Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Сентября 2013 в 09:49, лекция
Талдау (анализ) - көркем шығарманы тексергенде қолданылатын тәсіл. Шығарманы әр қырынан алып карастырып, оның қасиет ерекшелігін, жеке бөлек-бөлшектеріне тән өзгеше сипат белгілерді арнайы зерттеп, танып-білу. Айталық, шығарманы идеялық мазмұн, тақырыпты баяндау ерекшеліктері тұрғысынан, немесе, сюжеттік, композициялық құрылысы, жанрлық сипаты жағынан талдауға болады.
Курстың тақырыбы: «Тіл білімі салаларын меңгертуде тілдік талдау жүргізудің әдістемелік үлгілері» курсы бойынша лекция тезистері
Дәріс тақырыбы: Шығармаларды талдау (тілдік әдеби) тиімділігі және теориялық білім нәтижесі
Сағат саны: дәріс 2 сағат
Кафедра: «Инновациялық технологиялар және жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі»
Оқытушының аты-жөні: Жапарова Әсел Әбілханқызы
Тыңдаушылар санаты: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері
Мақсаты:
Жоспары:
Тақырыптың өзектілігі:
Негізгі түсініктер: әдеби талдау,синтез
Күтілетін нәтиже: есте сақтау қабілетін, ойлау, сөйлеу дағдысын қалыптастыру,шығармашылық қабілетін арттыру;
Әдебиеттер:
Барша адамзат қоғамының ХХІ ғасырдың білім көкжиегіне, ғылыми-техникалық прогресс пен өркениетті даму дәуіріне бет бұру кезеңінде жаңа қоғамға лайықты саналы, білімді, ой-өрісі жоғары, жан-жақты жетілген жеке тұлғаны қалыптастыру – бүгінгі мұғалім алдында тұрған негізгі міндет. Кез-келген қоғамның дамуы оның ғылым саласы мен оқу жүйесіне тікелей ықпал ететіні белгілі.
Талдау
(анализ) - көркем шығарманы тексергенде
қолданылатын тәсіл. Шығарманы
Олай болса талдау дегеніміз - жеке қасиет ерекшеліктерді арнайы қарастырып, танып білу арқылы бүтінді айқын сезінуге себін тигізетін, соған қызмет ететін тәсіл. Әдетте шығарманың ерекшеліктері, ірілі - ұсақты бөлшектері, олардың өз алдына оқшау тұрғандар сипат-белгілері көбірек көзге түседі, оларды байқау жеңілірек болады. Ал енді сол бөлшектердің шиеленісе байланысуынан, жалғастық үйлестігінен туатын шексіз мол жаңа сапалы өзгешеліктерді, үндестік, бірлестік белгілерін, жаңаша мағына әсерлерді қаншама тебіреніп сезінсек те талдап көрсету, танып білу, айтып жеткізу қиынға соғады. Өйткені қандай да жеке айшық, бөлшектің өзіндік бастапқы тұрақты сипат белгісін байқау бір нәрсе де, ал олардың біте қайнасып бірігуі, өзара жанасып байланысуы негізінде пайда болатын туынды сипат белгілерді көріп білу екінші нәрсе. Ол үшін сансыз болшектердің бір-біріне сәуле беріп. әсер етіп, мағыналык, көркемлік сапасы кұбылып, өзгеріп шығатын қалпын жақсы сезініп, ұтып түсіну керек.
Әдеби шығарманы талдау үшін, көркемдік касиет-белгілерін нактылы сипаттап беру үшін калай да онын өзгешелік-ерекшеліктерін түгелдей де, жекелеп те ашып карау керек. Әдеби шығарманы кай тұрғыдан алып талдағанда да (айталык такырып. сюжеттік желі. композициялык құрылысы. тіл кестесі) онын жеке бөлім-бөлшектерін (компоненттерін, сипат ерекшеліктерін) айырып ажырату үшін жүйесін тауып, бір-бірімен қабыстырып жалғастырып бөлшекті бүтінмен үштастыра қарастыру шарт. Әдеби шығарманың көркемдік, тілдік нақтылы ерекшеліктерін зерттегенде, ұсақ, көзге түсе бермейтін сипат белгілерге зер салғанда, сол аркылы көркем шығарманың бойындағы, құрылыс-бітіміндегі зор мөні бар қасиеттерін айқынырақ бағдарлауға ұмтыламыз, әлгі көркем туындыны немесе оның комақты бөлшектерін түгелдей сипаттайтын өзгешеліктерді аңғаруға үмтыламыз.
Жеке белгі-сипаттарды ажыратып талдағанда, болшектердің коспа жігін еппен ашып жүйесін тауып, саралап, айшығы көп өрнектің арқау жібін үзіп, ыдыратып алмау керек. Шығарманы талдағанда оның көркемдік қуатынан толық өсер алатын өткір сезімталдық қандай қажет болса, шығарманың құрылысындағы мазмұн мен түрдің біріккен түтас бітім-тұлғасындағы қат-қабат байланыстарды, сипат белгілерді көре білу де сондай қажет. Сонда ғана Талдау қисынды, ұтымды болады және тек серіп отырған шығарма жүйесіні біртұтастығын көріп-білуге, сезінуге, түсінуге яғни синтез жасауға тс лық мүмкіндік туады.
Мектепте әдебиетті оқытудың мән-маңызы көркем туындыны оқыту, талдау, оқырмандық пікір қалыптастырумен ашылмақ. Көркем туындыны оқу бар да, талдау бар. Талдау оқусыз жүзеге аспайды. Оқу баланың өз еңбегімен жүзеге асс, талдау мұғалім, оның ұйымдастыруы, жобалауы, тиімді жағын ойластыруы арқылы жүзеге асады. Көркем мәтінді оқушы қалай оқып, қабылдайды, қандай ой туады, өз көзқарасын қалай жеткізеді – бұл оқушы мен мұғалімнің бірлескен еңбегінің жемісі болмақ.
Қазіргі әдістемеде талдау
жасаудың 4 түрі /образ бойынша, тақырыптық,
проблемалық, тұтас немесе автор
ізімен/ ұсынылып жүр. Қандай талдау түрі
болса да, не мақсат көзделеді? Бұл
сұраққа әдіскер Қ.Бітібаеваның
сөзін негізгі ала жауап
1. Оқушының туындыны қабылдауы, әсері, эмоциясын тану,
2. Эстетикалық талғамын қалыптастыруға сеп болу
3. Таным қабілеті, ойлау белсенділігі мен дербестігін ұштау,
4. Ең бастысы – көркем туынды бойынша талдау жасау, пікір айту жолдарын меңгерту /тақырыбы, авторлық идея, образдар жүйесі, сюжеттік-композициялық ерекшелігі, көркемдік-эстетикалық жағын т.б. кешенді түрде қарастыру
Көркем туындыны оқытып, сауатты талдауға қол жеткізу үшін автордың мақсат-мұратын, ойын білдіретін әрбір деталь, көркемдік тәсілді дәл танып, жазушы шеберлігін оқушыға дұрыс таныта білу керек.
Оқушының танымдық-шығармашылық
қабілетін, ойлау белсенділігін
дамытатын, өз жоба-жорамалын ұсыну,
салыстыру негізінде дұрыс
Ол көркем туынды негізіндегі проблеманы дәл танып, ізденіске, әдеби айтыс-тартысқа жетелейтін сұрақтар әзірлеуді қажет етеді. Сұрақ авторлық идея, проблема, кейіпкер іс-әрекеті т.б. негізінде туындайды.
Осы негізде талдаудың мынадай жобасын, үлгілерін ұсынамын:
ІІ. Көркем туынды негізіндегі автор ойы, идеясына талдау жасау.
10-сыныпта М.Дулатовтың
азаматтық лирикасын оқытуда
мәселеге дәстүр және
ІІ. Кейіпкерлердің іс-әрекетін салыстыру арқылы автордың образ жасау шеберлігін ашу.
11-сыныпта М.Жұмабаевтың
«Батыр Баян» дастанын оқытуда
мына сұрақтар негізінде
1. Баян батыр ел намысын ойлаушы күрескер ме, әлде ашу-ызаның құрбаны, қылмыскер ме?
2. Баянның іс-әрекеті /інісін өлтіруі/ саналы, мақсатты әрекет пе, әлде қызғаныштан туған әрекет пе?
3. Ноян ел намысын аяққа басушы сатқын ба, әлде албырт сезім, махабаттың құрбаны ма?
4. Қалмақ қызы неге
«сұм сұлу» деп аталған?
М.Әуезовтың әңгімелерін /«Қорғансыздың күні», «Жетім» т.б./ оқытуда:
1. Жазушының қорғансызы кімдер? Олар неден қорғалуы керек?
2. Қорғансыздар тағдыры қандай ой тастайды?
3. Автор қорғансыздарына қандай көзқараспен қарайды?
ІІІ. Шығарманың көркемдік өрнегіне, автор стиліне талдау.
Бұл үндес, үқсас мәтіндерді салыстыру арқылы жүзеге асады. 11-сыныпта С.Сейфуллиннің «Көкшетауы» мен М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» дастандарының тілін талдау үшін екі ақын шығармасындағы сұлу Көкше келбетін салыстырып, стильдік ерекшелігін ашуға болады. Төменде оқушының жұмысы көрсетілген:
Көкше келбеті
Сәкенше Мағжанша
1. Арқаның кербез сұлуы Сарыарқаның аралы
2. Сексен көл – алтын кесе Бурабай мөп-мөлдір, дөп-дөңгелек Ай
3. Жан-жақтан ертелі-кеш бұлттар келіп, Бұлт құшқан мәңгі мең-зең Көкшетауға
жүреді біліп-кетіп есенсауын Бөлектау: «Ой, бауырым» дер
4. Сұлу бетін дамылсыз
жауын жуған
Тағы бір оқушы І.
ІҮ. Тақырыптас шығармаларды қатар, салыстыра талдау.
Бұл жұмысты 10-сыныпта ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетіндегі әйелдер теңсіздігі мәселесі бойынша М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романы, М.Сералиннің «Гүлһашима» дастаны, С.Көбеевтің «Қалың мал», С.Торайғыровтың «Қамар сұлу» романдарын өткенде жүргізуге болады, яғни «Бір мәселе, бір тақырып: бірнеше шешім, үйлесім мен қайшылық» сұрағы төңірегінде мәселе қозғау. Сонда оқушы көркем шығарма табиғатын, оның өзегіндегі автор идеясын, онымен байланыста кейіпкер тағдырының әртүрлі шешілуін, суреткер түсінеді.
Ұқсастығы:
1. Тақырыбы – қазақ әйелінің теңсіздігі.
2. Автор реализмі, жастарды бостандыққа, теңдікке шақыру
3.Бас кейіпкерлер оқыған, ескіше көзі ашық, бостандықты аңсап, баянды махаббат, теңдікке қол созады.
4.Осы жолда оларды қолдаушылар бар /не шешесі, не достары
Осылайша айырмашылығы да талданады.
Ү. Тарихи және көркем шындықты негізге ала талдау.
Мұнда мұғалім тарих рең ғана болатынын, жазушы кейіпкер бейнесін жасауда өмір шындығын қалай пайдаланғанын назарда ұстауы керек. Ш.Құдайбердіұлы мен М.Абайұлының «Еңлік-Кебек» дастандарын, кейін М.Әуезовтың «Еңлік-Кебек» пьесасын оқытуда мұғалім үш туындының арқауы – махаббат трагедиясына үш суретке де замана сипаты, ел ішіндегі әлеуметтік жағдайға сәйкес қарағанына мән береді. Оқушыны мына сұрақтар төңірегінде іздендіруге болады:
1.Трагедиялық оқиғаның тууына қандай қоғамдық, әлеуметтік жағдайлар себеп болды?
2. Неге Шәкәрім «Ақтабан шұбырынды» оқиғасын өз сөзіне астар етіп алған?
3. Ғашықтар трагедиясына кім, не кінәлі? Бұған өзің қалай қарайсың?
Осыған орай оқушы ой-толғанысының үзігі:
«Шәкәрім ғашықтар қазасын бір ру, топ, жеке адамның мойнына қоймайды. Қатігездік көптің тарапынан жасалған, сондықтан кінә жеке адамда емес, тұтас қоғамда. Кеңгірбай би де жастарға ара түсе алмай, заман мен жағдайға бас иген».
«Ақтабан шұбырындыны сөзіне астар етудегі мақсаты – трагедияға себеп болған қоғамдық, әлеуметтік жағдайларды анықтау, оқиғаның өмірлік мәнін көрсету. Шынында, қараңғылық пен ескі салт-сана дәуірлеп тұрған заманда ғашықтар тағдырының қайғылы аяқталуы қисынды деп ойлаймын» т.б.
Осылайша оқыту-талдаудың ұтымды жағы мынада:
1.Ақиқатқа жету, проблеманы шешу үшін ізденеді, зерттейді.
2.Оқығанды ой жүгіртіп, зерделеп қабылдауына негіз болады.
3.Оқушы мәтінге жүгініп, өз ойы, болжамын, көзқарасын айтуға машықтанады.
4.Оқытудың жалғаспалық, жүйелілік принципі тоғыса келіп, оқушыға терең білім беру жүзеге асады.