Тілдің жағдайын көтеру үшін не істеу қажет

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2012 в 11:44, контрольная работа

Описание

Қазақ тілі - кең халық, мәрт халық. Оның кеңдігі сонша, ертеректе ол халық үйіне келген қонақты Құдайы қонақ деп, ерекше ілтипатпен қарсы алып, төріне отырғызып, тойығызып, әңгіме-дүкен құрып, көңілін шаттыққа бөлеп отырған. Осындай табиғи етекшеліктері бар кең халқымыздың кейде тіптен кең болып кететіні бар. Олай дейтін бір мәселе - тіл мәселесі. Біреуге жағамыз деген халқымыздың кейде өз тілінен безіп кететіні жоқ емес

Работа состоит из  1 файл

қазақ тілін дамыту үшін.docx

— 14.41 Кб (Скачать документ)

Қазақ тілі - кең халық, мәрт халық. Оның кеңдігі сонша, ертеректе ол халық үйіне келген қонақты Құдайы қонақ деп, ерекше ілтипатпен қарсы алып, төріне отырғызып, тойығызып, әңгіме-дүкен құрып, көңілін шаттыққа бөлеп отырған. Осындай табиғи етекшеліктері бар кең халқымыздың кейде тіптен кең болып кететіні бар. Олай дейтін бір мәселе - тіл мәселесі. Біреуге жағамыз деген халқымыздың кейде өз тілінен безіп кететіні жоқ емес. Қоғамдық көліктер де, көптен-көп дүкендер де, басқа да қоғамдық орындар да өзге тілде сайрап тұр, тек қазақша емес. Осы дүркін мәселені шешу үшін жаны қазақтың барлығы бірігіп, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, белсенді түрде атсалысуы керек. Оны құр бос сөзбен "Тіліміздің жағдайы қиын" деп, бір ойланып алып, құр жата бермей, мәселенің түбіне жетіп, терең ойланып, жауабын табуға ұмтылу керек. Менің айтпағым, бос сөзді құр сапыра бергенше, мәселеге реалды көзбен қарау. Осы жағдайда, яғни қазақ тілінің 100 % меңгерілуі үшінменің ұсынатыным - келесі пункттер.

 

  • Ең алдымен, шетелдерден Қазақстанға келіп, нарықтық айналымда жүрген кинофильмдер, мультфильмдер кинотеатрларда орысша емес, қазақша көрсетілуі тиіс. Ол үшін білікті мамандар қажет, яғни аударушылар мен дауыс қоюшылар. Әзірге қазақ тіліне аударылған сапалы және де бір ғана дүние, ол - "Көліктер 2" мультфильмі.

 

  • Екіншіден, қазақ тіліндегі кітаптарды көбейту қажет. Біздің елде белгілі бір  саланың тізгінін ұстап, сол саланы жетік білуге ұмтылған адамды кітап сататын дүкендердің сөрелерінде қазақша емес, орысша кітаптар тізіліп күтіп тұр. Міне, сол үшін жаңадан құнды дүниелер жазылуы тиіс немесе басқа тілдерде жазылған жақсы кітаптар қазақшаға да аударылуы керек.

 

  • Ал үшіншіден, қазақ тілінің мәртебесін көтеру үшін, ең болмағанда қаланы бойлаған "дүкен", "шаштараз", "аурухана" сияқты және т.б. көптен-көп сөздердің орысша-ағылшынша баламаларын баса айтқанда, "құрту керек!". Себебі, бұл сөздер - жақсы қолданысқа түсіп кеткен сөздер, демек барлығына бірдей түсінікті, басқа тілге аударылуын қажет етпейді.

 

Әрине, менімен  ұсынылған идеялардың кейбіріне  мемлекет тарапынан біраз қаржы  бөлінуі тиіс. Тек бөлініп қана қоймай, дұрыс әрі тиімді жұмсалуы тиіс! Яғни, әр нәрсе өз арнасын табуы  керек!!!


Информация о работе Тілдің жағдайын көтеру үшін не істеу қажет