Шығыстану-шылармен, әдебиетшілер тобымен кездескен. Олардың ішінде Ішкі істер министрі граф Д. Н. Блудов пен Синодтың обер-прокуроры граф А. П. Толстой сияқты ресми қайраткер, Ф. Р. Остен-Сакен, В. В. Григорьев, И. И. Захаров, В. В. Вельяминов-Зернов, М. А. Казем-бек, А. Н. Бекетов, А. Н. Майков, В. Крестовский тағы басқалары бар. Олардың біразымен Ш. III. Уәлиханов сыйлас дос  болған бұрынғы достары Ф. М. Достоевскиймен, Г. Н. Потанинмен араласқан. 

     Ш. Ш. Уәлиханов Петербургте болғанда өнімді ғылыми жұмыс жүргізеді. Бас штабтың әскери-ғылыми комитетінің тапсыруы бойынша ол Орта және Орталық Азия мен Қазақстанның карталарын жасайды. Оның редакциясымен «Балқаш көлі мен Алатау жотасы аралығының картасы", "Іле сырты өлкесі бөлігінің рекогноссировкасы», "Құлжа қаласының жобасы», «Ыстықкөл экспедициясының қорытындысына қосымша карта», «Қытай империясының батыс өлкесінің картасы" т.б. дайынлады, Ш. Ш. Уәлихановтың география, картография Юграфия салаларына қосқан үлесі зор.  Ол География қоғамында белгілі неміс ғалымы Карл Риттердің еңбектерін баспаға әзірлеседі, неміс, ағылшын, француз тілдеріндегі еңбектерді зерттейді. Шоқан Петербургте Сыртқы Істер министрлігінің Азия департаменті жанындағы Жоғары мектепте, География қоғамында Шығыс Түркістан, Тянь-Шань, Қырғызстан туралы лекция оқиды, университеттің тарих-философия факультетінде лекцияларға қатысады. 

     1860    жылдары    Петербургте    Шоқанның ІЖоңғария очерктері», «Алты шаһардын месе Қытайдың Нан-Лу провинциясының (Кі-ші Бұхараның)  шығыстағы   алты қаласының жағдайы туралы»,   «Адольф   Шлагинтвейттің өліміне әкелген жағдайлар   туралы   мәліметтер» еңбектері жарияланды.           

      1861   жылдың көктемінде денсаулығы тым нашарлап кетуіне байланысты Шоқан Уәлиханов  Петербургтен   туған   жеріне   оралды. 

      Мұнда да ол творчестволық, ғылыми ой т толқындарын өрістете   берді,   ғылыми  еңбектермен шуғылданды, талай ақын-жыршылардан өлең-әңгімелер,  аңыз-ертегілер  жинады, талдаулар жасады, қоғам құрылысына көп көңіл бөлді, үстем тап өкіметінің  жүгенсіздіктерін, озбырлық-зорлықтарына қарсы күресуді, сөйтіп қазақ халқының тіршілік-тынысын жақсартуға    көмектесуді,    әділеттілікті    ойлады. Шоқан Уәлиханов Атбасар округының аға сұлтандық қызметіне сайлауға қатысып, көршілік дауыс алғанымен, Сібір әкімшілігі оны  аға сұлтандыққа  бекітпеді, өйткені демократтық бағыттағы озық ойлы ғалым билеуші топ үшін, зорлықшылар мен жемқорлар үшін қауіпті де кедергі болатын адам деп есептеледі. «Менің сұлтан да болғым келген еді, ондағы ойым халқыма қызмет етіп, оларды чиновниктер мен бай қазақтардың  қатал  қысымынан қорғау еді» — деп  жазды  Шоқан  Ф. М. Достоевскийге.  

    Ол Омбыға барып, сол кезде Қазақстанда сот реформасын жүргізудің жобасы жасалып жатқанда, облыстық басқарманың заң   комиссиясының жұмысына қатысады, сот  реформасы елге тиімді, пайдалы болуды талап етеді. Бұл тұста оның «Сот реформасы туралы  жазбалар» еңбегінің маңызы аса зор. Онда қазақ қоғамының экономикалық, саяси, рухани  жағдайлары және қазақ халқының болашақ  даму негіздері мен жолдары   терең   талданды, Ш.   Ш.    Уәлиханов    «...Азаматтық   жағынан өсіп-өркендеуінде үлкен үміт туғызып  отырған, орыстарды отандас туысқанымыз деп  санап отырған және орыс мемлекетінің қарамағына еркімен қосылып отырған миллиондағанадамамдардың тағдыры,   Шекспирше айтқанда, болу не болмау» деген сияқты үзілді-кесілді мәелелерді шешерде көбірек көңіл бөліп, көбірек қамқорлық жасауға тұратын іс сияқты», одан   әрі   Шоқан   қазақ  елінің  дамуы   үшін қандай шаралар қажет екенін егжей-тегжейлі сөз етеді. 

    1864  жылдың   көктемінде   Ш. Уәлиханов Оңтүстік Қазақстанды Россияға қосу жөніндегі  полковник М. Г. Черняевтің әскери экспедициясына   шақырылады,   Әулие-ата қамалын алуға қатысады. Бірақ жергілікті халықтарға Черняевтің, оның әскери қызметкерлерінің көрсеткен   озбырлығы   мен   қаталдығына наразы болған бір топ офицермен бірге Шоқан 1864 жылы армиядан бөлініп, Верныйға (Алматы)  келеді. Ол Албан руының аға сұлтаны Тезек төренің ауылына барып, жергілікті тұрғындарының аңыз-ертегілерін жинап, зерттеумен шұғылданады, сол кезде Батыс Қытайдағы қоғамдық-саяси жағдайдың шиеленісуіне байланысты болған дүнгендер көтерілісіне көңіл бөледі. Жұмыс бабымен Қапалға оқта-текте келіп жүрген бір сапарында Ш. Ш. Уәлиханов «Русский   инвалид»   әскери   газетіне Құлжадағы жағдай,   дүнген   қозғалыстарына байланысты мақала жіберді, ол мақала осы газеттің 1865 жылғы 51 санында жарияланды, бұл оның ең соңғы еңбегі еді. Меңдеген ауру асқынып, Шоқан 1865 жылы 10 апрельде Алтынемел жотасының етегіндегі  Көшен-тоған деген жерде Тезек ауылында қайтыс болды, сонда жерленді. Қазіргі Талдықорған облысы Шоқан атындағы колхоздың маңында «Алтынемел» мемориалдық комплексі бар. 

  Шоқан Уәлиханов   өзінің  қысқа  өмірінде қоғамдық ғылымдардың   алуан саласында — тарихта, шығыстануда, географияда, этнография да, экономикада, филологияда, өнертануда  — көптеген құнды еңбектер қалдырды. Ол Қазақстанның, Орта және Орталық Азияның түрік тілдес халықтарының — қазақтың, қырғыздың, өзбектің, ұйғырдың, турікменнің тарихы мен сол кездегі жағдайы, тілі мен әдебиетін терең зерттеумен шығыстану ғылымына зор үлес қостң. Шоқанның «Қазақтың шежіресі», «Жоңғария очерктері», «Қазақтар туралы жазбалар»,   «Абылай»,   «Көне  замандағы қазақтың   қару-жарақ,     сауыт-саймандары», «Даладағы   мұсылмандық»,   «Қазақтағы  шаман  дінінің  қалдықтары»,   «Қазақтың  көшіқоны», «Оңтүстік Сібір тайпаларының тарихы туралы   пікірлер»,   «Ыстықкөл   күнделіктері» тағы басқа еңбектерінде Қазақстан мен Орта Азиядағы түрік халықтарының   келелі   мәселелері кеңінен зерттелді және де зерттеулерде, мәселелер қою мен шешуде қазақ ғалымы дұрыс ғылыми   бағыт  ұстағаны   кейінгі оқымыстылар зерттеулері   арқылы  расталды, бүгінгі күні де ғылыми мәні сақталды. 

   Ш. Ш. Уәлихановтың шетелдік Шығыс туралы еңбектері мен зерттеулері — бір төбе. Шығыс «Түркістан мен Шынжан халқының тарихы туралы еңбектері оның ғалымдық даңқын дүниежүзіне таратты. Ол «Алты шаһардың немесё Қытайдың Нан-Лу провинциясының (Кіші Бұхараның) жайы» атты іргелі еңбегінде және Қашғарияға сапар күнделіктерінде осы аймақтың жан-жақты — географиялық, әлеуметтік, экономикалық, тарихи, мәдени, әдеби сипаттамасын берді. Қазақ ғалымының еқбектерінде комплексті зерттеулердің үлгілері де бар. Көптеген еңбектерінде ол тарихшы, географ, этнограф, публицист, әдебиетші, жазушы болып көрінеді және көбіне қатар жүреді. 

    Ш. Ш. Уәлиханов — қазақ және қырғыз халықтарының бай әдебиет қорын тұңғыш зерттеуші екендігі де ерекше. Қазақ көркем сөз өнерінің кейбір үлгілерін ол жас кезінде-ақ білген, оған деген ықылас-қызығуы кадет корпусында оқыған жылдары мен қызметтері кезінде арта түскен де, 1850 жылдардың орта шенінен өмірінің соңғы сәттеріне дейін зерттеумен шұғылданған. Ш. Ш. Уәлихановтың, халықтардың әдеби мұраларының үлгілері туралы ой-тұжырымдары бүкіл ғылыми зерттеулерінде, еңбектерінде қазақ және қырғыз әдебиеттері туралы арнайы шолғандары мыналар: «Қазақтың халық поэзиясының үлгілері туралы», «Орта жүз қазақтарының аңыз- ертегілері», «18-ғасырдың батырлары туралы тарихи аңыздар», «Едіге мен Тоқтамыс туралы аңыз», «Едіге», «Шона батыр», «Манас» жырын тұңғыш зерттеуі және оның «Көкетай ханның асы» деген үлкен бір бөлімін орысшаға аударуы т. б. 

   Шоқаннан қалған мұраның енді бір алуаны — бейнелеу өнері саласындағы еңбектері оның қазақтың тұңғыш профессионал суретшісі екенін танытады. Шоқан негізінен портрет, пейзаж және халықтың тұрмыс-салтын бейнелеу жанрымен айналысқан. Оның суреттерінің біразы 1860 жылдардың басында "Всемирная иллюстрация", "Искра", "Русский художественный лист » журналдарында және Орыс География қоғамының «Хабаршысында» жарияланған. 

 

    Ш. Ш. Уәлихановтың көп салалы, әр қырлы бай мұрасы оның дүниетанымы, қоғамдық, философиялық, ағартушылық, демократтық көзқарастары биік деңгейде болғанын танытады. Ол революцияшыл-демократтық көзқарас, тұжырым-түйіндер жасау биігіне көтеріле алмағанымен, көптеген қоғамдық құбылыс-көріністерді озық ой-таным тұрғысынан талдады, ағартушылық-демократтық көзқарастар қалыптастырды. 

    Заманында дүниежүзілік ғылымға елеулі үлес қосқан Ш. Уәлихановтың әр салалы, терең мазмұнды еңбектері, өзінің асыл тұлғасы мен жарқын бейнесі тарихтың әр кезеңінде жоғары бағаланды. Ол туралы замандастары жан тебірентерлік жылы лебіздер қалдырды. Шығысты зерттеуші әйгілі ғалым Е. И. Ковалевский Шоқанды «Асқан данышпан жас жігіт», «тамаша ғалым», «қазақ халқының ең жақын досы әрі орыстың мемлекеттік мүддесін қадір тұтушы» деп атады. «Шоқан қазақ ішінен оқырман қауымын тапқан болса, ол өз халқынық шын мәнісіндегі асқан данышпаны болар еді» — дейді Г. Н. Потанин. «Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов Шығыс тану әлемінің аспанынан  құйрықты жұлдыздай жарқ етіп өте шықты. Орыс ориенталистері бірауыздан оны таңғажайып құбылыс деп қарады, одан түркі халықтарының тағдыры туралы аса маңызды ұлы жаңалықтар ашады деп үміт күтіп еді» — деп жазды аты әйгілі шығыстанушы ғалым Н. И. Веселовский. Оның редакциясымен Ш. Ш. Уәлиханов шығармаларының жинағы Петербургте 1904 жылы жарық көрген еді. Шоқанды көрген, оны жақсы білген ғалымдардың жылы лебіздері оның еңбегін ғылым әлемі әділ де жоғары бағалағандығы болып қала бермек. 

     Ш. Ш. Уәлихановтың жарқын есімі Көкшетау облысындағы бір ауданға, бір совхозға Талдықорған облысында колхоз бен совхозға, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының тарих, археология және этнография институтына берілді. 1958 жылы Ш. Ш. Уәлихановтың Алтынемелдегі қабірі басына, бұрын қойылған мәрмәр тас қабырғасына өріліп жымдасқан биік обелиск орнатылды, «Алтынемел» архитектуралық комппексі салында. Ш. Ш. Уәлиханов — ЮНЕСКО биігінде болуға лайық асқан ғалым, қазақ халқының мақтанышы.

 

 

 

№54 жалпы білім беретін орта мектеп

 

 

 

Орындаған:Абдухалилова Ж.С

                                              Тексерген:Қасымжанова З.З

 

 

 

 

 

 

                Қарағанды қаласы  2012 жылы

 

 

Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов

( 1835 —1865)


Информация о работе Шоқан Уәлиханов