Сыршыл ақын- Сарин Қалқаман

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 12:03, творческая работа

Описание

Қалқаман Сарин Айымғазыұлы 1978 жылдың 2 қаңтарында Шығыс Қазақстан облысы,Абай ауданы,Арқат ауылында дүниеге келген.1994 жылы орта мектепті, 1998 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің тарих факультетін бітірген.2001-2003 жылдары аспирантураны тәмамдаған. Бірнеше халықаралық,республикалық жыр-мүшәйраларының жүлдегері,халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты, «Алтын қалам» әдеби сыйлығының жеңімпазы.

Работа состоит из  1 файл

Қазағының Қалқаманы.pptx

— 713.43 Кб (Скачать документ)

 

Сыршыл  ақын- 
Сарин Қалқаман

 

Оқырман қыз 
Өмірде алыс, 
Өлеңде жақын жанбыз. 
Түнге сіңіп тағы да 
Ай жүзінен  
Мұң көшіріп ақының отыр жалғыз. 
 
Сен ше,қарғам? 
Мұңаймашы, 
Түспесін еңселі арман. 
Ықыласын бір саған аударар ем, 
Ыңғайыма осы бір көнсе жалған. 
 
 
Аңғалым-ай! 
Жағымды бір болар ма ең, 
жанға бұлай. 
Қалам ұстап қолыма  
сәл мұңайсам, 
Саған ұқсап кетеді  
жап-жарық Ай! 
 
Мөп-мөлдір шық, 
Жанарыңнан жас болып 
кеткенде ыршып, 
Жұбанышың болар жыр 
жазсам,шіркін, 
Жүрегіңнен жарғандай Көктем бүршік.

 

Қалқаман Сарин Айымғазыұлы 1978 жылдың 2 қаңтарында Шығыс Қазақстан  облысы,Абай ауданы,Арқат ауылында дүниеге келген.1994 жылы орта мектепті,1998 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия  ұлттық университетінің тарих факультетін  бітірген.2001-2003 жылдары аспирантураны  тәмамдаған. 
Бірнеше халықаралық,республикалық жыр-мүшәйраларының жүлдегері,халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты, «Алтын қалам» әдеби сыйлығының жеңімпазы.

 

Қиналып мүлде тағы боп барам,

Жүрегім-құса,көңіл-мұң.

Түсіндім  енді,сәні жоқ маған

Өзіңсіз мынау өмірдің.

 

Осы болды  ма түсінгендігің?

Жанымды кеттің мұңға орап.

Құрысын бәрі,ішімнен бүгін

Қасірет қардай тұр борап.

 

 

 

 

Өзіңмен жүрген кезім есімде,

Күндерім,айлы түндерім.

Сен әлі  солай сезінесің бе,

Мен оны  жаным білмедім...

 

Қалқаман  Сариннің өлеңдерінің бәрі нәзіктікке құрылған. Оның әрбір өлеңі-ажары  тұнып тұрған үлкен өнер туындысы.Ақынның  өлеңдерін оқып отырсақ жүрек  қылын шертер ерекше сезім-махаббатын өлеңмен жұптастырған,бар мұңын  поэзиямен байланыстырған, бар сырын  поэзияға ашқан жан екендігін  танимыз. 

 

Мұқағали секілді  өлеңге неше түрлі құбылту енгізген ақынның жан дүниесі де Мұқағалидай  поэзияны іздейді.Ол поэзияны алапат сезіммен сүйеді.Поэзияның «көзінен» жаралы жүрегіне дауа іздейді.

 

Неге мұңайдым?

Білмедім неге мұңайдың?

Көзіңнен сенің сынығын көремін  Айдың.

 

 

Түн құшағында тілдесіп тәтті елесіңмен,

Жұлдыздай болып бір-бірлеп сөнеді қайғым...

 

Айналайын... 
Сен жақсы көретін ең жақсы мерейлі мезгіл боп, 
Сен жақсы көретін ең жақсы санамда сөз бүрлеп. 
Сен жақсы көретін ең жақсы шырайлы Күнге ұқсап, 
Сен жақсы көретін ең жақсы бір Айлы түнге ұқсап. 
Сен жақсы көретін ең жақсы армандай түсі аппақ, 
Сен жақсы көретін ең жақсы гүлдерді құшақтап. 
Сен жақсы көретін ең жақсы сезіммен нәп-нәзік, 
Сен жақсы көретін ең жақсы сезіммен хат жазып. 
Сен жақсы көретін ең жақсы ән болып әдемі, 
Сен жақсы көретін ең жақсы жан болып уәделі... 
Алағай күн кешіп,толағай мұң кешіп келемін, 
Сен жақсы көретін ең жақсы көңілдің күйі-осы, 
Себебін түсінсең, сен едің, жаным-ау, сен едің, 
...Мен жақсы көретін, ең жақсы жүректің иесі! 

 

Аяулы арманның ақ құсы өзің,

Ақ ұлпа қанатын қақты сезім.

Сағынтты «кел» деген тәтті  сөзің,

Жаным менің...

 

Жүректі жаралап жүз жылатқан,

Өзіңді іздеймін күзгі бақтан.

Қайда екен сол сезім біз ұнатқан,

Жаным менің...

 

Абыздың мұңын бер Аллаһ,ауызды қайтем көпірген, 
Ажалым алып кеткенше,ажарын жырдың кетірмен. 
           Қалқаман Сарин 
 
Ақынның «Арманымның бейнесі» атты жыр жинағы бар.Сонымен қатар көптеген өрнекті өлеңдеріне әндер жазылған. «Жібек сезім-Жүрек сөзім» деп аталатын өлеңдеріне жазылған әндер мен өлеңдерінің авторлық үнтаспасын шығарған.

 

Түс... 
Сен менің бүгін тағы түсіме ендің, 
Беймаза бұл хәлімді түсінер кім? 
Жаныма жақұт нұрлы сәуле шашып, 
Көзіңнің күліп тұрды ішінен Күн. 
Бұл жайды мен түсіндім сен де түсін, 
Тарылып бара жатыр кеуде тұсым. 
Ұйқымды бұзбас едім дәл осындай, 
Тәтті түс,тәтті сезім шербеті үшін. 
Жайнаған жұлдызды аспан,Ай да әдемі, 
Еседі мамыр айдың майда лебі. 
Қағысын жүрегімнің жиілетіп, 
Барасың бастап,қалқам,қайда мені?..

 

Қалқаманның әр өлеңі өзінше бір жұмбақ.Сырға  толы... 
Ақын өзі «Сағыныш деген ғажайып ғұмыр кешемін, 
Жетуге саған амалым болмай,әттең еш» деп айтқанындай, ол поэзияны,поэзия әлемін мәңгі сағынышпен жырлап өтетін сыршыл,сезімтал ақын.

 

Кешегі  өткен күндердің бәрі сәтті емес,

Сәтсіздіктен  де іздеймін жаным тәтті елес.

Сағыныш деген ғажайып ғұмыр кешемін,

Жетуге  саған амалым болмай,әттең, еш.

 

 

 

 

 

Жұлдызды  аспаным жымың қаққанда жақын  кеп,

Жұлдыздан құрап жазамын өлең ақын боп.

Қалайда,жаным,сені ұмытуға тиіспін,

Ал сағынбауға хақым жоқ!

 

Нәзік сырлы жырымен  жан тербеткен, 
Кей сезімге шабыт беріп өрлеткен. 
Кей сезімді арнасынан өзгерткен, 
Өлеңдері жүректерді сөйлеткен, 
Қалқамандай ақыны бар қазақты 
Неге ғана Қасиетті демеске?  

 

1


Информация о работе Сыршыл ақын- Сарин Қалқаман