Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2011 в 18:42, реферат
Шоқан Уәлиханов 1835 жылы Құсмұрын бекінісінде дүниеге келген. Оның шын аты Мұхамедханафия. Оны Шоқан деп еркелетіп атап кеткен анасы Зейнеп Шорманқызы еді. Шоқанның балалық шағы табиғаты көркем Құсмұрын мен Сырымбетте өтті.Шоқанның ата-бабалары атақты сұлтандар әулетіне жатады. Оның арғы бабасы Абылай хан XVII ғасырдағы айбынды қазақ билеушілерінің бірі болды. Ал атасы Уәли патша үкіметі ресми түрде бекіткен қазақтың соңғы ханы еді. Әкесі Шыңғыс Омбы әскери училищесін бітірген, Аға сұлтан Шыңғыс Уәлиханов қазақтың игі жақсыларымен бірге Көкшетау сыртқы округының аға сұлтаны лауазымды қызметін атқарған.
Шоқан Уәлиханов қазақ халқының санасы оянып, оның маңдайалды орыс және европалық мәдениетке иек артуына зор қызмет істеді. Баспасөз бетіндегі жарқын да жалынды мақалаларында және өзінің, омбылық және петербургтық достары мен таныстарының ортасындағы сөздерінде ол демократиялық бағытта маңдайалды орыс жұртшылығының, ынта-ықыласын қазақ халқының мұң-мұқтажына аударуға, орыс және қазақ халықтарының достығын нығайтуға тырысты. Шоқан Уәлихановтың ғылыми мұрасы мол әрі әр алуан. Оның жеке еңбектері көзі тірісінің өзінде-ақ орыс және бірсыпыра европа тілдерінде басылып шықты. Ғалым өлгеннен кейін оның достары П. П. Семенов-Тянь-Шанский мен К. К. Гутковскийдің бастамасы бойынша Орыс география қоғамының ғылыми советі Ш. Ш. Уәлихановтың еңбектерін жинап, әзірлеп басып шығару туралы шешім кабылдады. «Шоқан Уәлихановтың өмірі мен қызметі және оның ғылыми мұралары» тақырыбы арқылы оқушыларға жеке адамды қалыптастыруға, рухани, адамгершілік, туған еліне деген сүйіспеншілік, халық дәстүрін қастерлеуге, шыншылдыққа, еңбекке, адамзаттық құндылықтарды түсіндіруге тәрбиелік мәнінің маңызы зор. Шоқанды зерттеу әдісі- шығармашылықпен жұмыс істеу тәсілі білімді толық үйретіп меңгертуді мақсат етеді. Шоқанның өмірі тарихпен тікелей байланыста «Жарқ ете қалған бір бейне» болған ғалымның қысқа өмірінен жас ұрпақтың үйренетіні мол. Шоқан қазақ халқының рухани мұраларын зерттеген, мол жырлар, сан аңыз-әңгімелер тудырған халқымыздың ақынгер талантты, қазақ поэзиясының аса сұлулығы мен суреткерлігі, аңыз-жырдың тарихқа қатысты, эпикалық өнердің бітім - болмысы жайында алғаш рет кесек ойлар айтқан аса көрнекті ғалым. Дүниежүзі мәдениеті ордаларының бірінен саналатын Петербургты дүр сілкіндіріп, «Ғажап ғалым», «Жас данышпан» атанған Шоқанға берілген бағалар биік, өте асқақ еді. Ұлы ғалымның рухани жан дүниесіне терең бойлаған сайын оның жаны сұлу жарқын бейнесі бұрынғыдан да биіктей түсті, асқақтай түсінетіндігін жас ұрпаққа түсіндіру парызымыз. Егемен Қазақстан Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығын зерттеу салиқалы ғылыми еңбектері арқылы өзінің шырқау биігіне көтеріліп отыр. Әлемдік ғылым сол кезден-ақ түлеп келе жатқан жарқын талант жас дана деп танып, Орта Азия мен Шығыс Түркістанның ғажайып зерттеушісі ретінде мүлтіксіз мойындаған болатын. Шоқан Уәлихановтың мұрасы – тарихтың қымбат асыл қазынасы. Ұлы Шоқанды қай қырынан да жан-жақты терең зерттей түсу - бүгінгі және кейінгі ұрпақтың ең қасиетті міндеттерінің бірі болып қала береді.